Кішкентай маса
Кіп-кішкентай маса дүниеге келе салып, өз-өзіне қарап сүйсіне бастайды.
— Міне, ғажап, қандай әдемі, сұлумын! Ғажайып деп осыны айт! Аяғына қараса, алтау екен! Ұп-ұзын, сымбатты! Төрт аяқпен тік тұрасың, ал қалған екеуі: бесіншісі, алтыншысы — қорғаушылар. Олар денеге ештеңені жақындатпайды. Маса енді өз қанаттарына қарады. Қандай мөп-мөлдір, жеп-жеңіл, жылдам көтеріп кетеді. Мұртшасы үлпілдек, ал тұмсығы жебе сияқты біздей.— Ал мен не жасай аламын? — деп маса өз-өзіне сұрақ қойды. Ән шырқады. Әні сондай нәзік, жіңішке, осылай ән айтатын кім бар екен? Қуанышын кіммен бөлісерін білмеді. Әнін өзенге айтып көріп еді — су сылдырлай ағып естімеді. Енді ол әнін ағашқа айта бастады — жапырақтары сыбдырлап, шулап ол да тыңдамады. Сөйтіп жүргенде, масаға тышқан кездесті. Кішкентай маса оған да әнін айтпақ болып еді, тышқан бұтаға қарай қаша жөнелді. Тығылып қалған тыш¬қанның ұзын құйрығы сыртта қалып қойды. — Менің әнімді тыңдамайсың ғой! Ал ендеше! — деп маса оның құйрығына өзінің біздей тұмсығын сұғып алды.
— Ойбай! Апа! — деп тышқан шиқылдап ала жөнелді. Тышқанның «апалап» біреуден қашқанын осы кезде қоян көреді. Ол да қорқып, өзінше «апалап» айғай салып, секектей, тышқанның артынан зыта жөнелді. Оқша зымыраған қоянның алдынан қу түлкі шыға келеді. Қоянның түлкіге қарауға шамасы болмады. Түлкі тышқан мен қоянның артынан бір қорқынышты бәленің келе жатқанын білді. Ол да дыбыс шығаруға шамасы жетпей қаша жөнелді. Тышқан, қоян, түлкі жан-жаққа қарауға мұршалары келмей, шаңдата жүгіріп келеді. Осы сәтте қасқыр апанында ұйықтап жатыр еді. Ол аңдардың дабырлап шулаған дауысын естіп, шошып қалды. Атып тұрып арттарынан ере кетті:
— А-а-па-а! Тышқан, қоян, түлкі, қасқыр ес-түстері қалмай жүгіріп келеді. Осы кезде аю құмырсқалардың илеуін шұқып ойнап отырған. Ол жанынан шулап өтіп бара жатқан аңдарды көріп, бір жаманшылықты сезінгендей болып, әй-шәйға қарамастан, тоғайды басына көтеріп тарпаңдап жүгіре жөнелді… Тышқан, қоян, түлкі, қасқыр, аю жүгіріп келеді, жүгіріп келеді. Бір уақытта қоян тышқаннан сұрайды:
— Сен неге апаңды шақырдың?
— Маса!
Түлкі қояннан:
— Біз кімнен қашып келеміз?
— Маса! — деді қоян.
— Кім? — деп қасқыр түсінбей.
— Маса!
— Қасқыр, біздің артымыздан кім қуып келе жатыр? Аңшылар ма? — деп аю қосыла сұрайды.
— Қайдағы адам! Маса!
— М-а-а-а-с-а! — деп аюдың ақырған дауысынан бүкіл орман жаңғырып, аспан айналып жерге түскендей болды. Жүрегі тарсылдап, аю жерге құлап түсіп, басын борсық ініне тықты. Аңдардың алдынан көлшіктен бақа ыршып шықты:
— Не болды? Кімнен қорқып қашып келе жатырсыңдар?
— Ойбай! Маса құртты бізді! — деп ентігін баса алмай аю. Ал кішкентай маса ызылдап әнін айтып қоймады. Бақа таң қалып, көзін шарасынан шығара бадырайтып, аузын ашып: ап! -деп масаны жұтып қойды. Сөйтіп, масаның әні біржолата тиылды.

Жолдаған: Ерішева Жанель 9 жас
Орал қаласы
Орал қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?