Дене шынықтыру | Спортшы жастардың кәсіптілігін арттырудағы психологиялық қызметтің анықтау

 Дене шынықтыру  | Спортшы жастардың кәсіптілігін арттырудағы психологиялық қызметтің анықтау

Мазмұны

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

І ТАРАУ. Спортшы жастардың психологиялық даму ерекшеліктерінің теориялық аспектілері................................................................................................ 7
1.1. Спортшылардың жеке басы спорттық іс-әрекеттің субъектісі ретінде.......................................................................................................................... 7
1.2. Спортшыларды жарыстарға жалпы психологиялық дайындаудың негіздері..................................................................................................................... 14
1.3. Спорттағы практикалық психология: спорттағы диагностикалық психологиялық негіздері, психологиялық түзету, психосауықтыру, психотренингтер механизмдері............................................................................... 29

ІІ ТАРАУ. Спортшы жастардың кәсіптілігін арттырудағы психологиялық қызметтің эксперименталды зерттеліну жайы...................................................... 39
2.1. Психодиагностикалық шараларды жүргізу технологиялары.........................39
2.2. Спортшы жастардың психологиялық ерекшеліктерін айқындайтын әдістемелер кешені................................................................................................... 43

Қорытынды ................................................................................................................53
Пайдаланылаған әдебиеттер тізімі ..........................................................................54
Қосымшалар .........................................................................................................57

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап оның мемлекеттік саясатында халық денсаулығы басты назарда болып келеді. Қазіргі таңдағы ерекше бір қуантатын мәселе: жастардың бойына білім мен озық тәрбиені берумен қатар, салауатты өмір салтын бойларына сіңіру болып табылады. Жүсіп Баласағұн:
«Болса тәртіп, бала өседі сомдалып
Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып»,-
дейді. Сонда баланың денесі сымбатты шынықан болатын болса, ол әрі тәртіпті де, өнегелі ел азаматы болады деген сөз.
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияланудырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Міне, осы қиын да, жауапты міндетті атқару үшін, бәсекеге қабілетті елдер санатына ену үшін, елдің әрбір азаматы (ол жас, не кәрі болсын) дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын болса ғана, нұр үстіне нұр жауар еді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген.
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңында да (1999ж. 2 желтоқсан) және кейінгі осы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжатында да (4.07.2003ж.) дене шынықтыру мен спорт жөнінде құнды да, ел болашағына қажетті міндеттерді атап көрсеткен.
Сондықтан, спортшылар, спорт саласындағы психология ғылымының орны; қазіргі таңдағы спортшыларға көрсетілген психологиялық қызметтің ерекшеліктері; олардың рухын, ерік-жігерлерін жеке басының психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырып-тәрбиелеу; спортшылардың жеке психологиялық портретіне т.б. мәселелерге арналаған зерттеулер жоқтың қасы, әрі қазіргі салауатты өмір салтын жарнамалау тұсында өзекті де, өткір маңызды мәселе болып табылады. Осы өзектілік аталған проблеманы психологиялық тұрғыдан зерттеуге алып келді.
Аталған ғылыми проблемаға, яғни спортшылардың жеке басының психологиялық ерекшеліктері жайлы К.К.Платонов, Л.Д.Столяренко, В.П.Некрасов, Л.Т.Ямпольскийлер зерттеулері үлкен көмекші құрал бола алады.
Қазіргі таңда спорттық дамуына байланысты бұл мәселені зерттеулер аясы кеңейді. Спорттағы дене және психологиялық жүктемелер жаңа жетілген әдістер, шаралар мен тәсілдердің кеңінен енуін қажет етеді.
Спорттағы жарыстық жаттығулар мен олардың түрлерін жинақтаумен Т.Т.Джамгаров айналысты. Спортшылардың зейінінің дамуын зерттеуді Е.П.Ильин жүзеге асырады. Спортшылардың техникалық дайындығын жүзеге асыруды психикалық процестердің ерекшеліктерін А.Ц.Пуни зерттеп шұғылданды. Спорттағы психодиагностикалық әдістер жайлы проблеманы В.Л.Мерищук, Ю.М.Блудова, В.А.Плахтиенко, Л.К.Серовтар зерттеді. Спортшының жеке тұлғасының бағыттылығы жөнінде Ю.Ю.Полайма, спортшылардың адамгершілік қасиеттерін А.И.Волков зерттеді.
Спорттық жетістіктерге өзіндік баға берудің әсері жөнінде анықтаған Дж. Тейлор болды.
Мақсатқа жетуге байланыс талпыныс деңгейін Ф.Хоппе анықтады. Ю.А.Ханин мен А.Стамбуловтар жаттықтырушы мен оның тәрбиеленушілері арасындағы өзара қарым-қатынас, байланыстардың дамуын зерттеді. Ал психикалық сенімділікті зерттеген В.Э.Мильман еді.
Зерттеу негізін келесі болжам құрайды, жеке адамның спорттық жетілуі, спорттық іс-әрекеттің психологиялық қамтамасыздандырылуы келесі төмендегі психологиялық талаптарды орындағанда тиімді болады:
1. Бүкіл танымдық және т.б. психикалық процестердің (түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) белсенділігі жоғары болғанда:
2. Зейіннің қажетті қасиеттерінің белсенділігі (қарқындылығы, тұрақтылығы т.б.)
3. Қабілеттің еріктік қасиеттерін ынталандыруының дамуы;
4. Спортқа деген терең қызығушылық пен тұрақты мотивтердің қалыптасуы;
5. Жоғары моральдық, интеллектуалды және эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу;
6. Спортшының тиімді іс-әрекетіне ықпал ететін жеке-дара ерекшеліктеріне тән жеке спорттық іс-әрекетті құру.
Зерттеудің мақсаты – спортшылардың психологиялық даму мүмкіндіктерін анықтай отырып, оларға көрсетілетін психологиялық қызмет түрлерінің ерекшеліктерін анықтау.
Дипломдық зерттеу жұмысының міндеттері:
1) Спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызмет ерекшеліктерінің теориялық-әдіснамалық негізін құрайтын әдебиеттерді (шетелдік, Ресейлік, Отандық, ұлттық) зерттеп, терең талдау;
2) Спортшылардың психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын ғылыми-зерттеу әдістемелерін іріктеп сұрыптау, оны қазақ тобына лайықтап жүргізу;
3) Спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызмет (психодиагностика, психологиялық түзету (психокоррекция), психосауықтыру (аутогенді жаттығу, психотренингтер ) т.б.) түрлерін жүргізу;
4) Спортшылардың жеке басының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелердің нәтижелерін статистикалық есептеу көмегімен математикалық өңдеу жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу пәні: спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызметтің ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының объектісі спортшылар психологиясы.
Зерттеу әдістері:
1. Спортшылардың психологиялық ерекшеліктерін, жай-күйлерін анықтауға арналған әңгімелесу, сұхбаттасу түрлері;
2. Спортшылардың жеке басының тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу әдістемелері;
3. Спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызметтің кешенді бағдарламасын құру;
4. Спортшылардың еріктік қасиеттерін, өзіндік «Менінің» және эмоциялық аумақтарының даму ерекшеліктерін бақылау.
Дипломдық зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі ретінде Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы; И.М.Сеченовтің ерікті іс-әрекеттердің жүзеге асуының психологиялық заңдылықтары туралы теориялық қағидалы пікірлері;
А.Н.Леонтьевтің іс-әрекеттің дамуы туралы тұжырымдамасы; С.Л.Рубинштейннің сана мен іс-әрекеттің тығыз бірлігі туралы теориясы; Н.А.Бернштейннің адамның қозғалыс белсенділігінің заңдылықтары мен механизмдері туралы теориялық құнды ой-пікірлері; В.Некрасовтың спортшыларға көрсетілетін психологиялық қызметтің түрлі әдістері жайлы еңбектері алынды.
Дипломдық зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егерде спортшыларға жүйелі, әрі ғылыми тұрғыда психологиялық қызмет шаралары жүргізілетін болса, онда жоғары дәрежелі жетістіктерге қол жеткізуге болады. Зерттеу болжамы анықталған соң, келесі зерттеу міндеттері туындайды.
Диплом жұмысының теориялық құндылығы қазіргі таңдағы салауатты өмір салтын ұстануға орай, бұл сынды еңбектер, теориялық білімді жетілдіруде маңызды рөл атқаратындығынан анықталады.
Болашақ қоғамның іргетасын қалаушы әрбір азаматтың дені сау, ары таза, еркі мықты, ұлттық сана-сезімі күшті болып қалыптасуы үшін осы сынды еңбектердің тәрбиелік мәні зор болмақ.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Қазіргі инновациялық оқыту технологиясының қарыштап өмірге енуі жағдайында салауаттылық пен денсаулықты бұқараға кең тарату мақсатында бұл еңбек үлкен тәжірибелік маңыздылыққа ие болып отыр.
Мектеп психологтары, ата-аналар, спорт жетекшілері, жаттықтырушылар үшін бұл зерттеу жұмысы үлкен басшылық ету құралы қызметін атқара отырып, әрі қарай зерттеуді қажет ететін үлкен өзекті ғылыми проблемаға айналып отыр.
Дипломдық зерттеу жұмысының базасы: Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық және су спорты түрлерінен олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің кешенді
мамандандырылған спорт мектебі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - 68 бет, қолданған әдебиеттер тізімі-75.


І-тарау. СПОРТШЫ ЖАСТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1. Спортшылардың жеке басы спорттық іс-әрекеттің
субъектісі ретінде

«Жеке адам» - ұғымы өте көп қырлы, кең ұғым. Жиі жағдайда адамның жеке басын оның әлеуметтік қалыптасқан қасиеттерінің жиынтығы негізінде қарастырады.
Спорттағы «жеке адам» ол кім?
Спортшының жеке басына қатысты психологиялық міндеттерді шешуде адамның жалпы, тұтас психологиялық негізінің білімінсіз мүмкін болмайды. Жеке адам – адамның жеке іс-әрекеті және әлеуметтік-тарихи дамудың өнімі. Ол сана мен әлеуметтік қасиеттер жүйесіне ие, қоғамда белгілі бір функция атқарады. Спортта, өзге іс-әрекет түрлеріндегі сияқты даралық үлкен маңызға ие. Табысты нәтижеге жету тек қана спортшының жеке басының даралық ерекшеліктерін дұрыс есепке алып ескергенде ғана мүмкіндік болады.
Спортшының жеке-дара ерекшеліктерін білу арқылы ғана, оның мүмкіндіктерін толық дамытып, әрі тиімді қолдануға болады.
Жеке адам өз қасиеттерінің белгілі бір жүйелілігі, бірлігі және тұрақтылығымен сипатталады.
А.Н.Леонтьев индивидті қасиеттерге дене конституциясын, жүйке жүйесінің типін, темперамент, биологиялық қажеттіліктердің динамикалық күшін, аффективтілік пен табиғи нышандарын қатыстырды [30;15]
Ал, Б.Г.Ананьев индивидтік қасиеттерді екі үлкен топқа бөлді: «жеке-дара – типтік қасиеттер» және «жас ерекшелік – жыныстық қасиеттер»
Спортшының жеке басы шынайы спорттық іс-әрекетте қалыптасады, әрі эмоция, сезімдер, шығармашылық пен интеллект белсенді байқалады.
Спортшының іс-әрекетіндегі психикалық белсенділік танымдық және қозғалыстық деп анықталады. Олар өз кезегінде детерминацияның биологиялық және әлеуметтік факторлармен шарттасады.
Биологиялық факторларға: қозғалысты қажетсіну, өмір мен денсаулықты сақтау жатады.
Әлеуметтік факторларға: іс-әрекеттің мазмұнды ерекшеліктері, әрекетті өзге адамдардың бағалауы, өз іс-әрекетінен адамның қанағаттану сезіміне ие болуы.
Спортшының жеке өз басының психикалық процестері мен күйі, қасиеттерін саналы түрде бақылап, әрі реттеуі өте маңызды болады.
Ерекше зейін қоюды спортшының интеллектуалды іс-әрекеті қажет етеді.
Өте ертеде адамдар күш, жылдамдық, ептілікті сынау барысында өзара жарыс бастаған. Жарыстық ойындар мен жаттығулардың пайда болуы не нәрсеге байланысты? Оның дамуының қайнар көзі қайсы?
Спорттық іс-әрекеттің пәні нақты индивид үшін ең мүмкін болатын жоғары шамадағы спорт нәтижесі болады. Осы спорт нәтижесінің қоғамдық құндылығы неде?
Біздер қазіргі таңда спорттың өте қарқынды өсуінің куәгері, әрі соның мүшелері болып отырмыз. Спорт тек қана біздің күнделікті өмірге еніп қана қоймай, әрі саясат, экономика, дәстүр, ұлттық наным-сенімімізбен де тікелей байланысты болып отыр.
Спорттың пайда болуы жөнінде шындыққа жақын көзқарасты В.А.Демин (1974) айтқан. Ол Ф.Энгельстің, Л.Маргон, Р.Блохтың еңбектерін талдап, ерекше бір болжамды ұсынды [12,94]
Спорттық жарыстар В.А.Демин пікірінше, гректердің даулы сұрақтарды бейбіт шешуде қолданған тәсілі ретінде пайда болды.
Іс-әрекетті шешу кезінде дене және психикалық белсенділік мотивация, реттеу және перцепция процестерін жүзеге асыруға бағытталған. Шартты түрде бұл құбылысты спортшы іс-әрекетінің функционалды – реттегіш компоненті деп анықтауға болады.
Спортшының ақыл-ой (интеллектуалды) іс-әрекеті ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Мысалы, спорттағы тактикалық шеберлік тактикалық ойлаудың даму деңгейінен тығыз байланысты.
Тактикалық іс-әрекет перцептивті, психомоторлық мүмкіндіктерді және белгілі бір білім мен шеберлікті қажет ететін кешенді іс-әрекет жүйесін білдіреді. Интеллектуалды, яғни ақыл-ой қабілеттері негізін қалаушы рөл атқарады. Дұрыс және тиімді тактикалық іс-әрекеттердің жүзеге асуы – бұл ойлау жұмысының нәтижесі, онда сананың басшылығы тарапынан танымдық, эмоционалды – еріктік қабілеттердің байқалуы есебінен дене, техникалық күш-қуаттың белсендену процесі ыңғайлы болады.
Ойлау процестері ішкі сөйлеудің жүзеге асуына негізделе отырып, іс-әрекетті барлық бағытта психологиялық қамту үшін өзіне ықпал етудің механизмдерін анықтайды. Ол психологиялық қамтуды құрайтындар: мотивация, реттеу, әрекетті орындау.
Олардың көмегімен моторлы іс-әрекеттерді орындау жағдайында оқиғаларды болжау және көрнекі бейнелерді тікелей қабылдау процесі жүзеге асатын болады.
Интеллектуалды белсенділік іс-әрекеттің өзгеру жағдайларына бейімделу механизмдерінің өзектенуінің маңызды шарасы болып табылады. Олардың көмегімен ситуацияны бағалау процестері, дұрыс қарсы әрекетті таңдау, спортшы күш-жігерін реттеу және мінезбен іс-әрекеттің өзгерісі жайлы шешім қабылдау жүзеге асатын болады.
Сондықтан да, спортшының психологиялық функцияларының қатарына іс-әрекеттің функционалды-реттегіш компоненті ретіндегі интеллектуалды белсенділік функциясын жатыстыруға болады.
Іс-әректтің белсенділік функциясы спортшының нақты іс-әрекет ситуациясында дене күші, тактико-техникалық шеберліктерін байқату мүмкіндіктерін сипаттайды. Интеллектуалды және қимылдық белсенділік шынайы іс-әрекет жағдайларында өзара тығыз байланысты болады. Спортшының іс-әрекетін психологиялық қамтамасыз ету қимылдық іс-әрекеттің тиімділігінің функциясы ретіндегі сол кезеңдегі оның психикалық процестеріне байланысты болады. Ол процестер: ойлау, ес, зейін, түйсік пен қабылдау, қиял.
Қимылдық тәжірибе, яғни шеберлік пен дағдығы және жеке адамның қасиеттеріне, яғни спорттық мінезге өте байланысты болады. Әсіресе ағзаның функционалды күйі ерекше маңызға ие.
Қимылдық белсенділіктің байқалуы – бұл әрекет. Ерікті қимылдарды басқару психологиялық заңдылықтар негізінде жүзеге асады. И.М.Сеченов (1935) заңдылықтарының үш түрін анықтады:
1) бүкіл қол, аяқ, бас, кеуденің барлық қарапайым қозғалыстарын адамға жаттығып үйренген соң, оның еркіне бағынатын болады;
2) неғұрлым қимыл жақсы жатталса, соғұрлым ол ерікке оңай бағынады немесе керісінше;
3) ерік билігі тек қозғалыстың басы мен аяғына қатысты, әрі оның күшеюіне немесе әлсіреуіне де қатысты, қозғалыстың өзі әрі қарай еріктің қатысынсыз жүзеге асатын болады.
Психологияда келесі қозғалыстар түрлерін ажыратады: дене тұрқының қозғалысы, локомация, ым-ишара, қимыл, семантикалық қозғалыстар, сөйлеу, жұмысшы қимылдар. Спорттық тәжірибе үшін ең маңыздысы жұмысшы қимылдар. Олар ерікті және негізгі іс-әрекет мақсатына жетуге бағытталған іс-әрекеттерді орындаумен байланысты болады. Келесі қимылдар қасиеттері (жылдамдық, нақтылық, күш, қарқын мен ритм, координация, икемділік пен ептілік), әрі іс-әрекет жағдайларына қимылдардың бейімделу деңгейі спорттық нәтиже үшін үлкен маңызды болады.
Адамның қимыл-тірек аппарат құрылымының психофизиологиялық аспектілері үлкен маңызға ие екендігін де атап кеткен жөн. Мысалы, Н.А.Бернштейн (1990) анықтаған адамның қозғалыс белсенділігің заңдылықтары мен механизмдері іс-қимылды жалғыз эффекторлы импульстар көмегімен басқару мүмкін еместігін білдіреді.
Ағза периферияларынан келіп түсетін сигналдардың күрделі қайта өңделуі өте маңызды. Осы арада сенсорлы мүшелерден келетін сигналдар бірігеді, талданады және өткен тәжірибе негізінде қимылдық міндеттерге орай жалпыланады. Бұл механизм жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді.
Психикалық белсенділік таным процестерінің жүзеге асуымен тікелей байланысты.
Спорттық іс-әрекет спортшының келесі бағыттарда байқалатын танымдық белсенділігінсіз жүзеге аса қоймайды. Ол келесі бағыттар:
1) адамның өзін-өзі спортта тануы;
2) спорттық іс-әрекет пен спорт заңдарының ерекшеліктерін тану;
3) спорттық тәжірибенеің сезімдік тұстарын тану.
Іс-әрекет міндеттерін шешу негізіндегі дене және психикалық белсенділіктің байқалуы, мотивация, реттеу және перцепция процестерін жүзеге асыруға бағытталған. Шартты түрде бұл құбылысты спортшының іс-әрекетінің функционалды – реттегіш компоненті деп анықтауға болады. Іс-әрекеттің психологиялық қамтамасыздандырылуының мәні дегеніміз бұл ағзаның адекватты, яғни дұрыс, тиімді бейімделуін жаттықтыру немесе жарыстық сипаттағы іс-әрекеттерді орындау жағдайларына сәйкестендіріледі.
Объективті шындықты қабылдау, оның объектілеріне мән беру және өз іс-әрекетін түзету – мұның барлығы қажет етілген мінез-құлық пен спортшы күйін-жайын қалыптастырудың басты шаралары болып табылады.
Іс-әрекеттегі психикалық белсенділік танымдық және іс-қимылдық болып анықталады, олар өз кезегінде детерминацияның биологиялық және әлеуметтік факторлармен шарттасады. Дене белсенділігінің биологиялық факторларына келесілер жатады: қимылды, өмірді сақтауға, денсаулықты сақтауға қажеттілік.
Әлеуметтік факторларға – іс-әрекеттің мазмұнды ерекшеліктері, өзге адамдардың іс-қимылды бағалауы, өз іс-қимылдарына қанағаттану сезімі.
Іс-әрекеттің функционалды – реттегіштік бөлігі ретіндегі белсенділіктің танымдық және іс-қимылдық өнімділігі спортшының икемделгіш қабілеттеріне тәуелді болады. Бұл факт атлет әрекет ететін ситуацияны қабылдау процестерінде айқын байқалады. Көрсетілген тәуелділіктің үлгісі болып эмоционалды күйдің реттелу процестері, іс-әрекеттің сыртқы жағдайларының динамикалық, құбылыстарына реакция білдіру, жарыс кезіндегі мінез-құлық коррекциясы табылады. Егер де спортшы өзінің жеке күйін-қалпын басқара алмаса, онда оның іс-қимылдары ретсіз, дұрыс болмауы мүмкін. Әрине, бұл ол орындайтын іс-қимылдардың ұйымдаспаушылығына әкеліп соғады.
Ерікті іс-қимылдарды басқару психологиялық заңдылықтар негізінде жүзеге асады. И.М.Сеченов (1935ж)
1) қол, аяқ, бас, дененің барлық қарапайым қимылдары комбинацияланған іс-әрекеттер сияқты, адам арқылы оның еркіне жатталып болған соң бағынады;
2) неғұрлым іс-қимыл мықты жатталса, соғұрлым оның еркіне оңай бағынады;
3) ерік билігі іс-қимыл басы және аяғына қатысты әрі оның күшеюі немесе әлсіреуіне байланысты болады. Ал іс-қимылдың өзі еріктің ешбір қатынасынсыз, яғни көп рет жасалынғанның қайталануы болып табылады.
Психологияда келесі іс-қимылдар түрлерін ерекшелеп бөледі: дене тұрқы, локомоция қимылы, ым-ишарат, семантикалық қимылдар, сөйлеу, жұмыс қимылдары.
Спорттық тәжірибеде жұмыс қимылдары маңызды болады. Ол іс-әрекеттің негізгі мақсатына бағытталған ерікті және соған байланысты қимылдар болады. [41,251]
Жылдамдық, күші, нақтылық, қарқыны мен ритм, икемділігі мен ептілігі сияқты іс-қимылдар қасиеттері, әрі іс-әрекет жағдайларына икемделу деңгейі спорттық нәтиже үшін үлкен маңызды болады.
Танымдық белсенділік функциясы кәсіптік бейімделу процестерімен тығыз байланысты. Берілген жағдайда іс-қимылды қажетсіну спортшының спортпен кәсіби айналысуға ұмтылуын анықтай қоймайды. Ол дене жаттығуларын жүйелі орындауға қызығудың қалыптасу шарты ретінде ғана болады.
Спортшының кәсіби мәнді, маңызды мотивациясының қалыптасуы ең алдымен спорттық іс-әрекеттің әлеуметтік факторларына байланысты. Мұнда іс-әрекеттің мазмұнды ерекшеліктері, спорттық теріс, дұрыс сипаттамалары.
Спорттағы жеке тұлға дегеніміз кім? Кез келген өзге ғылымның жеке саласы өзінің түпкілікті шешімдеріне сүйенгені сияқты, спортшының жеке басына қатысты психологиялық міндеттерді шешуде адамның жалпы жеке басының психологиялық негізі жөнінде білімсіз мүмкін болмайды.
Жеке адам – тарихи-әлеуметтік дамудың және жеке адам іс-әрекетінің жемісі. Оның санасы бар және қоғамда белгілі бір функцияларды орындайтын әлеуметтік қасиеттер жүйесіне ие. Спортта басқа іс-әрекет түрлері сияқты даралық үлкен орын алады. Табысқа жету тек қана спортшы өзінің жеке-дара ерекшеліктерін дұрыс есептегенде ғана және осы негізде арнайы технико-тактикалық стильді қалыптастырғанда ғана мүмкін болады. Спортшының жеке-дара ерекшеліктерін біле отырып, оның мүмкіндіктерін толық дамытып, әрі тиімді қолдануға болады.
Жеке адам өз қасиеттерінің белгілі бір жүйелілігімен, бірлігі және тұрақтылығымен сипатталады.
К.К.Платонов жеке адамды жалпы талдай келіп, оның ерекшеліктерімен барлық сипаттарын 4 топқа бөлді:
1) Әлеуметтік-шартталған ерекшеліктер (бағыттылық, моральдық қасиеттер); 2) биологиялық шартталған қасиеттер (темперамент, нышандар, инстинктер, қарапайым қажеттіліктер);
3) тәжірибе (бар білім, дағды, шеберлік пен әдеттердің көлемі мен қасиеті);
4) түрлі психикалық процестердің жеке-дара ерекшеліктері эмоция мен мотивтер спортшыны белгілі-бір мінез сипаттарын байқатуға итермелейді, ал ерік (ерік күш арқылы) осы мінез сипаты көмегімен іс-әрекеттің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.[50, 130]
Стресс жағдайларында спортшының табысқа жету немесе сәтсіздіктен қорғанып қашуына бағдары-тұрқы байқалады. Табысқа жетуге бағдары басым адамдар жиі жағдайда спорттық додада өте өзін қатерге тігеді. Ал, сәтсіздіктен қашуға бағдары басым адам өте сақ болады, әрі өз мақсаттары ретінде күші жететін нәрсені алға қояды.
Спорт, жалпы алғанда жекелеген қасиеттерді тәрбиелеуде жақсы шара ретінде болады.
Спортшының жеке басы қалай қалыптасады? Оның қалыптасуының аспектілері 1-ші суретте берілген.
Дене тәрбиесінің шаралары мен әдістері жеке адамның адамгершілік, еріктік, эстетикалық және интеллектуалды даму міндеттерінің шешілуіне қол жеткізеді.
Бірақ, бұл мүмкіндіктерді белгілі бір бағытталған іс-әрекет түрімен жүзеге асырмаса, тек мүмкіндік түрінде қалып қалады. Қазіргі таңдағы ғылымдардың даму тұсында «дене тәрбиесі мен спорттағы тәрбиенің жалпы бағыты» деген ұғым бар. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?