Рамазан айы. Ораза. Рамазанда жұрттың көзінше тамақ жеу
Жауап: Рамазанда өзгелер көретін жерде ішіп-жеген кісілер күнә істеген болады. Күнәны ашық түрде де, жасырын түрде де істеу жаиз емес. Бірақ нәпсіне, шайтанға еріп күнә істеген адам күнәсын жасыру керек! Күнәны жасыру бірнеше тұрғыдан пайдалы:
1) Егер күнәларымыз мәлім болмаса қуану керек! Раббымыз: «Күнәны жасырыңдар» деп бұйырған. Сүйікті пайғамбарымыз да былай деген:
«Адам дүниеде күнәсын жасырса, Аллаһу та’ала да қияметте бұл күнәсын құлдарынан жасырады.» (Мүслим)
2) Аллаһу та’ала ашықтан-ашық, ұялмастан күнә істейтіндерді жек көреді. Бірақ мұңайып күнәсын жасырып жүргендерді жасырғаны үшін кешіруі мүмкін. Хадис шәрифте былай делінген: «Бір күнәға түскен адам, Аллаһтың жамылғысын оның үстінде қалдырсын!» (Мүслим)
3) Күнә істеген кезде ең болмағанда халықтан ұялу керек! Басқаларға өзі туралы сөз айтқызбау, ғайбат еткізбеу үшін күнәны жасыру керек! Хадис шәрифтерде былай делінген: «Ұят – бастан аяқ қайыр.» (Бұхари) «Ұят иманнан.» (Бұхари) «Ұятсыздың, арсыздың діні болмайды және ұятсыз адам жаннатқа кіре алмайды.» (Дәйләми)
4) Жаман үлгі болмау, басқаларға да күнә істеуге деген батылдық бермеу үшін күнәны жасыру керек! Осындай себептер үшін ашықтан-ашық күнә істемеу керек, жасырын болса да күнә істеуден сақтану керек! Өйткені күнәлар адамды өлтіретін у сияқты. Иманы болған адам күнә істеуден қатты қорқады. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Мүмин істеп қойған күнәсын таудай үлкен етіп көреді, басып қалмаса екен деп қорқады. Ал мұнафиқ күнәсын мұрнына қонған және тез ұшып кететін шыбын сияқты көреді.» (Бұхари)
Сұрақ: "Ислам Ахлақы" кітабында былай делінген: "ораза тұтпауға ешқандай нақты себебі болмаған адам Рамазанда күндіз уақытында ашықтан-ашық ішіп-жесе мүртәд (діннен шығады) болады. (Фәйзийа)"
"Сә’адәти Әбәдийа" кітабында да былай делінген: "Рамазан айында көпшілік жиналатын жерлерде, мұсылмандардың алдында ішіп-жейтіндер және ораза ұстайтындарды алдап оларға ораза тұтқызбайтындардың иманы кетеді."
Бұл екі сөйлемді түсінбедік. Адамдардың көзінше ашықтан-ашық бір нәрсе ішіп-жегендер кәпір болады ма?
Жауап: Жоқ, үлкен күнә істегендерге кәпір деуге болмайды. Бұл жерде ораза әміріне жеңіл-желпі қараудың, парыз екенін жоққа шығарудың, ораза ұстаудан айламен бас тартқызудың күпір болатыны білдірілген. Барлық парыздар осындай. Мысалы ашық жүрген бір әйел оранудың Аллаһтың әмірі екенін біледі, сенеді және ұнататын болса, әртүрлі себептермен орана алмай жүрген болса, оған кәпір деуге болмайды. Орануды Аллаһтың әмірі деп қабыл етпесе немесе қабыл етіп ұнатпайтын болса, ашық-шашық жүргені үшін мүлдем қайғырмайтын болса, сонда күпір болады.
Оразада ашықтан-ашық ішіп-жеу
Сұрақ: Ауруханада ауырып жатырмын. Ораза ұстайтындай жағдайым жоқ. Ауруханада жасырын ішіп-жеуге де мүмкіндігім жоқ. Жасырмай ішіп-жеуім күнә болады ма?
Жауап: Науқас болғаныңыз белгілі, яғни сол жердегілер бұны біліп және көріп жүрген болса, жасыруға да мүмкіндік жоқ болса, ашық түрде ішіп-жеу жаиз болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?