Құқық | АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ

 Құқық | АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ

Мазмұны

КIРIСПЕ..........................................................................................................

1-ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ...............................
1.1 Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі..............................................
1.2 Авторлық құқықтың субъектілерінің ерекшеліктері............................

2-ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ.....
2.1. Автор, тең автор........................................................................................
2.2. Мұрагерлер мен құқық мирасқорлар.................................................

3-ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ....................

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДIҢ ТIЗIМI..................................

Менiң дипломдық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған негiзгi мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес авторлық құқық субъектiлерiнiң құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрған қарастыру болып табылады. Бұл мәслеге жалпы авторлық құқыққа қарастыры тұрғыдан мән берер болсақ ол тiптi әлемдiк денгейде әлi күнге дейiн, өз шешiмiн таппай отырған үлкен бiр өзектi проблемалар қатарында тұр десек артық айтпағандық болар едi. Сонымен бiрге менiңше осы қарастырылатын мәселелердiң өзектiлiгiн сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге болар едi. XXI ғасырдың басында ғылыми-техникалық прогресстiң өте қарқынды iлгерлеп дамуы авторлық құқықтың жаңа объектiлерi мен субъектiлерiн өмiрге алып келуде, соның бiр мысалы ретiнде тек интернет жүйесiн алып қарар болсақ құқықтық тұрғыдан әлiде өз шешiмiн таппаған қыруар мәселелердiң барына көз жеткiзу мүлдем қиын емес деп ойлаймын.
Мiне бүгiнде бiздер осы жайларға және өзге де мәселелерге жете мән берер болсақ Қазақстанда авторлық құқық саласын үнемi әрi үздiксiз жетiлдiрiу қажеттiлiгiн аңғару қиын емес деп бiлемiн.
Сондай-ақ мен өзiмнiң дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасының заңдары бойынша авторлық құқықтың субъектiлерi болып табылатын тұлғалардың құқықтық жағдайына жалпы теориялық тұрғыдан талдау жасауға және сондай-ақ осы авторлардың мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарын қорғауға байланысты қазiргi кезде тәжрибеде жиi кездесетiн өзектi теориялық және тәжрибелiк мәнi бар сұрақтарды қарастырылады.
Мен өзiмнiң дипломдық жұмысымда ең алдымен авторлық құқықтың субъектiлерiнiң түсiнiгi мен түрлерiн қарастыра келiп авторлардың құқықтарын қорғау мәселесiне теориялық және құқықтық тұрғыда мүмкiндiгiнше тереңрек қарастыруды өзiме мақсат етiп қойдым. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында авторлық құқықтық қатнастарды реттейтiн заңнамаларға теориялық тұрғыдан сараптама жасап кеткiм келедi әрi сонымен бiрге шетелдердегi авторлық құқықтарды қорғау мәселелерiнеде бiраз талдау жасап кетудi жөн деп шештiм.
1-ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ

1.1. Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі.

Авторлық құқықтың субъектілері болып туындыға қатысты субъективтік авторлық құқықтар жататын тұлғалар табылады . Қазақстандық заңнамаға сәйкес субъективтік авторлық құқықтарды қазақстандық азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, олардың мұрагерлері мен құқықмирасқорлары иеленеді. Субъектілердің әр санаттары үшін туындыға құқық әртүрлі заңды фактілерге байланысты – туындыны тудырумен, мұра бойынша авторлық құқықтардың өтуімен, т.б. туындайды.
Авторлық құқықтың негізгі субъектілері болып туындының авторы табылады. Автор – туындыны шығармашылық еңбегімен тудырған жеке тұлға ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 4-бабы).
Сөздіктерде "автор" түсінігінің талқылауына келесідей түсіндірмелер беріледі.
"Автор – тудырушы, құрастырушы, жазушы… Авторлық – жағдай, міндет немесе жазушының іс-әрекеті" .
"Автор (латын тілінен – au (c) tor) – кез келген туындының, ғылыми зерттеудің, өнер табыстың және т.б. тудырушысы" .
"Автор – туындыны тудырушы тұлға" .
Автордың құқықтық мәртебесі кез келген тұлғада авторлық құқықпен қорғалатын туындыны жасау сәтінен бастап анықталады. Сонымен қатар, заң осыған қатысты ешқандай шектеулерді авторлық құқықтың субъектілеріне қоя алмайды.
Ғылым, әдебиет және өнер туындыларына авторлық құқық оны тудыру фактісіне орай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеудің, өзге рәсімдеудің немесе шарттылықтың сақталудың қажеттілігі міндетті емес. ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 9-бабы).
Авторлық құқық субъектілерін жіктеудің келесідей топтамасы бар: "Субъектілер алғашқы және туынды болып бөлінеді" .
Сонымен қатар, алғашқы субъект ретінде "автор – шығармашылық еңбегімен туған туындының жеке тұлғасы" танылады .
Мәні бойынша субъектілерді "алғашқы және туынды" деп бөлу дұрыс деп саналады. Заңда кездесетін "туынды шығармалар" терминінің бар болуына байланысты кейбір терминологиялық келіспеушіліктер болуы да мүмкін. ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 12-бабында).
Авторлық құқық субъектілері жөніндегі мәселе жалпы цивилистикалық әдебиеттерде, сондай-ақ авторлық құқыққа арнайы арналған еңбектерде орын тапқан. Революциялық кезеңге дейін әдебиеттерде осы мәселеге С.А.Муромцевтің , В.В.Спасовичтің , И.Г.Табашниковтың , К.П.Победоносцевтің және басқаларының еңбектері арналған.
И.Г.Табашников әдеби меншіктің субъектісін зерттей отырып, мынандай қорытындыға келді: авторлық құқықтың субъектісі болып ең алдымен туынды өзінің пайда болуына міндетті болатын тұлға табылады.
Қалған барлық тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып "одан мирасқорлыққа байланысты ғана күшіне еніп" табылады.
Заңды байланыстың күшіне қарай үшінші тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып әртүрлі жағдайларда және шарттық қатынастарда пайда болатын заңда тікелей көрсету түрінде болады.
К.П.Победоносцевтің "Азаматтық құқық курсында", "Құқық иеленуші" рубрикасында ("иеленуші" мағынада "осы құқыққа иеленуші" табылады) келесідей түсіндірме беріледі: "Авторлық құқық белгілі тұлғаға беріледі, яғни сол тұлғамен байланысты: бұл туынды авторы, тудырушы. Бірақ кей кезде бір туындының бірнеше тудырушылары болуы мүмкін, және осындай жағдайда тудырушылардың өзара қатынастары мен туындыға қатысу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін" . Бұл жерде назарды автор мен туынды арасындағы үзіліссіз байланысқа бөлу қажет.
Әрекет етуші заңның терминологиясы бойынша "өндіруші – сабақтас құқықтардың ғана субъектісі". ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар
туралы" ҚР Заңының 38-бабы "Фонограмма жасаушының құқықтары") .
Г.Ф.Шершеневич авторлық құқықтың субъектілері мен объектілерінің мәселелерін құқыққа сәйкес: әдеби туындыларға; мерзімді басылымдарға, көркем әдебиеттерге; музыкалық туындыларға орай жеке қарастырады.
Әдеби туындыларға авторлық құқықтың субъектісі болып "әдеби туындыны тудырған автор мен оның мұрагерлері, құқықмирасқорлары және өзінің құқығын басқаға берген тұлғалар да" табылады .
Көркем туындыларға құқықтың субъектісі - "туынды өзінің бар болуына міндетті жағдай ретіндегі ой мен өнердің суретшісі, мүсіншісі, сәулетшісі немесе гравері". Біздің заң бұл жағдайда да заңды тұлғалар үшін көркемдік құқықтың субъектілері болып табылу мүмкіндігін таниды .
Сонымен, музыкалық туындының субъектісі - "музыкалық ой мен оның сыртқы нысанын айқындаған сазгер" . Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды: бұл музыкалық туындыны орындаушы бөтеннің туындысын орындады ма? Біздің көзқарасымыз бойынша бұл жерде орындау кезіндегі шығарма, яғни импровизация туралы сөз болып отыр.
А.А.Пиленконың пікірінше, авторлық құқықтың субъектісі болып тек қана жеке тұлға табылады, ал заңды тұлғалардың авторлық құқығы, яғни әртүрлі қоғамдар шарт немесе қызметтік жағдай бойынша заңды тұлғаларға автордың құқықтары өтуіне негізделеді. Осындай тұжырымды мемлекеттік ұйымдарға қатысты айуға да болады. Олар қызметшілерге жалақы төлей отырып, олардың әртүрлі ережелер, жарғылар, нұсқаулықтар құрастыруы бойынша еңбектерімен өздерінің меншікке қатысты авторлық құқықтарын жоғалтпай-ақ пайдалануға құқылы .
Г.Ф.Шершеневич пікірі бойынша, "авторлық құқықтың субъектісі болып өзінің бар болуына рухани шығармашылық еңбегі нәтижесінде тәуелді болатын шығарманың тұлғасы саналады. Бұндай тұлға ретінде, тек қана ойлай алатын және тудыра алатын тұлға бола алады" . Заңда авторлық құқықтың заңды тұлғаларға қатысты орнықтырылуы, Г.Ф.Шершеневичтің айтуы бойынша өзінің құқықтарын осы фиктивті субъектіге беру шын мәніндегі авторлардың мүмкін болатын еріктерімен түсіндіріледі. Авторлық құқықтың субъектілерінің бір түрі осылай туындайды, яғни "шығармашылықтың рухани байланысымен құрастыруда тікелей әрекет етпейтін" . Олар – тудырушы, продюсерлер, әдеби агенттер және т.б.
Сондай-ақ авторлық құқықтың субъектілері ретінде әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығармашылық еңбекпен тудырған тұлғалар танылады (авторлар).
Субъективтік авторлық құқықтардың азаматта пайда болуы оның жасына, денсаулық жағдайына, мүліктік жағдайына, туындыны шығару жері мен жарыққа шығарумен және т.б. байланысты емес.
Шетел азаматы қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болуы мүмкін, егер оның туындысы алғаш рет мемлекеттің аумағында жарыққа шығарылса немесе шығарылмаса, бірақ оның аумағында белгілі бір объективтік нысанда болып табылса. Шетел авторының туындысы алғаш рет шет елге жарияланса немесе сол жерде белгілі бір объективтік нысанда болса, онда ол ҚР-ның бекіткен келісімдерінің күшінде және онымен бекітілген шектерді ғана қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болып табылады.
Авторда субъективтік авторлық құқықтар туындыны тудыру фактісінің нәтижесінде пайда болады. Оның құқықтарын заң әдебиеттерінде алғашқы деп тану қабылданған .
Авторлық құқық нақты сол алғашқы субъекті мүдделері жөнінде ерекше қорғалуды көздеп отыр, яғни туындыны жасаушының, автордың өзінің авторлық құқығы оның өмірінің барлық сәтіне дейін танылады. Мұрагер – мирасқорға қатысты заңмен көзделетін авторлық-құқықтық қорғау уақытына байланысты шектеулі сипатқа ие (автордың қайтыс болғанынан кейін 50 жыл) .
Авторлармен қатар авторлық құқықтың субъектілерімен қоса әдебиет, ғылым және өнер туындыларын жасауға қатыспайтын тұлғалар (азаматтар мен ұйымдар) танылады. Оларды құқықмирасқорлар дейді. Құқықмирасқорларға автордың туындысын пайдалану бойынша авторлық
құқықтардың белгілі бір шеңбері өтеді. Құқықмирасқорлар болып мұрагерлер, мемлекет, автордың туындысын пайдалану бойынша шарттық қатынастарды орнатқан ұйымдар (баспалар, театрлар және т.б.) саналады.
Көрсетілген тұлғалардың құқықтарының шегі авторға қарағанда, сипаты бойынша туынды болып келеді, өйткені олар автордан өтеді.
Авторлық құқықтың субъектілері ретінде мұрагерлер заң күшіне немесе өсиеттік нұсқауларға сай құқықты иеленеді. Заң мен өсиет бойынша мұрагерге туындыны жариялау, қайта жаңғырту және тарату құқығы, сыйақы алу құқығы тиесілі. Мұрагер шығарылған туындыларды пайдалану жөнінде мәселені шешуге, сондай-ақ әлі жарыққа шықпаған туындыларға да қатысты құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Мұрагер мен шын мәніндегі автордың құқықтарының айырмашылықтары олардың көлемінде ғана емес, сондай-ақ әрекет ету мерзімінде де айқындалады. Мұрагерлердің авторлық құқықтары автор қайтыс болғаннан кейін 25 жыл мерзім ішінде әрекет етеді.
ҚР АК-нің 497-бабына сай, туындыны шығару, көпшілік алдында орындау және өзге пайдалануға авторлық құқық мемлекетпен сатып алынуы мүмкін. Әр жағдайда туындының пайдалану тәртібі мен талаптарын анықтайтын Үкіметтің қаулысы қабылдануы тиіс. Мемлекет авторлық құқықтардың барлығын иеленуші болып табылмайды, ал тек қана жеке құқықтарға ие болады.
Авторлық құқықтың субъектісі ретінде мемлекетті танудың өзге негізі болып туындыны мемлекет игілігі ретінде жариялау табылады. Бұл жерде заң авторлық құқықтың мерзімі өтіп кеткен туындыларға қатысты келтіріп отыр. (АК-тің 496-бабы). Бұл жағдайда да мемлекет игілігі деп танылған туындыларды пайдаланудың тәртібі мен шарттарын анықтайтын Үкімет қаулысы қабылданады.
Әрекет етуші заңнама авторлық құқықты заңды тұлғаларда арнайы бекітілген заңнама шегінде және жағдайында таниды.
Азаматтық Кодекс энциклопедия, газеттер, журналдар, ғылыми еңбектердің жинақтары мен өзге де мерзімді басылымдарды шығарушы баспалар үшін туындыны (кітаптар, журналдар, жинақтар, газеттер) пайдалануға құқығын (479-бап); кино-телестудиялар үшін – тұтасымен ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?