Ертеден жеткен аңыз
Баяғыда бір жүкті келіншек қайынсіңлісіне:
—Еркем, түсімде емшегіме қос қасқыр жармасып жатыр екен,—дейді. Сонда өмірден көрген, түйгені аз еркетотай қыз:
—Жеңеше, төркініңе бара жатқаныңда сені қос қасқыр жеп кетеді екен,—деп жеңгесін шошындыра әзілдеген екен. Айтқандай-ақ біраз күннен кейін келіншек төркініне бармақ боп, жолға шығады. Әлдеқандай сөз арасында бұл әңгімені құлағы шалып қалған атасы:
—Әттеген-ай, бұлай дегенің бекер болған. Келінім арлан- дай қос ұлды болмақ екен,—деп дереу артынан шапқыншы жіберіпті. Сөйтсе, ойсыз айтыла салған сөз шындыққа ұласып, келіншектің әлі өмірге келіп үлгермеген қос ұлымен бірге қасқырға жем болып, қанға бөгіп жатқанының үстінен шықса керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?