Құқық | АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ШЕКТЕУ ШЕГІ

 Құқық | АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ШЕКТЕУ ШЕГІ

Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................................................

1. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................
1.1 Адам құқықтарын шектеу институтының ұғымы мен мәні...................
1.2 Адам құқықтарын шектеу институтының Конституциялық негіздері....

2. АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ШЕКТЕУ ШЕГІНІҢ МАЗМҰНЫ..................
2.1 Құқықтарды шектеу мақсаты адам құқықтрын шектеу шегін қалыптастырудың негізгі механизмі...............................................................
2.2 ҚР конституциясы нормаларында құқықтарды шектеу мақсаты...........
2.3 ҚР Конституциялық Кеңес қаулыларындағы құқықтарды шектеу мақсаты...................................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазакстан Республикасында болған саяси және экономикалық реформалар тұлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бұрыңғы кеңес дәуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғаллығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады. 20 қырқүйек 2002 жылғы ҚР Президентінің «ҚР-ның құқықтық саясаты Концепциясы туралы» жарлығында: «ҚР Конституциясында бекітілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жоғарлылығы, құқық үстемдігі, мемлекеттің билік тармақтарының бөлінуі және олардың өз қызметін жүзеге асыру барысында тепе-тендік және тежемелік қағидасына сүйене отырып жүзеге асыратындығы негізінде демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі бағытын біртіндеп және ретімен заңдастыру керек» деп көрсетілген[4].
Осылайша жүзеге асырылып отырған Конституцияның теориялық мәселелері және адам және азамат құқықтары мен бостандықтары саласындағы шектеу заңдарды жетілдіру таңдап алынған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Ал тақырыптың зерттеу пәні: ҚР адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мен конституциялық құқықтық шектеу шегі.
Зерттеудің әдістемелік негізі-бұл диалектикалық, тарихи-логикалық, институционалдық, құрылымды-жүйелік, салыстырмалы-құқықтық және баяндаушы ғылыми әдістердің жиынтығы.
Зерттеудің теориялық негізі. Жұмыс қортындысы табиғи құқық теориясына, Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріне, ұлттық және шет мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып жазылған. Жоғарыда аталған мәліметтермен қатар мемлекет және құқық теориясы саласындағы отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, конституциялық құқық, философия, политология салаларынан құнды мәліметтер алынған.
Еңбектің ғылыми жаңалығы. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жүйелі зеріттелуінен сондай-ақ оның конституциялық-құқықтық және халықаралық-құқықтық аспектілерін қарастырудан тұрады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттен тұрады.


1. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Адам құқықтарын шектеу институтының ұғымы мен мәні

Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.
Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқықтарын шектеуге қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқықтарын шектеун тікелей реттемейді. БҰҰ жарғысы (1 баптың 3-ші тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұрақты тұратын барлық адамадардың, қандайда болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен қағидаларына сүйенеді. Жоғарыда аталған халықаралық құқықтық актілер адам мен азаматтардың келесідей негізгі құқықтары мен бостандықтарын жариялайды: кез келген адамның өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, шектеу етуі, қадір – қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және басқалардың денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық құқықтық құжаттар адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп таниды. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқықтарын шектеу туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматтқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады» (12 баптың 2-ші тармағы). Бұл адамның табиғи құқығын мемлекеттің тануы және бастау алар қайнар көзі болып танылады және Конституцияның «Адам және азамат» деген мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқықтарын шектеумен бірге азаматтардың құқықтары мен міндеттері айтылады. «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (12 баптың 3-ші тармағы). Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заңы тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттері мен бірге «адам құқықтарын шектеу» ұғымы бірнеше рет танылады. Сөз жоқ, «адам құқықтарын шектеу» мен «азамат құқығы» ұғымы бір біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген – адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматтыққа қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкімде айыра алмайтын құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасының азаматтарына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтары мен бостандықтары шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға да берілген. Алайда «азаматтық құқығы» азаматтық құқығына ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа меңінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай айырықша міндет жүктейді. Міне осы негізде Қазақстан Републикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса онда «барлығы», «адам», «әркім», «ешкім де емес» деген терминдар қолданылады. Егерде құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда ол туралы көрсетіледі. 13-ші бапта : әркімнің құқық объектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдерменқорғауға құқылы делінген. 14-ші бапта «Заң мен сотта жұрттың бәрі тең» екендігі айтылады. 17-ші бапта былай жазылған «Ешкімнің құқығын шектеу, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір – қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Сонымен бірге, егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, бұған айырықша мән беріледі» Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматын қандайда жағдай бомасын азаматтықтан айыруға болмайды. Конституцияда Республика заматының әскери қызметті өтеудегі міндет айырықша атап көрсетіледі және Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар – адамдардың арнайы мәртебеге иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституцияның 12-ші бабында «Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады» деген.
Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейін сипаттайды. Адамның өміріне, жеке бостандығына, ар-намысы мен қадір – қасиетіне қол сұғуына ешкімнің де құқығы жоқ. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа да заңдары азаматтың жеке бостандығын қамтамасыз етуге айырықша назар аударады. Егер өміріне, денсаулығына, азаматтық қадір – қасиетіне қауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы. Жоғарыда айтылғандай, ол үшін арнаулы органдар жұмыс жасайды. Адам өзінің құқығы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып Республика Президентіне жүгінуге құқылы. Бірде бір мемлекеттік орган, бірде бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды. Бұл, адам құқықтарын шектеу мен бостандығын шектеген жағдайда, оған қай заңды бұзғаны, қандай құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлануы тиіс.
Ең маңыздысы, адамның табиғи құқығы - өмір сүру құқығы.
1. Әркімнің өмір сүру құқығы бар;
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиуға құқығы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі». (Конституцияның 15-ші бабы) Өлім жазасы ауыр қылмыс жасаған адамның ерекше қауіптілігіне байланысты және жауаптылықты ауырлататын мән жайларда қолданылады. Өлім жазасын қолдану туралы үкім шығармас бұрын сот мұндай ең ауыр жазаны қолданудың мән-жайын жан жақты дәлелдеп, өлім жазасына кесілген адамды толық сипаттап көрсетуі тиіс. Сонымен бірге сот сотталушының психикалық дертке ұшырамағанын да анықтауы тиіс. Мұндай дертке ұшырағандарға жаза мүлдем қолданылмайды.
Өлім жазасына кесілген адам кешірім жасау туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Президентіне жүгінуге құқылы. Кешірім жасау туралы шешім шығарған кезде, сотталған адам қандай кісі, бұрын сотталған ба, бұрын оған кешірім жасалынған ба, жасы, отбасылық жағдайы және тағыда басқа мән жайлар ескеріледі.
Жек адамның өміріне қол сұқпаушылық Конституция арқылы қорғалады.
«Ешкімді азаптауға, оған зорлық зомбылық жасауға басқадай қатыгездік немесе адамның қадір – қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» (17-ші бап).
Конституцияның осы қағидасы негізінен, лауазымды адамдарға қатысты. Қазақстан Республикасының заңдары денеге жарақат түсіретін адамның қадір-өасиетін қорлайтын мұндай шаралардың қолданылуына үзілді – кесілді тиым салады. Азаптау - ұрып-соғу, төбелесу, денеге жарақат салу түрінде көрінуі мүмкін.
Сондай-ақ ар намыс бостандығы да адам бостандығының көрінісі болып табылады. Әр адам, өз еркі бойынша, өзінің дінге қатыстылығын белгілеуге құқылы. Егер адам қайсы бір дінге сенетін болса оның діни рәсімдерді әдет-ғұрыптарды орындауына кедергі келтіруіне құқығы жоқ. Әрине, діни рәсімдерді әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді орындау басқа адамның қоғамның заңды мүдделеріне кеселін келтірмеуі тиіс. Заң дінге сенетіндердің құқығы мен бостандықтарын тікелей және жанамалап шектеуге немесе оларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге тиым салады. Конституция бірде бір діннің артықшылығын көздемейді. Діни көзқарастары үшін жаулық пен кекшілдікті қоздыру адам құқықтарын шектеун бұзу болып есептелінеді. Дінге сенетіндер қасиетті деп есептейтін құрылыстар мен орындарды, заттар мен бұйымдарды қорлау, ұрлау мен арамдау құқық бұзушылық болып табылады.
Заң ар намыс бостандығын жариялай отырып, адамды оның азаматтық міндетін орындаудан босатпайды. Өзінің діни көзқарастарын бетке ұстап азаматтың заңды атап айтқанда әскери міндетін өтеуден бас тартуына құқығы жоқ. Діни бірлестіктерді мемлекеттерден бөлу ар намыс бостандығының басты кепілі болып табылады. Мемлекет, оның органдары, лауазымды ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?