Ұялшақтық қасиеттен қалай арылуға болады?

Ұялшақтық қасиеттен қалай арылуға болады?

Ұялған кезде бір ойдың өзінен бұлшық еттердің дірілдеп, қалтырап жатқандығын сезінесіз. Барлығынан аз сөйлеп жатқандығыңызды да аңғарасыз. Не айтарыңызды білмей мазасызданасыз. Осындай аз сөйлеу немесе мүлдем жақ ашпаудан кейін өзіңіздің пікіріңізді қызықсыз санайды деп ойлайсыз.

Бұл мінезді жоюдың мынадай құпиялары бар көрінеді:

Біріншіден, бұл үшін тәжірибе жасап не болмаса емтихан тапсырып жатқандай күйде болудың қажеті шамалы. Барлығын асықпай, біртіндеп іске асырыңыз.

Екіншіден, өзіңе позитивті образ жасаңыз. Мәселен, " Ұялшақтық- жақсы мінез болғанымен, ол менің ары қарай дамуымда кедергісін келтіреді" деген қағидаларды ұстануыңыз тиіс.

Үшіншіден, расында өзгеруге бел будыңыз ба? Шешім қабылдаңыз. Күресу жоспарын айға емес, жылға жасаңыз.

Төртіншіден, өміріңізге өзгеріс жасау жолын таңдадыңыз. Ал бұл сізге не үшін керек деген сауалдың жауабын білу шарт.

Бесіншіден, өз-өзіңе сенімді бол, өзіңді-өзің алдама. Кейде бұл мінезді көңіл-күйге қарай өзгертудің қажеті жоқ. Танысыңызбен кездескенде алғаш болып сәлем беріңіз. Осылайша белсенді болуға әдеттенесіз.

Алтыншыдан, болып жатқан өзгерістерді қағаз бетіне түсіру артық етпейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?