Дене шынықтыру | Споршылардың жарақаттануын алдына алу
Мазмұны
КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. ЖАТТЫҒУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖАРАҚАТТАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.
1.1 Жарақат ұғымы: оның түрлері мен себептері
1.2 Көп тараған жарақаттарды нақтылау (диагностикалау) және емдеу
1.3 Жарақатта спорт медицинасының мақсаты мен міндеттері
2-ТАРАУ. ЖАРАҚАТТАРҒА АЛҒАШҚЫ МЕДИКО-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ
2.1 Спортшыларға жедел алғашқы медициналық көмек көрсету
2.2 Жоғары мамандандырылған медициналық және амбулаторлы-емханалық көмек көресету
2.3 Спортшылардың жарақаттарын емдік дене тәрбиесі, емдік гимнастика және массаж арқылы емдеу
3-ТАРАУ. СПОРШЫЛАРДЫҢ ЖАРАҚАТТАНУЫН АЛДЫНА АЛУ
3.1 Споршылардың жеке гигиенасы
3.2 Дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру шаралары
3.3 Спорт саласындағы заманауи медициналық технологиялардың рөлі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Спортшыларда медицина саласын қолданудың негізгі мақсаты жас спортшының бойындағы ағзаның қасиеттерін сақтап қалу мен қатар, дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдіру. Сондай-ақ спорттық медицинаны білген пайдалы әрі ықпалы бар екендігін көрсету зерттеудің өзектілігін айқындай түседі.
Спортшылардың мәселесіне спорттық медицинаны енгізе отырып бала денесінің жарақат алған жағдайдан кейін дұрыс қалыптасуына әсері бүгінгі күнгі өзекті тақырыптың бірі болып табылады.
Спортта жарақат алған жағдайда медицинадағы емдік шаралардың жүргізілуінің маңызы зор. Бұрынырақ медицина саласы дамымағандықтан түрлі жарақаттардың асқынуының алды алу мүмкін болмаған, қазіргі таңда жаңа технологиялардың арқасында жарақаттарды толықтай емдеп шығуға мүмкіндік жетерлік.
Сонымен, спорт саласында спорттық медицинаны енгізу, балалардың дене шынықтыру және спорт сабақтары мен сабақтан тыс жұмыстарына жүйелі қатысуларын бір-бірімен ұштастырып, былайша айтқанда, спортпен шұғылданатын балалардың ағзаға түскен ауырлығы бір қалыпта болады, жұмсалған күш тезірек қалпына келтіріледі және еңбекке деген сенімділік артады, осылайша дамыған тұлға болып тәрбиеленеді.
Зерттеу нысаны. Жас спортшылардың медицина саласындағы орны.
Зерттену мақсаты. Спорттық медицина саласының дамуына үлес қосу, жарақаттардың болуының алдын алу, спортшылардың жарақаттарын сапалы әрі жылдам емдеу жолдары бойынша жұмыс жасау.
Зерттеу міндеттері: Бұл тақырыптың міндеттерін мынадай дәйектермен көрсетсе болады.
Біріншіден, алдын ала дәрігерлік тексеруден өтіп жүрген сау спортшы ғана жоғары көрсеткішке жете алады. Егер денсаулығында кінәрат болса, қанша шебер деген спортшының өзі нәтиже көрсете алмайды. Сондықтан спорттық дәрігердің қызметін спортшының жеке бапкерінің қызметімен салыстыра қарауға болады.
Екіншіден, дәрігерлік тексеруден өту кезінде дәрігерлер қай спортшыға қандай ем қолданумен қатар, қандай дәруменді пайдалану қажеттігін де анықтап береді.
Үшіншіден, тамақтану, киім кию жағдайлары да олардың назарларынан тыс қалмайды. Тіпті, оқу-жаттығу жиындары кезінде де спорттық дәрігер спортшылармен бірге жүреді.
Зерттеу әдістері: ақпараттық, сараптамалық, проблемалық материалдарды талдау негізінде ғылыми еңбектің мақсаты мен міндетіне сай жүргізілді. Сонымен қатар, тақырыпты ашу барысында спортшылармен сауалнама, сұхбат жіне жеке тақырыптарда зерттеу жүргізілді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Медицинаның дамуына байланысты енген озық технологияларды кеңінен қолдану әдістерін енгізу; жас спортшыларды медицина саласымен емдік дене тәрбиесі мен массаж арқылы емдуді байланыстыра отырып емдік шаралармен біріктіріле жүргізілді.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Жұмысты жазу барысында тек отандық медицина саласындағы еңбектер ғана емес, шетелдік авторлардың еңбегі қолданылды. Оның артықшылығы, спорттағы жарақаттарды емдеу әдістері туралы қазақша ақпараттар саны артады. Және бұл ақпараттар тақырыпты толықтай ашып көрсетуге ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар, бүгінгі күні дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің, бөлімдердің қажетті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталуы барлық жерде жоғары деңгейде емес. Дипломдық жұмыста осы мәселенің өзектілігі де қаралған.

2.4 Жарақат ұғымы: оның түрлері мен себептері
Әр түрлі спорт саласында жаттығулардың сапасы мен мөлшерден тыс жүктеме берілуіне қарай түрлі жарақатқа ұшырап жатады.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан (1-суретте көрсетілген), жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
1- сурет
Мына жағдайларда жарақат алу мүмкін:
– Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
– Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
– Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
– Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т.б. Немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т.б. Кезінде қасақана жасалатын зақымдар).
– Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.
Спортшылардың жарақаттануы кезінде көрсететін медициналық қызметтердің түрлері:
1. Далалық хирургия;
2. Далалық терапия;
3. эпидемиология;
4. гигиена;
Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда — жаралану, көшеде — сынық, спортта - соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері жайттар көбірек орын алады [30].
Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкін. Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезiнде сырқаттың жалпы жағдайы өте тез нашарлайды. Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы — бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады.
Енді спортшылар жарақаттарына тоқталсақ.
Жыл сайын жаттығулар кезінде көптеген кәсіби және әуесқой спортшылар жарақат алып жатады. Оның ішінде соғып алу, тайып кету және сіңір созылуы жиі кездеседі, сонымен қатар ісіну мен қанды ісіктер жүреді.
Жалпы әрбір спортқа тән кәсіби аурулары болады. Мәселен, балуандар қолдарын ауыртып алады, сіңірлері созылып кетеді. Футболшылар тізелерін, тобықтарын жиі жарақаттайды. Футболшыларға көбіне мениск (тізедегі шеміршектің зақымдануы) деген ауру тән. Боксшылар қатты соққыдан мидың шайқалуына ұшырайды. Ауыр соққыдан қан ұйып қалады да, мойын омыртқасына зақым келеді. Бұдан келіп, бас ішіндегі қан қысымының көтерілуі пайда болады.
Спорттық жарақаттардың себебіне қарай эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) деп қарастырамыз. Эндогендік зақымдар спортшының өз кінәсінен болады, яғни дұрыс емес әдіс қолдану, артық күш салу немесе мұқият болмау салдарынан болады. Ал экзогендік зақымдар сыртқы жағдайлар әсерінен, мысалы, құлау, бұзылған жаттығу құрылысы немесе ауа райы жағдайының бұзылуынаң әсерінен болады.
Егер адам бiр мезгiлде 2 немесе одан да көп жарықшақпен немесе ұсақ заттармен зақымданғанда ондай жараларды бiрнеше жарақат дейдi. Бұндай жағдай үлкен медициналық тексерілісті қажет етеді.
Зардап шеккен спортшының жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға iс-әрекет жасайды. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты [31].
Жарақат алған жағдайда микробтар жаралаушы затпен бiрге жараға түседi. Киiм бөлiктерi, ағаш, жердегi және ауадағы заттар жараға жанасса, оларда үлкен көлемде микробтар болады. Сол себепті алғашқы көмек кезінде гигиенаны да ескерген жөн.
Жарақаттар, микробпен зақымдалса, бұл ауру жараға инфекция түсуден пайда болады. Инфекция түскен жара бiрнеше сағат немесе күннен кейiн, бетi жабылып, жиектерi iсiнiп, қоршалған терiсi қызарады, жарада ауру бiлiнедi. Жарақат алған жағдайда инфекция түсудің алдын алып медициналық мекемеге жеткізілуі қажет, дереу алдын алмаған жағдайда спортшының спортқа деген қабілетіне зардабы тиюі мүмкін.
Сондай-ақ спортта жаттығударды дұрыс пайдалану, дененің дұрыс қалыптасуына ықпалы жоғары екендігін ескерген жөн. Артық жүктеменің алдын алумау бұл – созылмалы зақымға әкелуі мүмкін. Жаттығу бастар алдында қыздырыну жаттығулары мен стречинг, жаттығу құралын тексеру міндетті.
Егер жаттығу түрі мен көлемін өз мүмкіндіктеріңізге сай дұрыс есептесеңіз, спортта көптеген жарақаттардың алдын алуға болады.
2.5 Көп тараған жарақаттарды нақтылау (диагностикалау) және емдеу
Спортшы организмі машықтану және жарыстар барысында көптеген сыртқы әсерлерге тап болады. Осы жағдайда спортшылардың жарқаттарын медициналық тексерудің нәтижелерімен, сондай-ақ қажетті емдеу-сауықтыру шараларын жүргізу арқылы анықтайды.
Спортшылар жаттығу немесе жарыс кездерінде зақымдап алған жерінің жарақатын жасырмауы тиіс. Ауырған кезде ол бұл туралы дереу тікелей бапкеріне және оның рұқсатымен медициналық көмек алу үшін медициналық тексеріліске баруға міндетті. Бұны ескермеген жағдайда ауруының асқынуы мүмкін. Аяқ астынан ауырған немесе жарақат алған спортшылар, медициналық мекемеге тәуліктің кез келген уақытында дереу жіберіледі.
Медициналық тексерілістен өткен жарақат алушы жарақатының, сипатына қарай, медициналық бөлімнен тысқарыдағы емдеу мекемесіне жіберіледі немесе оған амбулаториялық емдеу тағайындалады.
Ауруларды қараудың нәтижелері, көрсетілген көмектің сипаты туралы, дәрігер медициналық кітапшаларға тиісті белгілер жасайды.
Спортшылардың берілген босату мерзімі аяқталған соң, спортшылар, егерде, олар бұған мұқтаж болса, қайталама медициналық қарауға жіберілуі тиісті.
Амбулаториялық емдеу тағайындалған аурулар, дәрілер қабылдау мен басқа да емдік рәсімдерді жүргізу үшін, сондай-ақ, медициналық мамандардың консультацияларына мұқтаждар, медициналық пунктіне ауруларды жазу кітабында дәрігер көрсеткен күндер мен сағаттарда жіберіледі және медициналық қызметі бастығының қорытындысымен үш айға дейін мерзімде жүзеге асырылады. ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?