Дене шынықтыру | Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу жаттығу сабақтарын өткізуді ұйымдастыру
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 ФУТБОЛ СПОРТШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................
7
1. Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу-жаттығу сабақтарында ұйымдастыру аспектілері............................................................................
7
1.2 Оқу-жаттығу сабақтарын өткізуде жұмыс қабілеті мен арнайы жылдамдық - күш қасиет шеберлігіне машықтандыру....................... ..... 19
1.3 Машықтану үрдісінде футболшыларды ептілікке дағдыландыру.... 27
2 ФУТБОЛ СПОРТШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҚТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
40
2.1 Инновациялық технологияларды қолдана отырып футболшылардың жұмыс қабілетін арттыру жұмыстары .......................
40
2.2 Оқу-жаттығу сабақтарында футболшылардың ойын жүргізу әдіс тәсілдері..........................................................................................................
54
2.3 Оқу-жаттығу процесінде футболшылардың дене қабілеттерінің даму нәтижесі...............................................................................................
60
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................... 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................... 68
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының негізгі құрамасы, олимпиадалық және жастар құрамаларының сәтті ойын көрсетуінің басты шарты барлық оқыту-машықтандыру процесін футболшылардың арнайы дене сапаларын жетілдіруге арналған тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып жетілдіру.
Көпжылғы өткізіліп келген барлық педагогикалық эксперименттік байқаулар футболшылардың жалпы дене дайындығы мен техникалық-тактикалық шеберліктерінің нашарлауын көрсетіп келген.
Осыған орай, бұл мәселелер ғылыми дәрежеде, әсіресе жасөспірім кезеңдегі футболшылардың дене қабілеттерін тәрбиелеуде педагогикалық тәсілдерді пайдалануды зерттеу жұмысы барысында айқындалуы тиіс. Олай болатын себебі футболшылардың дене қабілеттері мен спорттық шеберлігінің қарқынды өсуі дәл осы сатыда, яғни олардың жасөспірім кезеңінде байқалады. Дене қасиеттерін тәрбиелеудің маңыздылығы - футболшылардың жаттығу тәсілдерін дұрыс өңдеп, қабылдай алу қабілеттілігінде, яғни мағлұматтарды өңдеу арқылы олар өз дене қабілеттері мен спорттық шеберліктерін шыңдай алады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қамти отырып, ғылыми зерттеу жұмысы
жасөспірімдердің жылдамдық-күш қабілеттерін педагогикалық тұрғыдан
қарай отырып, олардың дене қабілеттері мен спорт шеберліктерінің артуына
септігін тигізбек.
Футбол – тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.
Футбол – атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-жігерін шыңдайды.
Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана – жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс – қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.
Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің дамуына ерекше әсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы бір құрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгеортіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененнің қозғалысы, допты алып жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой – осының барлығы жиылып көптеген бағалы сапаларды жетілдіреді.
Зертеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты жас футболшылардың жасы бойынша ерекшеліктерін теориялық және әдістемелік негіздерін ашып, іс-тәжірибелік құндылығын дәлелдеу.
Зерттеу нысанасы. Жалпы білім беру мен спорт мекемелеріндегі оқыту- машықтандыру процесі.
Зерттеу пәні. Балалар мен жасөспірім футболшылардың дене дайындықтарына баға беру.
Зерттеу гипотезасы.Жасөспірім футболшылардың оқыту-машықтандыру процесіндегі жылдамдық және жылдамдық-күш қабілеттерін тәрбиелеуге арналған әдіс-тәсілдерді біркелкі пайдалануымыз керек. Өйткені жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сүйене отырып, мотивациялық қалыптасулары арқылы жалпы дене дамуына әсер ете аламыз.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Оқыту- машықтандыру процесіндегі жылдамдық және жылдамдық-күш қабілеттерін тәрбиелеуге бағытталған әдіс-тәсілдерді жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдалану.
Спорттық дайындықтың барлық процесін оқыту және жаттығу деп бөлуге болады. Оқыту деп – шұғылданушылардың қозғалыс пен дағдылардың арнайы білім беру жүйесінің бастапқы кезеңін меңгеруін атаймыз. Ойынның техникалық элементтерін, жекелей немесе топтық тактикалық іс-әрекеттер, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды меңгеру – оқытудың негізігі мазмұны – техникалық әдістердің, жеке, топтық және командалық тактикалық іс-әрекет, дене күш дамуы, ерік-жігер сапаларын жетілдіру. Спорттық жаттығу бұл – басқару әдістеме негізінде құрылған спортшының дайындығы. Оқыту және жаттығу процесінің тәрбиелік бағыттағы сипаты болуы тиіс. Сондықтан да оқу-жаттығу сабағына үлкен талап қойылады. Оқу-жаттығу сабағы шұғылданушыларды жан-жақты дайындауға лайықты құрылуы қажет.
Футбол шеберлігін меңгерудің негізгі тірегі болып футболшылардың денсаулығы болып саналады, олардың жақсы дене-күш дайындығы, жоғары ерік-жігер сапалары.
Футболшыларды оқыту-жаттығу процесінде төмендегі қойылатын талаптарды шешеді:
а) Қозғалыс дағдылары мен ерік-жігер сапаларын жетілдіру
ә) Спортшылардың функционалды мүмкіншілігін кеңейту (тыныс алу, жүрек қан тамырлары және басқа да жүйелері)
б) Спорттық жұмыс қабілеттілігін сақтау және көтеру.
в) Спорттағы білімін көтеру, тәртіптілікке, сезімталдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Осы талаптарды жаттығу процесінде ретімен шешу адам ағзасының мол мүмкіншілігін жоғары спорттық көрсеткішке жету үшін барынша көп пайдалануға болады. Қарсылас командалардың шеберлігінің деңгейін үнемі өсіп отыруы футболшылардың жан-жақты дайыдығына қойылатын талаптарды жыл сайын күшейтіп отырады. Осы қойылатын талаптардың жағымды әсері педагогикалық қағидаларды ретінен іске асыру арқылы шешіледі.
Дағдылардың қалыптасуы мен жетілуі дене жаттығуларын жүйелі түрде орындауда ғана жүзеге асады. Олар көп жақты болып келеді, оларды таңдау оқу-жаттығу процесінің талаптарына сай болады. Дене жаттығулары дене тірегіне, күштің көбеюіне, жылдамдық,төзімділік және ептіліктің жақсаруына әсер етеді. Сондай-ақ жүрек қан тамырларының жұмысына, тыныс алу және басқа да ағза жүйелерінің, спорттық жұмыс қабілетінің өсуіне жүктемеден кейін қайта қалпына келтірудің жылдам жүруі жетілдіреді. Әрбір жаттығу дағдының және сапаның өсуіне әсерін тигізеді. Сондықтан да дене-күш жаттығуларын басымды әсер етуіне қарай іріктелінеді.
Олимпиадалық ойындардың қатарындағы футбол ойыны бойынша Қазақстан футболшыларының дене-күш, техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен тығыз байланысты. Сондай мүмкіндіктердің бірі болып футболшылар ағзасының оқу-жаттығу жүктемесіне жеке бейімделуі.
Футболдан оқу-жаттығу, жарыстар жыл бойы әртүрлі климаттық және метрологиялық жағдайлардың лезде өзгеріп отыруына қарамастан өткізіліп, соған ағзаның бейімдігін, мүмкіншілігін және қарсы тұру қабілеттілігн арттыруды қажет етеді.
Футбол ойыны бүкіл дүние жүзі халқының жан тәнімен құмарта шұғылданатын үлкен спорт түрі.
Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде. Қазақстан құрама командасы Азия құрлығы федерация құрамынан шығып, бүкіл әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90 –шы жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене-күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады.
Оқу-жаттығу сабағында берілетін жүктеменің деңгейі шұғылданушылардың дене-күшінің ерекшеліктеріне жүктемені көтеру қабілеттілігіне қарай берілуі тиіс.
Сондықтан да оқу-жаттығу процесінде шұғылданушыларды жоғарыдағы ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Жаттығу барысында жүктемені топтағы шұғылданушыларға бірдей деңгейде беру үлкен қате болып саналады. Әрбір берілген жүктемеге ағзасының жауап беру қабілеттілігн қатаң түрде бақылауымызда ұстау қажет. Бұл жерде жаттықтырушылар дәрігер және психологтармен тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.
Жиналған мәліметтер бойынша шұғылданушылардың берлілген жүктемеге бейімделуі олардың оқу-жаттығу процесінде және жарыстарда түрлі іс-әрекеттерді, күшті жылдамдықты, ептілікті қажетті жерде қажетті мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жұмыста автордың әдістемелік эксперименталды зерттеулерінің тәжірибесі көрсетілген.
Зерттеу жаңалығы футбол ойынындағы ойыншылардың жүктемелерін орнықтыру, спорттың жаттығу әдістемелеріне кіргізіле отырып, дене тәрбиесінің жаңа қолайлы түрлері мен жолдарын іздестіру болып табылады.
Зерттеу барысында жоғары дәрежедегі футболшылардың және жаңадан бастаған шұғылданушылардың жүктемеге бейімделу тәсілдерін тәжірибеде қолдану жиілігі мен ол тәсіл туралы бар білімдері анықталады.
1 ФУТБОЛ СПОРТШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу-жаттығу сабақтарында жылдамдық қасиеттерін дамыту жөніндегі ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу
Жылдамдықтың даму сатысы көбінесе күш-жылдамдық қасиетіне байланысты. Әсіресе бұл көріністі спорттық ойын түрлерінен байқауға болады. Берілген қозғалыс қасиеті туралы В.М.Зациорскийдің айтуынша [1,2] «Жұмыс көлемінің ұзақтығымен қатар оны жоғары деңгейде орындауына ықпал етеді» деген.
Зерттеулердің бірқатары жылдамдық қабілетін бас мидың көмегімен, яғни жүйке жүйелерімен байланыстырады. Олай болатын себебі жүйке жүйелерінің қозғыштығы спортшылардың қозғалыстарына, қимыл-әрекеттеріне жауап береді. Жылдамдық қозғалысы кезінде спортшылардың психологиялық даярлығы маңызды роль атқарады [3,4,5,6].
Көп мамандардың, жылдамдықтың даму жолындағы негізгі факторларды зерттеуі, басқада спорт түрлерімен шиеленіскен.
Ғалымдардың жылдамдық қабілетін зерттеудегі көрсеткіштері оның бірқатар факторларға тәуелділігінде. Шешуші факторларға-буындардың қозғалмалдылығы (антогонист бұлшық еттерінің созылуы), аяқ және қадамдардың ұзындығы, спорттық техника мен итеріліс күші жатады [7].
Жылдамдық факторларының зерттеу көрсеткіштері жылдамдықты тәрбиелеуге жаңа әдіс-тәсілдерді ойлап табуға әкеп соқты. Осы бағытта зерттеу жүргізу әсерімен, әр түрлі спорт түрлері, соның ішінде футбол ойынындағы жылдамдықты дамытуда, осы қабілетті танып-білуге септігін тигізеді [8].
В.М.Зациорский [1] жылдамдық кабілетінің жеңіл және бірыңғай
түрлерін бөліп көрсеткен. Жеңіл түрлеріне:
- қозғалыс реакциясының латенттік уақыты;
- жылдамдықтың жекелей қозғалысы;
- қозғалыстың біркелкілігі:
Бірқатар зерттеулердің көрсеткіштері [9,10,11] жылдамдықтың жай түрлері, әсіресе қозғалыс реакциясының латенттік уақыты жылдамдық қозғалысының көрсеткіштерімен сәйкес келмеуінде, яғни олардың бір-бірінен бірыңғай тәуелсіздігін көрсетеді.
Қ.И. Адамбеков [12,13] өз практикасында, кешенді түрлердің көрінуін екі фазаға бөледі:
1) жылдамдықтың өсу фазасы,
2) біркелкі жылдамдық фазасы.
Т.М. Нетто [14] жоғары дәрежелі және алғашқы сатыдағы спортшылар арасында зерттеу өткізген. Зерттеу барысында, максималды жылдамдық пен шаршауға қарсылық (төзімділік) мүмкіншіліктері анықталды. Зерттеу жұмысы, бұл көрсеткіштердің бір - бірінен тәуелсіздігін және олардың дамып отыратындығын көрсетті.
М.А.Годик [15] жылдамдық көрсеткіштерінің негізгі төрт формасын бөліп көрсеткен:
- әр түрлі белгілерге (сигнал) жедел назар аудару;
- жекелей локальды қимыл - қозғалыстарды орындау;
- тез арада жасалатын қозғалыстарды орындай алу;
- жылдамдықтың максималды қозғалысы.
Жоғарыда аталған төрт форма, бір - бірінен тәуелсіз және қатал түрде бірыңғай амал – тәсілдермен дамып отырады.
Р.Р. Аманбаев, Е.К. Адамбеков [16,17] жүгіру кезіндегі жылдамдықтың динамикалық құрылысын мына факторлардың көмегімен анықтап білді:
- старттық реакция уақыты және спорттық жылдамдық;
- жүгірушінің тез арада максималды жылдамдыққа жетуі;
- максималды жылдамдық пен оны көрсете алу қабілеті.
Н.Г. Озолин [18,19] қисық жылдамдықтың үш бөлігін анықтап берді:
1) 15-30 метр аралығындағы старттық жылдамдык;
2) максималды жылдамдықпен жүгіру немесе 50-70 метр аралығында бірыңғай төзімділігіне мінездеме беруінде;
3) жоғарыдағы құжаттарға сүйене отырып, спортшылардың жылдамдық қабілеттеріне келесі компоненттердің қосылуын айтып өткеніміз жөн:
- жылдамдық реакциясы;
- спорт кезіндегі жылдамдық жиынтығы;
- максималды жылдамдық деңгейі;
- шаршауға қарсылық немесе максималды жылдамдықты ұстау.
Жылдамдық қасиетінің бұл формалары бір - бірінен ерекше болуына орай, олардың дамуына арнайы әдіс - тәсілдерді пайдалану керектігін білдіреді.
Жылдамдық реакциясынан басқа мүмкіншіліктер күш қозғалысының көмегімен анықталып, онымен тығыз байланыста екендігін ескерген жөн.
Мамандарының зерттеулері бойынша [20,21,22,23,24,25], футболдағы жылдамдық мынадай формалармен айқындалады:
1) Реакция уақыты;
2) Старттық жылдамдық;
3) Старт алу кезіндегі жылдамдық;
4) Техникалық тәсілдерді орындау кезіндегі жылдамдық;
5) Ойлау жылдамдығы;
6) Бір орыннан козғалу мен бәсеңдеу жылдамдығы;
7) Дистанциялық жылдамдық;
8) Бір қимылдан екіншіге ауысу кезіндегі жылдамдық.
Спорттық ойындарда жылдамдық - дифференциялық және бірыңғай қимыл - қозғалыс қасиеті болып саналады. Бірыңғай болып есептелуі, оның иілгіштік, спринтерлік қабілеті, бір орыннан тез қозғалуы, ептілік пен басқа да қимыл - қозғалыс реакциялары сияқты бірқатар компоненттерден кұрылуында. ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?