Дене шынықтыру | Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мазмұны және құрылымы
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................5
І ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ.........................................................................9
1.1 Дене тәрбиесі және жеңіл атлетикалық жаттығулардың педагоги-калық мәні ..............................................................................................9
1.2 Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мазмұны...................................19
1.3 Жеңіл атлетикалық жаттығулардың құрылымы...............................26
ІІ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.................................36
2.1 Жеңіл атлетика жаттығуларының жүру, жүгіру және секіру техникасының әдіс-тәсілдері..........................................................................................36
2.2 Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын талдау..................45
2.3 Ядро итеру және найза лақтыру техникасының тәсілдері................52
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................67
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербес, ізденімпаз, дені сау, өзгермелі өмір жағдайына белсенді және білімін қажетті жағдайда шығармашылықпен пайдалана алатын жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” педагогикалық қоғамдастықтың алдында ауқымды міндет тұрғандығы, яғни - білім берудің жаңа моделін құрып, оны сынақтан өткізу, тәжірибеге енгізудің негізгі принциптері көрсетілген. Тұжырымдамада мамандар даярлау жүйесінде білім берудің сапасын қамтамасыз етуде жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру қажеттілігі айтылған [1].
Талаптарды орындау үшін жоғары оқу орындарында кәсіби білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады.
Аталған талаптар тұрғысынан келгенде қазіргі заманғы білім берудің, яғни жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың негізін құраушылар оқыту, тербиелеу, дамыту біртұтастықта ұйымдастырылады. Мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетінде бұл процестердің бөлінбейтіндігінің, олардың үйлесімді болуын қамтамасыз етудің кепілі болып және білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Ал, білім берудің тиімділігі, табысты болуы, қоғам талаптарына сай нәтижелер алуы негізінен оқытудың технологиясын, әдіс-тәсілдерін және құралдарын жетілдіруге тәуелді болады [2].
Халық даналығы да осы маңызды міндетті меңзейді: «Тәні саудың – жаны сау». Себебі дені сау, денсаулығы мықты, дене күші, дене мәдениеті қалыптасқан адам ғана зерделі ойлап, өз іс-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті. Сондықтан дене тәрбиесі жасөспірімдерге білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбек нарығындағы бәсекелестікке және Отан қорғауға даярлауға қызмет етеді.
Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне және жалпы дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына тікелей байланысты. Өйткені, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық іс-шаралардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерінің гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басы мен оның жоғары оқу орнындағы теориялық және тәжірибелік даярлығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай мектептегі дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек.
Қазақстан Республикасының негізгі құрамасы, олимпиадалық және жастар құрамаларының сәтті ойын көрсетуінің басты шарты барлық оқыту-машықтандыру процесін жеңіл атлеттердің арнайы дене сапаларын жетілдіруге арналған тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып жетілдіру.
Көпжылғы өткізіліп келген барлық педагогикалық эксперименттік байқаулар жеңіл атлеттердің жалпы дене дайындығы мен техникалық-тактикалық шеберліктерінің нашарлауын көрсетіп келген.
Осыған орай, бұл мәселелер ғылыми дәрежеде, әсіресе жасөспірім кезеңдегі жеңіл атлеттердің дене қабілеттерін тәрбиелеуде педагогикалық тәсілдерді пайдалануды зерттеу жұмысы барысында айқындалуы тиіс. Олай болатын себебі жеңіл атлеттердің дене қабілеттері мен спорттық шеберлігінің қарқынды өсуі дәл осы сатыда, яғни олардың жасөспірім кезеңінде байқалады. Дене қасиеттерін тәрбиелеудің маңыздылығы - жеңіл атлеттердің жаттығу тәсілдерін дұрыс өңдеп, қабылдай алу қабілеттілігінде, яғни мағлұматтарды өңдеу арқылы олар өз дене қабілеттері мен спорттық шеберліктерін шыңдай алады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қамти отырып, ғылыми зерттеу жұмысы жасөспірімдердің жылдамдық-күш қабілеттерін педагогикалық тұрғыдан қарай отырып, олардың дене қабілеттері мен спорт шеберліктерінің артуына септігін тигізбек.
Қазақстандағы дене тәрбиесі ілімін және дене мүмкіндіктерін дамыту ісін ұйымдастырып саралауда дұрыс бағыт ұстауымызға арқау болды: мұнда Б.М.Досқараевтың, Қ.И.Адамбековтың, М.Сапарбаевтың, Ж.Бекбатчаевтың, Б.А.Тойлыбаевтың, Ж.К.Оңалбектің, Е.Уанбаевтың, Ә.Ж.Тастановтың Б.Қ.Мухамеджановтың, Ш.Б.Оразовтың, Ә.К.Әбділлаевтың, Е.Д.Оразбаевтың, Ө.Ж.Тұрысқұловтың, О.Қ.Дүйсеновтың және т.б. ғалымдардың еңбектері дене мәдениеті және спорт саласында мамандар даярлау үдерісіне арналған[3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,1,6].
Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстары қазіргі таңда Қазақстандағы дене тәрбиесі саласында пайдаланылуда.
Алайда негізделген ғылым мен практиканың сабақтастығы бір дағдыда қалмайтындығы тағы да белгілі. Практика әрдайым жетіліп, ұшталып отырады, ол ғылыми тұрғыдан тұжырымдарды қажет етеді. Осы тұрғыдан қарағанда, соңғы уақытта салауатты өмір салты ғылыми тұрғыдан дамыды, өсті, сауықтыру кешендерінде практикалық тәжірибелер жинақталды, тәрбие мен үйретудің коммуникативті бағыттағы стратегиясы мен тәсілі анықтала түсті жаңа ізденістер пайда болды.. Осы қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты «Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мазмұны және құрылымы» деп таңдауымызға себеп болды.
Зертеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты жас жеңіл атлеттердің ерекшеліктерін теориялық және әдістемелік негіздерін ашып, іс-тәжірибелік құндылығын дәлелдеу.
Зерттеу нысанасы. Жоғары оқу орындарындағы студенттерді дене тәрбиесі және спорттық іс-әрекеттер арқылы кәсіби даярлау жүйесі.
Зерттеу пәні. Студенттердің дене тәрбиесі және спортттық іс-әрекеттер арқылы дағдыларын қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары, «Білім туралы» Заң, философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми еңбектер, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі және спорт саласындағы кешенді бағдарламасы.
Зерттеу әдістері: Философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, оқу-тәрбие жөніндегі құжаттар мен бағдарламаларға оқу әдістемелік құралдарына талдау жасау, студенттердің оқу іс-әрекетін байқау, спорттық жарыстар өткізу, сауалнама, әңгіме өткізу алынған нәтижелер өңделінді.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алушы 1-4 курс студенттері және спорт секцияларына қатысушылармен жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
1. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мазмұны мен зерттеу жолдарының ғылыми бағыттары, қазіргі күйі теориялық жағынан зерделенді.
2. Зерттеу нысанасы негізінде жеңіл атлетикалық жаттығулардың ұғымдарының педагогикалық-психологиялық мәні анықталды.
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға болады.
Жүргізілген зерттеудің практикалық мәнділігі ұсынылған қағиданың жүзеге асуы, оқытудың формалары мен әдістерін жетілдіру, студенттердің белсенділіктерін арттыру үшін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану, оқытушының педагогикалық шеберлігін, оның шығармашылық мүмкіндігін жетілдіру сияқты көкейкесті проблеманы шешуге мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделіп, проблема қойылады, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі анықталады, мақсаты қойылып, міндеттері белгіленеді, болжамы мен жетекші идеясы тұжырымдалады, зерттеудің негізгі кезеңдері қысқаша баяндалады.
І. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ.
1.1 Дене тәрбиесі және жеңіл атлеткалық жаттығулардың педагогикалық мәні
Жеңіл атлетика денешынықтыру тәрбиесі жүйесіндегі спорттың негізгі түрлерінің бірі. Жеңіл атлетикамен милиондаған адамдар айналысады. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың әр түрлілігі және жүгіру мен жүрудегі лақтыру мен секірудегі жүктемені түрлендірекей мүмкіндіктер береді.
Мектептерде дене тәрбиесі мұғалімдері оқушыларға дене жаттығуларын үйрету мен бірге балаларды физикалық жақтан жан-жақты тәрбиелейді. Мұғалімнің негізгі міндеті: оқушылардың денсаулығын нығайту үшін әртүрлі әдістерді қолданып балалардың денесін дамыту және жоғары дәрежелі еңбек әдістерін үйретуден тұрады. Ол әр оқушының дамуының өзгешеліктерін, ерік сапасын, ақылдылық өзгешеліктерін есепке алып, сабақ кезінде оқушылардың іскерлігін дұрыс ұйымдастырып отырады[17].
Дене тәрбиесі сабағы кезінде оқушыларға бағдарламада берілген теориялық мағлұматтар хабарланады. Мазмұны бойынша бұл мағлұматтар төмендегі негіздерді басшылыққа алады:
• адамдардың жан-жақты дамуы үшін дсне жаттығуларының маңызы;
• оқушыларға ата-бабаларымыздың және ұлы ғалымдардың дене тәрбиесіне, жалпы тәрбиеге деген көзқарастары;
• дене тәрбиесінің көмегінде қалайынша дене сымбатын, салауаттылықты жақсартуға және ақыл іскерлігін дамытуға болатыны.Оқушыларға таңертеңгі гимнастиканың, дем алу жаттығуларының. жүзудің, жүгірудің маңызы тусіндіріледі.
Нақты мысалдар арқылы әлем, Республика көлеміне белгілі спортшылар туралы және олардың спорт жолындағы жетістіктері туралы әңгімелер өткізіп ынталарын ояту жұмыстары жургізіледі.
1. Гигиеналық білім туралы, жұмыс істеу және дем алу
тәртібі, тамақ, киім гигиенасы туралы түсінік беріледі.
Жеке күрестерде, топтық ойындардағы әрекет техникаларын және тактикаларын қолдану, сайыс ережелері туралы түсінік береді.
2. Сабақ және жаттықтырулар кезінде дене дайындығы күшті, шыдамдылықты, шапшаңдықты дамыту және дене
жұмыстарын, жаттығуларды орындау әдістері
туралы түсінік береді.
Оқушыларға дене тәрбиесі туралы білімін қалыптастыру арқылы олардың ақыл-ойының дамуына әсер жасалады.
Белсенді әрекет іскерлігін барлық уақыт адам миының функционалдық дамуына әсерін тигізеді, оқушылардың іскерлігін жоғарылатады[18]. Жаңа жаттығуға үйрену уақытында ақыл іскерлігі бұлшық ет іскерлігіне қарағанда белсенді болады. Сондықтан дене тәрбие сабағы уақытында мұғалімнің тапсырмасын ойланып, түсініп орындауға, үйретуге көңіл бөлінеді.
Дене тәрбие сабағының негізгі міндеттерінің бірі - бұл оқушыларда дене тәрбие және спортқа, әрекет мүшелерінің анатомиясына, әрекет іскерлігінің физиологиясына тұрақты кызығушылықтарын тәрбиелеу.
Әсіресе дене тәрбие және спорт мәселелері бойынша қызықты мағлұматтарды таңдап алу ақпаратына көбірек көңіл аудару керек. Ал сабақтың уақыты аз болуына байланысты ақпарат материалдардың кабырға газеті түрінде спорт сарайларында іліп койған жөн. Сабақ уақытында мүмкіншілігі болғанша кинобағдарламалардың бейне таспаларын көрсетіп түсіндірген дүрыс.
Дене тәрбиесі мұғалімінің негізгі міндеті, оқушының мінез-құлқының, қалыптасуына, адамдарға жақсы қатынаста және сабаққа саналы түрде қатысып маңыздылығын қалыптастыру, сонымен бірге, оларды Отанды сүюшілікке тәрбиелей отырып патриоттық рух беру. Оқушылардың шыдамдылық, шешім қабылдау, ерік сапасын қорықпай әрекет ету дағдыларын тәрбиелеуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар көлемі мен қиыншылығы бойынша орындай алатын болуы тиіс. Көпшілік болып жаттығуды орындаған уақытта оқушылардың ережені дұрыс сақтауын, бір-біріне қатынасын, басқа оқушылар алдында жауапкершілігінің жоғары болуын бақылау қажет. Әрине сонымен бірге мұғалім барлық уақытта оқушылар алдында әрқашан ұлгі болып көрінуі тиіс. Сондықтан мұғалім өзін-өзі барлық уақытта бақылап жүруі керек. Оқушылармен өз-ара қарым-қатынасты жоғары педагогикалық этиканы орынды пайдалануына отырып бәріне теңдей мейірімді қатынаста болуы тиіс. Сонымен қатар талап коюшылық, өзінің шешіміне сенімді болып, талаптарын іске асыра алуы керек[19].
Оқушылардың өзіндік шешімдерін, ұсыныстарын дүрыс бағалай алуы керек. Ол үшін мұғалім жоғары дәрежелі (деңгейлі) білікті маман болуы тиіс.
Балаларға өзінше әрекет етуге, ойлап шешуге мүмкіншілік беру керек. Бұл оларда саналылықты, белсенділікті, өзін-өзі жетілдіруді тәрбиелейді. Тәжірибелі мұғалімдер барлық оқушыларды ойын басшысы, төрелік ету және тағы басқа қоғамдық жұмыстарға басшылық етіп және берілген тапсырмалар мен қоғамдық жұмыстарды үлкен жаукапкершілік пен ұқыптылықпен орындауларын талап етуі керек.
Оқушыларды Қазақстан Республикасы спортшыларының дүниежұзілік Халықаралық олимпиада ойыны жарыстарында қол жеткізген табыстарымен таныстыру арқылы мұғалім оларға ерлікті, табандылықты, достықты, басқа халықтарға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді.
Дене тәрбие сабағын оқушыларға еңбекті сүюді, еңбек, етуді пайдалану мүмкін. Әсіресе дене тәрбие сабағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне жақсы әсерін тигізеді. Оқушылардың дене құрылысы мен сымбатын, әрекет координациясын, қозғалыстарын жеңіл және әдемі орындауға тәрбиелейді. Сондықтан мұғалім оқушылардың жан-жақты дамуына әсер ететін жаттығуларды, амалдарды, әдістерді таңдап қолдануы қажет.
Жеңіл атлетикалық лақтыруды орындау тәсіліне байланысты, ол үш түрге бөлінеді:
1) бастан асырып лақтыру (найза мен гранат)
2) бұрылып лақтыру (табақша (диск), балға)
Лақтыру тәсілдері жабдықтардың яғни, снариадтардың формасы мен салмағына байланысты. Ұстауға ыңғайлы, жеңілснариадттарды түзу сызықты жүгіріп келіп, басынан асыра лақтыруға болады: ауырлау снариадттарды бұрыла отырып лақтыруға болады20.
Көпсайыс-жүгіру, секіру және лақтырудың әр түрлерінен тұрады.
Көпсайыс онымен айналысушыларға өте жоғары талап қояды. Жоғары техникалық шеберліктен басқа, оларға спринтердіңшапшаңдығы, лақтырушының күші, секірушілік пен секірушінің ептілігі, тосқауылдан секірушінің батылдығы, орташа арақашықтыққа жүгіруші желаяққа төзімділігі қажет.
Көпсайыспен айналысу –дененің жан-жақты дамуы мен жаңадан бастаған жеңіл атлеттер үшін тамаша жол.
Жеңіл атлетика жаттығуларына талдау жасау.
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі жасөспірімдерді тәрбиелеуде олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр жасөспірімнің денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтын басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Білім беру жүйесінің алдында маңызды міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркеңиетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда.
Спорт пен денсаулық қазіргі заманның ең маңызды да, өзекті мәселелерінің бірі. Жасөспірімдердің аз қозғалыстағы тірішілік бейнесі олардың өскелең өмір жолдарында рухани және дене дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан мектеп оқушыларын спорттық қызмет жүйесіне баулу және де олардың жан-жақты дамуына, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортпен айналысуына мүмкіндік жасау қажет.
Қазақстан Республикасында дене тәрбиесінің негізі ретінде ойындар мен жарыс сипатындағы қимылды жаттығулар тек дене күштерін арттыру ғана емес, ата-бабаларымыздың ұлттық психологиялық болмысы мен тәлім-тәрбиесін, рухани адамгершілік сипаттары мен мәдени құндылықтарын өзара ішкі бірлікте денсаулық сақтау межесіне жету мақсатын көздеген[21]. ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?