Бір ашуланғанда сексенді қырған батыр
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Қырғауыл жүні қызылда,
Құйрық жүні ұзында, бір байдың малын баққан қойшы болыпты. Бірде ол жаздың жайма-шуақ күнінде сылдырап аққан өзеннің бойында мал жусатып отырыпты. Қарны ашқан соң торсықтағы айранын ішіп тамақтаныпты. Дәмді қою айранға тойып балқыған қойшы жерге тамған тамшыға жабылған шыбындарды көріп қалады да, жапырақпен ұрып салады. Қырылған шыбындарды санап та үлгереді. Олар сексен екен.
Қойшы өр көкіректеу әрі мақтаншақтау еді. «Мен, – деп ойлады ол, – батыр емеспін бе осы? Өйткені бір ашуланғанда сексенді бірден қырып отырмын! Олай болса, қой бағып азаптанып не жыным бар, біржола батырлық жолға неге түспеске!?»
Осы ойға бекінген қойшы баймен есеп айырысып, еңбек ақысына бір өгіз алады. Сол елде аса шебер ұста тұратын. Қойшы онымен келісімге келіп, өгізін беріп қылыш соқтырады. Қылышқа «Бір ашуланғанда сексенді қырған батыр» деп ойып жаздыруды да ұмыт қалдырмайды.
Осыдан соң белді бекем буған батыр көңілі қалаған жаққа жүріп кетеді. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, белгісіз, әйтеуір ел қарасын көре алмайды. Шөлдейді, қарны да ашады. Қуаты кетіп шаршайды. Келесі күннің кешінде жалғыз түп талға зорға жетіп, көлеңкесіне құлайды.
Сол маңда Бөпе деген хан өмір сүретін. Ханның оқта-текте қырық жігітімен аң аулап қайту әдеті болатын.
Кезекті бір аңшылық кезінде ханның бүркіті айдалада өскен жалғыз түп талға барып қонады. Бүркітінің соңынан шауып жеткен хан талдың түбінде ес-түссіз ұйықтап жатқан біреуді көреді. Белінде қылышы, қылышында «Бір ашуланғанда сексенді қырған батыр» деген жазу бар екен.
Бөпе хан көктен іздегені жерден табылғандай қуанады. Себебі, ханның еліне қалмақтар дамыл бермей шабуылдап, малын айдап әкетіп отыратын. Мына жатқан батыр –сол қалмақпен соғысуға бірден-бір керек адам.
Хан ат босаттырып, батырды өзімен бірге алып қайтады. «Қаржау батыр» атанған қойшыны күтімге алып, баға береді, баға береді.
Сол елді бір айдаһар жайлап, халыққа салық салып, бір қой және бір қыз жеп тұрады екен. Салық кезегі әділетті ханның өз қызына да таянады. Хан қатты толқып, Қаржау батырға уәзір арқылы сөз салып, айдаһарды өлтіріп қызды арашалап алса, өзіне күйеу бала ететінін мәлімдейді. Зәресі ұшқан батыр айдаһарға жем болып өлгенімше, тезірек қарамды батырайын деп ойлайды. Келесі күні айдаһарды өлтірмекке уәде етіп, уәзірді қайтарады да, түн жамылып, беті ауған жаққа қашып кетеді. Бір уақытта алдынан ысқырған зор дыбыс естіледі. Беліндегі қылышын шешіп, көлденең ұстап үлгергені сол еді, айдаһар лебімен өзіне тарта жөнеледі. Бұдан кейінгісін қойшы біле алмай есінен танып құлайды.
Сәскенің бір мезгілінде есін жиған батыр айналасына қараса, айдаһар екі бөлініп түсіпті. Қылышы айдаһардың құйрық жағында, өзі екінші жағында жатыр екен.
— Бір істің сәті түсті. Мұндай қиыншылық үнемі бола бермес, ханға қайта оралайын, – деп Қаржау батыр райынан қайтады.
Бұл уақытта батырды қашып кетті деп ойлаған хан уәзіріне күймені жеккізіп, қызын айдаһарға жіберген еді. Олар әлгіндей жайдың үстінен түседі. Әңгіменің мән-жайын сұраған уәзірге Қаржау батыр кешегі уәдеден кейін өзінің ұйқысы қашып, ақыры айдаһарды іздеп тауып өлтіріп тынғанын мәлімдейді.
Батыр осыдан соң бұрынғысынан да ерекше күтімге алынады.
Күндердің күнінде қалмақтың Шан деген ханы Бөпе ханның бойжетіп қалған сұлу қызы бар дегенді естиді. Келесі шабуылда қызына сөз салып, бермесе күшпен алмаққа ниеттенеді. Сөйтіп, көп қолмен ханның қамалын қоршап алып, елші жібереді. Бөпе хан Қаржау батырды алдына шақыртып, мына қалмақтан құтқарса, кешіктірмей той жасап, оған қызын қосатынын айтады.
«Өлімнен ұят күшті» емес пе? Қаржау бұлтаруға жол таппай, ең болмаса, жау қолында өлейін деген оймен келісім береді.
Бөпе қалмақтың ханы Шанға:
— Біздің жалғыз батырымызды жеңсең, тілегің орындалады! – деген хабар жібереді.
Бұл хабарды естіген қалмақтар соғысуға сақадай-сай тұрады.Бөпе ханның қара тұлпары бар еді. Осы тұлпарға Қаржау батырды мінгізіп, неше жерден белдіктеп, аттан құламайтындай етіп таңып тастайды. Кеудесіне қалқанын, екі қолына найза, қылышын байлайды. Сөйтіп, хан батырды қара тұлпармен қамалдан шығарып жібереді. Өзі уәзірімен мұнараға шығып, соғыстың барысын бақылайды. Қаржау батыр найза мен қылыш ұстаған қалың жауды көргенде есі кетеді. Аттан не секіре алмайды, не найза, қылышын тастай алмайды. Қолын сілкілеп ойбайлай береді. Қалың шудан оның не дыбыс екенін ешкім аңғармайды. Байлауда тұрып, құтырып алған қара тұлпар екілене еліріп жауға ұмтылады.
Әбден қызып алған тұлпар қалың қолды қақ жарып, ұзай шауып, әрідегі ауылды аралай жауға қайта бет түзейді. Бір кісінің екі қорасын біріктірмек болып көлденең шығарып қойған бөрене ағашы бар еді. Сол арадан өте бергенде бөрене қара тұлпарға киіліп, қоса кетеді. Мұны көрген қалмақтар зәрелері ұшып тым-тырақай қаша жөнеледі. Бөрене қаққан әлденеше адам мұрттай ұшады.
Бөпе хан батырдың мына әрекетіне сүйсінумен болады. Қамалдағы әзірлеп қойған сарбаздарын қақпадан шығарып, жауды қуғызып, жеңіске жетеді.
Міне, осыдан кейін Бөпе хан Қаржаудың ерлігін мойындап, үлкен той жасап, оған қызын қосқан екен.
Содан былай Қаржау батыр нағыз сарбаз болыпты.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?