Дене шынықтыру | Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтау
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1 СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ СПОРТШЫ ІЗБАСАРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Спортшы ізбасарларды дайындау саласындағы қазіргі проблемаларды талдау, спорт мектептерінің мақсаттары мен міндеттері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2 Спортпен шынығудың бала тәрбиесіндегі орны . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.3 Дене қабілеттерінің түрлері, дене қимыл-қозғалыстарының даму ерекшеліктері және физиологиялық өсу ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . .
1.4 Балалардың дене дайындығы дамуының ерекшелігі, оны анықтау жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2 СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАСТАПҚЫ ДАЙЫНДЫҚ ТОПТАРЫНДА БОЛАШАҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕ БЕЙІМДІЛІКТІ АНЫҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.1 Спорт түрлеріне бейімділіктің ғылыми тұрғыдан қарастырылып зерттелуі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2 Оқу–жаттығу сабақтарын өткізу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.3 Баланың спортқа бейімділігін анықтау жолдары. . . . . . . . . . . . . . . .
2.4 Спорттық күреске қажетті арнайы дене дайындығы және жарыс түрлері, спорт түрлеріне қабілеттері бойынша ұсыныстар жасау. . . . . .
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ҚОСЫМША.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
Зерттеудің өзектілігі. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық басты мақсаттарының бірі болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған.
Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және Халықаралық жарыстарға жеке спорттық команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп, болашақ сапалы спортшы ізбасарларды дайындау қазіргі кезде Республикадағы барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
Болашақ спортшыны қабылдау, оны белгілі бір спорт түріне бейімдеу спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жүзеге асырылады. Бастапқы дайындық топтарындағы жұмыс, спорт түрінің ерекшелігіне байланысты бір жылдан үш жылға дейінгі уақытқа созылады. Осы бастапқы дайындық тобынан бастап спорттық іріктеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.
Қазіргі спорт мектептеріндегі тәжірибе көрсеткендей бастапқы дайындық тобындағы болашақ спортшылардың құрамы осы үш жыл ішінде 50-70 пайызға дейін өзгеріске ұшырайтыны белгілі болды.
Осы жағдайды анықтай келе топтағы жаттығушы балалардың құрамының өзгеруіне себеп болатын бірнеше факторлар белгілі болады, оларға: жергілікті жердегі спорт мектептеріндегі спорт түрлері санының шектеулі болуы; жаттықтырушы мамандардың аз болуы; жаттықтырушы маманның өз спорт түріне іріктеу кезінде өте көп балаларды «жарамсыз» деп тануы; балалардың басқа спорт түрлеріне жиі ауысуы.
Спорт мектептеріндегі жаттықтырушылар тек қана болашақта спорттық көрсеткішке жете алады деген балаларды іріктеп алып басқа балаларды спорттық мектептен шығаруға мәжбүр, себебі жаттықтырушылардың еңбектерінің бағалануы бастапқы дайындық тобынан бастап баланың спорттық жарыстарда алған орындарының көрсеткіштеріне байланысты болуы.
Балалардың жиі спорт түрін ауыстыруының немесе спорттан мүлдем кетулерінің тағы бір себебі, қазіргі кездегі балаларға арналған жарыстардың үлкендерге арналған тәртіппен өтуі.
Жоғарыда көрсетілген проблемаларды ғылыми түрде зерттеу және спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы жеке бастарының ерекшеліктерін ескеріп, қай спорт түріне бейімі, дарыны бар екендігін анықтау осы жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Зерттеу мәселесі: спорт түрлерінің қайсысы болмасын өз қатарларында ең мықты, ең шебер спортшылардың болуын қалайды. Ал болашақта ең үлкен спорттық жарыстарда жеңіске жете алатын ізбасарды іздеу, спорттық мектептердегі бастапқы дайындық тобынан басталады. Осы іріктеу мәселесіне байланысты, оның сапалы болуына арналған ғылыми ізденістер мен жасалған тәжірибелерді шартты түрде төмендегідей бағыттарға бөлуге болады, оларға: акселерациялық өсудің ықпалы; антропометриялық көрсеткіштердің әсері; паспорттық және биологиялық жас әсері; спортқа ерте келу мәселесі; жаттығу жұмыстарын жоспарлау мен жаттығу жүктемелерінің орны; спорттағы қазіргі техника мен технологияны қолдану; допинг мәселесі.
Зерттеу нысаны - спорттық мектептердегі бастапқы дайындық топтарындағы балалар.
Зерттеу пәні - спорттық мектептегі оқу-жаттығу жұмыстарының мазмұны.
Зерттеу мақсаты - спортшы ізбасарлар дайындау мақсатында спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы жұмысты жүргізу әдістемесін өзгерте отырып, балалардың спортқа бейімділігін анықтаудың жаңа жолын ұсыну болып табылады.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарына келген жас балалар өздерінің қай спорт түріне бейімі бар екендігін білмей келеді. Осы жағдайды зерттеу болашақта балалардың спорт түрлеріне бейімділігін ерте кезден анықтауға көмектесіп, жаттықтырушыларға балалардың денсаулығын сақтауларына, спортқа дарынды балаларды ерте кезден анықтауға және отандық спорттың сапалы сатыға көтерілуіне көмектеседі.
Зерттеу міндеттері.
- Қазақстан спорт мектептеріндегі спортшы ізбасарлар даярлаудағы қазіргі проблемаларды анықтау;
- спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы оқу-жаттығу жұмыстарының мазмұны мен міндетін зерттеу;
- спортшы балалардың дене қабілеттері мен физиологиялық өсу ерекшелігін анықтай отырып спорт түрлеріне балалардың бейімділігін анықтауға жол ашу;
- болашақ спортшы ізбасарларды үлкен дене–күш жүктемелеріне дайындықтарын арыттыру арқылы спорттық шеберлікке жетудің тиімді жолдарын көрсету;
- спортшы ізбасарларды іріктеу мақсатында спорт мектептеріндегі оқу- жаттығу бағдарламаларын жетілдіру.
Зерттеу әдістері. Ғылыми жұмысты орындау барысында мынандай әдістер іске асырылды: ғылыми-зерттеу, педагогикалық әдебиеттерге шолу, анкета-сұхбат жүргізу, тесттік-сынақтар алу, педагогикалық тәжірибе жүргізу, статистикалық-математикалық талдау жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы. Болашақ спортшының өз мүмкіндігін толық ашуына жағдай жасау, бала денсаулығын сақтау.
Зерттеудің теориялық мәні:
- спортқа дарынды балаларды іріктеу, табудың жаңа әдістемесі ұсынылады;
- оқу-жаттығу сабағын ұйымдастырудың жаңа әдістемесі ұсынылады;
- баланың қай спорт түріне бейімі бар екендігі туралы ақпарат алу жолдары көрсетіледі;
- жаттықтырушыларға спорт түрлері арасындағы өзара байланысты күшейту арқылы, баланың спорт түріне бейімділігі арттырылады;
- спорт мектептерінде қазіргі қабылданған нормативтік ұсыныстарға өзгеріс енгізу ұсынылады;
- спорттық жарыстарды өткізудің жаңа әдістемесі ұсынылады;
- бастапқы дайындық топтарындағы спортшы балалардың денсаулығын жетілдіру жолдары ұсынылды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы.
- спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтауды енгізу теориялық жағынан негізделеді;
- спорт мектептерінде жасөспірім балалардың жеке басы ерекшеліктерін ескере отырып, бастапқы дайындық кезеңінде денсаулығын нығайтуға және спорт түрлеріне қажетті дене-күш қабілеттерін арттыру, бірнеше спорт түрлеріне бейімдеу арқылы неғұрлым баланың өз икемін толық көрсетулеріне мүмкіндік тудырады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: ұсынылған тұжырымдарды спортшы дайындау жұмыстарында басшылыққа алуға болады:
- спортшы ізбасарларды іріктеуде, мамандандыруда пайдалануға болады;
- жоғары оқу орындарында маман дайындау ісінде, арнайы курстарда зерттеу нәтижелерін пайдалануға ұсынамыз;
- жылдық цикл кезеңінде жас балуандардың дайындық деңгейін тестілеу-бағалау;
- жылдық цикл кезеңінде жас балуандардың жаттығу үрдістерін реттеу, ұйымдастыру;
- балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері үшін оқу-жаттығу бағдарламалар жасау;
- спорт мектептері үшін әдістемелік нұсқаулар жазу.
Қорғауға ұсынылған қағидалар
1. Спорттық мектептердегі бастапқы дайындық топтарындағы оқу-жаттығу жұмысының мазмұны.
2. Спортқа дарынды балаларды іріктеу және мамандандырудың жаңа жолы.
3. Бастапқы дайындық топтарында өткізілетін жарыстардың мазмұны.
4. Жас балуандардың арнайы дене-күш дайындығы мен жалпы дайындығы мазмұны.
5. Педагогикалық сынақ-тестілердің әдістемелік және экспериментальдық түрлері, бақылау нормативтерін қолданудың тиімділігі.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Әлемдік спорттық көрсеткіштердің өсуін зерттей отырып, Егеменді Қазақстанның қазіргі жағдайында спорттық жетістіктерге жетуді ғылыми негіздемелі зерттелуге бағытталған жұмыстарды саралай отырып, балалар спорты оның ішінде спортқа дарынды балаларды табу, іріктеуге арналған отандық және шет елдік зерттеушілердің оның ішінде Б.Қ. Қаражанов [1], Е.А. Алимханов [2], Д.Б. Тұрлыхановтың [3], Х.М. Юсупов, Г.А. Шориннің [4], Т.Х. Сиккуттың [5], Т.М. Мелихова [6], О.П. Юшков [7], Ю.Г. Коджаспиров [8], К.К. Платонов [9], В.В. Находкин [10], В.Н. Попков А.С. Захаров С.П. Малютин Е.А. Фурманов [11]. т.б ғылыми ізденістер осы жұмыстың теориялық-әдістеме негізі болды.
Зерттеу базасы. Зерттеу мерзімі ішінде тақырыптың жоспарына және мақсатына байланысты сұрақ–жауап жүргізу барысы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасында және спорт мектептерінің бапкерлері арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама 8 cұрақтан тұрады.
Біз бұл сауалнаманы жүргізудегі мақсатымыз, спорттық күрес түрлері бапкерлерінің бастапқы дайындық топтарындағы жасөспірімдерді, спорттық күрес түрлеріне бөлмей өткізудегі ойын білу болып табылады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлділігі мен негізділігі. Зерттеу қорытындысы бойынша анықталған теориялық, тәжірибелік нәтижелер мен ұсыныстар, әдістемелік бағыттар көтерілген мәселені талдау жолдары Қазақстан жастарының денсаулығын нығайту, дене тәрбиесі мен спортты насихаттау, спортшыларды дайындауда сапасын көтеруге үлесін қосады. Зерттеу нәтежиелері бойынша жасалған ұсыныстар спорттық мектептерінің оқу-жаттығу жұмыстарына енгізілді.
Зерттеу нәтежиелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы. Тәжірибелік–педагогикалық жұмыстар Түркістан қаласындағы Ә. Нұрмаханов атындағы олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, Түркістан қаласының жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жүргізіліп, ол спорт мектептерінде жүзеге асырылды.
1 СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ СПОРТШЫ ІЗБАСАРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Спортшы ізбасарларды дайындау саласындағы қазіргі проблемаларды талдау, спорт мектептерінің мақсаттары мен мiндеттері
Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және жоғары жетiстiктер спортының жай-күйi, әлемдiк спорт дамуының қазiргi заманғы үрдiстерi республикада спортты дамыту жөнiнде түбегейлi шұғыл шаралар қабылданбайынша Қазақстандық спортшылардың әлемдiк аренадағы көрсеткiштерi төмендей беретiнiн көрсетiп отыр.
Халықаралық стандарттардан қалуымыздың себебi ең алдымен бүгiнгi күнi әлемдiк биiк талаптарға жауап беретiн қазiргi заманғы спорт базаларының аздығы және спортшы даярлаудың жаңа ғылыми-әдістемелерінің әлсіз дамуы болып табылады.
Қазiргi заманғы спорт деңгейi өзiнiң даму сатысында спорттық нәтижелердiң өсуiнде ғылыми және инженерлiк жетiстiктерге негiзделген жаңа көзқарастарға маңызды рөл бередi. Жаңа спорт ареналары, жаттығулар мен жарыстар үшiн арнайы жағдайлар жасау iсiндегi жаңа жетiстiктер, арнайы киiм, құрал-сайманмен жарақтандыруды қолдану және құрастыру әлемнiң мықты спортшыларының көрсеткiштерiн күрт жақсартуға жеткiздi, ХХI ғасырға спорттың қандай негiзгi бағыттарда қарыштап енетiнiн көрсетіп отыр.
Республика халқының дене қозғалысы белсендiлiгiнiң төмендiгi жүрек-қан аурулары мен тыныс жолдары мүшелері ауруларынан өмiр сүру жасының қысқартуына әсер етіп және өлiм деңгейiнiң жоғары болуына әкеп соқтыратын факторлардың бiрі болып отыр. Ел тұрғындарының тұратын аймағына қарай 5-тен 10,5 пайызы ғана дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде шұғылданатындығы белгілі болып отыр. Осы жағдайды шұғыл түзету үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің 2010 жылғы жолдауында Бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізу қажеттігін атап көрсетті [12].
Республикадағы жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының тек 56,5 пайызында ғана бiр үлгiдегi спорт залдары және 14,9 пайызында бейiмделген спорттық жайлары бар.
Республикадағы орта және жалпы кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы оқу сабақтарының көлемi ғылыми негiзделген нормативтен 3-4 есе төмен. Қозғалыс белсендiлiгiнiң жоспарланған ғылыми негiзделген деңгейiне жету үшiн жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында дене шынықтырудан аптасына мiндеттi үшiнші сабақ енгiзу қажет, оқу үрдісін спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету басты мәселе болып отыр.
Сабақтан бос уақытта сыныптан тыс дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бұқаралық жұмыс дамымай отыр. Тұмау және түрлi созылмалы ауруларына бейiм балалардың және жасөспiрiмдердiң саны арта түсуде. Бұл ретте, денсаулығына байланысты арнайы медициналық топтардағы оқушыларға ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?