file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Абылайдың өз түсін жоруы



Абылай үйінде ме, не жорықта ма, әйтеуір бір түс көріпті (әркім әртүрлі айтады).


Түсінде бір қалың даманда отырып есіктен қараса, есік ал- дында бір үлкен көл бар екен. Оның құрақ, қамыстары жолсыз 

ыққа қарап жапырылып тұр екен. «Япырым-ай, мына көл- дің қамысы желсіз неге жапырылып тұр?» деп, есікке шыға келсе, есіктің алдында бір арыстан қарсы қарап жатыр екен. Абылай сескеніп тұра қалыпты. Арыстан қарап секіретін түрге келіп, айбаттанып күшін жинапты да, өз бетімен жүре беріпті. Одан соң сол жерге қасқыр, түлкі, қоян келіп кідіріп, бәрі де көз алдында өз бетімен кетті. «Манағы құрақты көлім сор болды ма? Бұлақ болды ма? Шалшыққа айналды ма? Не болғанын қарауға өзім де жиреніп жатып оянып кеттім»,— дейді.

Естушілер не деп жоруын білмей, жақсылыққа жоруға қисынын таба алмай, жамандыққа жоруға ханына бата алмай отырыпты.

Сонда Абылай өзі былай деп жорыпты:

—Менің көрген жыным, айдын шалқар көлім—ол мына менің көрген дәуірім, мына отырған сендерсіңдер. Ана жапы- рылып көрінген—менің қоғадай жапырылып бас иіп тұрған халқым. Оның ақыры былай болды. Шіркін, халқым, дәуірің осындай болады екен ғой! Көрген арыстаным—ол дұшпаным. Қанша дұшпаным қайрат етсе де, әсер етпеді. Оның артындағы қасқыр, түлкі, қоян—олар менің кейінгі тұқымдарым болар. Олардың ақыры қоянға ұқсап, ел-жұрт қараудан да жиренетін болады екен ғой!—деп жорып, өзі қатты күйзелген екен. Сонда қасындағылар да:

—«Түс—түлкінің боғы», жақсыға жорыңыз, түс көрушіден емес, жорушыдан,—деген екен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: абылай, түс