Хан мен Қызыр
Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Оның үш уәзірі болыпты. Күндерде бір күн хан еліне жарлық қылады: «Қызырды маған көрсеткен адамға ат басындай алтын беремін», – деп. Бірақ ешкім «мен көрсетемін» деп айта алмады. Бұл елде өзі бәңгі, өзі құмарпаз, киерге киімі жоқ, ішерге тамағы жоқ бір адам бар екен. Бұл адам ойлады: «Былайша иттен ілгері, адамнан кейін болып жүргенше, ханға барып Қызырды көрсетемін деп алтынын алайын». Ханға барып, «қызырды көрсетемін» деп, алтынын алыпты. «Қырық күн мұрсат алып, қырық күн тамаша қылайын, қырық күннен кейін хан не қылса, соны қылсын», – деп, ханға келіп айтады: «Әй, тақсыр! Мен сізге Қызырды көрсетейін, бірақ сіз маған қырық күн мұрсат беріңіз». Хан: «Мақұл», – деп, бұл бәңгіге ат басындай алтын береді, һәм айтады: «Егерде мені алдап қырық күнге дейін маған Қызырды көрсетпесең, басыңды аламын». Бәңгі ырза болып, көп алтынды үйіне алып келіп, неше түрлі тамаша қылып, ішіп жатады. Уағдалы қырық күн толғанда, ханның жасауылы келіп, бәңгіні ханға алып жүреді. Жолда бұларға бір адам жолығып: «Менің де ханға баратын жұмысым бар еді», – де, бұлармен бірге ханға келеді. Хан қасына үш уәзір алып: «Ей, бейшара, Қызырды таптың ба?» – дейді. Бәңгі айтады: «Әй, тақсыр ханым! Қызырды мен қайдан табайын, өзім бір бәңгі, құмарпаз адам едім, бұлайша жүріп ғұмыр өткізгеннен гөрі ханымның Құдай берген дәулетінің арқасында, қырық күн болса да қызық тамаша көрейін деп, бұл істі қылып едім. Шапсаңыз, міне, басым», – деп қолдарын қусырып, қарап тұрды.
Сонда хан: «Мұны қалайша өлтірген мақұл?» – деп уәзірінен сұрады. Уәзір айтты: «Сізді алдағаны үшін мұны қойдың етін бұзғандай етіп, кескілеп өлтірсе болар еді», – дейді. Бұл сөзді естіп, жасауыл мен бәңгіге еріп келген кісі: «Жақсы, бұл уәзір атасынан көргенін айтады», – дейді. Мұнан соң хан: «Сіз қандай өлім лайық дейсіз?», – деп, екінші уәзірінен сұрайды. Екінші уәзір: «Мұны төбелеп, сүйектерін ұндай қылып өлтірсе болар еді», – дейді. Сонда баяғы адам тұрып: «Жақсы, бұл уәзір де һәм атасынан көргенін айтты», – дейді. Бұл адамға қарап қойып, хан үшінші уәзірінен сұрады. «Сіз бұған қандай өлімді лайық көресіз?» – деп. Үшінші уәзір айтты: «Әй, тақсыр хан! Бұл бейшара адам екен, ақымақтықпен сізді алдап, енді шынын айтып жылап тұр. Сіз дәулетті, әділетті, рақымды патшасыз, бір ат басындай алтыннан сіз кедей болмайсыз. Бір ақымақтың ақымақтығынан сізге кемшілік келмейді һәм бір бейшараның қанын төккенмен, сіз мұратқа жетпейсіз. Одан да бұған патшалық рақым қылып, күнәсін кешіріп, өлімнен азат еткізгеніңіз жақсы болар еді». Сонда әлгі адам: «Жақсы, бұл да атасынан көргенін айтты», – деді. Сонда бұл адамнан хан сұрады: «Сен кімсің, менің уәзірлерімнің аталарын қайдан білесің? Олар қандай адамдар еді?», – дейді.
Бұл адам ханға айтты: «Бас уәзірдің атасы - қасапшы, баласы атасының қой сойғанынан басқа үлгі көрмеген, сол себепті бұл уәзіріңіз бәңгіні қойша кескілеп өлтіруді лайық көрді. Екінші уәзіріңіздің атасы темірші еді, баласы әкесінің балғамен темір тоқпақтағанынан басқа жақсы үлгі көрмеген еді. Сол себепті бұл уәзіріңіз тоқпақтап өлтіруді мақұл көрді. Үшінші уәзірдің атасы сіздің атаңыздың бас уәзірі еді. Ол бек рақымды, әділетті адам еді, үшінші уәзіріңіздің сөзіне рақым қылыңыз», – деп мәслихат айтты.
— Тақсыр хан, сіз Қызырды көрсеңіз, бұл бейшара бәңгіге тағы да алтын берер ме едіңіз? – деді. Хан айтты: «Берер едім», – деп. Сонда бұл адам: «Олай болса, мен - Қызыр», – деп ғайып болды. Мұны көріп хан таң қалып, баяғы бәңгіге қанша алтын беріп үйіне жіберіпті. Мұнан соң үшінші уәзірді бас уәзір қылып, қалған екеуін шығарып, олардың орнына басқа кісілер алады.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?