Қаржы | Бюджет саясатының перспективалары мен бағыттары

 Қаржы  | Бюджет саясатының перспективалары мен бағыттары

1.Тарау Қазасктан Республикасының Бюджет жүйесі және бюжет құрылымы

1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні, қызметі, рөлі

Қаржылық байланыстардың орасаң зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен мемлекеттің шаруашылық жүргізушісі субьектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қлғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мелекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнан құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетін обьективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі обьективті қажеттігі ұлғаймалы ұдай өндірістің қажетіліктерімен, мелекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақаша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы әкономиканың жұмыс етуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үлесін қамтамасыз етуге, оның салық және аумақтық құрылымын жетілдіруге, экономиканың салдарын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, әрі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржыны орталандырудың арқасында ақша қаражаттары мемлекеттің экономикалық және әлуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылды.
Сөйтіп обьективті обьективті бөлгіштік қатынастырдың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшылықты қоғамдық арналымды орындайды-жалпы мемелекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше бегілер тән; бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылды, мақсаты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністің айрықшылықыты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
а) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқушылармен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады.
б) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сферасы қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған.
в) қоғамдық өнімнің тауар нысандағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылды, ал қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар –ақша қатынастарымен тығыз тойқаласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық заттық түрінде болады; бюджет қатанастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында-бюжеттік қорында затталынды.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизімдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жыйынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономика реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылуы процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырады. Ақырында мемлекеттік бюджет мемлекеттік заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заң).
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызынан ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн. (Қосымша 1)
Мемлекеттік бюджет-ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджет (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30 пайыз жалпы ішкі өнімнің 20 пайыз жалпы қоғамдық 10 пайыз бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып сала аралық аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланып келеді. Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды кешенді мақсаты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми техникалық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамытуды тездетуге және халықтың ең аз қамтыған жігін әлеуметтік қорғауға бағыталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. әлеуметтік саясаттағы басымдықтар- халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от басыларын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау бөлімі, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет заңдары

Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді.Қазақстан Республикасы бюджет заңдары қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларының орындалуы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, Заң шығарушы билік, басқару аппаратын ұстауды және басқа да шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмсалуды қамтамасыз ететін бюджеттік тармақтарының желісі құралады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды процесінде заңмен отыратын белгілі қаржылық өзара –қатынастар пайда болады. Осы элеметтердің барлығы-бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттарры, оның буындарының өзара қатынастары мен байланыстарының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы-бюджет құрылысын қарайды. Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму денгейіне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеледі. Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқытық нормаларға негізделген түрлі деңгейлерді бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық – мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративті мемлекеттерде бюджет үш буынан тұрады; мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет орталық мемлекеттің бюджеті, федерация мүшелерінің (АҚШ-та штаттардың , ГФР да жерлердің (ландраттардың) Канада провинциялардың Ресейде федерация субьектілердің бюджеттері);
Жергілікті бюджеттер:
Унитарлық (бірліктер) мемлекеттерде екі буынды жүйесі қолданылады; орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшалануы мен дербестігін түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ әдеттегідей, әлеуметтік –экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатысы бойынша белгілі бір реттеуші роль орталық бюджетке сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюжет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан-федералдық есем, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға тиісті құқытық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлерді бюджетті қамтиды. Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджеттер дербес жұмыс істейді. 1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикаларының мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кіреді, онда ел аумағының барлық бюжеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттерде қамтылып көрсетіледі. Ол одақтық бюджеттен 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрады. Одақты бюджетке 1970-1990 жылы мелекеттік бюжет ресурыстарының жалпы ауқымының 52-50 пайыз тийді, оның 35 пайызы республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15 пайыз жергілікті қарамағында болады. (Қосымша 2)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің басты республикалық бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет-бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профециті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конситетуциясы мен заңнамалық актілерге жүктелген міндеттерді жүзеге асыру Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңмен бекітілген орталықтандылырған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) –облыстық бюджттер, қалаларрдың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы), аудандардың (қаладағы аудандардың қоспағанда) бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалық бюжет Қазақстан Республикасының заңмен, жергілікті бюджеттер маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі. Бюджет жүйесінің жұмыс істеу бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді.
1.3 Бюджеттің құрылымы

Бюджеттің түсімдері мен шығыстары
Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады.Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады.
Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?