Құқықтану | Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы
Мазмұны
Қысқартулар......................................................................................................
Кіріспе.................................................................................................................
1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы сипаттамасы..........................................................................................
1.1 Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы түсінігі, мәні және маңызы................................................................
2. Алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасы.............
2.1 Тергеу алдын ала тергеудің негізгі түрі ретінде.................................
2.2 Анықтау алдын ала тергеудің ерекше түрі ретінде............................
2.3Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау............................
2.4 Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау....
3. Анықтау мен алдын ала тергеудің айырмашылықтары...............
Қорытынды.........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстандағы жеке адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету үшін жеке адамға қол сұғылмайтындығына кепілдік беретін жүйені көздеген заң базасын құрды, ол қылмыстық сот өндірісі аясында қылмыс жасаған адамға да, қылмыстық әрекеттің құрбаны болған адамға да қатысты. Ата Заңымыздың 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» - деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 14, 16-баптарында әр азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына, білікті заң көмегін алуға, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің тең екендігіне, негізсіз қамауға алынудан, ұсталудан қорғануға, ұсталған, қамауға алынған немесе айыпталушы ретінде танылған сәттен бастап қорғаушының көмегін алуға құқылы екендігіне кепілдік белгіленген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделері ең жоғары құндылық ретінде бекітілген. Заң шығарушы қоғамдық қатынастарды реттейтін жүріс-тұрыс ережесін бекітуде ең алдымен жоғарыда аталған қағиданы еске алуы қажет. Аталған Конституциялық қағиданың қылмыстық іс жүргізу барысында және қылмыстық процесс міндеттемелерін жүзеге асыруға орай ережелерді бекітуде аса қажеттілікті талап етеді. Сонымен қатар, заң актілерінде Конституцияға сәйкес ережелерді бекітумен қатар, оларды іс жүзінде қолданатын қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі міндеттерін тиімді орындау және оның ішінде қылмыстық процестің барысына қатысушы мүдделі тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талап етіледі. Бұл іс жүзінде орын алуы үшін, қоғамға жат құбылыс – қылмысқа, оны тергеуге және алдын алуға қатысты барлық мәселелер кешенді түрде ғылыми зерттелуі қажет.
Қазіргі таңда баршамыз өмір сүріп отырған қоғамымызда құқықтық мемлекет құрылды. Құқықтық мемлекетте заңның үстем болатындығы барлығымызға белгілі. Яғни, Ата заңымызда көрсетілген әрбір адам және азаматтың, құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, өмірлері мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуде заңның үстемдігінің қосар үлесі шексіз.
Қоғамда мемлекет, қоғам, құқық, адамның жеке басы туралы түсініктер жөнінде пікірлер өзгеріп жатқанда, қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыспен күресу рөлі күшейе түспек. Сондықтан алға негізгі мақсат қойылған, яғни құқықтық мемлекет құрып, осы мемлекетте қылмысты болдырмау, алдын алу, ізін кесу жолдарын қарастыру болып табылады. Осылайша қылмыспен күресу бүкіл қоғамымыздың ең басқа өзекті мәселелерінің бірі болып қалмақ.
Жалпы, қылмыстық іс қозғау - процестегі күрделі қызметтердің бірі. Бұлай дейтініміз оның құрамына қылмыстық факт туралы арызды қабылдау, оны тексеру, ол бойынша процессуалдық шешім қабылдау, сонымен бірге қабылданған шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексерудегі әрекеттер мен қатынастар жатады. Дегенмен оның күрделі екендігіне қарамастан, заң әдебиеттерінде ол қызметті қылмыстық процестің жеке дара, бөлек сатысы деп санауға болмайды деген пікірлер де айтылды. Бірақ қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сай қылмыстық іс қозғауға қатысты жеке тарау мен арнайы баптар көзделген. Сондықтан да қазіргі таңда қылмыстық іс қозғау процестің дербес сатысы болатындығына күмән жоқ.
Қылмыстық істерді тергеу, сотта қарау мен шешудегі анықтаушы, тергеуші, прокуратура, сот және анықтау органдарының қызметтері жариялы құқықтық сипатта болады. Қылмыс – құқық бұзушылықтың қауіпті түрлерінің бірі. Сондай-ақ, ол жеке тұлғаға, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, қоғамға, мемлекетке күрделі зиян келтіреді. Ол мемлекеттің өкілетті органдарына қылмыстық заң нормаларының таралуын қамтамасыз етудегі заңда көзделген шараларды қолдануын міндеттейді.
1995 жылдың 30 тамызында өзіне қылмыстық іс бойынша анықтау мен алдын ала тергеу жүргізетін арнайы органдар туралы бап енгізген Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануы [1], 1995 жылдың 6 қазанында "Қазақстан Республикасында анықтау мен алдын ала тергеуді жүргізетін органдар туралы", 1997 жылдың 23 желтоқсанында "Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің" [2] қабылдануы құқықтық мемлекет құруға өз үлестерін қосты.
Өз кезегінде өмір сүріп, қылмыспен күресудің белгілі бір этапын өткізген мемлекеттік тергеу комитеті туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев:
- «Мемлекеттік тергеу комитетінің құрылуы қылмысқа қарсы тұратын жаңа жүйенің қалыптасуының бастамасы» [3,1], - деген.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік тергеу комитетінің таратылуы және жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес енді алдын ала тергеу мен анықтауды ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары және қаржы полиция органдары жүргізуі алдын ала тергеу мен анықтау арасындағы елеулі сұрақтарға қайта айналып соғуға негіз береді. 1997 жылға дейін қоғамда қылмыстық іс жүргізу аясында билік жүргізіп келген 1959 жылғы ҚазКСР-інің қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің қабылдануы негізінде күшін жойып енді алдын ала тергеу мен анықтау жүргізудің тәртібі, жүргізетін органдар шеңбері кеңейіп құқықтық реформалаудың жаңа бір кезеңі басталды.
ҚР ҚІЖК-і қабылданғалы бері оған 8-заңмен өзгертулер енгізілгенмен қоғамның күннен күнге жаңаруына байланысты онда қаралатын мәселелер баршылық.
70 жыл бойы тоталитарлық жүйеде жұмыс істеп келген қылмыстық іс жүргізу 1997 жылы жаңа ҚІЖК-інің қабылдануымен жаңа бір серпіліс пен дамудың кезеңіне деп келді. Сондай-ақ өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болғанына 15 жылдан асқан біздің еліміздің процессуалдық заңдылығы үлкен жетістіктерге жетуде. Бірақ қоғамның қайта жаңару мен даму кезеңінде қылмыстық іс бойынша анықтау мен алдын ала тергеудің де жаңа көріністерден көрінуі заңдылық және керек дүние. Осыған байланысты бұл стадияда негзгі процессуалдық функциялардан басқа (қылмыстарды ашу, қылмысты жасаған адамды әшкерелеу және т.б.), айыпталушыны тергеуден және соттан жалтармауын, қылмыспен келтірілген залалдың орнын толтыру, мүліктің тәркілену мүмкіндігін ішінара қамтамасыз етуші функциялар да атқарылады. Бұдан біз аталған стадияның қылмыстық іс жүргізудің өзге стадияларының ішіндегі негізгісі, маңыздысы және аса өзектісі деп көрсете аламыз. Бүгінгі таңда бұл стадияны реттеуші нормалар да көптеген өзгертулер мен толықтыруларды күтуде. Атап айтсақ, жоғарыда айтылған айыпталушының тергеуден және соттан жалтармауы осы стадияда оған қатысты қылмыстық қудалауды жүргізуші органмен белгілі бір мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мәжбүрлеу шараларының бір түрі бұлтартпау шаралары, соның ішінде қамауға алудың санкциялануына қатысты Қазақстан республикасының Конституциясының 16-бабының 2-бөлігіне өткен жылы санкция тек сотпен беріледі деп өзгерту енгізілген болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасының ҚІЖК өзгертулер мен толықтыруларды болжайды.
Сол себепті мен осы бітіру жұмысының тақырыбы ретінде «Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы» мәселесін алдым. Бұл бітіру жұмысында мен алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасына тоқталып, олардың негізгі ұқсастығы, айырмашылығы мен қарама қайшылықтарын қарастырамын. Бұл еңбекті жазуда мен негізінен Қазақстан мен алыс-жақын шетел заңгерлерінің, профессорлардың, заң ғылымы доктарларының және заң ғылымы кандидаттарының ғылыми еңбектері мен диссертациялары пайдаландым.
Дипломдық жұмыстың алдын ала тергеу қылмыстық процестің дербес сатысы екендігін, ондағы қолданылатын дәлелдемелердің түрлері мен жүзеге асырылатын дәлелдеу қызметінің маңызы, мазмұны мен ерекшелігінің түсініктері мен негіздерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеудегі үлесі өте зор болып табылады. Сонымен бірге бұл жұмыс мемлекетіміздің осы тұрғыдағы проблемаларды шешуге қосылған үлкен үлесі болып табылады.
Зерттеу барысында мынандай ғылыми нәтижелер алынды:
Алдын ала тергеу сатысының алдағы уақытта процестің дербес сатысы ретінде қалуы және оның болашақта жойылып кетпеуіне байланысты іс шаралар айқындалған.
ҚІЖК-де көрсетілген анықтау органының алдын ала тергеу жүргізу құқығы алынып тасталуы керек. Бұл алдын ала тергеуді жүргізуге өкілетті тұлға тергеушінің мәртебесіне кедергі келтіреді және тергеудегі тек тергеуші жүргізу керек қағидасына қайшы.
Егер анықтау органында алдын ала тергеу жүргізу құқығы қалдырылған жағдайда, анықтау органымен алдын ала тергеу жүргізу туралы шешімді тергеушімен не прокурормен анықтау органы ұсынған материалдар негізінде қабылдануы керек. Ал шешім материал келіп түскен кезден бастап 24 сағат ішінде қабылдануы керек.
Анықтау органы мен алдын ала тергеу жүргізу қалдырылған жағдайда оның негіздері заңда жеке-жеке нақтылап көрсетілуі тиіс. Бұл дегеніміз анықтау органы бастығы мен анықтаушының өз өкілеттігін асыра пайдалануының алдын алады.
Бітіру жұмысы мына жоспарда жазылған:
Кіріспе.
1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы сипаттамасы.
1.1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы түсінігі, мәні мен маңызы;
2. Алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасы.
2.1. Тергеу алдын ала тергеудің негізгі түрі ретінде;
2.2. Анықтау алдын ала тергеудің ерекше түрі ретінде;
2.3. Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау;
2.4. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау;
3. Анықтау мен алдын ала тергеу айырмашылықтары.
Қорытынды.
Еліміздің Конституциясы құқықтық мемлекет құрып, қоғамдағы қылмыспен күресудің рөлі мен орнын айқындап береді.
Қазір біздің мемлекетіміз алға қарай дамып келеді, яғни заман, қоғам талаптарына сай өзгерістер болуда. Оны қоғамдағы болып жатқан қылмыстық әрекеттермен байланыстыруға болады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы үздіксіз алға ілгерлеуде. Оған енгізілген соңғы толықтырулар мемлекеттің құқық қорғау жүйесінің дамуына маңызды әсерін тигізуде.
Қоғамдық құрылымдағы өзгерістер, әсіресе, кейінгі жылдары дамып келе жатқан демократиялық құрылым, қылмыстық ізге түсу органдарының рөлін бұрынғыдан да күшейтіп, оның құқығын көтере түсуде. Осы айтылған мәселелер, тақырыптың өзектілігін, құндылығын көрсетеді.
Алынған зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының Конституциясына, қылмыстық іс жүргізу кодексіне, жедел-іздестіру қызметі туралы, ұлттық қауіпсіздік органдары туралы, ішкі істер органдары туралы және басқа да заңдарға, ғылыми еңбектерге, іс тәжірибелік деректерге негізделген. Нақты тақырып бойынша М.С. Строгович, Н.В. Жогин, Ф.Н. Фаткуллин, Е.Е. Ерешев, М.Ч. Қоғамов, В. Чистяков, Т.Е. Сарсембаев, О.Л. Васильев және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, сыни тұрғыда баға берілген.
Әрбір ғылыми нәтижеге негіздеме ретінде ізденуші белгілі заңгер ғалымдардың ой-тұжырымдарын, нормативтік құжаттарды негізге алып, кейбір ғалымдардың көзқарасына талдау жасап, қолданыстағы заң нормаларына терең ғылыми талдау нәтижесінде жаңа ғылыми ұсыныстарға қол жеткізген.

1.1.Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу жүргізу стадиясының жалпы түсінігі, мәні және маңызы.
ҚР ҚІЖК-і 7-бабының 16-тармағына сәйкес «алдын ала тергеу» («алдын ала іздестіру») – бұл уәкілетті органдардың осы Кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, тиянақтау және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.
ҚР ҚІЖК-і 7-бабының 15-тармағына сәйкес «анықтау» – бұл анықтау органдарының осы кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайдының жиынтығын анықтау, белгілеу, тиянақтау және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.
Қылмыстық іс жүргізу барысы бірнеше, әрқайсысының жеке маңызы бар кезеңдерге бөлінеді. Ол кезеңдер қылмыстық процестің стадиялары деп аталады.
Стадиялардың әрқайсысы мынадай белгілермен сипатталады:
1. Әр стадия іс жүргізудің жеке кезеңі ретінде қылмыстық істер жүргізу кодексінде арнайы белгіленген;
2. Әр стадияның жеке маңызы және өзіне тән міндеттері бар;
3. Әр стадияның мәнін құрайтын іс-әрекеттер заңмен реттелген және бұл іс-әрекеттердің субъектлері көрсетілген;
4. Әр стадия – оның нәтижесін қорытындылайтын процессуалдық шешім қабылдаумен аяқталады.
Қылмыстық процестің стадияларына мыналар жатады:
1) қылмыстық істі қозғау; 2) қылмыстарды тергеу; 3) басты сот талқылауын тағайындау; 4) басты сот талқылауы; 5) апелляциялық тәртіппен істерді қарау (апелляциялық өндіріс); 6) үкімді орындау. Бұл стадиялардың алдыңғы екеуі (қылмыстық іс қозғау және алдын ала тергеу жүргізу) сотқа дейінгі стадиялар, ал кейінгілері сотта болатын іс жүргізу стадиялары деп қаралады.
Аталған іс жүргізудің кезеңдері қылмыстық процестің негізгі стадиялары болып табылады (бұлардан басқа ерекше стадиялар да бар, олар жөнінде кейінірек айтылады). Бірақ, әр қылмыстық істің негізгі алты стадиядан бірдей өтуі міндетті емес. Мәселен, қылмыстық іс қозғалған жағдайдың өзінде, одан кейін алдын ала тергеу жүргізудің барысында бұл іс заңды түрде қысқартылуы мүмкін. Олай болса, мұндай жеке жағдайда, қылмыстық іс жүргізу сотқа дейінгі стдадиялардан өтіп аяқталады. Немесе, қылмыстық іс бойынша сот үкім шығарып, ал бұл үкімге апелляциялық шағым берілмеген өндіріс қажет болмайды.
Кез келген қылмыстық істі сот отырысында талқылап және сол іс бойынша шешім шығару үшін, алдын-ала заңмен көрсетілген тәртіппен және жолмен дәлелдемелерді жинап, қылмыс істеген адамның ізіне түсіп, оны ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?