file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Тышқан мен жылан

 Тышқан мен жылан

Бір тышқан тамақ аулап, ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен. Тышқан мұнан жаман қорқып, қуып шығаруға батпай, ақыл сұрай, өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады. Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңесін айтыпты:

— Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал. Жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес, бірақ оған қылар еш айла жоқ. Оған тиіп не қыласың? Мазасын ала берсең, өзіңді жеп қояды, оған ештеңе қыла алмайсың.

Тышқан бишара қайғырса да үндемей қойыпты. Бірақ қалай кегін алуды ойлайды.

Бір күні сейілдеп келе жатса, інінің аузында жыланның күн шуақта жылынып жатқанын көріпті. Жанында бір кісі ұйықтап жатыр екен. Тышқан барып оның мұрнын тістеп алып, жыланға қарай тұра қашыпты. Кісі оянып, тұра қуады. Қараса, алдында жатқан жыланды көреді. Тышқаннан мұның зияны көбірек болған соң, кісі жыланды өлтіруге алданып қалыпты да тышқанды қоя беріпті.

Сөйтіп, кегі қайтқан тышқан өз ініне қайта келіп тұрыпты.


Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 383



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?