Жеті батыр
Бip күні жау жүрек жеті батыр кездесіп қалыпты. Біріншісінің аты — Шульц, екіншісінің аты — Якли, үшіншісінің аты — Марли, төртіншісінің аты — Ергли, бесіншісінің аты — Михель, алтыншысының аты — Ганс, ал жетіншісінің аты — Вейтли екен.
Жетеуі жұп жазбастан бірге жүріп, дүниені шарлап пәле іздеп, ерліктерін жұртқа танытпақшы болады.
«Сақтықта қорлық жоқ»,— деп, ұстаға барып, найза соғып беруді өтінеді. Жетеуіне бір ғана найза соқтырып алады, есесіне найза ұзын да берік болса керек.
Найзадан жетеуі бірдей ұстап алады. Алда нағыз жау жүрек, нағыз күшті Шульц жүреді. Ал оның соңынан — Якли, Яклидің соңынан — Марли, Марлидің соңынан — Ергли, Ерглидің соңынан — Михель, Михельдің соңынан — Ганс, ал ең артта Вейтли жүріп отырады.
Жетеуі бір күн жүреді, екі күн жүреді, үшінші күн ымырт жабыла аумақты шабындыққа келіп жетеді. Шабындықта шабылған шөп жатыр екен.
Жеті батырдың жанынан бір ара ұшып өтеді. Жай ұшып өтпейді, ыз-ыз етіп, ызыңдап өтеді.
Батыр Шульцтің зәресі ұшып, найзаны қолынан түсіріп ала жаздайды.
— Ох!—дейді ол жолдастарына.— Тыңдаңдаршы, әне тыңдаңдаршы! Барабан соғып жатыр.
Ал Якли:
— Аx-Ax! Дәрінің иісі шығады. Қазір зеңбірекпен атқылайды,— дейді.
Мұны естіген соң Шульцтің тіпті зәресі ұшып, найзаны тастай сап, қаша жөнеледі. Қашып бара жатып, шөп арасында жатқан тырнауыштың басын байқамай басып қалады, сабы маңдайына тарс ете түседі.
— Ойбай-ай!—деп, батыр Шульц айғай салады.— Өз еркіммен берілем, тұтқынға алыңдар!
Якли, Марли, Ергли, Михель, Ганс, Вейтли найзаны тастай салып, олар да айғайлайды:
— Сен берілсең, біз де берілеміз! Бәрімізді де тұтқынға алыңдар!
Әрі айғайлап, бері айғайлап, тұтқынға алатын ешкім жоғын көреді: шабындықта өздерінен басқа жан жоқ екен.
— Былай,— дейді Шульц.— Бұл оқиға туралы аузымызды ашпайық. Әйтпесе, мазақ етіп жүрер.
Жетеуі біреуіміз бірдеңе деп қойғанша үндемейік деп келіседі.
Бірнеше күн өткен соң, жетеуі алғашқыдан да бетер қорқынышты іске тап болады.
Жетеуі егіс даласында келе жатыр еді, анандай жерде күнге қыздырынып, қалғып бір қоян отыр екен.
Құлағы тікірейген, көздері бейне әйнек секілді, үп-үлкен.
Біздің батырлар шошып кетеді: «Не істесек екен, зытып берсек пе; әлде мына құбыжыққа тап берсек пе»,— деп ойлай бастайды.
— Бауырлар,— дейді батыр Шульц,— алдымызда қауіпті ұрыс тұр. Неғұрлым тайсалмасақ, соғұрлым тез жеңеміз. Менің ойымша осылай.
— Мен де солай ойлаймын,— деді Якли.
— Мен де,— дейді Марли.
— Мен де,— дейді Ергли.
— Мен де,— дейді Михель.
— Мен де,— дейді Ганс.
— Мен де,— дейді ең артта келе жатқан Вейтли.
Бәрі найзадан қосыла ұстап, қоянға қарай жүгіре жөнеледі. Біраз жер жүгіріп барып, тоқтай қалады.
Ең артта келе жатқан Вейтли:
— Батыр Шульц, тартынба,
Біз келеміз артыңда,—
деп айғай салады.
Ал Шульц оған қарсы:
Вейтли нағыз айғайшыл!
Вейтли, өзің алға шық!—
деп айғайлайды.
Кімнің алға шығуы жайында жетеуі керісе бастайды. Ал қоян болса, тырп етпестен бір орнында отыра береді.
Ақыры Шульц батырлығы ұстап, қайтадан жүгіре жөнеледі, ал басқа батырлар оның соңынан ұмтылады.
— Айт! Әне! Айт-айт!—деп, Шульц айғайлайды.
— Айт! Әне! Айт-айт!—деп, Якли айғайлайды.
— Айт! Әне! Айт-айт!—деп, Марли айғайлайды.
— Айт! Әне! Айт-айт!—деп, Ергли айғайлайды.
— Айт! Әне! Айт-айт!—деп, ең артта келе жатқан Вейтли бәрінен де қатты айғайлайды.
Сол-ақ екен қоян ұйқыдан оянып кетіп, секең қаға жөнеледі.
— Қап,— дейді батыр Шульц,— демек, біз тағы да масқара болдық, әлгі — қоян екен.
Жетеуі әрі қарай жүріп кетеді.
Бір үлкен өзеннің жағасына келеді, қайық көрінбейді, көпір жоқ. Ар жаққа қалай өтпек? Арғы жағада қармақ салып бір балықшы отыр екен. Шульц балықшығы:
— Арғы жағаға қалай өтеміз?—деп айғай салады.
— Өткел іздегей!—деп жауап қатады балықшы.
Балықшының сөзі Шульцке: «Өзің келгей» дегендей естіледі. Ол суға түсіп, жалдай жөнелді. Бірнеше қадам жүргеннен кейін ары қарай жүре алмай тоқтап қалады. Өзен терең болатын, аяғы балдырға шырмалып қалса керек. Басынан қалпағы суға түсіп, жүзіп бара жатқанда, үстіне бір бақа шығып алады. Шығып алып, бақылдай бастайды.
— Бақ, бақ!
— Шульц бізді шақырып тұр. Жүріңдер, барайық,— дейді Якли.
Бәрі бірдей суға түседі, аяқтары балдырға шырматылды да қалды.
— Ойбай, суға батып барамыз! Көмектесіңдер, батып барамыз!—деп айғайлап тұр.
Арғы жағадан қайықпен балықшы келіп, өзеннен шығарып алғанша солай тұра береді.
Батырлар жылынып, үсті-бастарын кептіріп, үйді-үйіне тарайды.
— Енді қайтып саяхатқа шықпаймын,— дейді Шульц.
— Әрине, үйде отырған жақсы,— дейді Якли.
— Үй жылы,— дейді Марли.
— Үй құрғақ,— дейді Ергли
— Үйде ешкім соқтықпайды,- дейді Мнхель.
— Үйде құс төсекте ұйқтауға болады, - дейді Ганс.
— Үйде мен ешкімнен қорықпаймын, - дейді енді ең алға түсіп алған Вейтли
Міне, олар осындай батырлар екен.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?