Қиял-ғажайып ертегі: Арзы саудагер
Бұрынғы уақытта Қырым қаласында Арзы деген атақты саудагер болыпты. Өзі сауда жасағанымен, қарауындағы жұмсайтын адамдар мен кедейлерге қайырымды болыпты. Соның үшін оны халық жақсы көріп, Арзы мырза деп атаған екен.
Кейіннен соның малын алып, жұмсап байыған адамдар Арзымен санаспай, оған қарсы байлық салыстырып, қарсы болғандар көп болыпты.
Себебі Арзының жалғыз баласы бар екен. Ол да жас болған. Осыны пайдаланып Арзының саудасын жасап жүрген сатушылар үш жыл бойына Арзыға зияннан басқа пайда бермепті. Арзының өзі керуен тартып сауда жасауға үйіндегі арғы-бергісін басқаратын адамы болмапты.
Содан кейін он екі жасар Махмуд деген жалғыз баласын шақырып алып: «Балам, мен болсам қартайдым және өзім кетсем, үйдің ішінде жұмысты тындыратын адам жоқ, сондықтан, балам, басқа адамдардың маған келтірген зиянын өзің-ақ келтір. Сөйтіп, жүріп үйренерсің. Өстіп жүргенде мен өліп қалсам, сен бәрінен де құр қаларсың»,—депті.
Әкесінің бұл сөзі баласының көкейіне қона кетеді.
—Әке, мені жіберетін болсаңыз, бірінші сапарда маған көп қазына бермей-ақ қойыңыз және қасыма өзіңізге сенімді адамнан бес адам қосыңыз,—депті баласы.
Арзы баласынан бұл сөзді есіткен соң қуанып, «балам қатарынан жаман болмас» деп, баласының жолға шығар тойын беріпті. Тоғыз түйеге зат артып, баласының қасына бес жігіт қосыпты. Арзы баласы жолға жүрейін деп жатқанда екі түрлі өсиет айтады:
—Жолда кетіп бара жатқанда, кеш болды деп, терең сайлы жерге қонба! Панасы бар екен деп, ескі қыстаулы жерге қонба! Себебі, ұры-қарақшы сондай жерлерді паналайды,—дейді.
Махмуд жолдастарымен бірге шығып, екі күн жүріп, үшінші күні кешке қарай бір қапталдың астында аты бар, белінде шолақ қылышы бар, орта жасқа келген бір адамға ұшырасыпты. Ол Махмудтан:
—Қай жерден шығып, қайсы қалаға барасыңдар?—деп сұрапты. Сонда Махмуд өздерінің Қырымнан шыққанын, енді алдындағы бара жатқан қаласының атын айтыпты. Махмуд кездескен үлкен кісінің сұрауына жауап беріп болған соң:
—Ата, өзіңіз қай жерден шығып, енді қайда барасыз?—деп сұрапты.
Сонда баяғы кез болған адам айтыпты.
—Біздің ауылымыз онша алыс емес, осы жерден түстік жерде, мен де сендер баратын қалаға барамын. Астымдағы мінген атым жарамсыз еді, сіздерге ілесіп жүруге бола ма?—депті.
Сонда Махмудтың қасындағы жолдастары бұл адамның бірге жүруіне қарсы болыпты. Себебі, Арзы баласын жібергенде бізге сеніп жіберген еді, бұл адамның қолында жаман болса да қару бар екен. Біз Арзыға пайда келтіреміз деп жүргенде, жалғыз баласы Махмудтан айрылармыз. Себебі, біздің нағыз сауда жасап бара жатқанымызды білсе, өзімізге дұшпаншылық етер,—деп қорқады.
Бірақ Махмуд жас та болса, әкесі Арзының адамдарға істейтін жақсылығын біледі екен. «Не де болса жол үстінде кездескен адамнан қашпа,—дейтін әкем.—Бірақ кездескен адамның досын, қасын айырмай тұрып, ол адамға сырыңды алдырма,—дейтін әкем.—Сол үшін қашан осы адамның өзінен жамандық шыққанша, өзімізбен бірдей болып жүре берсін»,—депті Махмуд.
Махмуд одан:
—Аға, жақсы болды, бізге де өзіңіз сияқты жол білетін адам керек еді. Жолдас болып бірге жүріңіз,—депті. Сол уақытта күн батып, намазшам болыпты. Астындағы аттары, түйелері шаршап, «қонайық» деп қараса, үлкен сайдың бойы екен. Махмуд әкесінің тапсыруы бойынша ол жерге қонғысы келмеді.
Сонда жолдан кез болған адам айтыпты: «Тәуекел, қона берейік, осы сайдан болатын пәлені мен көтерейін»,—депті. Мұны есіткен соң Махмуд та: «Үлкеннің тілін алған азбайды деген, қонсақ, қонайық!»,—депті.
Барлығы ұйықтаған уақытта, таңға жақын, ысқырған, желдетіп келе жатқан бір дыбыс жолдан қосылған адамның құлағына естіліпті. Орнынан тұрып қараса, бір айдаһар бұларды жұтайын деп келе жатыр екен. Сол кезде бұл адам қолына шолақ қылышын кесе ұстап, айдаһарға қарсы жүре беріпті. Айдаһар өзіне қарай тартқан уақытта, қарсы ұстаған қылышпен айдаһардың аузынан кіріп, құйрығына дейін тіліп, екі айырып өлтірген. Бұл істі Махмудқа да, оның қасындағы жолдастарына да сездірмей, айдаһарды ұзаққа апарып өртеп, күлін қалтаға салып алыпты. Содан кейін өз орнына қайта келіп жатыпты. Азанда аман-сау тұрып, жүргіншілер ас-суын ішіп, жүріп кетіпті. Кешке дейін жүріп, кеш болғанда бір ескі қыстаудың қасына келіпті. Қонуға қорқып тұрғанда, баяғы адам: «Тәуекел, қонайық»,—депті. Түн жарымы ауғанда бәрі де ұйықтап қалады.
Жолдан қосылған адам аңдып жатса, жаман қыстаудан ащы дауыс естіледі. Шолақ қылышын қолына алып дауыс шыққан жерге келсе, бір ескі үй тұр. Оның үш қабат есігі бар, екі есіктен өтіп, ең соңғы есікке келіп қараса, бір сұлу қыз бен жеті дәудің отырғанын көреді. Сұлу қызды қайсысы аларын білмей, таласып жатқан солардың дауыстары екен. Соны көріп шолақ қылышты адам есікті айқара ашып, қайта шығып, ең ақырғы тар есіктің босағасында жасырынып тұрыпты.
Көп ұзамай дәулердің ішіндегі ең үлкені:
—Адамзаттың иісі шығып барады, мен байқап келейін,—деп орнынан тұрады. Далаға шығу үшін екі есіктен өтіп, енді тар есікке еңкейе бергенде, жолаушы дәудің басын қағып алыпты. Осылайша біртіндеп қалған дәулерді де өлтіріп, үйге кірсе, бір сұлу жас қыз: «Менің де адам баласын көретін күнім бар екен ғой!»—деп жылап жіберіпті.
Жолаушы қыздан:
—Сен қалайша дәулердің қолына түстің?—деп сұрапты.
Сонда қыз:
—Мен Мерін қаласындағы ханның бас уәзірінің қызы едім. Атағымның шыға бастағанына тек алты ай болып еді. Осылар мені, міне, естіп, елімізге соғыс ашып, мені тартып алып осы жерге әкелгеніне үш күн болды,—депті.—Бірақ бұлардың әдеті бойынша біреуі меншіктеп алғанша тимейді екен, әзір жәбіршілік көргем жоқ. Үш күннен бері өзара таласумен болды. Енді сіз бұл жерден кетіңіз. Өлген мен өлейін. Жаңа бұлар адамзаттың иісі шықты деп сізді іздеп далада жүр. Сіз осылардан аман құтылсаңыз, менің еліме барып, мені көргеніңізді және менің сәлемімді айтыңыз, сізден өтінемін,—дейді қыз.
Сонда дәулерді өлтірген адам айтады:
—Қызым, енді сен қам жеме, мен сенің дұшпаның жеті дәуді өлтірдім. Сен енді осы отырған жеріңде отыра бер. Өзім қайтарда елге алып қайтармын, саған енді келетін пәле жоқ,—депті.
Қыз дәулердің өлігін көріп қуанып, бұл адамның келуін күтіп сол жерде қала беріпті. Махмудтың өзі де, қасындағы жолдастары да сайға қонған күнгі және жаман қыстауда қонған жердегі оқиғаны білмепті. Азанда аман-сау жүріп кетіпті.
Бірнеше күн жүрген соң елдің үстінен шығыпты. Келсе ол елдің адамдары тегіс бір қол, бір аяқтарынан айрылған екен. Мәнісін сұраса, бұл елдің адамдары баяғы сайға қонған жердің халқы екен. Сол жерде тұрғанда, сол сайдың бойында айына бір адам жеп тұратын айдаһар бар екен. Содан құтылу үшін осы жерге көшіп келіп орналасқан екен. Осында келгенсін халқы тегісінен бір қол, бір аяқтан айрылыпты.
Сонда жолдан қосылған адам олардан:
—Енді сендерді неменемен емдесе құтыласыңдар?—деп сұрапты.
Сонда бұлар айтыпты:
—Біздер дұрыс адам болу үшін бізді сол айдаһардың уыменен емдеген адам ғана бізді жаза алады,—дейді. Сосын Махмудтың қасындағы адам: «Сендерді осы аурудан жазған адамға не берер едіңдер?»—деп сұрайды.
Мұны естіген майып адамдар айтыпты:
—Бізді осы аурудан жазсаң, қолыңдағы тоғыз түйең көтергенше алтын және асыл гауһар берер едік,—дейді.
Махмуд «беремін» деген алтын мен гауһарға қызығып, жолдан косылған адамға қарап:
—Бұл адамның қолынан бұл ауруды жазу келмесе, сұрамас еді, шынында да бұл адам білімді адам болуы керек. Мен неше күн жолдас болып келіп, бұл адамның атын сұрамадым. Мүмкін, бұл адам осыларды жазып жіберсе, өзімнің жолға бірінші шыққан сапарымда олжалы болып қайтармын, не де болса осы адамның атын сұрайын,—деп ойлады.
—Ата, атыңыз кім?—деп сұрайды. Сонда ол кісі: «Атым Жолдас»,—деп жауап береді. Сонда Махмуд айтады:
—Ата, осы адамдардың ауруы қайткенде жазылады? Білмесеңіз сұрамаған болар едіңіз, халқының жай-жапсарын түгел сұрадыңыз. Бұлар да бізден жасырмастан бастарынан кешкендерін қалдырмай айтты. Соның үшін қолыңыздан келсе, халқын емдеңіз. Жақсыдан шарапат деген, сіздің арқаңызда бұл халық жазылып қалсын. Біз де тоғыз түйе қызыл алтын алып, бөлісейік!—деді.
Сол уақытта Жолдас айтты:
—Мен дүние үшін жүрген адам емеспін, осы жолға сен үшін жүріп келемін. Сондықтан осы халықты жеті күн емдеп жазамын. Бұлар қанша зат берсе де сенікі,—депті.
Сөйтіп, бірінші сайға қонған күні айдаһарды өлтіріп, қалтаға салып алған күлмен, ол бір қол, бір аяғы жоқтарды емдеп, барлық мүгедектерді жазады. Аурудан жазылған халық оларға уәделері бойынша тоғыз түйе мен мінген аттары көтергенше қызыл алтын беріпті.
Мұны көрген Махмуд та апарған затын аурудан жазылған адамдарға таратып береді. Махмудтың қасындағы жолдастары да қызыл алтыннан керегінше алады. Сол жерде жұмысын бітірген Махмуд екі апта дегенде еліне қайтады. Арада үш күн қонып, баяғы қыз жатқан ескі қыстауға келіп жетеді.
Сол күні Жолдас баяғы қызды отаудан алып келеді. Қыз сол уақытта он төрт жасар, өзі дүниедегі сұлудың бірі екен. Бұны көрген Махмуд та, оның басқа жолдастары да таң қалысып тістерінің суын сорып отыра берген.
Жолдас жоқ жерде өздері ойласыпты: «Бұл Жолдас ата, бізге бірінші олжаны берді, енді бұны бізге бермес және біз мұны да бізге бер десек, ұят болар»,—десіпті.
Таң атқан соң қызды алып, керуен еліне қарай жүреді. Кеш болғанда Махмудтың елінің шетіне жетеді. Соған дейін Жолдас Махмудқа ешқандай сыр бермепті. Бір уақыттары Жолдас қасына Махмудты шақырып алып оңашада былай депті:
—Сендердің елдеріңнен шыққандарыңа бір ай уақыт болыпты. Мен де сол бір айдан бері сендермен жолдас болып, бір табақтан ас ішіп келемін. Бірақ осы бүгінге дейін мен саған бір ауыз сыр, ақыл айтпадым. Енді көп ұзамай бір-бірден бөлек кететін боламыз. Махмуд балам, сен әлі жассың, өміріңнің ішінде бірінші рет жолға шығып қайттың. Сенің көргеніңнен көрмегенің әлі көп, дегенмен саған сырымды айтайын. Мен осы Қырым ханының атақты батыры болдым. Сөйтіп, жүріп ханның Алтын орда хандығынан әкелген Зейнеп деген кіші әйелімен көңіл қосып, оны Қырымнан басқа бір елге алып қаштым. Содан бері отыз үш жыл болды. Мені сенің әкең Арзы жақсы біледі. Енді саған айтарым—сенің әкең Арзы менің бірге туған екі туысыма көп жақсылық етті. Оларды байытты. Бірақ менің туыстарым сенің әкең Арзының ол жақсылықтарын білмеді. Сондықтан әкеңнің оларға істеген жақсылығын осы сапарда сен арқылы мен қайтарып отырмын. Енді өз еліңе келдің, мына қыз да, тоғыз түйе алтын да сенікі. Осының өзі сенің өміріңе, кісіге қайыр етуіңе де жетеді. Өзің енді ұзақ жолға шықпа. Мына қыз сенің адал жарың. Мен енді өз еліме кетемін. Сен бұл сырды өлгеніңше тісіңнен шығарма,—деп, Жолдас өз жөнімен жүре беріпті. Сол күні кеште Махмуд өз үйіне аман-сау келіп, ата-анасына қауышқан екен. Арзы да баласының бірінші шыққан сапарында тауып қайтқан олжасына қатты қуанған екен. Әкелген қызын Махмудқа некелеп, неше күн той жасап, алтын қабақ аттырады. Сол күннен бастап Махмуд сауда жасауды да, ұзақ жолға шығуды да қойыпты..........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?