Аспириннің пайдасы мол

Аспириннің пайдасы мол

✅ Жақсы көретін ақ блузкаңда тер дағы қалып, кетпей қойса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, шыныаяқтың жартысына жылы су құйып, араластыр. Кірленген жерге осы ерітіндіні құйып, екі-үш сағат солай қалдыр. Кірленген жері өзі-ақ ағарып шығады.

✅ Көпшілік бетке шыққан безеуден көп қиналады. Бір түйір аспиринді ұнтақтап, суға саласың да, безеуге жағып, екі минут ұстайсың. Осылай бірнеше рет қайтала.

✅ Қайызғақ мазаңды алса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, бас жуар кезде кәдуілгі сусабынға қосып, бір-екі минут ұстап, артынша таза сумен шай.

✅ Аспирин бақшаға да пайдалы. Ұсақталған аспирин тамыр жүйесіне қуат береді, суға ерітілген аспиринмен бүлінген топырақты өңдейді.

✅ Раушан және басқа үзіп алынған гүлдер ұзақ сақталу үшін, су құйылған құмыраға бір түйір аспиринді салып жібер. Тек суды ауыстырып тұруды ұмытпа.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?