Тебен ине
Ертеде бір тебен ине өмір сүріпті, ол өзін жіп-жіңішке қылдырықтаймын деп есептеп, шебер тігіншілер ғана пайдаланатын тігін ине санайды екен.
Әй, байқаңдар, мені мықтап ұстаңдар! – деді ол бірде өзін қораптан суырып алып жатқан саусақтарға. – Мені жерге түсіріп ала көрмеңдер! Еденге түссем, жаман айтпай жақсы жоқ, жоғалып қалармын: өйткені мен қылдырықтай ғанамын ғой!
- Ой, пәлі-ай! – деп саусақтар оны мықынынан қапсыра қысты.
- Міне, көрдіңдер ме, мен бір топ нөкеріммен келемін, - деді тебен, сөйтті де соңынан сала құлаш жіп ілестіріп шықты, екі жіптің ұшы түйілмеген еді.
Саусақтар тебенді апарып ас пісіруші әйелдің туфлиіне қадады, туфлидің былғарысы айырылып кеткен еді, енді сол жыртықты жамау қажет болатын.
- Ойпырмай, неткен лас жұмыс еді бұл! – деп қапаланды тебен. Сірә, мен бұған шыдай алмаспын! Сынып қалармын! Мен сынып қалармын!
Соны айтуы-ақ мұң екен, шынында да, шырт етіп көзі сынды да қалды.
- Мен сендерге айтпап па едім! – деп күйінді ол. Мұндай жұмыс үшін мен өте нәзік емеспін бе?
«Енді бұл түкке де жарамайтын болды» - деп ойлады саусақтар: өйткенмен оларға тебенді мықтап ұстауға тура келді. Ас пісіруші әйел сынған басына сүргіш тамызды да, басына жамылатын орамалына шаншып алды.
- Міне, мен енді түйреуіш боп шықтым! – деп бөсті тебен. Мен өзімнің өлмейтінімді білгенмін: негізің жақсы болса саған далада қалып не бопты, тәйірі.
Соны айтты да, ол өз-өзінен ішек-сілесі қата күлді, тебеннің қалай күлгенін ешкім де көрген емес қой. Ол маңғазсына, дәл бір күймеде отырғандай-ақ орамалға орнығып алып, жан-жағына тәкаппарлана қараумен болды.
- Сұрауға рұқсат етіңізші, сіз алтыннан жасалған емесссіз бе? – деп тіл қатты ол, көрші тұрған түйреуішке. – сіз сондай сүйкімдісіз, сіздің өз басыңыз бар... Бірақ өте кішкентай екен. Оны үлкейтуге тырысып көріңіз, әйтпесе кім көрінгенге сүріштен бас жасай беруге болмайды ғой.
Соны айтып тебеннің сіресе қалғаны сондай, орамалдан ұшып түсіп, ас пісіруші әйел жуынды құйып жатқан ыдысқа бір-ақ секірді.
- Мен суға жүзіп, сапарға аттандым! – деп айғай салды тебен. Тек жоғалып қала көрмесем екен. Ол жоғалды да. Мен қылдырықтаймын, мен бұл дүние үшін жаралғам жоқ, - деді тебен, көшедегі су ағарда жатып. Бірақ мен өз бағамды өзім білемін, менің жаныма майдай жағатынын осы, мейлі, көлденең жұрт не десе ол десін!
Сонымен тебен ине өзін баяғысындай тіп-тік ұстады, еңсесін түсірген жоқ.
Оның үстінен не қалқып өтпеді дейсің: жаңқалар, сабан, газет қиқымдары...
- Қараңдар, қалай-қалай қалқып келеді! – деп жағы сенбеді тебеннің. Тап мына жерде кімнің жатқаны олардың қаперіне де кірмейді. Бұл жерде мен жатырмын, мен бармын! Мінекей, жаңқа қалқып келеді. Оның жаңқадан басқада ойы жоқ, қайтсін, жаңқаның аты жаңқа емес пе. Міне, бір тал сабан тағы зымырап келе жатыр... Ой, шіркін, шырқ үйіріліп айналуын-ай! Бүйтіп мұрныңды көкке көтермесейші! Сақ бол, әйтпесе тасқа соғылып тас-талқаның шығып жүрер! Әне, газеттің қиқымы жүзіп келеді. Онда не жазылғанын жұрт әлдеқашан ұмытып та үлгерді, ал оның далбақтаған түрін қарай гөр?.. Мен болсам тып-тыныш, төзімділікпен жатырмын ғой. Мен өз бағамды өзім білемін, ондай қасиетті менен ешкім де тартып ала алмайды.
Бірде тап жанынан бірдеме жалт-жұлт ете қалып еді, тебен оны, сірә, гауһар болар деп ойлады. Жалтылдағаны болмаса ол шөлмектің сынығы болатын, тебен оны сөзге тартты. Ол өзін түйреуішпін деп таныстырды да:
- Сіз, сірә, гауһар боларсыз?
- Иә, соған ұқсаймын.
Екеуі де өздерін бұл дүниеде баға жетпейтін асыл зат санайтын, бір-бірі жөніндегі пікірі де осындай боп шықты. Сөйтіп, олар бұл дүниенің надандығы мен тәкаппарлығы туралы ағыл-тегіл сыр шертісті.
- Иә, мен бір кәрі қыздың қолындағы қорапта тұрдым, - деді тебен. Ол қыз ас пісіруші болатын. Оның әр қолында бес саусағы бар, олардың өркөкіректігі қандай екені, сіздің өзіңіз түгілі түсіңізге де кірмейді. Өздері ағаш басын сындырса екен-ау, мені қораптан суырып алып, қайта салып қоюды ғана білетін бар бітіргендері сол ғана еді!
- Өздері сәуле шашып, жарқырайтын ба еді? – деп сұрады шөлмектің сынығы.
- Жарқырау ма? – деп қайталады тебен ине. – Жоға, тәйірі,оларға ондай қасиет қайдан кепті, оның есесіне өркөкіректіктерін айтпаңыз деймін тіпті!.. Олар бес ағайынды болатын, бәрі де тумысынан «саусақ» күйінде ғана қалған, бойлары әр түрлі болғанымен де бір-бірінен екі елі ажырамаушы еді. Ең шеткі «жуан» өзгелерінен гөрі сәл оқшаулау тұратын еді, оның белі бір-ақ жерден бүгілетін де, тағзым еткені үнемі бір-ақ түрлі боп келетін, соған қарамастан оның егер мені шауып тастаса, адам әскери қызметке жарамай қалады деп бөскенін көрсең. Екінші «сұғанақтың» соқтықпайтын жері болмайтын, тәттіге де, ащыға жатұмсығын тығады, шошайып күн мен айды да көрсетеді, жазу жазғанда қаламды қысып ұстайтын да сол. Үшінші саусақ «ұзын тұра» көршілеріне асқақтай қарайтын. Төртінші «алтын саусақ» беліне алтын сақина алып жүретін. Ал ең соңғы шанашақ «Пер-музыкант» шөп басын сындырмағанына мақтанатын. Бәрінің де мақтанғаннан басқа бітірері жоқ еді, солардың мылжыңын тыңдай-тыңдай әбден құлағым сарсып, мезі болғандықтан, мен қол жуғышқа бір-ақ секірдім.
- Ал қазір жарқыраймыз да жатамыз, - деді шөлмектің сынығы. Дәл осы сәтте жырадағы су көбейіп, ернеуден аса лықсып төгілді де, шөлмектің сынығын іліп ала жөнелді.
- Ол ілгері басты, - деп күрсініп қала берді тебен ине. Ал мен орнымнан қозғалмайтын қылдырықтаймын, мұныма мақтана аламын, бұл және орынды мақтаныш.
Сөйтіп, ол тартқан сымдай боп, әр түрлі ойға батып жата берді.
- Мен осы күн нұрынан жаралдым-ау деген ой келеді маған, өйткені қылдырықтайдың қылдырықтайымын ғой, - деді ол өзіне-өзі. Алақай, күннің көзі мені, су астынан іздеп жүрген сияқты. Әттең, дүние-ай соншалықты жіңішке болармын ба, тіпті бабам күннің көзінің өзі де мені таба алмай жүргенін қарашы. Анада көзім сынып қалмағанда, мен қазір жылап жіберер ме едім, қайтер едім. Әйткенде, жоқ, жыламас едім, жылау деген жақсы емес қой.
Бірде бір топ бала келді де, жыраны астан-кестенін шығарып, шеге, тиын ақшалар сияқты қазыналарды іздей бастады. Өздері адам көргісіз боп былғанғандықтарына мәз болады.
- Ойбай-ай! – деп кенет балалардың біреуі баж ете қалды: себебі оның қолына тебен кіріп кеткен еді. Мынаны қараңдар, қандай нәрсе, ә!
- Мен нәрсе емес, бой жеткен қызбын! – деп дауласа кетті тебен. Бірақ та оның сөзін ешкім де естіген жоқ. Оның сүргіші әлдеқашан жуылып кеткен де, өзі қап-қара боп қарайған еді. Қара киім кигенде сүмбідей сымбатты болатының бар ғой, сол сияқты тебен де өзін бұрынғыдан да жіңішкердім – деп есептеді.
- Әне, жұмыртқаның қабығы қалқып келеді! – деп айғай салды балалар, сөйтті де олар тебенді ала сап жұмыртқаның қабығына шанша қойды.
- Қараны аққа жапсырғанда құлпырып кетеді-ау! – деді тебен масаттана. Мен онсыз да көзге бірден түсетін едім. Тек теңіз ауруымен ауырып қалмасам жарар еді, оны мен көтере алмаспын, өте нәзікпін ғой!
Бақытына қарай ол теңіз ауруына шалдыққан жоқ, шыдап шықты!
- Теңіз ауруына қарсы тұратын құрыш асқазаның болсын, сонда өзгелерден өзіңнің он есе артық екеніңді естен шығарма. Енді мен мүлдем түзеліп алдым, өзің неғұрлым асыл болсаң, соғұрлым бәріне де төтеп бересің ғой.
«Қыр-рық» ауыр арбаның доңғалағының астында қалған жұмыртқаның қабығы күтір ете түсті.
- Ойпырмай, езіп барады! – деп ойбай салды тебен. Қазір мен құсып жіберемін. Төтеп бере алмаспын! Сынып қалармын!
Әйткенмен де, ауыр арба басып өтсе де тебен төтеп берді: ол тас жолдың үстінде тартқан сымдай боп сіресіп жатып қалды... Мейлі, жатса жата берсін!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?