Экономика | Ұлттық экономика дамуының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық негіздері

 Экономика | Ұлттық экономика дамуының  әлеуметтік-экономикалық және құқықтық негіздері

Мазмұны


КІРІСПЕ.................................................................................................................3

1 ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.............................................................................................................5
1.1 Ұлттық экономика: негізгі нәтижелері және оның өлшемі......................5
1.2 Ұлттық экономика құрылымы және оның өлшемі.....................................12
1.3 Мемлекеттің қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу.....................................................................................................................18

2 ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ...............................................................................23
2.1 Ұлттық экономика дамуының стратегиялық басымдылықтары................23
2.2 Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру.............................32
2.3 Қазақстан Республикасының Конституциясы – ұлттық экономика дамуының іргетасы...............................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................52

ҚОСЫМШАЛА


Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де көп, салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс организмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар, маркетинг т.б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің қандай да болмасын жолдарының теорияның негізін жоюда.
Материалдық емес ізіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатысады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал етеді.
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық экономиканың құрылымын қарастыруды қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Қоғамдық өндіріс құрылымы деп отырғанымыз, сол мерзімде экономикада әрқилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасына байланысты.
Зерттеу пәні ретінде ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрінісі. Экономикадағы құрылымдық өзгерістер, өлшем мәселесі. Қоғамдық өндірісті интенсивтендіру негізінде экономиканы құрылымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады. Мұнда оптималды құрылымды қамтамасыз ету мақсатымен негізгі күш күрделі қаржының сандық өнімдерін емес, оның сапалық өзгерістеріне ауысады, яғни инвестицияның ұдайы өндірістік салалық және технологиялық құрылымдары болып бөлінеді.
Зерттеу жұмысының басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты стратегиясына сүйене отырып, ҚР ұлттық экономика дамуының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын қарастыру.
Қойылған мақсатқа жетуде зерттеу жұмысының алдында мынадай міндеттер белгіленді:
- ұлттық экономиканың негізгі нәтижелері мен оның өлшемін анықтау;
- ұлттық экономика дамуының стратегиялық басымдылықтарын қарастыру;
- мемлекеттің қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу;
Зерттеу пәні ретінде жалпы ұлттық экономика дамуының стратегиялық басымдылықтары мен бәсекелестік қабілеті алынды. Ал зерттеу жұмысының объектісі ретінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003-2015 стратегиясы қарастырылды. Зерттеу жұмысының теориялық негізінде ұлттық экономика құрылымы мен оның өлшемі, және құқықтық мәселелері алынды.
Мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясаты тізбегіндегі басты буын халық табысын құру саясаты. «Табыс» деген түсінік экономикалық жұмыс нәтижесінің көрсеткіші. Экономикалық әдебиетте «Табыс» дегенді жаңадан жасалған құнның мөлшерін анықтауға қолданып, өндірілген құнның мөлшерін анықтауғңа қолданып, өндірілген құнның оның өндіруге жмсалған шығындардан артық болуы, әр таптың, әлеметтік топтың немесе жекелеген адмның өндірген өнімдегі үлесі, оны иемдену мағынасында түсінеді
1 ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ұлттық экономика: негізгі нәтижелері және оның өлшемі


Ұлттық экономика аясындағы практикада қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты: біріншіден, қоғамдық өндірісті сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау; екіншіден, (бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.
а) Жалпы қоғамдық өнім (ЖҚО) мен ұлттық табыс (ҰТ). Кеңес елінің саяси экономикасында материалдық өндіріс саласына жұмсалған еңбек қоғамдық өнімді өндіреді деп түсіндіріледі. Материалдық өндірістен тысқары қалғандар құрайды. Демек, бұрынғы КСРО-да жиынтық өнім материалдық өндірістен саласы өнімдерінің қосындысы ретінде анықталды( өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының, жүк транспортының, байланыстың (материалдық өндіріске қызмет ететін бөлігі), материалдық-техникалық жабдықтау ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың сауда мен қоғамдық тамақтандырудың, металл қалдықтарын жинау мен дайындау, кинофильм өндірісінің, кітап және газеттерді баспадан шығару, отын дайындау т.б. салалары). Айналыс саласында өндіріс процесінің қорытындысын саудадан анықтау практикалық тұрғыдан мүмкін болмағандықтан КСТО статистикасында сауда толығымен өндірістік салаға жатқызылды, сөйтіп жалпы өнім мен ұлттық табысты есептеудің құрамдас бөлігіне айналды. Материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді өндіруші салаларды қамтитыны белгілі ( өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс), сонымен қатар материалдық қызмет көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға жеткзуші тарнспорт пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, атап айтқанда, киім тігу мен жөндеу, киімді жуу, тазалау, радио және электрлік тұрмыс тауарларын жөндеу т.б.
Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де көп, салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс организмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар, маркетинг т.б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің қандай да болмасын жолдарының теорияның негізін жоюда.
Материалдық емес ізіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатысады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал етеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жалпы (жиынтық) қоғамдық өнім, қоғамның бір жыл ішінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы десек, онда тек материалдық өндірісте еңбек ететіндердің қоғамдық еңбегі – қазіргі экономиканың жағдайын сипаттайтын өлшемі деп айтуға болмайды.
Жалпы қоғамдық өнім көрсеткішінде еңбек заттары қайталама (екінші рет) есептеліп отыр, яғни шикізат материалдар, аспаптар, отын, энергия. Мұндай қайталама есеп біртекті еңбек заттарын өндіріс циклының әр қилы сатысында есептеуіне байланысты орын алды.
Бір айта кететін жағдай, батыс статистикасында қайталама есепте үстеме құн көрсеткішін пайдаланады, соңғысы болса бір фирманың екінші бір фирмадан материалдар мен қызмет көрсетуді сату және сатып алумен байланысты көрсеткіш.
Кеңестік экономикалық статистикада қайталама есепті болдырмау үшін түпкі өнім көрсеткішін пайдаланып келді. Бұл көрсеткіш жеке және қоғамдық өндірістік емес заттарын, инвестициялық қаражатты қамтиды. Түпкі өнім элементтері осы жалпы қайтадан өңдеуге түспейді. Түпкі өнімді жалпы жалпы өнім көлемінен еңбек заттарынын айналымын игеру арқылы да анықтауға болады. Сонымен қатар, оның құрамында затталған еңбек құралдары шығынының бір бөлігі бар, ол өзінің экономикалық қызметі бойынша еңбек құралдардың жаңартудың көзі болып табылады, яғни аммортизация көзі.
Таза өнім (ТӨ). Қоғамның таза өнімі – жалпы өнім, одан жыл бойы жұмсалған өндіріс құрал – жабдықтарының орнын толтыруға пайдаланылатын амортизаци жарнасын машиалар, жабдқтар, транспорт құралдары, әр қилы өндірістік обьектілер құнынан, тұтынылған шикізат, отын, қосымша материалдар құнынан шегеріп тастағанда қалған бөлігі. Осыдан байқауға болады, таза өнім өзінің заттық мазмұны бойынша өндірісті ұлғатуға арналған, жеке тұтыну заттары мен өндіріс құрал-жабдықтары, т.ө. – аммортизация жарнамасы (АЖ) =ТӨ Сонымен қатар, таза өнім осы жылда жұмсалған еңбектің нәтижесі. Осымен байланысты экономикалық теория мен экономикалық статистика оны қоғамның бір жыл ішінде өндірілген құны немесе ұлттық табыс деп атайды. Заттық мазмұны бойынша бұл тұтыну заттары мен құрал-жабдықтардың бір белгінің жиынтығы, түпкі пайдалану фазасында тұтыну қоры мен жинақ қорын құрайды. Ұлттық табыс (ҰТ) елдің экономикалық дамуының қорытынды көрсеткіші, қоғамның өндіргіш күштерін, оның экономикалық құрылымын ұлғаймалы ұдайы өндірістің бір жылдық нәтижесін сипаттайды. Ол (ҰТ) ақшалай формада есептеледі.
Ұлттық табыстың абсолюттік мөлшері аса маңызды. Бұл қоғамдық өндіргіштің нақты нәтижесі, осы мерзімдегі халықтың әл-ауқаты дәрежесі мен қоғамның болашақта экономикалық даму мүмкіндігін сипаттайды. Ұлттық табыс қоғамдық өлшемін, 50% құрайды. Ол қоғамның түпкі өнімінен амартизация саласына, шаммен 8-10 % кем. [7.27] Ұлттық табыстың физикалық мағынада өсуі, біріншіден, қоғмдағы жұмсалған еңбек шығынның мөлшеріне тәуелді, яғни қызметшілердің саны мен еңбек қарқындылығына байланысты. Екіншіден, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне тәуелді. Ұлттық табыстың қозғалысы қоғамдық ұдайы өндірістің мынадай сатылары арқылы жүзеге асады: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну, пайдалану. Өндіріс сатысында ұлттық табыс қоғамдық өнім өндіретінбарлық салалардың таза өнімі (таза табыс), бөлу (қайта бөлу) сатысында = әр қилы алғашқы және қайталама табыстар, айырбас сатысында - өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну (пайдалану) сатысында – түпкі табыстар тұтыну және қор жинау мақсатында жұмсалады. Ұлттық табысты зерттеуден әр қилы бағыттағы экономистер айналысты. XVII ғ. өмір сүрген ағылшын экономисті У.Петти 1664 жылы капиталистік қғамның табыстарын және оны бөлуге, талдау жсауға әрекет жасады. Ол осы кезеңдегі Англия халқының табыс және шығыс балансын жасады. Ол ұлттық табысты есептеп шығара отырып, оның бүкіл халықтық, жерден, үйлерден, капиталдан және еңбек шығындарынан түсетін табыстар саласы деп анықтады.Ұдайы өндіріс пен ұлттық табыс мәселелерін А.Смит пен Д.Рикардо да зерттеді. Олар бүкіл қоғамдық өнім құнын қоғамның табыстарының сомасы (қосындысы) дей отырып, одан өнім құнына ауысқан өндіріс құрал – жабдықарының құнын щегеріп тастаған.
Швейцария экономисті Симон де Симонди осындай көзқараста. Ол қоғамның жылдық өнімі мен ұлттық табыс айырмашалығынан көрсетіледі. Француздың Ж.Б.Сей болса, құн мен падалылық өндірістің үш факторларының еңбек, капитал және жер қызметінің нәтижесі деді. Табыс келтіруші кез келген адам ұлттық табыста өндіреді де, қорытындылайды. Қазіргі батыс экономистердің ең алдымен Ж.Б.Сейдің ұлттық табыстың өндірістің әр қилы және бірдей құқылы факторлары өндіреді деген пікірін басшылыққа алуда. Американдық экономист Дж.Б. Кларк өзінің шектеулі өнімділік теориясында «қоғамдық табысты бөлу табиғи заңмен басқарылады және бұл заң әрбір өндіріс факторына осы фактордың өзі өндірген байлықтар сомасын (қосындысын) береді» деп көрсетеді. Мұндай тұрғыдан қараудың мәні кез келген іс-әрекеттің түрі табыс әкеледі, әрбір табыс алушы кәсіби мен қызмет түріне байланыссыз оның жасаушысы. Сонымен қатар, таза өнім осы жылда жұмсалған еңбектің нәтижесі. Осымен байланысты экономикалық теория мен экономикалық статистика оны қоғамның бір жыл ішінде өндірілген құны немесе ұлттық табыс деп атайды. Заттық мазмұны бойынша бұл тұтыну заттары мен құрал-жабдықтардың бір белгінің жиынтығы, түпкі пайдалану фазасында тұтыну қоры мен жинақ қорын құрайды. Ұлттық табыс (ҰТ) Бұған мемлекеттік шенеуліктер, әскери қызметшілер, діни қызметшілдер т.б. қосылады. Американдық статистика ұлттық табысты өндіруге қатысушы факторларының барлық иегерлерінің табыстарының сомасы деп анықтайды, яғни жалақы қорының капитал иесінің пайдасының және жер иесінің ренталарының сомасы (қосындысы). Ұлттық табыс жалпы ұлттық өніммен (ЖҰӨ) жанама салықтар мен негізігі капитал құнына амортзациялық жарна мөлшеріне кем. Біздің елдің бірқатар оқымыстылары әлі де ұлттық табыста полицияның, әскерлердің, заң қызметкерлерінің...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?