Тілді күнәдан тыю жолдары
«Он күнәнің тоғызы – тілден екен» немесе «Басқа пәле – тілден» сынды аталы сөздерді талай рет естідіңіз. Естідіңіз-ау, бірақ тіліңізді тым болмаса бір күн тыйып көрдіңіз бе? Жоқ? Олай болса, төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз:
Ғайбат сөз – теңізді де былғайды...
Аз, алайда әділ әрі тапқыр сөйлеу – Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мінез-құлқы. Алла Тағала оған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білетін ерекше қасиет дарытқан. Аузынан ешқашан жаман сөз шықпаған және айтқан сөзінің артығы не кемі болмайтын Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жөн-жосықсыз сөйлейтіндерді жақтырмайтын, өзіне ұнамсыз бір жайтты жанындағыларға сездіргісі келгенде, оны астарлап жеткізетін. Айша анамыз бір әйелдің бойының қысқалығын айтып қалғанда: «Қой, ғайбат айтпа. Әлгі сөзіңді теңізге тастаса, тұтас былғап жібергендей екен», - деп сол мезетте тыйған екен (Ибн Касир).
Тілді тыю үшін жүректі тазартыңыз...
Сахабалар да өмір бойы тілден келетін күнәмен алысып өтті. Әбу Бәкір: «Алла разылығы үшін айтылмаған сөзде қайыр жоқ», «Сені тоқтатқанша сөйлегеніңнен гөрі – сені сөйлеткенше үндемей отыруың әлдеқайда артық» деген. Мұсылмандардың екінші билеушісі Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла разы болсын) Худайбиядағы ойланбай сөйлеген сөзі үшін өмір бойы опық жеп, «қалған өмірімде жасаған барлық игі ісім сол сөздерімнің өтеуі болса екен» деумен болды. Бұл – Омардың (оған Алла разы болсын) аузынан шыққан бір ғана сөзі үшін өкінуі еді, ал біз күн сайын қаншама зиянды сөздер айтамыз? Жастықтан басты көтергеннен, қайта тигізгенше ауыздан қанша былапыт сөз шығаратынымызды есептей аламыз ба? Әли (оған Алла разы болсын): «Жүрек таза болғанда ғана тілден оңды сөз шығады», - деген. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім маған екі ұрты мен екі санның арасындағы мүшелеріне ие болуға кепілдік берсе, мен оған жәннатқа баруына кепілдік беремін», - дегенді бекер айтпады. «Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам», «Мұсылман адамның Исламнан алған ең ізгі қасиеттерінің бірі – бос сөзден арылу» (Бұхари), «Үндемеуде үлкен даналық бар, әттең, оның байыбына баратындар өте аз». (Дәйләми).
Мәртебелі жазушылар
«Ол қандай сөз айтпасын, оның жанында дайын тұрған бақылаушы бар». («Каф» сүресі, 18-аят). Яғни, әр сөзіңізді қырағы күзетші жазып қояды. Он жағында отырған періште адамның жақсы істерін, ал сол жағындағы періште күнәларын жазып отырады. (Саъди). Мұны теріске шығаруға, қаперге алмауға болмайды. Себебі, бір ауыз сөз сізді жәннаттың ең жоғары дәрежесіне шығара алады, бір ауыз сөз тозақтың ең қатты азабына түсіруі мүмкін. Ғалымдар тілді тыюға берілетіннен артық сауап жоқ деген. Тіпті, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Аллаға және Ақыретке сенсе, жақсы сөйлесін немесе үндемесін»,- деп өсиет айтты. Тілдің зиянын о дүниеде емес, күнделікті өмірден де байқауға болады. Осы күнге дейін ойланбай айтылған сөзден, өсек пен ғайбаттан қанша адамды ренжітіп, қанша достан айырылып қалғаныңызды санап көріңізші. Ауыздан шыққан зиян сөзден кейін ұйықтай алмай шыққан түндеріңіз көп болды ма? Немесе өзгенің әділетсіз сөзінен жүрегіңіз ауырған сәттерді еске түсіріңіз. Иә, пәле – тілден...
Тілді жаман сөзден тыю жолдары
Дәл қазір сағатыңызға қараңызшы. Осы сәттен бастап 24 сағат бойы өзіңізді тек қана жақсы сөз айтуға икемдей аласыз ба? Біз бүгін сізді ғайбат, өсек, өтірік, қарғыс, мазақ, келеке деген «дұшпандардың» бәріне тосқауыл қойып, тек қана әдепті сөйлеуге талпыныс жасауға шақырамыз.
Егер сіз алдағы 24 сағат ішінде қателессеңіз, яғни, аузыңыздан күнә сөз шығып кетсе, 1000 теңге садақа беріңіз. Екі періштенің жазатындығын естен шығарып алатынымыз жасырын емес, тым болмаса өзіңізді осылай тәрбиелеңіз. «Үндемеген үйдей пәледен құтылады». Тіл – жылан, олай болса, өзіңізді шағуға мұрсат бермеңіз. Дана Абай айтқан өсек, өтірік, мақтаншақтықты тастап, керісінше «Лә иләһа иллалаһ» (Алладан басқа құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ),«СубхәналлаҺи уә бихәмдиһи, субхәналлаһил-ъазыйм» (Алла кемшілік атаулыдан пәк және Ол барлық мақтауға лайық) сөздерін айтумен Алла алдында абыройлы болмақсыз. Егер, бұл қолыңыздан келген болса, тілді тыюдың қаншалықты пайдалы екендігін сезінесіз және оны жалғастыруға талпынасыз. Нәтижесінде, тек қана жақсы дүниелерді айтуға дағдыланасыз.
Бар болғаны бір күн тәжірибе, ал ар жағында жәннаттың есігі көрінеді... Сонымен, сағатқа қарадыңыз ба?

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?