Ақ ниет пен Қара ниет
Ертеде Ақ ниет пен Қара ниет жолдас болыпты. Бір күні азық-түліктерін жабдап алып, екеуі ұзақ сапарға шығады. Бірнеше апта өткеннен кейін Қара ниет:
— Азығым таусылып қалды, – деп, Ақ ниеттен тамақ сұрапты.
— Өле жегенше, бөле жейік. Менің азығым таусылғанша діттеген елдің шетіне ілігерміз, – деп Ақ ниет азығын аямай беріпті.
Бір адамның өзі үшін әзірлеген азығын екі адам жеген соң, қашанға жетуші еді, көп ұзамай Ақ ниеттің де азығы таусылады. Қоржынның түбін қағып екеуі бөліп жейді де, келесі күні аш жүріпті.
Одан кейінгі күні Ақ ниет серігі Қара ниеттің өз алдына тамақ жеп отырғанын көріпті. Сөйтсе, ол тамағым таусылды деп өтірік айтқан екен. Өзінің азығын кейінге іркіпті. «Менің азығымды бөліп жеп ек қой, маған берер» деп ойлаған Ақ ниет дәме қылады. Бірақ Қара ниет міз бақпастан теріс қарап отырады да, азығын жалғыз өзі жейді.
Осылайша бірнеше күн өтеді. Ақ ниет ішегі шұрылдап, қатты ашығады. Өзегі талып, көзі қарауытады, буыны босап, жүре алмастай қалге жетеді. Сол кезде Ақ ниет:
— Не алсаң да, бір тойғызшы! – деп, Қара ниетке жалынады. Сонда Қара ниет:— Бір көзіңді ойып берсең – бір тойғызайын, – деген шарт қояды.
Көзін аяса аштан өледі. Басқа шара жоқ. Ақ ниет бұл шартқа көнеді. Бір тойғаны не болушы еді, сол заматта аман қалғанымен, келесі күні тағы қарны ашып шығады. Тісінің түбін сорады, аузының сілекейін жұтады. Бұл ал бере қоймайды. Амалсыздан тағы да Қара ниет жалынады. Тағы да Қара ниеттің шартына көніп, екінші көзін ойып береді. Сонан соң мұны Қара ниет иен далаға тастап, өзі озып кетіп қалады.
Ақ ниет енді азықты қойып, жарық дұниені көруге зар болды. Жарқырай жайнаған күндіз оған қара түн, зар еңірейді. Өстіп жылап отырғанда сырт жағынан сылдырлатып келе жатқан жаяу адамның аяқ дыбысы естіледі. Сол кезде:
— Аш көзіңді! – деп ақырып, біреу қасына жетіп келеді. Ақ ниет көзін ашып қалса, дүние жарқ ете түседі, айнала жап-жарық. Көз сау қалпына келген екен. Бірақ әлгі дауыстаған адам көзге түспей ғайып болады.
Көзінің жазылғанына қуанған Ақ ниет төңірегіне барлай көз жүгіртеді. Сонадайдан аса сәулетті көпір көрінеді. «Мына құлазыған иен далада қаңғығанша, сол көпірге барып, өзен бойына түсейін де, суына сусындап жатайын» деп ойлап, солай бет бұрады.
Көпірге жеткен соң өзен бойына сонда сусындап алып, көпірдің астына барып жатса, көзі ілініп кетеді. Түн ортасы ауған кезде тосын дүбірден оянады. Байқаса, көпірдің үстінде арыстан, қасқыр және түлкі үшеуі дуласып кеңес құрып отырады. Арыстан қасқырдан:
— Ей, қасеке, нағып жүдеп кеткенсің? – деп сұрайды.
— Ай, әсеке-ай, қойлы байдың тайыншадай бір төбеті бар.— Қой жейін десем, не күндіз, не түнде маңайлатпайды, – депті қасқыр. Аш болған соң, мен жүдемей, кім жүдейді. Сол төбеттің өті ем екенін ешкім білмейді. Мына патшаның өлгелі жатқан қызына сол төбеттің өтін езіп ішкізсе, ем қонбай асқынған дертіне ем болар еді.
— Е, оны біз істей алмаймыз, – деп өкіне ыңыранады арыстан. Сонан соң түлкіге мойын бұрады.
— Түлкіжан, түгің күмістеи жылт-жылт етеді. Сен қалай семіріп алдың?
— Мен бір жылан патшасының алтынын күзетемін. Күндіз алтынды күнге қақтап кептіремін де, түнде қоймасына апарып қойып тыныш жатамын. Ұйқым қанық, жұмысым жеңіл, жан қиналмайды. Жайлы тіршілік жанды семіртеді екен.
Көпірдің астында жатқан Ақ ниет бұл сөздерді естіп, көкейіне тоқиды. Таң атпастан түлкінің алтынды қақтайтын жеріне барып, бір нән тастың түбіне жасырынады. Түлкі алтынды жер астындағы қоймадан тасып, шығарып, тегіс күнге жайып болған кезде Ақ ниет «айт!» деп даусымен айқай салады. «Ит келіп қалған екен» деп шошыған түлкі алтынды тастай салып, жан сауғалап безіп кетеді.
Ақ ниет далада иесіз қалған алтынды жинап алып, қабаған қара иті бар байдың үйіне барады да, алтын беріп қара төбетін сатып алады. Сонан соң, оны сойып, өтін күнге кептіреді де, қалтасына салып кетіп қалады. Сол бетімен қызы ауырып жатқан патшаға барады. Патшаның ойнатпаған бақсысы, емдетпеген емшісі қалмаған екен, ақыры күдер үзген сыңайы байқалады. Бір де бірінен ем қонбапты. Патшаның алдына барып, сәлемдескен соң:
— Қызыңды емдеп жазсам, не бересің? – деп сұрайды. Патша елең ете құлақ түреді.
— Қалағаныңды ал!
— Қалауым – қызыңның өз басы, – дейді Ақ ниет. Патша қызымның жаны қалса да, үлкен олжа ғой деп ойлап, бұл шартқа келіседі. Ақ ниет қасқырдың айтуы бойынша кептірілген иттің өтін езеді де, қызға ішкізеді. Қыз маңдайы тершіп, манаурап ұйықтап кетеді. Сөйтіп бір-екі күннен кейін басын көтеріп, жүре бастайды да, ақыры құлан таза айығып кетеді.
Содан кейін патша сөзін жұтпай, уәдесінде тұрып, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, қызын Ақ ниетке қосады. Басына отау тігіп беріп шығарады. Атасы айдатқан үйірлі жылқы мен қоралы қойға өрісі толады. Бала сүйіп, отауында перзенттің күлкісі сақылдайды. Малы мен басы жыл сайын өсіп, байлығы шалқиды. Сөйтіп, бақытты өмір кеше береді.
Осылайша жырғап жүргенде, бір күні оған әлгі Қара ниет серігі кездеседі. Ол тым жүдеу көрінеді. Әлі күнге жұтқаны жұмыршағына жұқпай, етегі тартса тақымына жетпей жүрген күйі екен. Ақ ниет оның зұлымдығын бетіне басып, табаламайды. Қайта үйіне қонаққа шақырады. Қойын сойып, сый-сияпат көрсетеді. Екеуі оңаша отырып, ұзақ әнгімелеседі. Ақ ниет серігінен бөлініп қалғаннан кейін басынан кешкендерін жіпке тізгендей түгел айтып береді. Бұл оқиғаны естіген Қара ниет іштей: «мен де солай істеп көрейін» деген ой шегеді.
Ақ ниеттің ауылынан аттанғаннан кейін Қара ниет ойына алған мақсатын орындау үшін Ақ ниет айтқан көпірге барады. Өзеннің жағасында суға шомылады. Күн бата көпірдің астына барып жатады. Түн ортасы ауған кезде арыстан, қасқыр, түлкі үшеуі көпірдің үстінде кездеседі. Сол кезде түлкі:
— Кеңсірігімді адамның қоңырсық иісі жарып барады! – деп, тұмсығын көкке көтереді, айналаны тіміскілеп иіскейді. Түлкіге қосыла төңіректі иіскеи бастаған арыстан мен қасқырдың тұмсығына да Қара ниеттің иісі шалынады. Үшеуі көпірдің үстінен қарғып, жерге түседі де, Қара ниетті жатқан жерінде бас салып талап жеп алады...
«Адалдық арымайды, жамандық жарымайды, қудың құйрығы бір-ақ тұтам» деген сөз осыдан қалған екен.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?