Арпа деген ас екен
Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, екі бала ен далада ойнап-күліп аулына қайтса елге жау тиіп, ауыл лаңғада ойран-асыр болып жатады. Жау лаңынан шошынған екі бала кең жазира далаға қашып кетіпті.
Баланың біреуі кедейдің қара табаны екен де, екіншісі байдың аялаған ақ саусағы екен. Күні бойы бет алды лағып әбден шаршаған екі бала тағы да жау шауып жайраған жұртқа кез болады. Жұрттан екі бала бір дорба арпа мен бір кесек алтынды көреді. Дүниеқұмар ашқарақ бай ұлы алтынды бас салады. Кедейдің баласы қолына дорбаны алып, екеуі бірігіп жолға түседі. Екі бала неше күн, неше түн жүреді. Әбден шаршап болдырады. Қарындары ашып, таңдайлары кеуіп сусайды. Әсіресе бай ұлы көп азап шегеді де, кедейдің баласы анда-санда арпадан бір асап қойып, кеңташ әндетіп отырыпты. Жанындағы жолдасына жаны ашып, әлсін-әлі ма арпа жеші, өлер болдың ғой, – деп өтінеді.
Сонда бай баласы:
— Қара мұның кулығын. Арпа беріп алтын алмақшысың ғой. Арпаның керегі жоқ, – деп көнбейді. Олар тағы да біраз күн жол жүреді. Бай ұлы жүруге халі келмейді. Кедейдің баласы арпасын «тегін-ақ» деп жалынса да озбыр бай баласы көнбейді. Ақыры жүре-жүре бір шаһардың күмбездеріне көздері түседі, бай баласы әлсіреп құлап қалады. Кедей баласы шаһарға келіп, бір кедейге жалынады. Шайына қанған соң ол адам ас-су алып, кедейдің баласын ертіп байдың баласына келсе, ол баяғыда жан тапсырыпты. Карысып қалған қолынан алтынды әзер айырып алыпты. Мұны көрген кедейдің баласы:
«Арпа деген – ас екен,
Алтын деген – тас екен» – деп әндетіп жолға түсіпті. Ұзамай ата – анасын тауып мұратына жетіпті.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?