Рамазан айы. Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар
Сұрақ: Мен студентпін, сабағымды жақсы түсіну үшін кейбір күндері ораза тұтпасам, кейін қазасын ұстасам бола ма?
Жауап: Ораза ұстау сабақтарыңа кедергі болмайды. Керісінше жақсы түсінуің үшін көмекші болады. Қарын қатты тоқ болса адамның миы жақсы жұмыс істемейді. Аш адамның зеректігі ашылып, түсіну қабілеті күшейеді. Бұл әлі тек медициналық жағы. Ал ораза тұтқанда Аллаһу та’аланың жаудыратын рахметі, мейірімі мүлдем бөлек. Оны түсінуге ақыл жетпейді.
Сабақ үшін ораза тұтпау харам болады. Рамазанның күнінде ораза ұстау үлкен ниғмет болып табылады. Бұл ниғметтен махрұм қалмау керек. Ораза ұстауды үлкен олжа деп білу керек. Хадис шәрифте былай бұйырады:
«Рамазанда бір күн ораза тұтпаған адам, оның орнына бүкіл бір жыл ораза тұтса да, әлгі бір күннің сауабына қауыша алмайды.» (Тирмизи)
Рамазаннан басқа уақыттарда өмір бойы ораза тұтатын болса да рамазанда тұтылған бір күндік оразаның сауабына қауыша алмайды. Бір хадис шәрифте былай бұйырады:
«Аллаһ разылығы үшін бір күн ораза тұтқан адамды Аллаһу та’ала, бір күндік ораза себебімен жаһаннам отынан 70 жылға алыстатады.» (Бұхари, Муслим, Тирмизи, Насаи, Ибни Маже)
Сұрақ: Дәрет алғанда немесе ауызды шайғанда қалған ылғалды жұту оразаны бұзады ма?
Жауап: Ауызды шайғаннан кейін ауызда қалған ылғалды түкірікпен жұту оразаны бұзбайды.
Сұрақ: Аузы берік екендігін ұмытып ішіп жесе ораза бұзылады ма?
Жауап: Бұзылмайды, есіне түскенде тоқтатуы керек.
Сұрақ: Тұмау ауруына байланысты мұрнымнан су ағуда, оны қақпай ішке қарай жұтуым оразаны бұзады ма?
Жауап: Бұзбайды.
Сұрақ: Ауыздағы түкірікті, қақырықты жұту оразаны бұзады ма?
Жауап: Ешқайсысы бұзбайды.
Сұрақ: Сәре тамағын жеп болып, имсак уақытына жақын тісімді тіс пастасымен жуамын. Аузымды қанша шайғанмен дәмі аузымда сезіледі, бұл жағдай оразаны бұзады ма?
Жауап: Бұзбайды.
Сұрақ: Ораза кезінде дәрет алғанда ауызға, мұрынға суды аз алуға бола ма?
Жауап: Ия, болады.
Сұрақ: Гель, крем, дезодорант қолдану оразаны бұзады ма?
Жауап: Ешқайсысы бұзбайды.
Сұрақ: Қол, бет, дене лосьондары немесе кремдерінің құрамында спирт болғаны үшін, намаз оқығанда және ораза тұтқанда бұл кремдерді қолданбау керектігі, нәжіс саналатыны дұрыс па?
Жауап: Жоқ, мұндай қоспа спирттер кешірілген болып саналады.
Сұрақ: Құлаққа дәрі тамызу оразаны бұзады ма?
Жауап: Ия, бұзады.
Сұрақ: Рамазанда аузым берік кезде әйелімді сүюім оразаны бұзады ма?
Жауап: Қарапайым сүю (мәселен үйден шығарда қоштасу секілді) жаиз болады. Ал шәхуатпен (құмарлықпен) сүю жаиз емес. Жүніп болу қауібі бар болса сүю мәкрух болады. Сүйгенде жүніп болса оразасы бұзылады және қазасын ұстауы керек болады. Малики мазһабында ораза кезінде әйелін сүю харам болады.
Сұрақ: Бір себепке байланысты ораза ұстай алмаған адам ол күні құран кәрімді оқи ала ма, тарауих намазын оқи ала ма?
Жауап: Ораза, намаз және құран оқу бір біріне байланысты ғибадат емес. Бір себеппен ораза ұстай алмаған адам, құран кәрім оқиды, бес уақыт намазын да, тарауих намазын да оқиды.
Сұрақ: Ораза кезінде құлағым суықтап құлық ағуы оразаны бұзады ма?
Жауап: Бұзбайды. Оразада көбіне денеден шыққан нәрселер оразаны бұзбайды. Мәселен қан алдыру оразаны бұзбайды. Бірақ өз қалауыңмен ауыз толтырып құсатын болса ораза бұзылады. Оразаны көбінесе денеге кірген нәрселер бұзады, мәселен укол салдыру оразаны бұзады.
Сұрақ: Қан алдырғанда ораза бұзылады ма?
Жауап: Бұзылмайды.
Сұрақ: Ораза кезінде құлақты мақталы шимен тазалау оразаны бұзады ма?
Жауап: Шафии мазһабында бұзады, Ханафи мазһабында бұзбайды.
Сұрақ: Душ алғанда құлаққа сабынды су кірсе ораза бұзылады ма?
Жауап: Бұзылмайды.
Сұрақ: Ауыз берік кезде мұрынға тартқан су ауыздан шықса ораза бұзылады ма?
Жауап: Бұзылады. Мұрынға дәрі тамызу секілді суды да тартқанда тамағымыздан шықса ораза бұзылады, қазасын ұстау керек.
Сұрақ: Ара шақса ораза бұзылады ма?
Жауап: Бұзылмайды.
Сұрақ: Ауыз берік кезде ғұсыл алу оразаны бұзады ма?
Жауап: Ғұсыл алумен ораза бұзылмайды. Бірақ ауыздан, мұрыннан ішке су кіретін болса немесе судың ішіне отырса (ваннаға, бассейнге) немесе іш дәрет алғанда ішке су кірсе бұзылады.
Сұрақ: Жарылған ерінге немесе қолға вазелин, крем жағу оразаны бұзады ма?
Жауап: Жоқ, бұзбайды.
Сұрақ: Ауруханада асқазанды тексеру үшін бір ұшы сыртта бір ұшы асқазанға салынатын құрал оразаны бұзады ма?
Жауап: Бұзбайды.
Сұрақ: Ораза тұту харам болған айлармен күндерді жазасыздар ма?
Жауап: Ораза тұту тек айт күндері харам болады. Бір жылда бес күн. Яғни құрбан айттың төрт күні және рамазан айттың бірінші күні тұтуға болмайды. Қалған күндердің бәрінде ораза тұтуға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?