Ғажайып қап
Ерке қыздың достары көп. Олармен ойнаған өте қызық. Бүгін де мысығы екеуі достары ойнап жүрген ойын алаңына барды. Мұнда әткеншек те, сырғанақ та, белтемір де бәрі-бәрі бар. Қалағаныңша ойнауға болады. Тек, достарыңмен таласып, өкпелетіп алмасаң болғаны.
— Ерке қыз келді! – деп қуанды Айна қыз.
— Кел, кел! Бәріміз бірге ойнаймыз, - деп басқа балалар да қуанып жатыр. Ерке қыз олармен ойынға кірісіп те кетті. Айна қыз қолындағы тәттісін жеп, содан кейін қағазын жерге тастай салды. Ал Батыр болса, бананның қабығын лақтырып жіберді. Ерке қыз енді байқады, бұлардың ойын алаңында қағаздар, кейбір сынған ойыншықтар, бөтелкелер шашылып жатыр екен. Кейде анасымен көшенің басында тұратын әкпесіне барғанда, жол бойы шашылып жатқан пакеттерді, қағаздарды, бос құтыларды, қалбырларды көретін. «Неге тазалық сақтамайды екен?» деп үлкендерге таң қалатын. Мұны мысық та байқаған сияқты. Ерке қыздың аяғына орала еркелеп,
— Ерке қыз қарашы, мына жер ластанып кетіпті ғой.
— Иә, рас айтасың. Мұны қалай тазалауға болады? Ақыл қосшы, мысығым.
Мысық өте ақылды еді. «Қазір!» деді де бір жаққа жүгіріп кетті. Бір кезде Дүкенші ағайды ертіп келді. Бірақ бұл жолы аппақ дүкенші халатының орнына тазалықшының көк халатын киіп алыпты. Біздің Дүкенші ағай әмбебап қой. Тазалықшы да, дүкенші де болады, тіпті өлең де шығара алады.
— Әй балақайлар, ойнайтын жерлеріңді таза ұстасаңдар қайтеді? – деп басын шайқады.
«Ағай, ағай!» деп жүгіріп келген балалар тосылып қалды. Жан-жақтарына қарады. Расымен де аулада қоқыстар шашылып жатыр екен. Бәрі ұялып кетті.
— Балақайлар, мына қоқыстың бәрі табиғатты ластайды. Табиғат ластанса ауа да, су да ластанады. Онда мына әдемі гүлдер де, жап-жасыл ағаштар да, тіпті сендер де ауырып қаласыңдар. Білесіңдер ме, мына тастаған қоқыстардың барлығын екінші рет пайдаға асыруға болады.
— Рас па?
— Қалай сонда?
— Ана бөтелке де, сурет салып, шимайланған қағаз да пайдаға аса ма?
— Сүт пен айранның қаптары ше? – деп шулап кетті балалар. Олар ешқашан да қоқысты тағы бір рет пайдалануға болады деп ойламаған.
— Әрине. Тіпті батарейкалар, әйнектер, пластмассаларды, қалбырларды кәдеге жаратуға болады. Ол үшін сендер қоқысты лақтыра салмай, арнайы қаптарға салып, заттарды екінші рет өңдейтін жерге өткізулерің керек. Міне, мен ғажайып қаптар әкелдім. Мына көк қапқа қағаз, картондарды салыңдар. Ал мына, сары қапқа пластмасса бөтелке, сынған ойыншықтарды салыңдар.
Балалар дереу іске кірісіп кетті. Барлығы әп-сәтте ауланы тазалап шықты. Шынымен де тазалық жұмысын істеген жақсы екен ғой. Аула тап-таза. Лақтырған картон астында қалған гүл де қуана бойын көтеріп, балаларға алғыс айтты.
— Көрдіңдер ме, балалар, тазалақ деген қандай керемет! Егер әрқайсың жеген тәттілеріңнің қабығын лақтыра салмай қоқыс салатын жәшікке салсаңдар, әрқашан да тазалық болады. Ал, мен мына ғажайып қаптардағы қоқыстарды арнай жерге өткізейін. Тағы да пайдаға ассын!
— Алақай!
— Біз бәрін тазаладық!- деп қуанып жатты балалар. Ерке қыз да, мысық та қуанышты. Әдеттегідей дүкенші-тазалықшы ағайымыз әндете жөнелді:
Мен де, сен де әнсалып,
Құтқарайықжершарын.
Қане, бәріңтыңдаңдар,
Шартарапқажайылды,
Достықжайлыбұләнім!
Шапалақтақолды,
Қосылыңдарбәрің!
Бос бөтелке, сынғанәйнек,
Жатырәнеәржерде.
Тастамайықбосқаоларды,
Жаратайықкәдеге.
Қолға алсаң төзіммен,
Жеңіс келер төріңе.
Ішкен сүт пен шырынның,
Бос тастамай қорабын,
Іске жарат, ерінбе.
Батарейка отырса,
Лақтырып оны тастама,
Қайта өңдеуге өткізсең,
Кәдеге асар басқа да.
Умаждалған қағаз да,
Жап-жаңа боп оралар
Берсеңдер егер оларды,
Қайта өңдеуге, балалар.
Сақтау үшін жер шарын,
Керек емес көп еңбек.
Пайдаланып тастаған,
Батарейка, қағазды,
Бөтелке мен әйнекті.
Жинап алсаң, сәл терлеп,
Қайта өңдейтін жерге сен,
Тапсырғаның, бұл – көмек!
Жаттап алғын бұл әнді,
Бүлдіршін, бала, балдырған.
Пайдаланған затыңды,
Лақтырмауға дағдылан!
Балалар расымен де үлкен іс атқарды. «Тазалық - иманның жартысы» дейді үлкендер. Сондықтан, ақылды, иманды бала болып өсу үшін тазалық керек екен. Солай емес пе? Балақай, тамсанып жеген тәттілеріңнің қабығын, сынған ойыншықтарыңды тастамай, қоқыс салатын жерге жинап қою сенің де қолыңнан келетініне сенімдімін.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?