file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жолбарыс жеген түлкі

 Жолбарыс жеген түлкі

Бірде тіміскілене сүмеңдеп келе жатқан түлкіге тоғайды шарлап жүрген жолбарыс кездесіпті. Сонан соң екеуі жолдас болып, сапар шегіпті. Кешке таман бір көлдің жағасына келіп, сол арада түнемек болыпты. Жардың қабағына жатыпты. Ұйқтар мезгіл болғанда:

– Менің ұйқым қатты еді, аунақшып жатып, жардан құлап кетермін. Түлкіжан, сен менің оң жағыма жатшы, – депті жолбарыс.

Түлкі серігінің айтқанына көніп:

– Жарайды, айтқаның болсын, – деп, көрсеткен жерге жатыпты.

Бір уақытта жолбарыс пырылдап, ұйқыға кетеді. Ал түлкі сол кезде білдірмей түрегеліп, орын ауыстырып, жолбарыстың ірге жағына шығып алыпты. Сонан соң:

– Ай, жөке, ары таман жатшы, мені басып, жаншып тастайтын болдың ғой, – деп, итеріп-итеріп қояды.

Осылайша жолбарысты жылжыта-жылжыта жардан ұшырып жіберіпті. Жолбарыс қазаға ұшырапты. Ертеңіне түлкі құлап өлген жолбарыстың етіне тойып алып, өз жөніне кете беріпті.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 828



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды