Арнайы оқытудың қазіргі жүйесі, өмір сүрудің әлеуметтік – экономикалық жағдайының өзгеруі ақыл-есі кем оқушыларды өндірісте және қоғамда әлеуметтік тиімді бағдарлануға үйретудің күшеюін қажет етеді. Осы мәселені шешу жолында оқушыларға геометриялық элементтерді оқыту тиімді болып табылады. Ақыл-есі кем оқушылар үшін геометриялық материалдар кәсіби-еңбектік біліктілікті меңгерудің теориялық базасы болып табылады, сондай-ақ олардың болашақ тәжірибелік іс-әрекетінде маңызды орын алады. Ақыл-есі кем балаларға геометриялық элементтерді үйретуге арналған жұмыстарда геометриялық білімдерді меңгерудің қиыншылықтар мен ерекшеліктері сипатталды және оларды жеңудің бірнеше жолдары ұсынылған. (О.В. Бобкова, Л.В.Гриханов) Геометриялық білімнің сапасы көбінесе оларды меңгеруде және тәжірибе барысында қолдануға оптимальды педагогикалық жағдайдың құрылуымен, анық емес және қате қалыптасқан білімді дер кезінде түзетумен анықталады. ....
1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы. Мал шаруашылығы - халықтың азық-түлік өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыратын, сондай-ақ түрлі салаларға шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірі. Қазақстан Республикасының барлық ауыл шаруашылық жерлерінің төрттен бірі мал жайылымдарын алады. Бұдан басқа, Қазақстанның орталық және оңтүстік-батыс бөліктеріндегі шөл және шөлейтті аумақтар малға арналған маусымдық жайылым ретінде кеңінен қолданылады. Мемлекетімізде ірі қара малдың саны артып келеді. Жануарларды жаппай санау жүргізу кезінде, нақтырақ айтсақ 2017 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың қаңтар айлары аралығында жалпы саны өскені анықталды. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2018 жылы ірі қара саны 6487,3 мың басқа жеткен, ал 1 жыл бұрынғы саны 6253,8 мың бас. Яғни 233,5 мыңға дейін саны артқанын көреміз. 3 облысымыздағы бас саны 1 млн-нан асып тұр. Олар: Алматы облысы – 1170,3 мың, Шығыс Қазақстан облысы – 1124,2 мың және Оңтүстік Қазақстан облысы 1087,8 мың. ....
Кіріспе Әдебиеттің зерттеу нысаны адам яғни адамтану екенін ескерсек, әрбір адам өзінше бір дүние, ашылмаған зерттелмеген қазына емес пе? Барлық нәрсенің өлшемі болып табылатын - Адам болмысының табиғи, биологиялық, физикалық , психологиялық ерекшеліктерін әр ғылым саласы өз тұрғысынан зерттеп зерделейді. «Адам психикасы оның құпиясы мол табиғаты, есті және ессіздік т.б. секілді психологиялық үдерістер философия, психология және әдебиеттану ғылымдарына жан талдау тәсілін тудырып, адам мәселесін терендей зерттеуге зейін қоя бастады» (1,3) деген пікірге ден қойсақ, көркем әдебиеттің ерекшелігінің өзі сонда, ол адам жанының құпия қалтарыстарын, күйініш – сүйініштерін бір сөзбен айтқанда, адамды психологиялық барша болмысымен толық ашып беретіндігімен тікелей байланысты. Көркем шығарма табиғатын психологиялық тұрғыдан талдау , жалпы прозадағы психологизм, лиризм, сондай – ақ көркемдік тәсілдің түрлері ретінде «ішкі – монолог» «ой ағыны» т.б. мәселелер де көптеп сөз болып жүр. Психологиялық талдау дәстүрі кімнен басталып қазақ әдебиетіне қайдан келді. Алғашқы үлгілері қай жазушылардың творчествасында көрініс берді. Психологиялық талдау дәст үрлі әлем әдебиетіндегі жаңалық ретінде негізінен XIX ғасырдың екінші жартысында ғана дүниеге келгені мәлім. Алғаш рет австралиялық дәрігер - психолог З. Фрейд(1856 – 1939) ашқан психологиялық талдау тәсілі бастапқыда жүйкесі сырқат жандарды емдейтін медициналық термин болып қалыптасқанымен бертін келе адам психикасын зерттеу аумағы кеңейіп, өзге де өнер салаларында, соның ішінде әдебиетте көркемдік тәсіл ретінде қолданыла бастайды. Ал, орыс әдебиетінің сынында «психологиялық талдау» деген терминді алғаш Н. Г. Чернышевский, Л.Н. Толстой шығармаларын талдау барысында қолданған екен. Бұл термин басқа да әдебиетші, сыншылар тарапынан қызу қолдау тауып реалистік әдебиеттегі көркемдік әдістің басты элементі ретінде қолданылады. Психологиялық талдаудың алғашқы үлгісі Л. Н. Толстой туындыларында көрініс берсе, Ф. Достаевский творчествосында ол шын мәніндегі дәстүрге айналып одан кейін А. П. Чехов, И.А. Бунин, М. Горкий, А. И. Куприн шығармаларында тамырын тереңге жайды. Орыс әдебиетінде Л. Толстой мен Ф. Достаевский Қазан төңкерісінен кейін Кеңес әдебиетінде М. Шолохов, Л.Леонов, К. Федин, А. Толстой, А. Фадеев, Л.Собольев сияқты белгілі жазушылардың шығармаларында жемісті жалғасын тапты. Біріншіден, қазіргі қазақ әдебиетінің қай жанырына көз салмайық, оның профессионалдық деңгейінің өскендігіне, өмірлік шындықты өнерлік мұрат деңгейіне көтеруге де жазушыларымыздың ізденіс үстінде екеніне көз жеткіземіз. Мәселен, ХХ ғасырдың басында дүниеге келген бір ғана роман жанрының өзі бүгінде қандай биік деңгейге, кемелдікке жетті.....
КІРІСПЕ Бүгінгі күнде халықтың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зертеудің жалаң түрдегі лингвистика ғылымының зерттеу ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Оған себеп, тілдің өз бойында бүкіл тарихты, төл мәдениетті, ұлттық талғамды, мінез бен көзқарасты, сана мен салтты, дәстүр мен даналықты, сенім мен нанымды сақтап, берік тұтуында. Басқаша айтқанда, әр тіл – өз ұлтының бойтұмары іспетті тұнып тұрған қасиетін белгілейтін таңбалық жүйе. Осымен байланысты тілдік жүйенің құрылымдық бірліктері тек дәстүрлі лингвистиканың ғана емес, этнолингвистика, социолингвистика, лигвомәдениеттану, психолингвистика, когнитивтік лингвистика т.б. ғылым салаларының зерттеу нысанына айналып отыр. Мұның өзі тіл табиғатына терең бойлап, жан-жақты қарастыру нәтижесінде тілдік жүйе құрылымының сипатын айқын тануға жол ашты. Сондықтан да тілді қарапайым таңбалық жүйе деп қарастыру ол туралы түсінікке әсер етеді және зерттеу мүмкіндіктерін шектейді. Тіл, көнеден айтылып келе жатқандай, таңбалар жүйесі ғана емес, ол осы жүйені көмкерген мәдениет. Сондықтан да қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағытына сәйкес, ол – әр халықтың ұлы мұрасы, ұлттың тарихи жетістігі. Тіл – мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын үлкен күш, мәдениет ескерткіші, ұлт өмірінің айнасы. Ол мәдениеттің жалпы сипатын анықтайды, негізгі ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді. Осыған сай тіл әрбір этностың мәдениеттің өзгешелігін, екінші жағынан, тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді. Тіл қазіргі, келер ұрпақты үлкен бір тарихи арнаға, бүтіндікке байланыстырады. Символдардың әмбебап категория екені белгілі, дегенмен, біздің жұмысымызда тілдік көріністер ретіндегі символдың табиғаты мәдениет шегінде қаралады. Бұл көзқарас бойынша, символ – кез-келген мәдениетке тән әмбебап құбылыс. Ол халықтың дүниені түйсінуінен хабар беретін қойма, яғни ғаламның тілдік бейнесі ретінде ұлттың эстетикалық таным-талғамын, шаруашылық кәсібін, мінез-құлық, ырым-наным, салт-дәстүрін, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухты тек тілде ғана жан-жақты танытады. Осыған сай белгілі бір халықтың материалдық және рухани мәдениет элементтері тілде эстетикалық символдар ретінде қалыптасады. Мұның негізінде „әлемді тіл арқылы танытудың” әр ұлт тілінде түрлі сипатқа ие екендігі туралы шешімге символдың лингвистикалық сипатын ашу арқылы және ұлттық болмысын таныту негізінде келуге болады. Сондықтан да қазақ тіліндегі атаулардың символдық мәнін қарастыру бүгінгі күн талабынан туған, яғни тіл мен таным, тіл мен сол тілді қолданушының тығыз байланысынан туған өзекті мәселелерідің бірі деп айтуға болады. Қазақ тілінде символдық мағынаның қалыптасу жолдары, символдық мағынаның берілу тәсілдерін анықтау – жұмыстың негізгі мақсаты. Осы мақсатқа сай төмендегідей міндеттер қойылады: – символдың әмбебап категория ретіндегі зерттелу жайына шолу жасау; – тіл мен таңба арақатынасын айқындау; – тілдік таңба және сөз-символдың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату; – тілдік жүйеде символдың қалыптасуының когнитивтік құрылым ретінде айқындау; – символдық мағынаның тілдік негіздерін ашу; – символды өзімен тектес метафора және фразеологизмдермен салыстыру, сол арқылы өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау. Символдық мағынаның қалыптасуына әсер ететін экстралингвистикалық факторлардың (көне дүниетаным, наным-сенім, этностың салт-дәстүрі т.б.) негізінде құнды рухани қазына – мәтіндердің танымдық мазмұнын қысқа да нұсқа түрде сақтап жеткізетін тілдік құралдардың бірі – символдар екені, тілдегі когнитивтік модель ретіндегі символдың түрлері символдық мәні нақты тілдік деректер арқылы анықталады.....
К І Р І С П Е Грамматика теориясына қатысты өзекті мәселенің бірі – болымдылық-болымсыздық проблемасы. Тілдің лексикасы мен грамматикасын терең бойлаған лингвистикалық болымдылық-болымсыздық - көне де, көп қырлы, қарымды тілдік құбылыс. Тіл білімі ғылымының қазіргі кезеңдегі даму, кемелденуі тұрғысынан немесе оның тарихи дамуы жағынан қарастырсақ да, болымдылық-болымсыздық мәселесі үнемі зерттеушілер назарында болғанын көреміз. Болымдылық-болымсыздық категориясы түрлі ғылым салаларының – логика, философия, психология және т.б. ортақ зерттеу объектісі болғаны белгілі. Сол себепті ол ғылымдардың тарихи қалыптасу жағдайлары, олардың даму бағыт-бағдарлары тілдік болымдылық-болымсыздық мәселесі мен ойлау категорияларының, пайымдау сипатының арақатынасын, ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтауға өз ықпалын сөзсіз тигізді. Жалпы тіл білімінде, түркітану ғылымдарында бұл мәселе төңірегінде жасалған арнайы зерттеулер, айтылған пікірлер, ойлар біршама. Қазақ тіл білімінде де аталған мәселе жайлы ғылыми зерттеулер бар. Бірақ мұнда болымдылық-болымсыздық мәселесі бірде орыс тілі фактісімен салыстырылса, бірде оның берілу тәсілдері сөз болады. Болымдылық-болымсыздықтың тілдік табиғатын қазіргі тіл білімінің даму бағыттарына сай талдасақ, оны шын мәніндегі логика-грамматикалық негізі бар күрделі тілдік құбылыс деп тануымызға жол ашылады деп ойлаймын. Бұл жұмыста болымдылық-болымсыздық мәселесі лексикалық болымдылық-болымсыздық және грамматикалық болымдылық-болымсыздық деп ғылыми тұрғыдан топтастырылып, олардың жасалу жолдары мен сөз таптарына қатысы сөз болады. Сондай-ақ болымсыз мағына беруге қатынасатын тілдік көрсеткіштер қызметтік және семантикалық өріс негізінде форма мен мазмұнның сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БОЛЫМДЫЛЫҚ-БОЛЫМСЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың зерттелуі жайына тоқталмас бұрын, мәселенің түркологияда зерттелуін сөз етелік. Болымдылық-болымсыздық мәселесі түркі тілдерінде де күрделі проблемалардың біріне саналады (1, 5). Бұған ғалымдар ертеден-ақ назар аударған. Біз қарастырып отырған мәселе туралы мәліметті, алдымен, түркі тілдерінің грамматикаларынан кездестіруге болады. Түркі тілдері грамматикаларының етістікке, сын есім, есімдікке арналған бөлімдеріне, «бар», «жоқ» сөздерінің қолданылуына арналған және синтаксис тарауларында қатысты жерлерде болымсыздық жайлы деректер сөз етіледі. Мұнда етістіктің болымсыз түріне көп көңіл бөлінеді. Авторлардың басым көпшілігі оның жасалу жолы ретінде –ма, -ме жұрнағын көрсетеді (2, 102).....
Тақырыптың өзектілігі. Елімізде, оның ішінде Қазақстанда азық-түлік программасын орындауда жүгерінің адамға да, малға да азықтық қасиеті орынды бағаланып отыр. Сондай-ақ өнеркәсіпте бағалы шикізат есебінде әр түрлі мақсаттарға пайдаланылуы біздің республикамызда жүгеріні кең көлемде өсіру қажеттігі мен мүмкіншіліктерін айқындады. Республикамызда тың және тыңайған жерлердің игерілуі қуатты егіншілігі мен мал шаруашылығы дамыған ірі шаруашылықтар құруға негіз болды. Ауыл шаруашылығының интенсивті дамуы мал шаруашылығы үшін қажетті құнарлы да мол мал азығын дайындауды қажет етті. Осындай бірден-бір дақыл жүгері болып табылады. Қазіргі уақытта жыл сайын республиканың барлық аймақтарында ол — сүрлем үшін 2,8 миллион гектарға, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында — дәндік жүгері есебінде 140 мың гектарға өсіріліп келеді. Оңтүстікте дәндік, сүрлемдік жүгеріден тұрақты мол өнім алынып жүр. Ал, солтүстік аудандарда жылы кезең қысқа болатындықтан, жүгерінің бапталу, өсу мерзімі 95—100 күннен аспайды. Сондықтан, мұнда жүгерінің ерте пісетін бұдаң және сортты тұқымдары сүрлем үшін егіледі. Ол гектарына 150—300 центнерге дейін сүрлемдік көк балауса береді. Солтүстік аудандардағы азықтық сапасы жөнінен жоғары мұндай өнімді басқа дақылдардың бір де біреуі бере алмайды. Елімізде пайдаланылатын егістік жерлердің көлемі жылдан жылға тұрақталып келеді. Осыған байланысты астық дақылдарының өнімін молайту, оның сапасын жақсартудың басты шарты — әр түрлі тыңайтқыштарды тиімді қолдану болып табылады. ....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы Қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өзіндік орны бар аударма өнері сан ғасырлардан тамыр тартып жатыр. Салт-дәстүрі де, әдебиеті мен мәдениеті де бір-біріне ұқсамайтын екі елдің арасында аударма екеуін жалғастырушы алтын көпір іспеттес. Аударманың тағы бір ерекшелігі ол әдебиеттің бұрынырақ пайда болған жанры болғандықтан, қалған басқа салаларға қарағанда тарихи тереңде жатыр. Қазақ аудармалары шын мәнінде мыңдаған жылдық даму жолын басынан өткерді. Мәселен, әдебиетшілер аударманың тарихын сонау XII-ХIV ғасырлардан бері қарай зерттеуді бастады. Әрине, ол кездерде қазақ әдебиетінің тарихында «Алтын орда дәуірі» деген атпен белгілі болған дәуірде аудармаға ұқсас өзгеше әдеби жанр «назирагөйлік» қатты өркендеп дамыған. Оның өзі әдеби байланыстармен қатысты екендігін осы жерден байқауға болады. Демек, аударманың өзі екі елдің бір-бірімен әдеби жағынан қарым-қатынасқа түсуі, сол арқылы елдердің арасында ортақ әдеби процестің қалыптасуы. Аударма жанры қазақ әдебиетінде, әсіресе, өткен ғасырлардың ішінде дамудың үлкен бір белесіне жетті. Бұл тұрғыда орыс әдебиетінің классикалық үлгілерінен жасалған аудармаларды зор мақтанышпен көрсетуімізге болады. Атақты жазушылар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Жанғаливтар орыс халқының ұлы тұлғалары Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой, Н. Погодиндерден аударма жасап, көптеген озық туындыларды қазақ әдебиетінің алтын қорына әкеліп қосты. Сондықтан көптеген зерттеушілер аударма туындыларды төл әдеби мұраларымыз деп қарастырды. Аударма теориясы мен практикасын ұштастыра қарастырған әдебиеттанушы-ғалымдар Ә. Сатыбалдиев, С. Талжановтар осы саладағы жарияланып жатқан көптеген еңбектерді сарапқа салып, талдауды жүзеге асырды. Сол сияқты көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жазылы, осы салада кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды, монографиялар жазылды. Аударманы жан-жақы қарастырудың нәтижесінде аударма теориясы деген жаңа ғылым саласы қалыптасты. Аудармалардың өзі бірнеше топтарға бөлініп, оның теориялық және практикалық негіздері дамытыла бастады. Кеңес үкіметі кезінде аударманың теориясын қалыптастырған С. Талжанов пен Ә. Сатыбалдиев еңбектері бұл жанрдың іргесінің беки түсуіне үлкен септігін тигізді. Ә. Сатыбалдиевтің шетел, орыс жазушыларының туындыларын қазақ тіліне келістіріп аударған тамаша аудармашы екендігі мәлім. Мұның өзі ғалымның екі жақты өнерді шебер меңгергендігін көрсетеді. Ол көркем аударма саласындағы тәжірибесіне сүйене, аудармашылық өнердің қыр-сырын терең зерттеп, оны жақсартудың нақты жолдарын саралап, құнды пікірлерін ортаға салды. Яғни, көркем аударманың теориясымен де айналысып, аудармада түпнұсқаның ерекшеліктерін сақтау, шығарманың көркемдік күшін, идеялық, эстетикалық әсерін айнытпай жеткізу сияқты мәселелерін алға тартады. Сонымен қатар майталман теоретик аударма түрлерін де саралайды: «Еркін аударма – түпнұсқаның шеңберінен шықпай, автордың бар стилін сақтай отырып, аударманы оқуға жеңіл және тартымды етіп шығара білуді еркін жеткізу тәсіліне жатқызады, оның өзін шығармашылық еркіндік деу керек.....
Кіріспе Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор. Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу,олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз. Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойы тарихында терең із қалдырған қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының творчествосы энциклопедиялық білімділігімен, философиялық-теориялық ізденістеріндегі новаторлық әрекет-сипатымен ерекшеленеді. Алдыңғы қатарлы озық идеяларға сүйене отырып, Шәкәрім адамилық бастаманың шешуші ролі бекітіле көрсетілетін философиялық, этикалық міндеттерді осы тұрғыдан қайта қарастыруды талап ететін бірегей гуманистік ілім жасады.....
КІРІСПЕ XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тендециясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді. Біздің қоғамымызда адамдық қатынастардың жалпы гуманизациясының, жаңа ұрпақтың рухани қалыптасуының, білім берудің түбегейлі жаңаруының бағдарламаларының жүзеге асуы көп жағдайда мұғалім тұлғасымен байланысты болатыны баршамызға мәлім. Соның ішінде педагогикалық іс-әрекетте тұлғалық фактор жетекші болады, өйткені «адам-адам» жүйесінде әсер етудің эффектісі әсер етудің өзіндік мүмкіншілігі бар адамды жетілдірудің деңгейімен анықталады. Қазіргі кездегі педагог егер жоғары оқу орнында оқыту үрдісі барысында онда үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігі қалыптасқан болса алдына қойылған міндеттерді іске асырады. Сондықтан да, классикалық университеттік білім беру жағдайларында болашақ педагогикалық кадрларының кәсіби өзін-өзі дамытуды қалыптастыру проблемасына ерекше назар аударылады. Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасу процесі білім беру парадигмасының ауысуымен сипатталады: дәстүрлі субъект-объектіліктен гуманистікке, тұлғаға бағытталған субъект-субъекттілікке. Осыған байланысты айтатынымыз, ХХ ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білім беру сферасында үздіксіз білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын айтамыз. Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамытуын зерттеу жұмысы адам дамуының негізгі философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларын талдауды айқындайды. Зерттеудің екінші маңызды жағы – белгілі бір методологиялық ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың зерттеу әдістемесін таңдау. Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың проблемасы үш тұрғыдан қарастырылуы керек, оларда оның мағынасы ашылуы тиіс: философиялық, психологиялық, педагогикалық. Философиялық зерттеулерде осы проблема адамды дамыту тұрғысынан қарастырылады. Психологиялық зерттеулерде тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту тұрғысынан зерттеленеді. Педагогикалық зерттеулерде болашақ маманның кәсіби дамуы тұрғысынан қаралады. Философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарастырудың келесі бір негізі - болашақ маман-педагог адам ретінде, тұлға ретінде, маман ретінде кәсіби өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде болуы.....