Экономика | Қазақстан Республикасы инвестицияларының дамуының перспективалары

 Экономика | Қазақстан Республикасы инвестицияларының дамуының перспективалары

Мазмұны

КІРІСПЕ
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТТЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инвестициялардың мазмұны, ұғымы және оның жіктелуі
1.2 Инвестициялардың экономикалық мәні
1.3 Инвестициялардың түрлері және оларды бағалаудың негізгі бағыттары
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1 Өндірістің инвестициялық мәселелерін талдау
2.2 Ұлттық экономиканы инвестициялаудың мәселелері
2.3 Инвестицияның тиімділігін бағалау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 Экономиканың өнімді өңдеу секторын инвестициялаудың бағыттары
3.2 Ұлттық экономиканың иновациялық даму жолындағы іс-әрекетін жетілдіру
3.3 Инвестицияның қаржылық экономикалық модельдері
3.3.1 Теңіз Шельфін өндірістік игеру және пайдалануға дайындау бойынша инвестициялық жобаның тиімділігін талдау
3.3.2 Мұнай және газ өнеркәсібіндегі техника-экономикалық көрсеткіштерді анықтау есебі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған.
Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестицияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне қатысты шаруашылық серіктестігі еншілестікті мойындайды, егер басқа шаруашылық серіктестігіне қатысуын қайта басқару күшіне оның жарғы капиталы немесе олардың арасында қатысты шарт жасау, немесе басқа түрде шешімді анықтау мүмкіндігі осындай серіктестікті қабылдауда, тәуелді акционерлік қоғамның тәуелдігін мойындау, бірлесіп бақыланатын заңды тұлға-бұл серіктестік, яғни басқа заңды тұлға. Әсеріне түскен шарт жасау күші және де инвестицияланған қаржы объект қаржылық пен басқа саясаттын дәрежесі үлкен немесе кіші екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Инвестициялардың экономикадағы рөлі мен орны бойынша тікелей инвестициялар ішкі нарық жағдайына тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетинттің жаңа формаларының жедел түрде енуін, сонымен бірге ұлттық экономиканың құрылымын өзгертеді.
Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжірибесін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны, оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді және нақты, потенциалды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес келмеді. Бұл кезеңде экономикада елеулі алға басулар болмады. Қазақстан жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен өнімнің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды. Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-зы ғана сәйкес келді, ал материалдардың, энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамамен 2-3 және одан да көп есе артық болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тұжырымдауынша халқының жан басына шакқандағы тікелей шетел инвестицияларын тарту деңгейі бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінін, сондай-ақ ТМД-ның алғашқы бестігіне сенімді түрде кірген.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18 ақпан) былай дейді:
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық
экономикасын құрдық.
Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
Қазақстан қазіргі әлемде. Біздің сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз. Біздің басымдықтарымыз өзгеріссіз күйінде қалады. Бұл — XXI ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.
Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел ішіндегі реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкіметтің алдында осы мемлекеттермен арадағы негізгі шарттар және келісімдерді бұлжытпай жүзеге асыру міндеті түр.
Осыдан бір ай бұрын Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны делимитациялау туралы шарттың тарихи маңызы зор. Тарихымызда тұңғыш рет біз өзіміздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде рәсімделген мемлекеттік шекараға ие болдық.
Осылайша біз соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың километрден асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткіздік. Бұл біздің мемлекеттік құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын Ұлттық кауіпсіздігіміздің маңызды кепілі.
Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген жағдайда Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз.
Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына, ТМД, ЕурАзЭҚ-ті реформалауға, БЭК-ті құру жөніндегі жұмыстарға да ерекше мән береді.
Біздің еліміз үшін барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ-мен бұрынғысынша іс-қимыл жасау маңызды болып қала береді. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге біздің кандидатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершілікпен қараймыз. Бүгінгі бастамалар сонымен қатар осы мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.
Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебені қастерлеуіміз және еліміздің қазіргі әлемдегі беделін нығайту үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек».

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инвестициялардың мазмұны, ұғымы және оның жіктелуі


Инвестиция — экономикалық стратегияның маңызды элементі. Қазіргі экономика жүйесін дамыту кезеңінде, ішкі қаржыландырудың мүмкіндіктері жетіспеуде, сондықтан да сыртқы капиталды тарту және пайдалану мәселелері өте маңызды орын алуда. Республика экономикасын дамыту тек мемлекет жағынан ғана емес, сонымен қатар сыртқы инвестициялық өзгерістермен де тығыз байланысты.
Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы негізгі капиталды қайта құру процесінің төменгі деңгейімен сипатталады. Негізгі капиталдың істен шығуы инвестициялық ресурстар ағымымен, ал өндірістік аппараттардың жанаруы техникалық-технологиялық және құрылымдық өзгерістермен толықтырылмай кәсіпорын, өндіріс қызметтерінің жүзеге асуы екіталай. Сондықтан да қазіргі таңда экономикалық өсуге қол жеткізу үшін шикізатты пайдалану мен бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арасындағы бой алған терең техникалық-технологиялық алшақтықты жоюға ықпал етететін жобаларды іске асыруға бағытталған инвестициялар көлемін ұлғайту көзделген. Жалпы инвестициялық сасаттың мақсаты - тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану және қайтару механизмдерін жасау болса, ал міндеті - өнеркәсіптік және ғылымды көп керек ететін салаларға инвестициялар тарту.
Бүгінгі танда республикамызда экономикалық тұрақты өсімнің көзі ретінде инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Инвестициялық ресурстарға ақша қаражатын салудың барлық экономикалық қайнар көздері жатады. Олар елдегі өнеркәсіп, кәсіпорындарының қызметінің жүруіне, экономиканың барлық салаларының дамуына тікелей әсер етеді.
Ішкі қаржы ресурстарының жетіспеушілігіне байланысты мемлекеттің экономикалық саясатында шетел тікелей инвестицияларын тарту және қолайлы инвестициялық хал-ахуалды қалыптастыру басты бағыт болуда. Экономикаға шетел инвестициясын тарту өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы инвестициялық жобаларды несиелеудің маңызды көздерінің бірі болып табылады. Шетел инвестициялар өндірістік аппаратты жаңа ғылыми-технологиялық негізде қайта құрып, тауар және қызмет өндірісінің дамуын жеделдетеді. Мұндай жетістіктерге инвестицияны экономикаға ұтымды тарта білгенде және тартылған инвестицияны тиімді таратып, үлестіре білгенде ғана қол жеткізуге болады. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында шетел инвестицияларын тарту стратегиясы ұзақ мерзімді мақсат ретіне танылып назардан тыс қалмаған /1,178 бет/.
Инвестиция жалпы ұлттық өнім өндірісіне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлігін құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және басқа да еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндірісті кеңейту және жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салынуы болып табылады. Сонымен қатар өнеркәсіптің жаңа салаларының негізін құрап, олардың дамуына жағдай жасайды. Аймақтағы шетел инвестициясы негізінде құрылған жаңа өнеркәсіптік бағыт жаңа салалдардың дамуының шешуші факторы және қозғаушы күші болуы ықтимал. Инвестициялар нәтижесінде мемлекеттік табыстардың артуы мемлекеттің жалпы әлеуметтік-экономикалық өсуіне, тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына, жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін құруға жағдай туғызады. Сонымен бірге әлеуметтік қажетті шығындарды азайтады. Қосымша жұмыс орындарының құрылуы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді, сондай-ақ инвестор кейбір әлеуметтік шығындарды өз мойнына алады, мысалы, медициналық сақтандыру шығындарын айтуға болады. Сонымен қатар жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықтың азаюы жанама түрде психикалық аурулар, қылмыс сияқты қоғамның әлеуметтік дерттерін азайтуға септігін тигізеді. Инвестицияны тарту артта қалған депрессиялы аудандардың дамуына жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының үкіметі басты назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды шарты болып республикадағы соңғы жылдардағы жоғарғы инвестициялық белсенділік көрсетіледі.
Елімізде минералды-шикізар ресурстарына бай аймақтарда капиталды қажет ететін кен өндіру, қайта өндеу кәсіпорындарына базисті ресурстар жинайтын жаңа ережені енгізуде ыңғайлы жағдайлар жасалды. Ресурс жинайтын технологияны өнеркәсіптік базалық саласына енгізу ғылымды қажет ететін өнеркәсіпті және жоғары технологияны инвестициялаудың сапалы негізін құрды.
Инвестициялар өндірістік ақпаратты жаңартып қайта құрып, жаңа өндіріс пен кәсіпорындардың құрылуын қамтамасыз етеді. Сол себепті шетел капиталын ынталандыру және қолдану қазіргі кезеңнің инвестициялық процестің заңды басымдылығы болып табылады.
Нәтижесінде шетел инвестициясын мақсатты бағытталған әсері Қазақстанда құрылымдық саясат экономикалық, энергетикалық және азық-түлік, көлік саясатын қамтамасыз етуге, сонымен қатар минералды шикізат ресрстарын пайдаланумен байланысты тау-кен өнеркөсібінің стратегиялық маңызды саласының жылдам дамуына бағытталды. Бай минералды шикізат ресурстарын қолданумен байланысты өнеркәсіптің құрылымы жақсарды.
Қазіргі таңда өндіріс пен қызмет көрсетулер сфераларының дамуында және оларды инвестициялауда әлі де көптеген кемшіліктер байқалады. Әрбір қызмет көрсету сфераларында, әрбір кәсіпорында инвестициялық қиындықтарды жену құралдары мен жаңа жолдарды іздеу және қаржылай ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет. Әлеуметтік-мәдени салаларда бұл мәселелерді шешу бюджет есебінен қаржыландыру үлесінің өсуімен және қайырымдылықпен (меценат) байланысты.
Қызмет көрсету сфераларындағы инвестицияның ролі, ол сол қызметті ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?