Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Ветеринария | Жылқы шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекцияны жетілдіру шаралары

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Мал шаруашылығының ірі саласы - жылқы шаруашылығы. Жылқыны қазақ даласында мол өсіруге толық мүмкіншілік бар. Өйткені жылқы малын қой шаруашылығымен үйлесімді дамытудың маңызы зор. Ол әсіресе ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын орман-тоғайлар, өзен-көл жағалары, шөл және шөлейтті далалар мен жайылымдарда өсіруге өте қолайлы. Сондай-ақ, дәнді дақылдар егілген жерлер, әсіресе еліміздің солтүстік өңіріндегі, егін орағынан кейін масақ, күзде шыққан балауса жасыл алшындар қыста жылқыны тебіндетуге жарайды. Жылқыны қолда ұстап баңқанда оларға азық ретінде берілетін жемазық дақылдар қаншама. Жоғарыда айтылған жылқы малын өсіруге қолайлы жағдайлармен бірге жылқыдан алынатын шикізат өнімдері (ет, сүт, қазы-қарта, қыл, қымыз, т.б.) халықтың азың-түлік өнер-кәсіптік шикізат жөніндегі өскелең қажеттіліктерін толық қанағаттандырушы, әрі жылқы көлік малы.
Қазақ елінде кең тараған ат ойындары, ат спорты (жастарды шеберлікке, батылдыңқа, жылдамдықңа, ыңшам-дылыңқа баулитынын ескерсек), жылқы малының халың шаруашылығындағы маңызы арта түседі.
Мал шарушылығынан мол да сапалы өнім алуда күшті ықпал ететін ең негізгі жұмыстардың бірі-мал дәрігерлік қызмет процестерін механикаландыру болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, бұған қажетті құрал- саймандар машина жасайтын өнеркәсіп орындары өте аз шығарылады, кейбір механизмдерді мүлде шығармайды. Оның себебі – сондай механизмдерді ғылми түрде зерттеп,техникалық деректерін мал дәрігерлік талаптарға сай келтіретін ғылми – зерттеу мекемелері еліміз бойынша өте аз, ал механизмдердің техникалық құжаттарын жасайтын арнаулы конструкторлық бюро мүлде жоқ. Осының салдарынан (мал шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда) мал дәрігерлік жұмыстарды механикаландыру артта қалып отыр. Мал дәрігерлік жұмыстарды дұрыс жолға қоюда бұл процестерді кешенді механикаландырып, одан әрі автоматтандырудың өте зор маңызы бар. Мал шаруашылығын мамандандыру және малды кешендер мен өнеркәсіптік типтегі шаруашылықтарда шоғырландыру өндірілген өнімнің өзіндік құнын арзандатумен бірге, оның сапасын да жақсартатын шаралар болып табылады [1]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Адамның табиғатқа ықпалы қоршаған ортаның экологиялық сапасының кенеттен төмендеуін туғызып және ортаның өзгерген жағдайында адамзаттың тіршілігіне қауіп төндіріп отыр.
Осыған орай экологиялық білім беру мен тәрбие берудің маңызы “Қазақстан Республикасы азаматының жаңа әлеуметтік экологиялық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасында” (1995), “Білім саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында” (1996), “Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясы” (1997), “Қазақстан Республикасындағы экологиялық білм мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы” (1998), “Экологиялық білім бағдарламасы” (1999) құжаттарында басты орында тұр. Экологиялық тәрбие - “табиғат- адам- қоғам” жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың ғылыми негізде игеруінің нәтижесінде қалыптасқан жалпы білімнің бөлшегі (1: 2:3).
Экологиялық тәрбиенің мақсаты жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын, санасын және табиғатқа үлкен парасаттылық пен жауапекершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.
Экологиялық тәрбиенің негізі Ертедегі Шығыс филосфтардың еңбектерінде маңызды орын алды. Бұл ғұлама ғалымдардың есімдерімен байланысты, атап айтқанда, Әл-Хорезми, Әл-Фараби, Ж. Баласұғыни, Қожа Ахмет Яссауи, Әл-Бируни, Ибн-Сина, М.Қашқари және т.б.
Табиғат құралдары арқылы балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, педагогикалық тәрбиенің құндылығын арттыру жайлы кезінде ұлы педагогтар Я.А. Коменский, Ж.Ж.Руссо, Т.Песталоцци атап көрсеткен болатын.
Табиғаттың сұлу көріністері негізінде табиғатпен қарым-қатынасты орнықтыру, білім беру, тәрбилеу, дүниетанымын дамытуды қазақ халқының ағартушы – ғалымдары мен ақын жазушылары Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов өз еңбектерінде тілге тиек етеді.
ТМД елдерінің педагог-ғалымдары И.Д.Зверев, А.Н.Захлебный, Н.А.Рыков, И.Т.Суравегина, А.П.Сидельковский, И.Н.Пономарева, Ә.А.Тұрдақұлов және т.б. экологиялық тәрбие берудің мақсат-міндеттері мен мазмұнын жүйесін жасап, мектеп алдында тұрған күрделі міндеттері шешуге атсалысуда.
Қазақстандық ғалымдардың ішінде Ә.С.Бейсенова, Ж.Ж.Жатқанбаев, Н.С.Сарыбеков, Қ.Аймағамбетова, Ә.С.Бірмағанбетов, Қ.Ж.Жүнісова, К.А.Сарманова, М.Н.Сарыбеков, Ж.Б.Шілдебаева және т.б. өз еңбектерінде оқушылардың экологиялық білім-біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударады.
Экологиялық тәрбие, оның ішінде экологиялық мәдениет мәселесіне философтар, социологтар, педагогтар, психологтар ерекше мән береді.
Бұл мәселенің философиялық негізі С.САверенцев, Э.В.Гирусов, Д.С.Лихачев, А.Г.Маслеев, Н.Ф.Реймерс, К.О.Стошкус, А.Д.Урсу зерттеулерінде ашып көрсетілді.
Республикамызда біз қарастырған проблемаға айрықша мән берген философтар Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М.Әбділдин, Қ.Ә.Әбішев, М.Баймаханов, А.Н.Нысанбаев, Қ.Ш.Нұрланова, А.Қасабеков, Д.Кішібеков, Қ.Шүленбаев, Г.К.Шалабаева және т.б. Олар өз еңбектерінде адамның қоғамдық мәнін, рухани жан дүниесіндегі сезімдік қасиеттерін, олардың мақсаты мен мұратын, қажеттілігі мен мүддесін, адамгершілік айқындамалары мен қағидасын, “қоғам-табиғат-адам” жүйесіндегі қарым-қатынастарды, ұлттық мәдениетті, оның әдет-ғұрып дәстүрлерімен байланысын ашып көрсетеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Қазақ әдебиеті газетінің тарихы

"Қазақ әдебиеті" газеті алғашқы санынан бастап ұлт мүдесін ұлықтап, ұлттық дәстүрімізді жазып келе жатқан басылымның бірі. Осы басылымға сол кезеңде газеттің бас қасында болған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов және өзге көптеген тұлғалар мен қатар, публицистикалық мақалаларын да жариялап келгені де жұртшылыққа белгілі. Сөйтіп «Қазақ әдебиеті» газетінің алғашқы санынан бастап, күні бүгінге дейін публицистика жанры тұрақты орын алып, қазақтың ұлттық мүдесін қорғау жолындағы күресте алдыңғы қатардан көрініп келеді.
Иә, еліміз егемендік алғаннан кейін «Қазақ әдебиеті» газеті жаңа сапалық белестерге көтерілді. Қазақ халқының ғасырлар бойғы жасаған рухани мұрасын енді ұлттық мүде тұрғысынан саралау ісін көтеріп, әдеби-мәдени ой-пікірдің орталық қазынасына айналды. Әсіресе, қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы арман-аңсарлары көрініс тауып, күрес жолдары жырланған шығармаларды қалың оқырманға жеткізген де осы басылым.
«Қазақ әдебиеті» газеті қашан да ұлт мүдесі жағынан табылып келген газет. Газет бүгінгі күні де қай жағынан болмасын терең тақырыпта өзекті мақалаларды жазып халық көңілінен үлкен орын алуда. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ертегілер арқылы оқушылардың тілін дамыту процесі

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ.
Дипломдық жұмыстың объекті. Бастауыш мектептегі оқу - тәрбие процесі.
Дипломдық жұмыстың пәні. Ертегілер арқылы оқушылардың тілін дамыту процесі.
Дипломдық жұмыстың мақсат. Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша мағлұмат беру;
- ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;
- оқушылардың тілін дамытуда ертегілердің рөлін сипаттау;
- бастауыш сынып оқушылардың тілін дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдістемесін ұсыну.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: Бастауыш мектепте ертегілерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге болады.
Диплом жұмысының құрамасы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шыныктыру | Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту тәсілдері мен әдістері

Зерттеудің өзектілігі. Адамның негізгі қозғаушы қасиеттерінің бірі ретіндегі төзімділіктің қандай да бір қызметті, әрекетті оның нәтижелілігін төмендетпей, ұзақ уақыт бойы орындауға қабілеттіліктен көрініс табатындығы белгілі. Төзімділік организмнің бұлшық етінің жұмысқа қабілеттілігінің критерийі болып табылады – төзімділік неғұрлым жоғары болған сайын, жұмыс соғұрлым ұзағырақ орындалады және қажып, болдыру соғұрлым табыстырақ жеңіп шығарылады.
Қимыл-қозғалыс қасиеттерін дамытудың ең тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіру мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы міндетті шешу - қимыл-қозғалыс қабілеттерінің жан-жақты және үйлесімді дамуына қол жеткізуіміз деген сөз. Сондықтан да оқушылардың жан-жақты қимыл-қозғалыс қабілеттерін қамтамасыз ету бұдан әрі қоғамдық пайдалы еңбекке және қорғаныс қызметіне даярлау үшін қолайлы жағдайлар тудыра алатын қажетті алғышарт, функционалдық база болып табылады. Төзімділіктің құрамдас бөлігі болып жалпы аэробтық төзімділік табылады, ол бұлшық ет жүйесінің глобальды қызмет етуі кезінде қарқындылығы орташа жұмысты ұзақ уақыт бойы орындауға деген қабілеттілікті анықтайды. Сондықтан да жалпы аэробтық төзімділік бастауыш сынып оқушыларының дене қасиеттерін жан-жақты даярлаудың бір бөлігі болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қ. Қ. Жұбанов еңбегіндегі синтаксистік объектілер


КІРІСПЕ
Қазіргі қазақ тілі ішінде тарам – тарам салаларға бөлінетін өзіндік сыры мен қыры көп күрделі және бай тіл.
Қазақ тіл біліміндегі мәселелердің барлығы дерлік тарлай – талай тарихи даму сатыларынан өтті. Қандай құбылыстың болмасын өткен тарихи даму жолдарын жете меңгермей оның қазіргі жай – күйін зерттеп білу мүмкін емес.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінің ғылыми грамматикасының зерттелуі орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты болды. Сол кезеде қазақ тілінің зерттелуі мынандай төрт бағытта болды.
Біріншіден, қазақ тілінің кейбір мәселелерін ғана сөз еткен Қазан төңкерісіне дейінгі қазақтың төл ғалымдарының еңбектері: Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлихонов, Б.Бақтыгереев, М.Бекимов. Б.Рахимжанов, Қ.Серғали, И.Малдыбаев есімдерімен байланысты
Екіншіден, орыс ғалымдарынан қазақ – қырғыз тілінің грамматикасын зерттеген авторлар:Н.Н.Ильминский, Н.Ф.Катанов, Н.Лаптаев, В.В.Радлов, П.И.Мелиоранский, Н.Сазонтов, Н.Терентьев т.б.
Үшіншіден, Қазан төңкерісі және одан кейінгі қазақ зерттеушілері : А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Т.Шонанұлы, Е.Омаров, Ж.Бархиев, Н.Досмағамбетов т.б.
Төртіншіден, XXғасырдың 50–жылдарынан бері қарай Н.Сауранбаев, Н.Кеңесбаев, М.Балақаев,С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақав, Т:Қордабаев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев,Ә.Ермекбаев т.б.
Осылардың ішінен мен профессор Қ.Қ.Жұбанов туралы әңгіме қозғаймын. Зерттемпаз ғалым проф. Қ.Қ.Жұбановтың лингвистика тарихынан алатын орны ерекше. Қ.Қ.Жұбанов – әмбебап ғалым. Оның зерттеулері тіл білімінің әр түрлі салаларын қамтиды.
Ғалым Қ.Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасына назар аудару оны зерттеу, XX ғасырдың 90–шы жылдарының басы мен ортасында белең алды. Оның есімі мен еңбектеріне деген сілтемелер ғылыми баспасөз беттерінде осы тұста жарияланып, белгілі бір аспектілері қазақ тіл білімін зерттеуші қауымның назарына ілігіп жатты.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі – профессор Қ.Қ.Жұбановтың ғылыми еңбегі сөз болғанда, әдетте фонетика, сөзжасам, әдеби тіл, терминология, орфография, этимология жайындағы ойларына мән беріліп жүр де, ал ғалымның синтаксис саласына қатысты тұжырымдары зерттеу нысанына ілікпей жүргені хақ.
Тіл білімінің даму тұрғысынан Қ.Қ.Жұбановтың лингвистикалық, дәлірек айтсақ, синтаксистік көз қарастарын, ұстанымын айқындау қажет. Себебі ғалымның синтаксис ілімін қалыптастыруда өзіндік ерекшелігі болды. Жан–жақты біліммен қаруланған ғалым өзінің еңбектерінде синтаксистің бірқатар теориялық мәселелерін қозғап, соны тұжырымдар да айтады. Тілді зерттеу практикасында ғалымның кейбір идеялары , тұжырымдары қолданыс тапса, кейбірінің тасада қалып, қолданаыс таппай жүргендері де бар. Қазақстандағы 20-30–жылдардағы лингвистикалық дәстүрдің қалыптасуын бағдарлайтын болсақ, онда Қ.ҚЖұбановтың жалпы тіл білімінде, оның ішінде синтаксис бойынша қалдырған іліміне соқпай кетпейміз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Профессор Қ.Қ.Жұбановтың шығармаларынан синтаксистік объектілерді айқындап, оның осы сала бойынша қалдырған пікірлерін, ой–тұжырымдарын сұрыптап, жұйелеп, қорытынды жасау. Аталған мақсатқа жету үшін диплом жұмысмыздың алдына мынандай нақтылы міндеттер қойылады:
– Профессор Қ.Қ.Жұбановтың синтаксистік объектілерге байланысты ғылыми еңбектерін зерделеп, оның мәні мен маңызын жан–жақты қарастыру;
– Ғалымның лингвистикалық(синтаксистік) концепциясының ерекшелігін айқындау, яғни оның сөз тіркесі, сөйлем мүшелері, сөйлем туралы ойларын сипаттап, өзгешеліктерін анықтау;
– Тіл білімінде, оның ішінде синтаксистің даму тарихындағы ерен еңбегі мен қосқан үлесін бағалау;
– Қ.Қ.Жұбанов ұсынған мәселелерді осы күнгі ғылым тұрғысынан қайта қарастыру;....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс мектептен тыс бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлау

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жағы балалардың қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі- тұтас педагогика процесінің бір бөлігі. Оқыту нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жоғары сыныптағы оқушылардың физикалық дайындығы және оның даму динамикасы

Жоғары сынып оқушылары қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
- денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;
- негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;
- дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту;
- қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың заңдылықтары туралы, дене тәрбиесі жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, ата-ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Күлтегін жазбасы және фольклорлық дәстүр

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы – дүниенің төрт бұрышын адамзат баласының ең озық өркениетке жеткен ұрпақтарымен терезесі тең, телегейдей тарихы бар, тебірентер мәдениеті бар ел. Қазақтың ілкі ата-бабалары – түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түріктер деп атаған. Көк Тәңіріне табынып, Көк бөріден тарағандықтан, Көк түріктер атанғанбыз.
Шамамен ҮІ ғасырдың орта кезінде, Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан бізге мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып жыр-дастандар бар. Бұлар – “Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған” жырлары. Бұл тарихи ескерткіштер бұдан 1250 жыл бұрын тасқа қашалып жазылған әдеби мұра. Осы ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлік тұрғысынан да күні бүгінге дейін өз оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Компанияның баланс өтімділігін талдау

Диплом жұмысының өзектілігі. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп -"кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі", - деп жазады . Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілетілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: "шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі , егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады". Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Профессор Н.П. Кондраков өтімділік деп - "материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады". Ағылшын авторларының "Бухгалтерлік талдау деген" еңбегінде "фирманың өтімділігі - бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айнаддыру қабілеттілігі" деп көрсетілген. "Өтімді" сөзінің өзі дейді олар "ақшаға оңай айналатын" деген ұғымды білдіреді....
Дипломдық жұмыстар
Толық