Суға батып кеткен ғибадатхана
Аударған Б. Нұров
Нейенкирхтың маңында, қалың орманның ортасында жасырынған жалғыз ашық жер бар; онда кішкентай ғана қол бар; ол араға жан баласы аяғын сирек басады, ол араны тіпті әркім біле де бермейді. Көгал мен көлді қоршап тұрған қап-қара шыршалардың тұрқында адамның өне бойын еріксіз тітіркендіретін әлдеқандай бір жабырқаңқылық бар. Сол шыршалар бұл араны жұмбақ жамылғымен тұмшалап тастағандай; мұнда торғай да шырылдамайды, күннің нұры да түспейді. Көлдің суы түпсіз терең, адамдар бұл арадан сондықтан да безеді.
Ерте кездерде бұл жерде қызыл кірпішті қабырғалар мен жарыстыра ескерткіштер орнатқан, ұзын мұнаралы әйел ғибадатханасы тұрған.
Бірде қырау қабақты қыс күндерінің түнінде монастырьге қайыршы ауру шал келеді; әбден әл-дәрмені кеткен ол қақпаны соғып, түнеп шығуға рұқсат сұрайды. Алайда, қақпашы әйел еріншек, тас жүрек еді, аязда төменге түсіп барлық құлыптар мен ілгектерді ашып жатқысы келмеді. Сондықтан жолыңнан қалмай, қонатын жерді басқа жақтан ізде деп шалға ашулана айқай салды. Бірақ шал әбден шаршап қалжыраған еді, ары қарай жүруге шамасы жетпеді; ол тағы да өтініп, аянышты жылады, бірақ бәрі бекер болды. Ғибадатхана бастығы да, басқа монах әйелдер де оның қайғысын елемеді. Тек монах болуға әлі ант беріп үлгермеген бір қыз ғана шалдың көз жасын көріп жаны ашиды, шалға жақтасады. Бірақ монах әйелдер оған күліп, қылығын келемеждеп, байғұс шалды сол күйі қақпаның сыртында қалдырады.
Сол арада ауа райы бұрынғыдан бетер бұзылып, шал таяғымен қабырғаны түртіп қалады, сол-ақ екен, көзді ашып-жұмғанша берік қамал тұңғиыққа батады да кетеді. Апанның аузынан от пен түтін көкке будақтап, қолма-қол іші суға толады да қалады. Таңға жуық дауыл тынады, кеше ғана алтын мұнаралары күнге шағылысқан шіркеудің орнында тұңғиық қол жатады.
Шалға жаны ашыған әлгі ізгі жүректі қыз сол аймақтағы атақты бір сері жігітті жан-тәнімен жақсы көретін, сондықтан да монастырь оған зынданмен бара бар-ды. Ал сері жігіт жасырынып, оңаша монастырьға орман ішімен талай келген. Айналадағылар мүлгіген ұйқыға шомған кезде, қыз хужрасының терезесіндегі тор арқылы екі ғашық сұхбаттасушы еді, көбіне олардың кездесуі таң атып келе жатқанда аяқталатын.
Жігіт сол ауа райы бұзылған түні де келіп еді. Бұрынғы монастырь тұрған жерден түк көре алмай, тек қою түтін көмкерген тұстан бұрқ-сарқ болып жатқан судың дыбысын естігенде, сері жігіттің жүрегі қалай шаншып, қандай шерге толды екен десеңші! Сері жігіт басын тауға да, тасқа да ұрып жылап, сүйген қызының атын атап күңіренгенде, даусы дауылды да басып, алыс аймаққа жетіп жатады.
— Тым құрыса бір рет, тек бір рет қана құшағыма келіп кірші! – деп өксиді жігіт.
Сол арада толқып, беті көбіктеніп жатқан көлдің түбінен дауыс естіледі:
— Ертеңгі түні, сағат он бірде, тап осы араға кел! Толқынның ішінен қан сияқты ал қызыл жібек жіпті көресің, соны өзіңе тарт!
Дауыс сонымен тынады. Тағдырдың алда тағы не дайындап тұрғанына көзі жетпеген жігіт қайғы мен сағынышқа қамалып үйіне қайтады. Алайда кешегі айтылған уақытта көлдің жағасына қайта келеді де, кешегі дауыстың айтқандарының бәрін де бұлжытпай істейді. Қан сияқты ал қызыл жіпті қолы дірілдей ұстайды да, ұшынан тартады сол сәт сүйген қызы қарсы алдына тура қалады.
— Болжаусыз тағдыр бейкүнә мені күнәлыларға қосып, тұңғиыққа тартып кетті, бірақ маған күн сайын түнгі он бірден он екіге дейін сенімен әңгімелесуге мүмкіндік беріледі; ол мерзімді бұзуға болмайды; егер мен оны бір рет бұзсам, сен мені мәңгі-бақи көре алмайтын боласың,– дейді қыз. — Және мені сенен басқа ешкім де көрмеуге тиіс, егер көрсе, көрінбейтін қол барып менің өмір жібімді үзіп кетеді.
Көл жағасындағы түнгі кездесу ұзақ, өте ұзақ уақыттар бойы жалғаса береді, әр кез сайын сері жігіт келіп қан сияқты ал қызыл жіптен тартса болды, тұңғиық судан сүйген қызы шыға келетін. Екеуі құпия кездесулеріне қуанып, өздерін бақытты сезінуші еді; адамға үрей туғызатын, елсіз айдалада әлдекім кездейсоқ көріп қалар деп қауіптенбейтін. Бірақ қызғаныш пен жаман пиғыл сері жігіттің соңына түсіп, бір күні әлдебір бейтаныс жан ғашықтардың су жағасында қол ұстасып қыдырып жүргендерін көріп қалады. Сері жігіт келесі түнде сүйікті көліне жақындап келсе, оның беті қан құсап ай сәулесімен ал қызылданып жатыр екен. Қолы қалтырай жіпті ұстаса, ол аппақ болып кетіпті және үзіліп қалыпты.
Ыңырана күйзелген сері жігіт көл жағасында сенделіп, сүйген қызын шақырумен болды. Бірақ тыныштық өзгермейді. Қайғыға шыдамаған жігіт көлге барып қойып кетеді, толқындар оның үстін мезетінде жаба қояды.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?