Экономика | Жаңа дамушы нарықтарға кірудегі ТҰК ң стратегиялары
Мазмұны
КІРІСПЕ...............................................................................................................3-5
I-ТАРАУ. ТҰК ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ......................................................................6-22
1.1. ТҰК ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ РӨЛІ................6-9
1.2. ТҰК ОТАНДЫҚ СЕКТОРЫНЫҢ ДАМУЫ.......................................10-15
1.3. ТҰК ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ..............................15-18
1.4. ТҰК ДАМУШЫ НАРЫҚҚА КІРУІНІҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ.....….18-22
II-ТАРАУ. ТҰК ДАМУШЫ НАРЫҚТАРҚА КІРУІНІҢ
СТРАТЕГИЯЛАРЫ.......................................................................................23-35
2.1. ТҰК ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ...............................23-27
2.2. ТҰК ҚАЗАҚСТАН НАРЫҒЫНА ШЫҒУЫНЫҢ
СТРАТЕГИЯЛАРЫ..................................................................................28-35
III-ТАРАУ. ТҰК-Ң ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ПРОБЛЕМАМАЛАРЫ
МЕН БОЛАШАҒЫ …………………………………………………….......36-42
3.1. ТҰК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ БОЛАШАҒЫ..............…….............36-42
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................43-46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................47-50
ҚОСЫМША....................................................................................................50-52
Жергілікті ұлтаралық (елдер арасында) интеграция процестері бүкіл әлемде қарқынды жүруде. Шаруашылық процестерінің ұлттандырылуы жеке капиталистік мемлекетаралық интеграциялық үрдістердің нәтижесінде тереңдетіліп жатыр. Ерекше маңызға әлемдік кеңістіктегі кең таралған нарықтық құрылым болып табылатын трансұлттық корпорациялар ие болуда. 80-ші жылдардың аяғында трансұлттық корпрациялардың үлесіне тауар мен қызмет көрсетудің әлемдік өндірісінің 15 % астамы келді. ТҰК ұлттық экономикаларды географиялық белгісіне (ортақ шекараларды есепке ала отырып) ғана қарай емес, сондай-ақ терең экономикалық, ұдайы өндіріс қарым-қатынастар негізінде де біріктіреді. Бүгінгі таңда әлемде шамамен 44 мың трансұлттық компаниялар бар. Ұлттық экономикалардың даму қарқыны құрылымдық өзгерістерге, әрдайым шектеулі қордың салалық қосымшаларындағы таңдап алынған артықшылықтардың негізділігіне тәуелді болып келуде.
Бүгінгі таңда ТҰК – әлемдік қоғам мен әлемдік экономика ғаламдануының негізгі және нақты факторы ғана емес, сондай-ақ әлсіз ұлттық экономикаларды тежеп, олардың дамуына мүмкіндік бермейтін және ғаламдандырылған әлемдік кеңістікте мемлекеттер деңгейінде «Кедейлер кедейлене, байлар байи түседі» деген әйгілі «классикалық капиталистік» принципті бекітетін ауқымды масштабтағы саяси биліктің орталықтары да болып табылады.
Сондықтан ұйымдастыру-басқару экономикалық жүйесі тұрғысынан алғанда ТҰК мәселесі теориялық және практикалық аспетілерде де аса маңызды. Оның ғылыми зерттемесі Еуропалық Одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық сияқты нақты жобаларды дұрыс түсінуде (қоғам және мемлекеттің саяси элитасымен) маңызды. ТҰК халықарлық еңбек бөлінісінің маңызды факторы бола бастаса, Қазақстанға осы әлемдік экономикалық кеңістікте өз орнын алу қажет. 90-шы жылдардың басынан бастап Қазақстан Республикасының нарығына негізінен жер асты өндірісімен басым айналысатын ТҰҚ үлкен саны кірді. Жоғарыда айтылғандардың барлығы бітіру (дипломдық) жұмысының маңыздылығын айқындайды.
ТҰК зерттеу жұмыстарының объектісіне шамамен XX-шы ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап айналды. Ол кезеңде ТҰК әлем бойынша АҚШ-та ең алғаш рет пайда болса, қазіргі шарттармен алғанда Xerox, IBM, General Electric, Dupont, General Motors, Coca Cola тәрізді ғаламдық-жүйелік ұйымдастыру құрылымдары түрінде қызмет жасады. ТҰК мәселесі мен оның қолданбалы зерттемесі (ең алдымен 70-90-шы жылдардағы өтпелі экономикаларға арналған) жөнінде көлемді еңбек жазған неміс зерттеушісі П.Фишер 1960-шы жылдан 1991-ші жылға дейінгі уақытта осы феноменға қатысты пайда болған зерттеу парадигмаларының тізімін келтіріп, оның экономика, маркетинг, халықаралық бизнес, халықаралық экономика, саясаттану пәндерінің шеңберінде зерттелгендігін айтады. Осы парадигмалардың әрқайсысына баға бере отырып, П.Фишер олардың барлығы ТҰК-ұйымдастырушы құрылымдар мен тікелей шетелдік инвестициялау (ТШИ) процестерінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты көрсететіндігін атап өтті. Нақтылай айтқанда, қазіргі таңдағы экономикада шешуші рөл ойнайтын тікелей шетелдік инвестициялардың дамуы ғаламдық жүйелік ТҰК пайда болуына міндетті деген тезисті ұстанды. Осыдан келіп қазіргі таңдағы экономика – бұл ТҰК бағытталған экономика, ал шетелдік тікелей инвестициялау тек қана мемлекет-донорларға (инвестиция келетін мемлекет) ғана емес, сонымен қатар мемлекет-қабылдаушыларға (инвестиция алатын мемлекет) да тиімді деген қорытынды шығады. Алайда бұл зерттеу жұмыстарында ТҰК ұйымдастырылған түрлері маңызды болса да, арнайы түрде қарастырылмайды, өйткені олардың құрамында қазіргі экономикада инновациялық менеджмент (басқару) жүйесіне, мәдениет аралық (көпұлттық) бизнестің ұйымдастырылу түрлеріне көшу ТҰК бағытталған экономика тұрғысынан қарастырылатын тиімді экономикалық модель тудырады деген «қалыптасқан ой» бар. Шынымен де «Триада мемлекеттерінің» - «үлкен жетінің» тиімді экономикаларының (дамыған елдердің) қалыптасуы озық (ғаламдық жүйелік) ТҰК алдымен АҚШ-та (50-ші жылдар), одан кейін (70-80-ші жылдар) Жапония мен Еуропада (Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Испания) пайда болуымен қатар жүріп келе жатыр. Осылайша, нарықтық шаруашылықтың әртүрлі деңгейде таралған субъектілері болып саналатын ТҰК-ды микроэкономикалық дәрежедегі ғаламданған (ақпараттық-қарым-қатынастық) экономикалық кеңістіктің тиімді ұйымдастырылуына әсер ететін жүйелер деп айтуға болады. Олар әлемді өз саудасының мәдениет аралық нарығымен ғана емес, сонымен бірге ақпараттық-қарым-қатынастық ұйымдастыруымен әлемді біріктіретін конвергенттік технологиялар. Қысқаша айтқанда, олар ноу-хау көмегімен ғаламданған экономикалық кеңістікті ұйымдастырушылар қызметін атқарады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасын мысалға ала отырып дамушы нарықтарға кіру кезеңіндегі ТҰК-ды зерттеу.
Жоғарыда аталған мақсатқа сай төмендегідей мәселелер (тапсырмалар) туындайды:
- экономикадағы ТҰК-дың мәні мен рөлін айқындау;
- ТҰК отандық секторының даму мүмкіндіктерін зерттеу;
- ТҰК-ды әлемдік шаруашылық жүйесін ұйымдастырудың маңызды факторы ретінде қарастыру;
- ТҰК-дың дамушы нарықтарға кіруінің стратегияларын анықтау;
- Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы ТҰК-дың даму мәселесіне сараптама жасау;
- ТҰК-дың отандық нарыққа шығуының стратегияларын қарастыру;
- ТҰК-дың Қазақстандағы даму болашағын айқындау;
- қабылдаушы мемлекеттегі ТҰК қызметінің оң және теріс нәтижелерін анықтау;
-ТҰК қызметін тәртіптеудің халықаралық-құқықтық және ұлттық механизмдерін қарастыру.
Зерттеу жұмысының объектісі: трансұлттық корпорациялар (ТҰК).
Зерттеу жұмысының пәні ТҰК-дың дамушы елдердің нарығына кіру кезінде пайда болатын экономикалық қарым-қатынастар.
Бітіру (дипломдық) жұмысын жазу барысында таңдап алынған тақырыпқа байланысты көптеген әдебиет зерттелінді. Мәселен, Қазақстан Республикасы экономикалық теориясының маңызды проблемаларын зерттеуде Аубакиров Я.А., Ашимбаева А.Т., Байзақов С.Б., Батыршаұлы С., Елемесов Р.Е., Есентүгелов А.Е., Жатқанбаев Е.Б., Кенжегузин М.Б., Кошанов А.К., Кубаев Е.К., Мухамедиев Б.М., Нарибаев К.Н., Нурланова Н.К., Нысанбаев С.Н., Оспанов С.С., Рамазанов А.А., Сухова Л.Ф., Шеденов У.К. және т.б. сияқты отандық экономистер үлкен үлес қосты.
Соңғы жылдарда ТҰК-дың жеке теориялық және практикалық аспектілерін Амренова М., Баильдинова Е., Баймұратова У.Б., Бейсенова Л., Берентаева К.Б., Егармина И., Карабасова И., Кенжебаева С, Кожакулова О., Кулекеева Ж.., Мауленова К.С., Музапарова Л., Сайрамбаева Ж.Т., Сидоренко Е.Н. және тағы басқалардың еңбектері қамтиды.
Дипломдық жұмыс құрамына кіріспе және қорытынды, үш бөлім, алты бөлімшелер, әдебиет тізімі мен қосымшалар кіреді.
I-ТАРАУ. ТҰК ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. ТҰК ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ РӨЛІ
Әлемдік экономиканың интернационализациялану шарттарында моноұлттық әлеуметтік-экономикалық одақтар түрі жағынан интернационалдық болып қалған, ал құрамы жағынан біртекті болып келетін саяси мемлекеттік құрылымдарға біртіндеп айналуда. Өндірісті әлемдік деңгейде арнайландыру және кооперациялау қағидаттары бойынша қызмет жасайтын көпсалалық құрылымдар пайда болып жатыр. Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) деп аталатын бұл одақтар әлемдік шаруашылық қарым-қатынастарының негізгі қозғаушы күшіне айналды. Әлемдік экономикада ең кең таралған нарықтық құрылымдар болып саналатын ТҰК үлесіне XX-шы ғасырдың 90-шы жылдарының басында тауарлар мен қызмет көрсетудің ғаламдық өндірісінің 15-20% келді. Олар ұлттық экономикаларды географиялық қана емес (шекаралардың ортақтығы), сонымен қатар терең қайта жандандыру қарым-қатынастарының негізінде де біріктіреді.
ТҰК капитал мен өндірістің шоғырландырылу мөлшері мен деңгейіне, халықаралық экономикалық қатынастарға ықпал етуіне, орналасқан мемлекет пен қабылдап жатқан мемлекеттің экономикасына қарай бірдей болып келе бермейді. 80-ші жылдардың аяғында екі немесе және одан да көп мемлекеттерде филиалдары бар 11 мың корпорация есепке алынған. Бірақ БҰҰ-ның сарапшылары ең ірі деген ТҰК-ға негізінен көңіл аударды. 1989-1990-шы жылдар аралығында олар сату мөлшері 1 млрд. АҚШ долларынан асатын 600 ТҰК-ды зерттеген. Ал 200-ге шақ ТҰК-дың 20-дан астам мемлекетте филиалдары болған.
80-ші жылдары трансұлттық корпорациялардың біріктірілу түрлері белсендіріле түсті. Ғылыми-техникалыық жұмыстардың жаңа сатысы, бәсекелестің күшеюі ТҰК ғаламдық одақтарының қалыптасу бағытын туғызды. Аталған процесс әлемдің озық елдері АҚШ, Жапония, Еуропа елдерінде байқалуда. Әлемнің ең ірі 100 ТҰК 44-і АҚШ-та, 18-і Жапонияда 7-і Германияда, 6-ы Англияда, 5-і Францияда, 4-і Оңтүстік Кореяда, 3-і Италияда, Канадада және Нидерландыда қызмет жасайды.
Кесте 1. Шетел активтерінің мөлшері бойынша сұрыпталған ірі ТҰК
ТҰК рейтингі ТҰК Мемлекет Қызмет жасау саласы Шетел активтерінің үлесі, % Шетелге сатудың үлесі, % Шетел капиталының үлесі, %
1 Дженерал Электрик АҚШ Электроника 30 27 35
2 Роял Датч/Шелл Ұлыбритания/Нидерланды Мұнай өңдеу 66 55 78
3 Форд АҚШ Машина жасау 30 45
4 Эксон АҚШ Мұнай өңдеу 58 87 ...
5 Дженерал Моторс АҚШ Машина жасау 25 32 34
6 Ай-Би-Эм АҚШ Компьютерлер 51 62 50
7 Тойота Жапония Машина жасау 35 48 23
8 Фольксваген Германия Машина жасау ... 64 47
9 Мицубиси Жапония Әртүрлі ... 39 44
10 Мобил АҚШ Мұнай өңдеу 67 66 53
11 Нестле Швейцария Азық-түлік өндірісі 91 98 97
12 АББ-Асеа Браун Бовери Швейцария / Швеция Электроника және электротех-ника 97 94
13 Эльф Акитен Франция Мұнай өңдеу 62 60 49
14 Байер АГ Германия Химия өндірісі 90 84 66
15 Хёхстаг Германия Химия өндірісі 79 53 63
16 Ниссан Мотор Жапония Машина жасау 46 53 ...
17 Фиат Италия Машина жасау 38 39 38
18 Юнилевер Ұлыбритания /Нидерланды Азық-түлік өндірісі 84 86 90
19 Цаймлер-Бенц Германия Машина жасау ... 62 23
20 Филипс Электронике Нидерланды Электроника 77 95 82
Ескерту: Халақаралық қайта құру және даму банкінің 2004-ші жылғы мәліметтері
Қазіргі таңда қызмет жасайтын (кесте 1) 150 ірі экономикалық операторлардың (компаниялар мен мемлекеттер) 86-сы ТҰК болып табылады. Мәселен, салыстыратын болсақ ТҰК сатудың жалпы мөлшері, млрд. АҚШ долларымен алғанда: «Дженерал Моторс» - 125, «Форд» - 98, «Мобил» - 59, IBM – 69, ал кейбір мемлекеттердің, мысалы Португалияның жалпы ішкі өнімі 1999-шы жылы – 57, Филлипин елінің – 44, Қазақстанның 23, Кенияның – 7 болған.
Осылайша, ТҰК әлемдік экономикалық аренаға шығуы бір жағынан сарапшылардың, екінші жағынан ғылыми әдебиеттің тұжырымдамалары ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?