Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Психология | Студенттердің психологиялық - педагогикалық даму ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”[1], “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”[2],“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[3], “Білім мазмұнын гуманитарландыру”[4] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және студенттерге тәрбие мен білім беру іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз ұрпақ тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның педагогикалық- психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талғамының өсуі, электронды есептеуіш (комьпютер) құралдарының кең көлемде қолданылуы, интернеттің т.б. ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, инноватциялық жаңашылдыққа көшуге болашақ мамандардың іс-әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады.
Жоғары оқу орындарында студенттердің біліктілігін жетілдіру мен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-құндылық қасиеттермен қатар іскерлік пен дағдыны жетілдіру арқылы жаңа көзқарас, жаңа ой қалыптасады.
Қоғам талабына сай даму кезеңінде, ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әр студент өзінің болашақ ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.
Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл-ой қасиеттерімен қатар өзіндік іс-әрекерт ерекшеліктерімен бейнеленеді.
Студент проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық жас ерекшелік категориялары ретінде негізгі еңбектердің бірі Б.Г. Ананьевтің [5] психологиялық мектебі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінің педагогикалық негіздері

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде әрбір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарын, сапалық қасиеттері мен рухани күшін үлестіріп, олардың еңбек және оқу қабілеттерін арттыруға, белсенді өмірін ұзартуға бағытталған дене тәрбиесіне зор көңіл бөлініп отыр. Дене тәрбиесі бала-бақшадан бастап мектеп, орта және жоғары оқу орындарында және өндірістік ұжымдарда өткізіліп, оның тиісті бағасы берілуде.
Осыған орай, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын туралы Жарлығына қол қойып (1996 ж.), 1997 жылы «Қазақстан-2030» бағдарламасын ұсынды. Ал 1999 жылы "Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт туралың заңы қабылданып, 2001 жылы "Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбие саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыдан анықтап, қалыптасқан жағдайға жаңаша көз-қараспен қарай отырып, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сай білім және тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтың өркениетті қоғамда бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай білетін адамгершілікті, имандылықты және ізгілік мінез-құлықты, іскер де, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілтті азамат тәрбиелеу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Еркін күрес

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанда еркін күрестің кең танымалдығы осы ұлттық спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды етеді. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор. Гиподинамия қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, нерв жүйесінің, тіреуіш-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жинақталған кері құбылыстар мен бұзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың, яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына жол береді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Метрология | Стандарттау метрология және сәйкестікті растау жұмыстары

Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады. Шет елдерде бизнестің табысты болуы өнім мен қызметтің сапасына тікелей байланысты екені жөніндегі тұжырым өткен ғасырдың 80-жылдарының басында қалыптасты. Осы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай тауар сапасы оны жоғары бағамен өткізудің басты факторына айналды. Осыған байланысты сапаны қамтамасыз етудің стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға негізделген тәсілдерін меңгеру дайындаушының нарыққа бәсекелесу деңгейі жоғары өніммен (қызметпен) шығуының басты кепілі, яғни коммерциялық табыстың негізі.
Сапа қай елде болса да өзекті мәселе. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан қалжырап шыққан Жапония мен Германия стандарттау мен метрологияны шебер қолдану арқылы өнімнің сапасын қамтамасыз етуге және сол арқылы өз елдерінің экономикасын дамытуға басты қадам жасады.
Қазіргі кезде дайындаушының және оның саудадағы келістірушісінің бәсекеде жеңуі және әлемдік рынокқа шығуы үшін олар тек қана стандарттардың міндетті талаптарын ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар ұсынған талаптарды да орындауға мүдделі. Бұл стандарттардың нарықтың ынталандырушысы статусына ие болғандығын көрсетеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Тиімді әдіс тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану жолдары

Бітіру жұмысының өзектілігі – қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім беру мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [1], Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдісі мамандар дайындау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткендей-ақ, білікті мамандарды даярлау - өзекті мәселелердің бірі [2,3,4].....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Библиография | Қазақстан Республикасының өлкетанулық библиографиясы

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Еліміздің тәуелсіздігі бұқаралық саяси жұмыстың, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуде. Еңбекшілерді Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны орындауда көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, оның бір құрамды бөлімі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы өте зор.
Өлкетану ісі тарих пен мәдениет ерекшеліктерін қорғау және насихаттау ісімен де тығыз байланысты.
Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі Қазақстан Республикасының жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын, соның ішінде қалыптасқан библиографиялық ресурстардың жай күйін қарастыру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Қазіргі ғылыми әдебиетте Қазақстан библиографиясының тарихы теориялық және әдістемелік мәселелері Е.Нығметовтың «Қазақстанда мемлекеттік библиографияның даму тарихынан», Г.П.Царевтің «Библиография библиографии Казахстана», У.К.Мауленбердинаның «К развитию краеведческой библиографии в Казахстане», З.Қасымованың «О развитии государственной библиографии Казахской ССР», К.Ш.Бекмухамедовтың «Развитие библиографии в Казахстане за годы Советской власти», М.А.Ақшалдың «Основные этапы развития и современное состояние общественно-политической библиографии в Казахстане», Т.М.Алсатовтың «Рекомендательная библиография Казахстана», А.Т.Байбосынованың «Қызықты библиография» және тағы басқа да авторлардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылады. Диплом жұмысының тақырыбына байланысты өлкетану библиографиясының кейбір өзекті мәселелері де жоғарыда аталынған еңбектерде зерттелінген.
Өз алдына жеке басылым түрінде жарық көрген еңбектердің бірі ретінде 1979 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан С.Ш.Ахметованың «Өлкетану библиографиясын» ерекше атап өтке жөн.
Сонымен қатар, диплом жұмысында тақырыпқа қатысты бүгінгі күнге дейінгі жинақталған көптеген ғылыми зерттеулер мен мақаларды жүйелі түрде қарастыру, соның нәтижесінде өлкетану библиографиясының жалпы мселелерін ашүып көрсету, қазіргі Республиканың өлкетанулық библиографиялық ресурстарын зерттеу көзделген.
Диплом жұмысының ғылыми-практикалық маңызы Өлкетану библиографиясы мәселелеріне арналған зерттеулердің әрі қарай даму....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Өзектілігі. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әртүрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктермен шартталған: балалардың көбісі күннен күге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалармен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы орта баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірибеде сынап байқап көреді. Балалар отбасында әртүрлі жағдайаттар мен төтенше ахуаларда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.
Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г Харчев, А.Н Антонов, З.И Файнбург оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзендері (критерйй) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қарым-қатынас адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдардың арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық, тұрғысындғы мәміле үрдісі іске асады. (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ.Б. Жарықбаев, Ж. Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов.).
Теориялық маңыздылығы - отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселелерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М. Свердлов және В.Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Сарысу өзені алабының негізгі гидрологиялық сипаттамаларын анықтау

Сарысу өзені Орталық Қазақстанның ірі өзендерінің біріне жатады, әрі Бетпақдаланы кесіп өтетін жалғыз өзен болып табылады. Өзен суы ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және тұрмыста кеңінен қолданылады. Аймақта халық санының, егістік алқаптың өсуіне және соңғы кездегі климаттың біржақты өзгерісі орын алып отырған жағдайда Сарысу өзені алабы өзендерінің гидрологиялық сипаттамаларын қайта анықтау мәселесі туындап отыр. Дипломдық жұмыста Сарысу өзені алабының жалпы физико-географиялық сипаты, климаттық факторлар, алаптың гидрологиялық зерттелуі, су режимі және негізгі гидрологиялық сипаттамалары зерттелінді.
Жұмыстың негізгі мақсаты – ағындының қолда бар мәліметтері бойынша Сарысу, Жаман Сарысу және Жақсы Сарысу өзендерінің есептік тұстамаларындағы жылдық ағындысының негізгі сипаттамаларын анықтау болып табылады.
Жұмыста бастапқы мәліметтер бағаланды және алаптың климаттық, физико-географиялық сипаттамалары есепке алынып, өзенннің қалыпты ағындысы және әртүрлі қамтамасыздықтағы ағынды мәндері анықталды. Қарастырып отырған өзендердің су режимінің өзгеру заңдылықтары зерттелінді. Әртүрлі қамтамасыздықтағы су өтімдері анықталды. Алынған гидрологиялық мәліметтер алаптың су ресурстарын пайдалауда аймақта экологиялық жағдайды өршітпей мәселелерін шешуде қолданыс табуы мүмкін. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Ауызекі сөйлеу стилі

Кіріспе
Ауызекі сөйлеу – адамдар арасындағы коммуникативтік қатынастың басты әрі жиі көрінетін формасы. Осыған байланысты лингвистикада тіл-тілдің ауызекі сөйлеу ерекшеліктері арнайы зерттеу обьектісі болып келеді. Сонымен бірге ауызекі сөйлеу тілін зерттеудің бағыт-бағдары, әдіс-тәсілдері де алуан түрлі. Бірқыдыру еңбектерде лексикология, грамматикалық тұрғыдан ауызекі тілдің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін тану мақсат етілсе, басқа, мәселен, психолингвистикалық зерттеулерде ауызекі сөйлеудегі сөзді құрау, түсіну процесстерінің психикалық астарын ашу мақсат етіледі.
Қазақ тіл білімі о баста ауызекі сөйлеу тілінің фактілерін зерттеуден басталған. Бұлай болуы, бір жағынан, ол кездегі жазбаша әдебиеттің шама-шарқына байланысты болса, екінші жағынан, ғалымдардың қазақ тілінің таза халықтың көзін, негізін тауып, сол фактілерге сүйеніп, зерттеуге талпынуына да байланысты еді. Қазақ тілін алғаш зерттеушілердің бірі – белгілі ғалым Н.И.Ильминскийде осы бағытты ұстады. Ол қазақ тілін осы тілде сөйлеушілердің өз аузынан жазып алынған фактілер негізінде зерттеу қажет, қазіргі кітаби материалдарда қазақ тілінің өз заңдылықтарына сай келе бермейтін шағатай тілінің элементтері көп деп үнемі ескертіп отырды. Н.И.Ильминский қазақтардың сөзді өнерге балап, оған ерекше талап қойып, мән беруін жоғары бағалады. Ол: «Қазақтың шешен кісілерін тыңдау бір рақат нәрсе: олардың сөзі ұйқасты, сымбатты, анық, көркем» деп жазды. Қазақ тілі жөнінде алғаш толық, жүйелі лингвистикалық еңбек жазған П.М. Мелиоранский де өзі, негізінен, ауызекі сөйлеу тілінің фактілеріне сүйенетінін ерекше атап отырады. Алайда революцияға дейінгі зерттеулер ауызекі сөйлеу тілін арнайы қарастыра да, жан-жақты қамти да алмады.
Қазақ тіліне арналған алғашқы бұл зерттеулерде оның басты фонетикалық, грамматикалық жүйесін анықтауға ғана баса мән беріліп, стильдік тармақтарын даралап тану міндет етілді.
Революциядан кейін қазақ тілін зерттеудің бағыт, мазмұны мүлде өзгерді, ол тарихи ұлы міндетке – қазақ халқының социалистік жаңа мәдениетін жасау, соған жол ашу мүдделеріне қызмет ету мақсатын көздеді. Сондықтан да бұл кездегі қазақ тіл білімі баса көңіл бөлген мәселелер - әдеби тілдің қалыптасуы, дамуы, жазуды жетілдіру, әдеби тіліміздің фонетикалық, грамматикалық жүйесін тану болды. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба әдеби тілдің арасындағы өзара қатынастың сыры ашылмады. Ауызекі сөйлеу тілі – қазақ тілінің қайнар көзі, негізі дегеннен аса алмады.
Қоғам мүшелерінің білім, мәдениет дәрежесінің өсуі, олардың қоғамдық өрісінің ұлғаюы, творчестволық белсенділігінің артуы ауызекі сөйлеу тілінің рөлін көтерді. Ауызекі сөйлеу тілінің жұмсалу аясы да орасан кеңіді, тақырыбы кеңейіп, мазмұны да күрделенді. Сондықтан жұртшылықтың ауызекі сөзге қоятын талабы да өсті. Тіл білімі саласында ауызекі сөйлеу тіліне ден қою осы қоғамдық, әлеуметтік талапқа байланысты. Ауызекі сөйлеу тілін зерттеу оның коммуникативтік (пікір алысу) сипатын анықтап, фонетикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану, пайдалану ерекшеліктерін ашуды көздейді, мұның өзі қоғамдық коммуникацияны жетілдіру, мәдени дәрежесін өсіруге көмектеседі.
Жұмыстың өзектілігі. Функционалдық стильдердің ішінде ауызекі сөйлеу стилі қазақ әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады. Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айрықша көңіл аударуды қажет етеді. Ауызекі сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор деректі ситуацияны білдірмейді, бірақ коммуникативтік актінің маңызды бөлігі болып саналатын тілдік емес ситуацияны өзара әрекеттестік үстінде толық есепке алып отырады. Олай болса, ауызекі сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады. Ауызекі сөйлеу стилі функционалдық стилдердің ішінде өзіне тән фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі әмбебап стиль түрі болып саналады. Осы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін көрсету бұл жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты табиғаты күрделі саналатын ауызекі стилінің функционалдық стильдердің ішіндегі өзіне ғана тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерін көрсету мүддесі алға қойылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | «Web-технология» бойынша электронды оқу кұралын құрастыру .

КІРІСПЕ
Оқытуда қолданылатын электрондық ресурстар жоғары оқу орындарындағы сәйкес пәндердің тиімділігін көтеріп қана қоймайды, студенттің ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы мен әдістерін жақсартады.
Жоғары білім беру жүйесінде ақпараттық құралдар мен телекоммуникациялық технологияларды қолдану жаңа қоғамның дамуындағы практикалар мен негізгі тенденцияларға сәйкес болғандықтан заңды болып табылады. Қазіргі заманғы мамандардың кәсіби ортасында жүргізілетін өзгерістерді талдау, келесідей нәтижелерге қол жеткізеді:
• біріншіден, жаңа қоғам, ақпараттық мәдениеттің жоғары деңгейін меңгерген және ақпараттық орта жағдайында шешім қабылдауға қабілетті мамандардың жаңа түрлерін қажет етеді;
• екіншіден, осы шарттарды жүзеге асыру үшін, бүгінгі күні қоғамның әлеуметтік тапсырысын толық орындауға қабілетсіз болып отырған, жоғары оқу орындарында бакалаврлар мен магистрлерді дайындау жүйесіне өзгеріс енгізу керек.
Бұл мәселені шешуде, жоғары оқу орындарында мамандар дайындау процесіне оқытуды жекелендіруге, білім алушының оқу-танымдық қызметін белсенді етуге, кәсібилікке жақындатуға көмегін тигізетін, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу керектігін зерттеулер нәтижесі көрсетіп отыр.
Осы түлектік жұмыста «Web-технология» бойынша электронды оқу кұралын құру толығымен қарастырылады.
Электрондық оқулықтар мен ақпараттық технологиялар оқытуға маңызды басымдылықтар әкеледі. Олар:
• оқу процесін интенсификациялау;
• студенттерді өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
• оқытушыларды оқу сабақтарын қалыптастыру мен нәтижелерін тексерудің жаңалығы;
• білім алушының білімін жиі әрі жедел түрде бақылап отыру мүмкіндігі.
Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті - қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда. Осыған орай, түлекті жұмыс тақырыбы өзекті мәселердің бірі.

БӨЛІМ 1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Электрондық оқу құралы
Заман талабына сай білімнің беру саласын жетілдіру әрі сапасын арттыру процессі жүріп жатыр. Білімнің беру саласының жетілдіруде және сапасын арттыруда электрондық оқу құралының маңызы өте жоғары.
Оқу процесінде ақпараттық технологияларды енгізу білім алушының озіндік жұмыстарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Студенттердің өзіндік жұмысының сферасын кеңейту оның оқу процесінде үлесін ұлғайтуға алып келеді.
- Электрондық оқу құралы – программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтінді, графикалық, аудио, видео және басқа ақпараттар жиынтығы;
- Электрондық оқу құралы – оқыту және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендірілген, сонымен қатар оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртұрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін, электрондық оқұ құралы;
- Электрондық оқу құралы құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген оқу құралы тұріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу құралы;
- Электрондық оқу құралы – құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқаулар, пракикумға, курстық және дипломдық жұмыстар дайындауға, әдістемелік нұсқаулары бар берілген оқу құралы тұріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу құралы.
Электронды оқулықтардың негізгі түрлері оқу процессінде олардың мәні мен орнын анықтайтындай функционалды белгісі бойынша таратылған мәтіндік оқу құралы болып табылады
1. Бағдарламалық - әдістемелік электроныд оқулық: оқу жоспары, оқу багдарламасы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық