ИБН СИРИННІҢ ТҮС ЖОРУЫ
Бірде Ибн Сиринге бір адам келіп:
—Маған бір түс кірді, онда бір кептер маржанды жұтты да, қайтадан шығарған кезде ол үлкейіп кетіпті. Сосын тағы бір басқа кептер де моншақты жұтқан кезде, одан жұтқанынан кішірек маржан қайта шықты. Ал үшінші кептер моншақты жұтқан кезде одан қандайын жұтты, сондайы қайта шықты,— дейді. Бұны тыңдап отырған Ибн Сирин былай деген екен:
—Бірінші кептер—ол Хасан әл-Басри. Ол қасиетті хадис естіген сәтте, оның мағынасын өсиетке дейін жеткізіп, өзінің ойлау қабілетімен безендіреді. Екінші маржанды кішірейтіп шығарушы кептер, ол—мен. Хадисті тыңдаймын да, оны ық- шам етем. Қандай күйде жұтылса, маржанын сондай қалпын- да қайта шығарған үшіншісі—ол Қатада. Оның есте сақтау қабілеті күшті.
* * * Бір кісі Ибн Сиринге түсін айтты:
—Түсімде, қолымда шыныдан жасалған ыдыста су бар екен деймін. Бір кезде ыдыс сынып кетті, бірақ ішіндегі суы төгілмей қалып қойды.
Бұл түсті естіген Ибн Сирин:
—Сенің әйелің босанады да, қайтыс болады, бала тірі қа- лады,—деп жауап қатты. Шынында да, түс жорытушы адам- ның әйелі босанып, қайтыс болады да, баласы тірі қалады.
* * *
Мұхаммед Ибн Сирин өз дәуіріндегі зор ғалымның бірі еді. Кәсібі бөз сатушы еді, тұқымы Әнас ибн Мәліктің азат еткені еді. Түс жоруда дүниеде бұл секілді кісі дәуірінде болмады. Бір күні бір кісі барып:
—Түсімде біреудің балтырына мөлшерсіз көп жүн өскен екен, соны көрдім,—депті. Ибн Сирин айтыпты:
—Егер де көрген түсің хақ болса, балтырына жүн өскен кісі борышпен түрмеге кіріп, сонда опат болар,—деді. Ол кісі айтты:
—Айып етпеңіз, ол кісі сен едің,—деді. Ибн Сирин хазірет айтты: «Инна лиллаһи уа инна иләйһи ражиғун» депті.
* * *
Мұхаммед Ибн Сирин хазірет айтқан екен: «Түс көру үш түрлі болар. Аның үшін барлық адам көрген дұрыс түс болмай- ды. Солай болса да, жорымағы дұрыс болар. Бірінші дұрыс түс дегеніміз: Алла тағаланың әмірімен бір мәләкруия деген періш- те келер. Лаухул-махфузден хабар алып келер. Мұны «хақ түс» дейміз. Екіншісін «Әзғас әхлам» дейді. Мұның жоруы дұрыс болса да, пайдасы болмас. Үшінші, шайтан көрсетер, кей уақыт- та шайтан оның рухымен ойын қылар, яки ол шайтан көрсетер адам баласына дұрыс бола тұрған істерді және ол шайтанның ол шамалы айласы болар, адам баласын өкіндірер».
* * *
Ибн Сирин хазірет айтады: «Кейбір ер өзін хұтба оқыр көрсе, сұлтанға, жоғарғы үкімет орнына жетер, егер оның лайықты кісісінен болмаса осылар».
Ибн Сирин хазіреттен бір кісі сұрапты: «Түсімде азан айтып тұрдым» деп. Оған айтыпты: «Бәлә, қажыға барады екенсің» депті.
Екінші бір кісі сұрапты: «Түсімде азан шақырып тұр екен- мін»,—деп. Оған айтты: «Сенің ұрлықпен қолың кесілер»,— деп. Мұнан кейін Ибн Сириннен сұрапты: «Неге екеуіне екі түрлі айттың?»—деп. «Екеуінің де түріне қарап айттым»,—деп түрлі дәлелдер көрсетіпті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?