Ақша
Түсте ақша нені білдіреді? Түсінде табыс.
Миллер түс жоруы бойынша ақшаның түсіндірмесі
- Түсіңізде ақшаны тауып алу – кішігірім мазасыздық, бірақ үлкен бақыт. Алдыңызда өзгерістер орын алады.
- Ақша төлеу – сəтсіздікке.
- Алтын алу – үлкен келешек пен бақытқа.
- Ақшаны жоғалту – үйіңіздегі сəтсіз сәттерді бастан өткересіз және сізді жұмыста келеңсіздіктер күтіп тұр.
- Ақшаңызды санау және ақша жетпейтінін аңғару – төлемдермен қиналатыныңыздың белгісі.
- Түсіңізде ақша ұрласаңыз, сіз қауіптесіз жəне əр ісіңізге мұқият болыңыз.
- Ақша үнемдеу – дәулет пен мамыражай өмірдің көрінісі.
- Түсіңізде ақша жұтсаңыз – бойыңызда арам қызығушылықтың пайда болуы.
- Үлкен соманы санау – сіздің бақытыңыз бен байлығыңыз қол созым жерде.
- Түсіңізде сіз бір бума қаражат тауып, оған жас қыз меншіктік құқығын білдірсе, шынайы өмірде сізге жақын əйелдің кесірінен іскерлікте біраз тоқырауға шалдығасыз.
- Өз ақшасын ұйқысында оңды-солды жұмсау, өз мүмкіндігінен көп қаражат құрту – ескерту. Ақылыңязға бос қиялмен салмақ салмаңыз, қиял – күл.
- Майда тиындарды көру – ісіңізге қанағаттанбаушылық. Жұмыста сəтсіздікке жолғасыз, ал достарыңыз бен жақындарыңыз сіздің оларға дұрыс көңіл бөлмейтініңізге шағымданады.
- Түсіңізде майда ақшаны жоғалтып, өзіңізге аздаған немқұрайлық пен сəтсіздік сезінесіз.
- Түсіңізде тиын санау – өте мұқият жəне кірпияз боласыз.
- Түсіңізде қарызға ақша алсаңыз, екі ойлы жағдайда қаласыз: өзгелерге шын мəніндегіден гөрі жақсырақ көрінесіз, бірақ бұл сізді қанағаттындырмайды.
- Ал өзгенің ақшасын жаратсаңыз, сіз кішігірім өтірігіңізде ұсталасыз да, досыңыздан айырыласыз.
- Жалған ақша жасау – жамандықтың нышаны.
- Қарызға ақша сұрау – өзіңізді жалған түрде дәулетті сезіне жүріп, қиындыққа ұшырайсыз.
Ванга түс жоруы бойынша ақша туралы түс көру.
- Ақша табу – айналаңыздағы адамдардың бірі сізге қарсы үлкен жамандық даярлап жатыр. Өзгенің затын алмаңыз, олар тіпті жапан түзде қараусыз қалса да, себебі осы жолмен арам пиғылдылар жақсы адамдарға дуа жібереді.
- Біреуден ақша алғаныңызды көрсеңіз, таныс адамдар сізді қолы ашық, мейірімді, көмекке келуге даяр адам ретінде таниды.
- Түсіңізде жыртылған ақшаны көру де жақсылыққа емес. Ол – кедейліктің, аштық пен қарақшылықтың белгісі. Мүмкін, болашақта сіз үйіңізге түскен ұрлықтың кесірінен жинаған бар қаражатыңыздан айрыларсыз.
- Түсіңізде ақша санасаңыз, шынайы өмірде сіз дүниеқоңыз, сараңсыз. Ақшаға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз, себебі ол ешқашан адамнан артық бола алмайды.
- Түсіңізде кімге болмасын ақша ұсыну – алдағы уақытта бастаған ісіңізді аяқтау үшін сізге көп қаражат қажет болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?