Жақсылыққа жамандық

 Жақсылыққа жамандық

Кез келгенді мүйіздей беретін сүзеген бұқа байқаусызда құдыққа түсіп кетіпті. Құдықтың ішін бар перменімен сүзгілеп, топырағын айналғанын, өзінің бекерден-бекер өлерін бұқа біліпті. Біреу болмаса, біреу құдықтан мені шығарып алар деп, бар пәрменінше өкіріпті. Мұның бақытына қарай жақын арада бір қойшы қой жайып жүр екен. Мұның даусын естіп, қойлар мен қойшы жүгіріп келеді.

— Шырақтарым, қарақтарым, шығарып алсаңдаршы, – деп, бұларға әдеппен, ибалықпен жалынып, бұқа сөйлей бастайды. — Мені жазасыз, кінәсіз өлтірмеңдерші, ғұмырымда жанға жамандық ойлап, қас қылмаушы едім. Менің мінезімнің жақсылығы Зеңгі бабаға мәлім, достарым, қарақтарым, мені шығарып алыңдаршы! Өлгенімше сол жақсылықтарыңды ұмытпаспын, – дейді, бұқа жалынып-жалбарынып.

— Қойлар,бұқаны құдықтан шығарып алып, жақсылығын көрейік! – дейді қойшы.

— Бишараны шығарсақ, шығарып алайық, – дейді қойлар да.

Сөйтіп, мүйізді мырзаны құдықтан шығарып алады.

— Демімді алып, есімді жиған соң, сіздерге Тәңір жарылқасын айтып, сый көрсетемін, – дейді бұқа ентігіп. Бірақ ажалдан құтылып, есін жиып алған соң, айдайын деп келген қойшыға:

— Сені өлтірейін, – деп өкіріп тап беріпті.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 121



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?