Аю мен маса
Алпамсадай аю жұдырықтай қоянды ұстап алып, ешбір жазықсыз құлағынан тартып қинайды. Тіпті бір құлағынан бұрап, жұлып тастай жаздайды. Қоян қатты қапаланады.
— Құлақ жазылар, көздің жасы құрғар-ау, бірақ кегім тарқамас! Не үшін қорлық көрдім! Маймақ аяққа кездесіп қалсам, құримын ғой! Оған жұлғыза беруге құлағым шыдай ма! Аю осы ормандағы аңдардың ең күштісі, мұңыңды кімге барып шағарсың? Қасқыр мен түлкі де оның араларынан қыл өтпейтін сыбайлас достары! Енді кімнен қорғаныш табармын! – деп жылайды ол.
Сол уақытта қалың қамыс ішінен:
— Маған қорғала! – деген бір жіңішке дауыс шіңк ете түседі. Қоян сол көзінің қиығын тастап еді, маса екен.
— Сен қандай қорғаныш бола аласың? — Ол - аю, сен шіркейсің. Аюға не істей алмақсың сен? Сенде қаншалық күш бар, байғұс-ау! – дейді қоян.
— Мен оған ұйқы бермеуге жараймын, – дейді маса.
Ыстық орман ішінде аю жанын қоярға жер таппайды. Әбден қалжыраған соң, бүлдірген жапырағының үстіне жатып дем алмақшы болады. Көзін жұмғаны сол еді, нақ құлағының үстінен:
— Ызың-ң-ң! Ызың-ң-ң! – деген дыбыс естіледі. Аю масаның даусы екенін тани кетеді. Масаның мұрнына келіп қонатын мезетін күтіп, әзірленіп жатады. Маса айнала ұшып жүреді де аюдың тұмсығына келіп қонады. Маймақ аяқ ойланып жатпайды, бар күшін салып, сол жақ табанымен мұрнын ұрып кеп қалады. «Аюдың тұмсығына қонудың немен тынатынын маса қайдан білсін!»
Аю оң жағына аунап түсіп көзін жұмып, есіней беріп еді, тағы да құлағының тұсынан:
— Ызың-ң! Ызың-ң-ң! – деген дауыс естіледі.
Маса, сірә, аюдың табанынан құтылып кеткен болу керек!
— Енді қай жеріме қонар екен ол, – деп, ұйықтаған болып, қозғалмай тыңдап жатады аю.
Маймақ аюдың маңында ызыңдап-ызыңдап жүріп, маса бір мезетте тым-тырыс бола қалады.
— Ұшып кетті ғой деймін, қарғыс атқан! – деп күрсінеді аю. Маса бұл кезде құлағының түбіне ептеп қана кіреді де шым еткізіп шағып алады. Аю орнынан секіріп тұрады. Шырқ айналып, оң табанымен құлағын салып кеп қалғанда, көзінің оты жарқ ете түседі. «Маса енді аюды шағуды мүлде жадынан шығарар!»
Қисық аяқ құлағын бір сипап қойып, жайланыңқырап жатады. Енді ұйықтауға болады! Көзін жұма бергені сол-ақ еді, бас жағынан тағы да баяғы ызың естіледі.
— Бұл не деген беймаза еді?! Неткен жаны берік шіркей! Аю жерге бір түкіреді де маса маза бермеген жерден кетіп қалады. Маймақ аю бүкіл орманды кезіп, бұта-бұтаның арасынан жүріп келеді, ұйқысы келгендіктен, аузын арандай ашып есінейді, ал маса соңынан қалар емес.
«Ызың-ң-ң! Ызың-ң-ң!»
Аю жүгіре жөнеледі, жүгіре-жүгіре әлі құрып, бір бұтаның түбіне келіп құлайды. Демалып жатып, тың тыңдайды. Маса қайда!
Орман іші жым-жырт. Көзге түртсе көрінбес қараңғы. Төңіректегі күллі аңдар мен құстар баяғыда-ақ шырт ұйқыға кірген. Жалғыз аю ғана ұйқтай алмай, әбігерленіп жүреді.
— Міне, пәле! Бір жаман масаның мені осыншалық әурелегенін көрдің бе! Осы мен кәдімгі аюмын ба, жоқ па? Тіпті одан қашып құтылғаныма да мың қат шүкіршілік. Енді рақаттанып ұйқтайтын шығармын, – дейді аю.
Аю жаңғақ ағашының түбіне барып орналасады. Көзін жұмады да қалғып кетеді. Ол түс көре бастайды. Түсінде орман ішінен араның ұясын тауып алыпты, онда бал тіпті көп екен. Ол ұяға аяғын сала бергенде, кенет:
«Ызың-ң-ң! Ызың-ң-ң!» деген дауыс тағы естіледі. Маса аюды тағы да қуып жетіпті. Қуып жетіп, оятып жібереді.
Маймақ аю отырып алып, ызаланып, ыңқылдай бастайды. Ал маса тас қараңғыда оны айналып, біресе қатты, біресе жай ызыңдай береді.
Ызылдап, ызылдап маса жым-жырт бола қалады.
Аю тыңдап тұрып, жаңғақ ағашының түбіне жасырына түседі де көзін жұмып, қалғып кетеді, бойы да жылына бастағаны сол еді, маса тағы да ызың ете қалады.
Маймақ аю бұтаның түбінен шығады да жылап қоя береді. «Соңымнан қалмай қойды-ау, қарғыс атқан! Тұра тұр, бәлем! Таң атқанға дейін кірпік ілмей отырсам да сенің көзіңді жоярмын!»
Маса күн шыққанша, аюға ұйқы бермейді. Әбден қалжыратып, есін кетіреді. Таң атқанша аю көз шырымын алмайды. Өзін-өзі соққылап, бар денесін көгертеді. Бірақ масаны жеңе алмайды.
Күн шығады. Ормандағы аңдар мен құстар әбден ұйқысы қанып оянады. Ән шырқап, шаттанысады. Жаңа күнді тек аю ғана көңілсіз қарсы алады. Орман ішінде оған қоян кездеседі. Үсті-басы ұйқы-тұйқы, жүні ұйпалақ-ұйпалақ болған аю аяғын зорға басып, сенделіп келеді. Көзін аша алмайды, құлағынан масаның ызыңы кетпейді.
Маймақ аюды тәлкектеп, қоян әбден мәз болады.
— Ай, маса! Жарайсың, маса! – деп, көзінен жас аққанша күледі.
«Кімді айтса, сол келер» дегендей, манағы таныс маса тап бола кетеді.
— Аюды көрдің бе?
— Көрдім! Көрдім! – Қоян күлкіден ішін басып тұр. – Сен қалай жеңдің оны?
— А, біз жалғыз емеспіз ғой, – дейді маса, – біз сендердей жалғыз-жалғыз жүрмейміз және қорқақ та емеспіз.
Қоян бір бұтаның түбінде жалғыз шоқиып отырып қалады, ал маса Аюдың артынан ызыңдап ұша жөнеледі.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?