Бақытты семья
Аударған Қ.Құрманғалиев
Сіздегі жапырақтың ең үлкені, әрине, түйежапырақ: алдыңа байлап алсаң белдемше, жаңбырда басыңа жамылсаң қолшатыр. Түйе жапырақтың аты затына сай, сондай үлкен! Ол жалғанда жалғыз-жарым өскен емес. Ұдайы біреуі бар жерде көп кездеседі, тіпті айтып жеткізгісіз мол мөлшерде. Және осы молшылық түгелімен ұлулардың тамағы. Ал енді ол ақ, үлкен ұлулардың өзін ертеректе мәртебелі мырзалар жейтін; ұлудан тағам әзірленіп, оны жеп отырған игі жақсылар: «Шіркін, қандай тәтті», деуді ұмытпайтын. Олар, шынында да, оны өте тәтті екен деп ойласа керек. Сөйтіп осынау үлкен ақ ұлулар түйежапырақты жеп, содан соң ғана түйежапырақ тұқымын шашатын.
Баяғыдан бері ұлу жемеген, сол себепті олардың бәрі тегіс қырылып қалған бір ескі шонжардың мекен-жайы болатын. Ал түйежапырақ құрып кеткен жоқ; ол жайқалып өсе берді, өсе берді оның өсіп-өнуіне ештеңе де тосқауыл бола алған жоқ. Күллі аллеялар, күллі жүйектер түйежапыраққа толып кетті де, бақтың өзі, шындығында, бақ емес түйежапырақты орман сияқты болып кетті; арагідік алма не қара өрік ағашы кездесіп қалмаса, бұл жерде бұрындары бақ болғанын ешкім сезбес те еді. Міне, нақ осы түйежапырақты орманда асарын асап, жасарын жасап үлгерген ерлі-зайыпты соңғы ұлу мекендейтін.
Жас шамалары олардың өздеріне де беймәлім болатын, алайда ілгеріректе өздерінің қисапсыз көп болғандарын, тікелей ежелгі шетел тұқымынан тарайтындарын, осынау орман тегісімен соларға және солардың туыс-туғандарына арналып отырғызылғандығын мықтап есінде сақтапты. Қартайған ұлулар өз ормандарынан тысқары жерге бірде-бір мәрте шықпапты, әйтсе де «шонжардың мекен-жайы» деп аталатын бір нәрсенің бар екендігін білуші еді; онда ұлуды қарайып кеткенше пісіреді, содан кейін күміс табаққа салады екен. Одан кейін не болатынын олар білмейтін. Олар пісудің және күміс табаққа жатудың мәнісі неде екендігін білмейтін және тіпті көз алдарына елестете де алмайтын; тек мұның тамаша, ең бастысы ақсүйектікке тән екендігін ғана білетін! Саратан қоңыз да, құрбақа да, жауын құрты да олар сауал бергендердің біреуі де бұл туралы жарытымды ештеңе айта алмаған: өйткені олардың ешқайсысы да қуырылып күміс табаққа жатудың жағдайынан бейхабар-тын!
Ал олардың өздеріне келер болсақ, онда ұлулар өздерінің қартайған ақ ұлу екендерін, жарық дүниедегі ең асыл ақсүйектер екендерін, бүкіл орман солар үшін ғана өсіп жатқандығын, ал мекен-жай болса тек қана олардың пісіріліп, күміс табаққа салынуы үшін тұрғандығын ұлулар өте жақсы білуші еді.
Ұлулар у-шусыз, тып-тыныш және бақытты ғұмыр кешіп жатты. Өз перзенттері болмаған соң олар қарапайым ұлудың баласын асырап алған еді. Асыранды бала тіпті де ер жетіп, есеюге асығар емес ол өйткені қарапайым, қатардағы тұқымнан туған-тын, дегенмен қарияларға, әсіресе ана ұлуға ол күн санап ер жетіп келе жатқандай боп көрінетін. Ол әке ұлудан егер мұны байқамаса ұлудың қабағын сауытын сипап көруді өтінді! Папасы сипап көрген соң, мамасының пікіріне қосылды.
Бірде жаңбыр селдете кұйып тұрған.
— Түйежапырақты дағара тартқандай төмпештеуін қарай гөр! – деді әке ұлу.
— Тамшылары қалай ірі еді! – деді ана сұлу. Әне, сабағын бойлап төмен қарай ағып барады! Бұл жердің дымқыл болатынын өз көзіңмен көрерсің әлі! Біздің де, баламыздың да баспанасының мықтылығы қандай қуанышты десеңізші! Жо-жоқ, не десең, о де, бұл жарық дүниеде басқаларға қарағанда бізге тиген үлес молырақ.
Бұл жөнінен әлемде бізбен теңесер ештеңе жоқтығын қазір біліп отырмыз. Дүние есігін ашқан күннен бері басыбайлы баспанамыз бар. Бізге арналып тұтас бір түйежапырақ орманы өсіп тұр. Ал енді оның о шеті мен бұл шетінің ара қашықтығы қанша, одан кейін не бар екендігін білсек деп едік.
— Дым жоқ! – деді әке ұлу. Басқа жерде бұл жерден артық дәнеме де жоқ, басқаны қайдам өз басым осыдан артықты іздеп әуреленбеймін.
— Ал менің, – деді ана ұлу, мекен-жайға тап болып, пісіріліп, күміс табақта жатқым-ақ келеді. Біздің бүкіл үрім-бұтағымыз осындай құрметке бөленіп келген және мұның өзінде зор мән барлығына күмәнің болмасын.
— Сірә, мекен-жай баяғыда бұзылған болар, – деді әке ұлу, иә болмаса оны түгелдей түйежапырақ басып кеткен шығар. Олай болған жағдайда адамдардың одан сытылып сыртқа шыға алмай қалуы кәдік. Ал, тегі, осы асығыстықтың қажеті қанша? Осы сен ғұмыр бақи асығасың да жүресің. Ұлымыздың соңынан қалмай ілесерін де елемейсің, ен болмаса. Оның өсімдік сабағымен жоғары өрмелегеніне де, міне, үшінші күн; көз қырыңды салсаң болды, басын айнала жөнеледі.
— Оған ұрыспай-ақ қойшы! – деді ана ұлу. Ол жылжығанда сондай сақ. Ол бізге, бәлкім, алданыш болар. Ал біз секілді қарттарға одан өзге өмірдің мәнісі де жоқ қой. Тек сен оған қалыңдықты қайдан тауып беретінімізді ойластырдың ба? Сеніңше әріректен, түйежапырақ арасынан, бізбен туыстас біреу-міреу жолықпас па екен?
— Әрине, үй-күйі жоқ қара ұлулар бар, – деді әке ұлу, алайда ол қара халық қой! Оның үстіне оларды көбірек ойландыратын өз жайлары ғана. Дегенмен бұл істі құмырсқаларға тапсырса да болады: олар шаруа жайымен әрдайым әрі-бері жосылады да жүреді, біздің ұлымызды үйлендіретін әйелді қайдан іздеуге болатынын айтып берері ақиқат.
— Бәрінен асқан бір сұлуды білеміз, білеміз! – деп құмырсқалар жамырай жөнелді. Бірақ оның сіздің босағаны аттай қоюы екіталай, өйткені ол ханша ғой!
— Одан келетін бәле жоқ! – деді қариялар. Ал өзі оның үйі бар ма екен?
— Анау-мынау емес, кең сарайы бар! – деді құмырсқалар. Жетпіс есікті таңғажайып илеу ол!
— Бас иіп алғысымызды айтамыз! – деді ана ұлу. Ұлымыздың кіріптар боп илеуге кіруі ұят шығар! Егер сендердің назарларыңа іліккен дұрыс біреу болмаса, онда біз бұл істі масаларға тапсырамыз: олар жаңбырда да, күн ашықта да ұша береді және түйежапырақты орманды қос қанатындай біледі.
— Бізде сіздің ұлыңызға лайық қалыңдық бар! – деді масалар масайрап. Осы тұстан жүз қадамдай жерде қарлығаш бұтасындағы өз үйінде бір кішкентай ұлу отыр. Ол жападан-жалғыз тұрады және өзі де тура тұрмысқа шығатын жаста. Бар болғаны осы жерден жүз қадамдай қашықтықта ғана.
— Олай болса ол ұлымызға жедел жетсін! – деді қариялар. Ұлымыздың тұрақ-мекені тұтас бір түйежапырақ орман, ал оның меншігі небәрі жалғыз түп бұта екен!
Қалыңдық ұлуға кісі жіберілді. Содан ол жолға шығып, түйежапыраққа аман-сау күйде саяхаттың сегізінші күні жетті. Тұқым тазалығының мәнісі, міне, осында жатыр.
Үйлену тойы тамаша өтті. Алты жарық қоңыз күштері жеткенше шамын жағып бақты. Жалпы үйлену тойы тыныш өтті, өйткені қариялар у-шуды жақтырмайтын. Оның есесіне ана ұлу ұлағатты сөз сөйледі. Әкесінің толқығаны сондай, тіпті жұмған аузын ашқан жоқ! Міне, сөйтіп қариялар күллі түйежапырақ орманды жастардың еншісіне берсін. Беріп тұрып, өздері ғұмыр бойы айтып келе жатқандай, жарық дүниеде бұл орманнан артық еш нәрсенің жоқтығын және егер жас жұбайлар адал, ізгі өмір кешсе, тұқым жайса, онда ерте ме, кеш пе, әйтеуір, өздерінің не болмаса балаларының мекен-жайға жолдары түсетінін айтты: онда олар қарайғанша қуырылып, күміс табаққа салынып алға тартылмақ!
Соның артынша қариялар өз үйлеріне еніп, одан кейін көрінбей-ақ қойды, ұйықтап кетсе керек.
Жас ұлулар орманда патшалық құрып, арттарына қисапсыз көп ұрпақ қалдырған. Мекен-жайға тап болып, күміс табаққа түсуді олардың да тағдырына жазбапты. Осы себептен де олар мекен-жай мүлде қирап, ал әлемдегі адам біткен тегіс қырылып қалған екен деген ұғымдарға тоқтады. Оларға көлденең келген біреу жоқ, ендеше, оның солай болғаны да. Ұлулардың көңілдерін көтермек ниетпен жаңбыр түйежапырақты тырсылдатып жатты, ал олардың жапырақтары көгере түсуін тілеп күн де нұрын төге түсті. Олар бақытты, сондай бақытты еді. Иә, тап солай, олар күллі әулетімен бақытты еді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?