Бойыңызды өсіргіңіз келсе
25 жасқа дейін адамның бойы өсетінін жақсы білетін шығарсыздар. Ал одан кейін бойыңыз отырмаса, өсуі екіталай. Ал егер сіз 25 жасқа толып, ұсынғалы отырған қағидаларымызды ұстансаңыз, сіздің ағзаңызда үлкен өзгеріс пайда болып, бойыңызды бір қалыпта ұстай аласыз. Белтемірге көп тартылатын адамның бойы тез өседі деген сөзді жиі естиміз. Алайда бойдың өсуі тек белтемірге байланысты емес. Егер салауатты өмір салтын ұстанып, денеңіз бен бұлшықетіңізді қатайтатын жаттығулар жасасаңыз, бойыңыз өзгелерден ұзын болып өседі.
1. Керілу
Керіліп, созылып жасаған жаттығулар бойдың өсуіне көп әсер етеді. Сонымен қатар дененің икемділігін де жақсартады. Бұлшықетіңіз бен сіңіріңіз созылып, бел омыртқаңыз түзеліп, омыртқа аралық дискілеріңіз орнына келеді. Күнделікті өмірде сізге қарапайым әрі нәтижелі жаттығу түрін жасауға кеңес береміз. Ол мынадай: Аяғыңызды иық деңгейіне қойып, саусағыңыздың ұшын еденге дейін жеткізіңіз. Аяғыңызды тік ұстап, беліңіздегі бұлшықеттердің қалай созылып жатқанын сезініңіз. Егер мұндай жаттығуды күн сайын қайталап жүрсеңіз, денеңіз шынығып, бойыңыз өседі.
2. Секіру
Бір орында тұрып, биіктікке секіру де бойыңыздың өсуіне көмектесетін керемет жаттығу түрі. Егер күніне 200 рет осылай секірсеңіз, 1-2 айдың ішінде денеңіз тіктеліп, бойыңыз біраз өсіп қалады.
3. Жүзу
Денемізге ерекше әсерін тигізетін спорт түрі – жүзу екені даусыз. Егер жүзумен айналыса бастаңыз, 1-2 айдың ішінде зор денелі болып шыға келесіз. Балаңызды жастайынан бассейнге берсеңіз, бойының биік болып өсетініне кепіл береміз. Өйткені судың адам денсаулығына пайдасы өте көп.
4. Баскетбол
Бұл спорт түрі әрқашан жоғарыға ұмтылуға мәжбүрлейді. "Неге боскетболшылардың бойы өте ұзын болады?" деген сұраққа ойланып көрдіңіз бе? Егер күнделікті өмірде баскетбол үйірмесінің жаттығуларын жасап жүрсеңіз, бойыңыздың өсуіне пайдасы мол екеніне көзіңізді жеткізесіз. Мысалы жоғарыға секіру, қолыңыз бен аяғыңыздың бұлшықеттерін созу, беліңізді тік ұстау секілді жаттығулар гормонды жүйеңізді жақсартып, ішкі мүшелеріңізді қалыпқа келтіреді. Ал ол дегеніміз бойыңыздың тез өсуіне септігін тигізеді.
5. Дұрыс тамақтану
Бойыңызды өсіргіңіз келсе, ас мәзіріне асқан жауапкершілікпен қараңыз. Мысалы оған құрамында кальций көптеп кездесетін сүт өнімдерін және темір мен мырышқа бай алма, асқабақ дәні секілді тағамдарды кіргізе аласыз. Сонымен қатар дәрумендер мен минералдарға бай шырындарды ішуіңізге болады. Егер осы аталған тағамдарды тұтынсаңыз, бойыңыздың өспей қалуы мүмкін емес.
6. Массаж
Кәсіби массаж жасаушыларға барсаңыз, дене бітіміңіз дұрысталып, омыртқаңыз түзеледі. 20 рет массаж сеансын қабылдасаңыз, денеңіздің жақсарғанына және бұрынғы бойыңызға бірнеше сантиметр қосқаныңызға көзіңізді жеткізесіз.
7. Дұрыс ұйқы
Күніне 9 сағат үйықтасаңыз, бойыңыздың өсуіне ерекше әсер етеді. Егер жоғарыда аталған жаттығуларды жасағыңыз келсе, онда міндетті түрде ұйқыңыз қанық болуы керек. Ешқандай демалыссыз жасаған жаттығу нәтиже бермейтінін естен шығармаңыз.
Бұл қағидалар сіздің бойыңыздың өсуіне көп көмектеседі. Ең бастысы өз-өзіңізге жауапкершілікпен қараңыз. Сонда алға қойған арман-мақсаттарыңызға жетесіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?