Дене шынықтыру | Ревматойдтық артритте қолданылатын емдік дене шынықтыру
Мазмұны
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН АНЫҚТАМАЛАР......................................................3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР........................................................................5
КІРІСПЕ..................................................................................................................6
1. РЕВМАТОЙДТЫҚ АРТРИТТЕ ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..................................................................................8
1.1. Ревматойдтық артриттің жіктелуі, клиникалық көріністері......................8
1.2. Ревматойдтық артриттің емдеу шаралары.................................................10
1.3. Ревматойдтық артритте қолданылатын емдік дене шынықтыру.............12
1.4 Ревматойдтық артритке арналған емдік дене шынықтыру кезеңдері......13
2. ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ......................15
2.1 Зерттеу әдісі.....................................................................................................15
2.2 Ревматоидтық артритте тізе буыны зақымданғандағы зерттеу әдісі........16
2.3 Зерттеуді ұйымдастыру...................................................................................18
3. РЕВМАТОЙДТЫҚ АРТРИТТІ ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУМЕН КЕШЕНДІ ЕМДЕУ.............................................................................................19
3.1 Ревматойдтық артритке арналған жаттығулар кешені................................19
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................25
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Күнделікті өмірде буын аурулары жиі кездеседі. Бірақ қарапайым халық буыны ауырса болғаны оны «ревматизм» дейді. Әрине, бұл қате. Өйткені буын ауруларының (артриттің) түрлері көп. Оның бірқатары (ревматизмді қоса) ескіден келе жатқан созылмалы кабыну процесінің және кейбір жұқпалы аурулардың асқынуынан да болады. Әсіресе тұмау-сүзек, баспа, туберкулез және басқа аурулар буынға жиі әсер етеді, ауру тобына жататын буын ауруларын жұқпалы артриттер дейді. Организмде қоректік заттар алмасуының бұзылуы, нерв жүйесінің зақымдануы және ішкі секреция бездері әрекетінің бұзылуы нәтижесінде буындарда екінші түрлі аурулар басталады. Артриттін бұл түрінде буындардағы қоректік заттар алмасуы және олардың тіршілік әрекеті бұзылады, сондықтан буын қабынуының бұл тобын дист-рофиялық артрит дейді. Түрлі жарақаттар мен денеге түскен ауыр салмақ та артритке ұшырата береді. Көптеген адамды буын ауруы қатты азапқа салады. Егер кезінде жете емделмей, ауру асқынып кетсе, оның салдары адамға ауыр соғады.
Зерттеу мақсаты. Медициналық тәжірибеге қарағанда, артриттен алдын ала сақтануға, ал адам науқастана қалса одан емдеп жазуға да болады. Артриттерден қалай емделуге, бәрінен бұрын олардан қайтсе сақтануға болады? Негізгі мәселе осында. Практикада мынадай жағдай да жиі кездеседі: адам тұмау-сүзектен жазылып ыстығы қалпына түсіп, оның енді жұмыс істеуіне болады, «жазылды» деп жүргенде бірнеше күн немесе апта өткен соң күтпеген жерден адам-ның қолы не аяқтары қатты ауыра бастайды. Ауырған аяқтың буындары домбығып ісінеді, соның зардабынан адам аяғын қозғаудан қалады. Дене қызуы қайтадан көтеріліп, 38—39 градусқа жетеді, терлей беретін болады. Бұл жете емделмеген тұмау-сүзектің асқынып, буынға шапқан түрі. Мұны дәрігерлер ревматизм ұстамасы дейді. 7—10 тәуліктен кейін ыстығы басылып, буынньщ ауырғаны да қояды.
Зерттеу нысаны. Медиктер «ревматизм буынды жалайды, жүректі қабады» деп босқа айтпаған. Өйткені ревматизмнен кейін жүрекке ақау туседі. Басқа артриттер жүректі ауыртпайды, бірақ буынды домбықтырады, пішінін бұзады, оның бүгіліп-жазылуы нашарлап, адам жақсы жүре алмайтын болады. Осы айтылған жағдай болмасын десеңіз, буын ауруына соқтыратын кеселдерден сақтана білген жөн. Оның үшін жеке. бастың тазалығын сақтап, кезінде алдын ала егу шараларын жүргізіңіз, организмде қабынған ескі процестерді мұқият емдетіңіз. Денедегі қабынған ескі ауру — артриттің көзі. Сондықтан ескі аурудың қозуын күтпей, ауру адамды, әсіресе балаларды әбден емдетіңіз.
Зерттеу міндеттері. Аурудан сақтануда организмнің жақсы шынығуының маңызы зор. Салқын ызғарына үйренген, ылғалға көнбісті организм сыртқы ауаның құбылысына төзімді болатыны әркімге-ақ мәлім. Әрине, ондай адам ыстық суықтан қорықпайды, ауру оны тез жеңе алмайды. Сондықтан денсаулықты күйрететін ауруларға қарсы тұратын адамның сенімді досы бар. Ол — дене шынықтыру. Бұл мақсатқа жеткізетін түрлі су процедуралары, ауа ваннасы, спорттың кейбір түрлерімен туристік жорықтар. Дистрофиялық буын ауруларынан сақтану үшін нерв жүйесі, эндокриндік ішкі секреция бездер жүйесі мен қоректік заттардың дұрыс алмаспауынан болатын ауруларды мезгілінде жете емдеп жазу керек. Буын ауруынан сақтанудың тағы бір жолы — семіз адамның салмағын кемітуге қолданғаң шара. Семірудің басқа зиянын айтпағанда, буынға түскен дене салмағының өзі артриттің пайда болуына жағдай туғызады. Дистрофиялық және подагралық (белоктық зат алмасу процесінің бұзылуынан буынның жуандауы) артриттен сақтанудың басты бір жолы — тамақ режимін дұрыс сақтау. Еттен, әсіресе бүйректен, мидан, ұннан пісірген жәңе тәтті тағамды аса көп жеу адамды буын ауруына шалдықтырады. Артриттің басты досының бірі — ішкілікке салыну. Буын ауруларына сүттен және өсімдіктен жасалған тағамдардың шипалық әсері болады. Буындар қабынуына бірнеше әдісті біріктіріп қосарлы ем жасайды.
Зерттеу жұмысының әдістері. Аурудың алғашқы қатаң кезінде дәрі-дәрмек беріледі, халі нашар болған күнде науқасты жатқызып қойып емдейді. Дерттің беті қайтқан соң, сондай-ақ созылмалы буын процестерінде дәріден басқа физиотерапиялық әдістер, сылау (массаж) және емдік гимнастикалар қоса жүргізіледі. Кейде көптеген адамдар емдік гимнастика жасаудан қашады. Бірқатары ауырған буынын қозғағысы келмей, жанаярлыққа салынады. Уродан және басқа түрлі дәрі ішіп емделіп, жазылғысы келеді. Әрине, бұлай ету түсінбегендік. Қозғалтпаса ауырған буын түгіл, сау буын да біраздан кейін бүгілмей сіресіп, қатып қалады немесе зорға бүгілетін болады. Қозғалыссыз денеде, оның буындарында қоректік заттар алмасуы бұзылады, тағам бойға дұрыс тарап-сіңбейді, мұның өзі дене буындарына майдың және минералдық тұздардың шорланып артық жиналуына жағдай туғызады.
Зерттеу қорытындыларының нақтылығы мен негізділігі. Мұндай ауру адамның денсаулығы барған сайын нашарлай түседі, мінез-құлқы бұзылады, көңілсіз жүреді. Сондықтан буындары ұзақ ауырғаи адамға айтар кеңесіміз (әрине, дәрігермен ақылдасып), буынның шамалы ауырғанына қарамастан мін-детті түрде қозғалтып емдетіңіз дейміз. Ол емге мыналар жатады: гимнастика жасау, суда жүзу, қайық есу, жаяу жәке шаңғымен серуендеу, т.б.
1. РЕВМАТОЙДТЫҚ АРТРИТТЕ ЕДТ-НІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Ревматойдтық артриттің жіктелуі, клиникалық көріністері
Буын синдромы сүйек бұлшықет және дәнекер тіні жүйесі ауруларының негізгі көрінісі болып табылады. клиникалық симптамокомплекс, буынның анатомиялық құрылымының әртүрлі этиология аурулар есебінен және тікелей жарақат әсерінен зақымдалуы.
Ревматойдтық артрит – көбінесе шеттік ( синовиялық ) буындардың симетриялық эрозиялық-деструциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы. Ревматоидтық артрит көптен белгілі ауру болғанымен оның клиникалық көрінісіне алғаш толық суреттеме берген Гарро ( 1863 ж ). Ревматоидтық артриттің даму себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторлар әсер етеді: ген ерекшеліктері.
Клиникалық көрінісінен ревматойдтық артрит екіге бөлінеді.
Біріншісі – буындық түрі, ревматоидтық артритпен ауырғандардың 80%-да кездеседі. Оның басты белгісі – буындардың қабынуы мен деформациясы.
Екіншісі – буын – висцеральды түрі. Бұл түрінде буынмен бірге түрлі ағзалар зақымданады.
Буындық белгілер: буында ісіну, ауырсыну, деформациясы, буын шығуы және анкилоздар. Таңертеңгілік құрысулар бір сағаттан артық болуы.
- ауырсыну физикалық күш түскенде, түнде, демалғанда, буын палпациясында;
- құрысу 30мин аспайтын таңертеңгіолік не демалыстан соң пайда болуы;
- қозғалыс шектелуі;
- байлам бекіген жерде ауырсыну, крепитация;
- буын маңы бұлшықеттер атрофиясы;
- деформациялар (тізелердің варусты деформациясы, «квадратты алақан», Геберден, Бушар түйіндері);
Ревматоидтық артритте ауырсыну түрлері
- «механикалық ауырсыну» – ең жиі кезедседі, күндізгі жүктемеде артып, түнде басылады
- үздіксіз қақсаған түнгі ауырсынулар түннің бірінші бөлігінде мазалайды, сүйек субхондралды бөлігінде венозды стаз, сүйекішілік қысым артуы
- «старттық ауырсыну» – демалған соң 15-20 мин кейін мазалайды
- үздіксіз ауырсыну (бұлшықеттің рефлекторлы спазмы, синовит дамуы)
- старттық не басқа ауырсынулар.
- жүктемеде не тік тұрғанда артуы
- тік тұрғанда ауырсыну синовитте кездеседі
- буын ісінуі сұйық жиналуы не синовий қабаты қалыңдауы
- 30мин кем таңертеңгілік құрысу
- буын белсенді қозғалысында крепитация, сықыр естілуі
- буында активті және пассивті қозғалыстар шектелуі
- буын маңы бұлшықеттер атрофиясы
- соңында қол-аяқ деформациясы дамиды (тізелердің варусты деформациясы, «квадратты алақан», Геберден, Бушар түйіндері)
Буыннан тыс белгілер:
-ревматойдты түйіндер,
-жайылған амиотрофия,
-миопатия,
-Анемия
-терілік васкулит
-нейропатия
- плеврит
-перикардит
-жайылған лимфоаденопатия,
-гепатоспленомегалия
-Гломерулонефрит
-құрғақ синдром
-Рейно синдром
Ревматойдтық артриттің жіктелуі
Функционалды класстар
- І кәсіби және кәсіби емес еңбекке жарамдылық және өзін өзі күту сақталған
- ІІ кәсіби еңбекке жарамдылық және өзін өзі күту сақталған
- ІІІ кәсіби және кәсіби емес еңбекке жарамдылық шектелген және өзін өзі күту сақталған
- IV кәсіби және кәсіби емес еңбекке жарамдылық және өзін өзі күтуі шектелген
Ревматойдтық артрит басталған кезінде ең алдымен өзінің » сүйікті » буындарын зақымдайды: алақан-саусақ, проксимальды флангааралық, кейіндеу – табан-бақай және тілерсек буындарын. Бұл ауруға буындардың симметриялы зақымдануы тән. Жүре бара патологиялық процесс меңдеп, көптеген буындарға таралады. Бірақ ревматоидтық артрит тиіспейтін буындар да бар: омыртқа жотасының бел және кеуде бөлігінің, дистальды саусақаралық. Бұл ерекшелік ревматоидтық артритті өзге артриттерден айыруға көмектеседі. Ревматодиты артритпен зақымдалған буын Диагноз осы ауруға тән клиникалық, рентгендік және лабораториялық белгілерге негізделеді.[1, 123 б].
Ең негізгі клиникалық белгілері:
- алақан саусақтық, проксимальды фалангааралық және табан бақайлық буындардың симетриялы қабынуы ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?