Дене шынықтыру | Қазақ халқының саятшылық өнерінің заманауи жолдарын анықтау
Мазмұны
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР--------------------------------------------------..........4
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР----------------...........-5
КІРІСПЕ ..................................................................................................................6
1 САЯТШЫЛЫҚ АТА-БАБАДАН ҚАЛҒАН МӘДЕНИ МҰРА...................9
1.1 Адамзаттың рухани мұрасы ........................................................................9
1.2 Қазақтың құсбегілік дәстүріі .......................................................................13
1.3 Саятшылықтың қазақ жеріндегі дамуы ......................................................19
1.4 Саятшылық жайлы ақын-жазушылардың еңбектері .................................25
2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ................................30
2.1 Зерттеу әдістері.............................................................................................30
2.2 Зерттеудің ұйымдастырылуы.......................................................................30
3 «ҚЫРАН БҮРКІТ НЕ АЛМАЙДЫ САЛСА БАПТАП»............................32
3.1 Түз құстарын ұстау және баптау................................................................32
3.2 Саят құстарының түрлері, аңға қосу .........................................................34
3.3 Құстардың түлек жастары .........................................................................53
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР ...............................................................59
Зерттеу жұмысының өзектілігі: саятшылықтың қазақ халқының тарихындағы, мәдени дамуындағы маңызын айқындау. Саят құстарының жаратылыстағы ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәдени істің бірі ретінде қарау.
Ойлы көзбен қарап, зерделі сөзбен санап көрсең, қазаққа тән жақсы қасиет мол екеніне көз жеткізесің. Бағалай білсек, ондай ұлттық үлгілеріміз
жетіп артылады. Солардың қатарында қазақтың саятшылық дәстүрінің де лайықты орны бар.
Содан да құс салатын азаматтарды аттай қалап, атан түйедей, елдеріне
шақырып қызықты сәттерге куә болып жүргендер қатары толыға түсуде.
Иә, арғы бергі тарихқа көз жіберіп, ой тоқтатсақ,құсбегілер біраз елде болған. Бірақ дәл қазақ секілді қалыбында сақтапқала алмаған. Бұл тұрғыдан келгенде, ұлтымыздың ұлылығынан шығар,ұлттық үлгілерін ұрпағына сырын кетірмей, сынын бұзбай жеткізіпотырған ғой. Мұның әдібін хаттап қағазға түсірмесе де, көзініңашықтығынан даласындай дархан көңіліне бәрін түймедей түйіп, көкейіне сақтаған түп төркінінде арғы
қазақтың алғырлығы жатыр.
Оған бұл арада дәлелдәйек іздеп жатпасақ та тарихи дүниелерден көріп-біліпотырмыз. Жердегіні қойып, көкті шарлаған қыранды қолға ұстап баулуы,алтын арқауды үзбеуі халқымыздың зеректігін, жадының таза екенін
көрсетеді. Қазақ халқының осы саятшылық өнерін зерттеу – Қазақстан тарихындағы ең бір актуальды мәселелерінің бірі болып отыр.Әсіресе қазіргі таңда халықтың өткен тарихы мен мәдениетін зерттеуде саясаттан тыс ғылыми көзқарастар қалыптаса бастаған кездегі маңызы ерекше. Дипломдық жұмысымның мақсаты,қазақ халқының ежелгі мәдени ескерткіштерінің ішіндегі кейінгі кездерде назарға көп ілінбей жүрген қазақтардың аңшылық кәсібі туралы болмақ. Солардың бірі - саятшылық өнері. Саятшылықтың әсіресе қазақ халқының тарихында, мәдени дамуында маңызы зор болған. Қазақ тілінде осы саятшылыққа байланысты көптеген сөздер бар, олар қазір де небір тарихи жазбаларда, көркем әдебиетте кеңінен қолданылып жүр. Саятшылықты халық ежелден өнердің бір түрі деп бағалаған. Оны пайда табу немесе күн көріс санамаған.
Зерттеу нысаны – саятшылық, оның қазіргі кездегі даму жолын анықтау.Қазақ халқының аңшылық кәсібіне тоқтала отырып, саят құстарының түрлерін зерттеу.
Зерттеу мақсаты –қазіргі кездегі саят құстарының ,саятшылық өнерінің даму жолын анықтау.Қыран құстардың жаратылысын, қолға үйрету жолдарын айқындау.
Зерттеу әдістері- халқымыз қыран құстарды ерекше қадір тұтқан, әлі де құсбегілік ұрпақтан ұрпаққа беріліп жалғасып келеді. Құсбегілік -дәстүріміз бен мәдениетіміздің бір бөлшегі әрі ұлттық спорттың бір түрі ретінде зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Саятшылықтың қазақ елінің жалпы мәдениет құрылымындағы өзіндік орны.
2. Саятшылықтың заманауи даму деңгейін айқындау.
Зерттеудің әдістемелік негізін тарихи-педагогикалық құбылыстар мен фактілерді зерттеудің жүйелі тәсілі құрайды.
Ғылыми жаңалығы:
- Саятшылықтың ерекшеліктерін, жетілдіру жолдарын анықтау ;
- Саятшылық негізінде қазақ халқының дәстүрлі бүркітшілік өнеріне зерттеу сараптама жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы:
- саятшылық негізінде қазақ халқының дәстүрлі дене мәдениетінің педагогикалық мазмұнын бүтіндей ұғыну;
- саятшылық ұлттық этностық-мәдени, құбылыс ретінде тарихи салада және ары қарай даму мүмкіндіктерін ескере отырып, заманауи мәнге енгізу.
Қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыру құралдарының теориялық сараптамасы олардың өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінің заманауи жүйесін жетілдіруде қолданылуының үлкен болмысты мүмкіндіктерін көрсетеді.
Тәжірибелік маңыздылығы – алынған нәтижелер саятшылықтың заманауи жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жұмысымның мақсаты,қазақ халқының ежелгі мәдени ескерткіштерінің ішіндегі кейінгі кездерде назарға көп ілінбей жүрген қазақтардың аңшылық кәсібі туралы болмақ.
1 САЯТШЫЛЫҚ АТА-БАБАДАН ҚАЛҒАН МӘДЕНИ МҰРА
1.1 Адамзаттың рухани мұрасы
Айтар сөздің әлқиссасын саятшы¬лыққа қарай бұрсақ, бұл кәсіп басында нәсіпті ажырату үшін пайдаланылса керек. Бірте-бірте ата-бабаларымыз оны бекзат өнерге ұластырған. Биік дәрежеге жет¬кізген. Тек¬тілігі мен тегеуріні мықты қы¬ран құсты баласындай баулып, алақа¬нында ұстаған. Сән-салтанат кезінде жұрт¬қа көрсетіп, бабына келгенде дала тағысына салған. Сонар кезіндегі ерекше сәттер кімнің де болса көңіліне қанат бітіріп, жан-дүниесіне сезім шуағын шашып, ұлан-асыр қуанышқа кенелткен. Балапан баптап, қыран ұшырудың сондай бір әдемі көрінісін ұлы жазушы Мұхтар Әуе¬зов: «Аңшылықтың үміт, қуа¬нышы көп. Ыстық оттай қызулы минөті көп, мағы-налы өмір. Аңшылықта кісіні ақын күйіне жеткізетін сезім күйі көп. Бұл – салқындап кеткен кәрі ақылдың өмірі емес, сүйген ғашығыңды сағынып келіп, күліп-ойнап өткізген күндіз-түніңдей ыс¬тық сезім өмір. Өйткені, бір минөттің ішін¬де қуанатын да, жүдейтін де сәттерді басынан кешіреді. Соның бәрін айтып жүр¬гендіктен аңшының тілі шешен, қиялы жүйрік. Бүркіттің ұшқанына, түл¬кінің құ¬тыл¬мақ болған айласына, құс¬шының ебіне арналған талай шешен сөздер бар. Аңшы¬лық өмірінен ілгері-соң¬¬ғыдан қалған талай қызықты, жанды сұлу әңгімелер көп», дейді. Ұлттық құн¬дылықты тап басып танып, оның кере¬метіне шын сүйсініп, түй¬сінген адам ғана осылай тамылжытып айта алса керек. Ондай ұлылық осы арада ұлы жазушыға бұйырғанын көреміз [1].
Саятшылық негізі – қыран баптап, құмай тазы жүгіртуде жатыр. Бұл туралы тарихи жазбаларда қызықты деректер көп¬теп кездеседі. Бір ғана мысал, Ба¬ба¬құмар Хинаят пен Қуаныш Исабековтің «Саят¬шылық – қазақтың дәстүрлі аңшы¬лығы» (Алматы кітап, 2007) атты әдеби-танымдық кітабын оқып отырғанда оған айқын көз жеткізесің. Біздің дәуірімізге дейінгі ғасырлардан хабардар ететін тастағы ойма суретте құс ұстаған адамдар бейнеленген. Сол секілді Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыс¬тардың нәти¬жесіне үңілсең де алтын ұстап, темір қорыт¬қан ата-бабалары¬мыз¬дың құсбегі¬лікті, тазымен аң аулауды қатар алып жүргенін аңғарасың. Оған Атыраудан бас¬тап Алтайға, одан Ала¬тауға, Арқаға дейін¬гі аралықты алып жатқан құт мекеннің кез келген жерінен табылған құсбегілік туралы деректер дәлел бола алады. Қыран мен сұңқар, төрт аяқты тұлпар бейнеленген алтын құймалар Атыраудағы Аралтөбе қоры¬мы¬нан, Алматы маңындағы Есік қорға¬нынан табылғаны баршаға мәлім [2].
Саятшылық туралы алуан түрлі көрі¬ністерді көркем дүниелерден де оқуға болады. Оған бір мысал мынадай. Мың жылға таяу уақыт бұрын жазылған «Қабус¬¬наманың» он жетінші тарауы түгел¬дей саятшылыққа арналған. Жоға¬рыда айтқан кітапта төрт¬күл дүниені түгел билемек болған Шың¬ғыс ханның сұңқар салғандығы, Керей Тұғырыл хан, Шыңғыс мұрагер-лерінің бірі Құбылай хан, сондай-ақ Әмір Темір қолы бос кезде құс салып, ит жүгіртуді әдепті әдетке айналдырғаны айтылады. Бұған қоса Шыңғыс ханның құсбегілік өнерді жоғары бағалағаны, тіпті мұны мемле¬кеттік деңгейге дейін көтер¬гені, саят¬шылық әскери жаттығуда ең ма¬ңызды рөл атқарғаны да алға тартылады [3].
Италия саяхатшысы Марко Поло, орыс тарихшысы Николай Карамзин, поляк зерттеушісі Адольф Янушкевич се¬кіл¬ді шетелдік ғалымдардан қалған ең¬бек¬терді парақтасаң, бұл өнердің небір керемет¬теріне қанық боласың. Мәселен, Күйік ханның ордасында 4 айға жуық болғанда М.Поло жиырма мың құсбегі мен аң¬шының жүргенін хатқа түсірген. Он мың қызыл, он мың көк түсті киім киген аңшылар, ханмен бірге саятқа шы¬ғады екен. Бұлардың ішінде екі мың адам тазы мен төбет иттерді жетектеп жүретін болыпты. Күншілік жерден шең¬¬бер құрып, аң мен құсты үркітіп қыспаққа алу сәтіндегі көріністердің ерекше болатынын да жазып қалдырған. Ал Жошы ханның айналасында үш мың қыран, Абылай ханның 500 бүркіт, 300 қаршыға, сұңқар ұстаған құсбегілері туралы да деректер баршылық [4].
Орта ғасырда саятшылық өнерді ерекше құрметтегендер туралы әңгіме қозғал¬са, оның көш басында көшпенділер тұр. Себебі, құсбегілік көшпенділер өмірін¬де үлкен рөл атқарған екен. Түбіміз бір делінетін түрік сұлтаны І Баязидтің (1354-1403) 6000 сұңқаршысы болған көрі¬неді.
Ал атақты Бабырдың (1483-1530) «Бабырнама» атты кітабында саят-шылық жайлы ой таратылып, қыран құс жоғары бағаланады. «Хасан Әли Жалайыр құсбегі әрі ақын еді», дейді. «Саят¬шылық» деген іргелі еңбек авторлары: «Мұндағы жалайыр (жалайыр Шора) қазақ құсбегілерінің пірі екендігі тарихи сабақтастықты аңғартады», дейді. Мұны күмәнсіз дәйекті байлам деп тұжырамыз [5].
Көне Руссияны билегендер сұңқар бекеттерін жасақтап, құсбегілік туралы қарар қабылдаған. Мәскеу төңірегіндегі Сокольники деген жер соған дәйек секілді. Біздің мемлекетіміздің анау ғасырларда іргетасын қалаған алыптары да ұлттық үлгіге сергек қараған. Оған Тәуке ханның тұсында қабылданып, қазақ¬тың әдет-ғұрпын тиянақтаған әйгілі «Жеті жарғы¬да» аңшылыққа ерекше мән берілгені мысал бола алады. Айтулы құжатта: «Аңға салатын итті, құсты, (бүркітті) өлтірген адамнан олардың иесі бір құл немесе бір күң беруді талап ете алады», делінген. Осының өзінен-ақ саят¬шылыққа қазақтың қаншалықты мән бергенін көру қиын болмасы анық [6].
Жоғарыда аталған кітаптағы мына бір деректерді келтіре кетсек дейміз: «Еуропада үлкен қызығушылыққа ие болған құсбегілік өнер аристократтардың ермегі орнында жүргенімен, жалпыхалықтық қолдауға ие болып, ХVІ ғасырда шарық¬тау шегіне жетті, – дейді венгр ғалымы Ласло Дьюла. – ХХ ғасырда адамзаттың технократтық өркениеті мен ату қару түрінің көптеп өндірілуі және жалпы адамзат санасының қатыгезденуі салдарынан көптеген құстармен бірге жырт¬қыш, аушы құстар оққа ұшып, олардың қатары сиреп кетті. Бұл тенденцияны экологиялық факторлар мен табиғатты игеру, қалалану (урбанизация) үрдісі де ушықтырып жіберді. 1905 жылы бір ғана Венгрияда 6115 бүркіт, 57923 сұңқар тектесті, 11 мыңдай үкіні атып құртқан екен». Мұндай қатыгездікке не дерсің? Та-биғаттың тепе-теңдігі осындайдан бұ¬зылады? Ал адамға жасалған арсыздық-тың да кесір-кесапатын жұрт біледі [7]. ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?