Дене шынықтыру | Жасөспірім дзюдошыларының дене дайындығын тәрбиелеу және оны эксперимент барысында тексеру

 Дене шынықтыру  | Жасөспірім дзюдошыларының дене дайындығын тәрбиелеу және оны эксперимент барысында тексеру

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. ЖАСӨСПІРІМ ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ҮЛГІЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1 Жасөспірім дзюдошылардың дене дайындығын жетілдірудің педагогикалық негіздері
1.2 Дзюдо спорт түрінде жылдамдық - күш дайындығының әдісін жоспарлау
1.3 Жасөспірім дзюдошылардың төзімділік қабілетін жетілдірудегі физиологиялық ерекшеліктері

2. ЖАСӨСПІРІМ ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҚ-КҮШ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ҮЛГІЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері мен әдістерін ұйымдастыру
2.2 Жасөспірімдердің спортқа (дзюдо күрес түрлеріне) бейімділігін анықтау жолдары
2.3 Жасөспірімдердің дзюдо күрес түріне бейімділігін медициналық бақылау арқылы анықтау жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Халықаралық аренадағы жоғары бәсекелестік, жаттығуда күш түсудің үнемі арта түсуі, жарыстағы белдесулердің динамикалығының арта түсуі спорттық жаттықтыру саласында жұмыс істейтін мамандардың алдына оның тәсілдері мен әдістерін одан әрі жетілдіру міндетін қойып отыр.
Спортшыларды, оның ішінде жас дзюдошылардың дайындығын үлгілеу проблемасы дене қасиеттерін тәрбиелеудің, спорттық жаттықтырудың және бейімділік дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесіндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл ретте ұлттық жеке жарысқа түсу жүйесіндегі бастапқы даярлықтың ғылыми негізделген әдістемесі жас спортшылардың тактикалық даярлығын және жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелілігінің аса маңызды шарты болып табылады.
Жас спортшыны жаңадан келушіден әлеуметтік маңызы бар жарыстарды жеңіп шығуға қабілетті спорт шеберіне дейін даярлау – көпжылдық, еңбектеніп тер төгуді қажет ететін үрдіс. Өсіп келе жатқан бәсекелестік ең аз материалдық шығындар мен мейлінше аз уақыт кезінде біліктілігі жоғары спортшыны даярлауға ықпал ететін, жаттығудың жаңа және прогрессивті әдістемелерін талап етуде.
Мәселе көпжылдық тактикалық даярлықтың кезеңдерінде спорттық шеберлікті қалыптастырудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды жеке жарысқа түсуге спорттық даярлау процесін басқарудың оптималды жолдарын іздестіруден тұрады.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жасалған талдау, тәжірибе мен бақылаулар көрсетіп отырғанындай, бүгінгі күні айтарлықтай көп жағдайларда жаттықтырушының қызметі, ескіріп кеткен ұсыныстарды қолдана отырып, олар жүргізіп отырған жаттықтыру процесінің анық критерийлерінсіз және спорттық жаттықтыруды табысты жүзеге асырудың көбіне көп шұғылданушылардың даярлығына дұрыс бақылау жасауға байланысты екендігін ескерусіз, субъективтік категориялар шеңберінде өрбіп отыр. Осындай жұмыстың нәтижесі болып облыс, аймақ және т.б. құрама командалары үшін толыққанды емес резервтерін қалыптастыру болып табылады. Жас жас дзюдошылардың дайындығын үлгілеу әдістемесін оны қазіргі техникалық-тактикалық әрекеттерді меңгеруге бағыттайтындай етіп қайта құру керектігін А.Қ Қарақов,
Н.М Шепетюк, Ю.А.Шахмурадов және т.б. зерттеген болатын.
Дзюдошылардың өнер көрсетуі оларға жоғарғы дәрежедегі жарыстарда толық көлемде басымдылық танытуға кедергі келтіріп отырған бірқатар ұйымдық және әдістемелік мәселелерді анықтап, көрсетіп берді.
Жас дзюдошылардың дайындығын үлгілеу ерекшелігінің ғылыми негізделуі қазіргі спорттың қажеттіліктеріне сәйкес келе бермейді. Дзюдодағы күш салуды, олардың организмге әсерін әсерін зерттеу жөніндегі, сонымен қатар жаттығу әдістемесі жөніндегі зерттеулердің көпшілігі ересек спортшыларда жүргізілді. Практикалық ұсыныстар, әсіресе жас дзюдошылардың дайындығын үлгілеуге қатысты ұсыныстар өте жеткіліксіз жасап шығарылған.
Көптеген зерттеушілер дене жаттығуларының, жастарды рухани тәрбиелеудің, Отанды қорғауға және еңбекке даярлықтың маңызды құралы болып табылатындығын да атап көрсетеді. Біздің жұмысымызда жастардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде маңызды орынды жеке жарысқа түсудің алуан түрлі жүйелері алып отыр. ҚР-сы халықтарының игілігі болып келген тәсілдер – жұдырықтасу, қолмен ұрысу және т.б. белгілі болса да, көп жағдайда бұл жеке сайыстар шығыс пен батыстың әр түрлі елдерінен келген. Отандық жекпе-жекке шығу өнері мүлдем болмаған немесе олар шамалы ғана дамып, шеберлік деңгейі бойынша шығыс пен батыс жүйелерімен теңдесе алмайды дегендей әсер аласыз. Оқпен ататын қаруды қолданусыз, әскери әрекеттерді жүргізу тәжірибесі өзгені айтады: славян жауынгерлерінің даярлық деңгейінің жоғары болғаны соншалықты, араб халифтерінің, қытай және рим императорларының, түрік сұлтандарының жеке күзеті негізінен славян жауынгерлерден тұрған екен. Сірә, біздің ата-бабаларымыздың дене қасиеттерін даярлаудағы тарихи жүйесі шығыс пен батыстың осыған ұқсас жүйелерінің деңгейінде болып қана қоймай, оларды айтарлықтай басып озған.
Жастарды қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуге және еңбек қызметіне даярлау үшін тек шығыс пен батыстың жеке сайысқа түсу жүйелерін ғана емес, отандық жүйелерді де зерттеу керек. Бізде де жеке алысқа түсуге даярлау бойынша әдеби еңбектердің болғанын атай кетуіміз керек.
Соңғы жылдары осы мәселелер спорттың әр алуан түрлері, оның ішінде спорттық күрес бойынша ғылыми әдебиеттерде қарастырылса да, аталған мәселе әлі толық дәрежеде шешіле қойған жоқ. Жас дзюдошылардың дене дайындығын тәрбиелеу үрдісін дене шынықтыру теориясында, әсіресе практикасында әлі де болса дәлдеп тексеруді, қосымшалар енгізудуі және одан әрі қалыптастыруды қажет етеді.
Осыдан бүгінгі таңда дзюдошыларды даярлау тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, аз зерттелген бағыттардың бірі зерттеулердің жаңа қол жетерлік және ақпараттық әдістемелерін, оның ішінде:
а) жаттығу процестеріндегі әрекеттерді бағалау;
ә) қазіргі заманғы бағдарламаларды қолдана отырып, зерттеу материалдарын оперативті өңдеу және оларды жас дзюдошыларды үлгілеудің оқу-жаттықтыру процесіне енгізу әдістемелері жасалып пайдаланылмауы белгілі дәрежеде қарама-қайшылықтың бар екендігін байқатады. Аталған қарама-қайшылықты шешу зерттеу проблемасын айқындайды.
Ол бүгінгі күн тәжірибесінде дайындықты үлгілеу әдістемесіне қатысты тиімділігін анықтап қолдануға болады және оның зерттеуге алынған феноменді жетілдіруге ықпалы қандай дегенді айқындау қажеттілігін туғызады. Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде бұл проблеменың өз дәрежесінде зерттелмеуі үлгілеудің тиімді әдістемесінің жоқтығы оның бүгінгі таңда өзекті мәселе екендігін дәлелдеп жұмысымыздың тақырыбын ТСТ-де дене дайындығына тәрбиелеудің тиімділігін зерттеу (Дзю-до негізінде) деп алуға мүмкіндік берді.
Зерттеуде жас спортшы-дзюдошылар арасындағы айтарлықтай жас-жыныстық және дербес-типологиялық айырмашылықтардың бар болуы мен оқу-жаттықтыру процесінде жас дзюдошыларды спорттық даярлауды басқарудың теориялық және практикалық мәселелерінің жеткіліксіз жасап шығарылғандығы арасындағы айтарлықтай қарама-қайшылық тұжырымдалған. Пайда болған қарама-қайшылықты шешу жолдарын іздестіру және жас дзюдошылардың оқу-жаттығу процесін үлгілеудің тиімділігін қалайша арттыруға болады деген сұраққа жауап іздестіру зерттеу жұмысының проблемасы болып табылады.
Зерттеу нысаны – жасөспірім дзюдошыларының оқу-жаттығу процесі.
Зерттеу пәні – жасөспірім дзюдошылардың дене дайындық жақтарын жетілдіру әдісі.
Ғылыми болжам: егер оқу-жаттықтыру процесін жасалған әдістеме бойынша ұйымдастырылса, онда дзюдошылардың жылдамдық-күштері мен икемділіктерін жетілдіру механизмдері жақсы игеріледі, сонда ғана дзюдошылардың көрсеткіш мүмкіндіктері жоғарылайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты – жасөспірім дзюдошылардың дене дайындығын тәрбиелеу тиімділігін арттыру және оны эксперимент барысында тексеру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- жасөспірім дзюдошылардың дене даярлық деңгейін анықтау;
-жасөспірім дзюдошылардың дайындық процесін үлгілеудің педагогикалық шарттарын анықтау;
-жасөспірім дзюдошыларға жаттығу әдістемесін жасау және дәлелдеу.
Зерттеулердің әдістемелік негізі күрделі табиғи биологиялық және әлеуметтік құбылыстарды талдауға жүйелі түрде келу, дене шынықтыру мен спорт саласындағы ғылыми еңбектер болып табылды.
Бұл ретте ғалымдардың «спорттық жекпе-жек үлгісі» түсінігі, ережелері мен концепциялары; дзюдошыларды көпжылдық техника-тактикалық даярлау тәжірибесі, жекпе-жекте спортшыларды даярлауды басқарудың функционалдық жүйесі; дзюдошының даярлық үлгісі және оны көпжылдық даярлау әдістемесі пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- жасөспірім дзюдошылардың дене даярлық деңгейі анықталды;
- жасөспірім дзюдошылардың дайындық процесін үлгілеудің педагогикалық шарттары анықталды;
- жасөспірім дзюдошыларға жаттығу әдістемесін жасау және дәлелдеу жасалынды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы жасөспірім дзюдошыларға жаттығу үлгісін жасау және дәлелдеу байланысты болып табылады. Әдістеменің негізінде дзюдошылардың жылдамдық-күші мен икемділігін дамыту мен байланысты жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар алынды, сонымен қатар үйрету мақсатындағы арнайы жаттығулар қолдану болып табылды.
Зерттеу жұмысы барысында қол жеткізген нәтижелер мен ұсыныстарды дзюдошыларды дайындайтын спорт мектептерінің, клубтардың, колледждермен, дене шынықтыру профиліндегі ЖОО тәжірибесінде қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
- жасөспірім дзюдошыларға жаттығу әдістемесін үлгілеу және дәлелдеу;
- жасөспірім дзюдошыларға дене даярлығын тәрбиелеудің педагогикалық шарттары;
- жасөспірімдердің дзюдо күрес түріне бейімділігін анықтау.
Зерттеудің практикалық маңызы. Диплом жұмысында алынған ережелер мен қорытындылардың жиынтығы балалармен жұмыс істейтін спорттық профильдегі педагогтың кәсіптік қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыста қолданылуы мүмкін. Зерттеуде алынған қорытындылар мен ұсыныстар дене шынықтыру мекемелері, институттары мен колледж студенттеріне, педагогикалық институттардың жаттықтырушылар факультетіне, сонымен қатар дене шынықтыру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру факультеттерінің тыңдаушыларына арналған арнайы курстарға енгізілуі мүмкін. Бұл материалдар дене шынықтыру мен спорттық жаттықтырудың теориясы мен әдістемесін дамыту үшін, сонымен қатар жасөспірімдер спортының теориясы мен әдістемесі үшін маңызға ие.
Зерттеудің ғылыми нәтижелері мен қорытындыларының дәлелдігі мен негізділігі: жүйелі келу ережелеріне негізделген бастапқы әдістемелік пайымдаулардың қисынымен; педагогикалық ақпаратты алуан түрлі қолданумен; педагогикалық зерттеудің тәуелсіз әдістерінің көмегімен алынған, оның тақырыбына, пәніне, аясына адекватты мәліметтерді салыстырмалы талдаумен; спорттық-педагогикалық практика мен оңды тәжірибені талдаумен; қолданылған әдістердің зерттеу жұмысының кезеңдерінің міндеттеріне және спецификасына концептуалдық сәйкестігін растаумен; болжамын нақтылы теориялық және практикалық нәтижелермен растаумен; бақылау тобымен салыстырғанда, экспериментік топтың жас дзюдошыларын даярлау табыстылығында оңды статистикалық мәнді өзгерістерге қол жеткізумен; зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдаумен анықталады.
-дзюдошылардың дене даярлықтарын бағалау әдістері;
Диплом жұмысының құрылымы мен мазмұны. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

2. ЖАСӨСПІРІМ ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ҮЛГІЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

2.1 Жасөспірім дзюдошылардың дене дайындығын жетілдірудің педагогикалық негіздері

Техникалық қозғалыстың қиындығы және нұсқасы техника көмегімен, көбейтіледі, сонымен қатар физикалық сапа әртүрлі, осыларды жетілдіру зерттеу мүмкіндігі. Сонымен бірге жаттығудың құралдарымен әдістерін қолдану. Осылардың ең белсендісі жаттығу, даму бағытын күшейту, спорт қозғалысының техникасын жақсартуды бағдарлау.
Жылдамдық-күш қабілеттігінің дамуы барлық деңгейде қарсылық білдіреді, күрестердің өзіне лайық әрекеті, бірқалыпта өсіп көтеріледі максималды күш және жылдамдық мөлшері спорт дайындығын жаңа бастаған спортшылар үшін тиімді шеңберлік деңгейінің көтерілуі барысында байқалатын жағдай қарқындылық пен мамандық ықпалын пайдалану.
Күш және жылдамдықтың үйлесуі жоғары квалификациялық спортшылардың максималды күш салуы өсу көрсеткішінің артықшылығы болып табылады. Ғалымдардың айтуынша [1, 2, 3, 4] ең үздік құрал арнаулы жылдамдық-күш дайындығына өзіндік жарыс жаттығуы болады. Ал енді практикада бұл жағдайлар физикалық энергиямен нерв жүйесінің жұқаруына әкеліп соғады. Сыртқы құралдарды мұқият тексеріп алу керек, бір шеңберден аспайтын және өзгеше әсері болу керек.
Машықтану әрекетінде қолданылатын құрал максималды күш салуда координациялық байланыстардың өрекнделуіне жаттығудың қисыны бар. Қазіргі уақытта жыдамдық -күшқабілетінің дамуына үш түрлі жолы бар.
- Бұлшық еттер арасын үйлестіруді жетілдіру.
- Ішкі бұлшық еттерді үйлестіруді жетілдіру.
- Өз бұлшық еттерінің әрекет қабілеттігін жетілдіру.
Бірінші жол ол жаттығуды қолдану, жарыспен ұқсас.
Екінші жол- үш көрсеткішіне әрекет ету қажет. Қозғалыс бірлігінің оңтайлы саны. Жоғары импульс мотонейроны, мотомирондардың барлық сихронды оңтайлығы яғни жаттығуды үлкен қиындылқпен салмақ салумен қолдану қажет.
Үшінші әдіске салмақ салуды қолдану айласы келеді. 7-13 ( қайталау максимумы), культуристердің жаттығу әрекеттерінде қолдануы. Спорт күрестерінде күш қабылетін зерттеу, ерекшелігіне қарай дзюдода, күрестердің спорт шеберлігінің деңгейін айтатын нәрсе, ол күрестердің күш салуының маңызы оның (жарылыс) әрекетіне көрсетеді.
Осындай жағдайда, әртүрлі күштердің пайда болуыжылдамдылық-күш мүмкіндігінің айрықша маңыздылығы болып табылады. Осындай жаттығудың көмегінің арқасында ерекше маңызды көзтартарлық шабуыл қимылдарында қарсыластың маңызды қарсылығының орынды жауап беруі пайда болады.
Спорттың және сайыс дайындықтарындағы жылдамдық-күш орны.
Арнаулы физикалық дайндықтағы даму деңгейінің көтерілу маңыздылығына теориялық және эксперименттік зерттеулер куә болды. Ерекшелігіне қарай арнаулы жылдамдық-күштің сатысы спортшылардың техникалық шеберлігін тиімді қалыптастыруына әсерін тигізеді көптеген авторлардың байламы:алғашқы спортқа мамандану кезеңінде олардың дамуына ерекше назар аудару керек екенін айту таңғаларлық емес [5,6].
Теориялық және байқап көру (экспериманталды) зерттеулерінде арнайлы физиологиялық дайындытың жоғары даму деңгейі маңызды екенін куәландырады арнайы шапшаңдық-күш санасының дамуы және спортсменнің техникалық шеберлігіне нәтижелі жоғарлауына шүбә жоқ [9,10,11]. Таңқарарлық жағдай емес, көптеген авторлардың айтуы бойынша: бастапқы спорттық мамандандыру кезінде оның дамуына көбірек көңіл бөлуі керек.
Көптеген зерттеушілердің ғылыми жұмстарында спорттық жекпе-жекте маңызды рөлді жылдамдық-күш дамыту сапасына береді. Сондай-ақ, қазіргі сайыста үлкен динамикалық және жоғарғы дайындық қызметіне жылдамдығы орындалуы, шапшаң козғалу қабілеті және де бүкіл жарыс бойы осыны ұстану – жақсы нәтиже. Қазіргі боксерлардың жылдамдық-күш жетілдіру санасын дамуына спортшылар көп мән берген [12,13,14,15].
Ю.В. Верхошанский және В.И. Филимонов – күрескерлердің айрықша жылдамдық –күш жетілдіру дайындығында техно-тактикалық шеберліктерін талдай отырып, жылдамдық-күш сапасының маңызы жоғары екенін баса айтқан. Күрескерлердің жалпы күш жетілдіруімен қоса аса шапшаңдық қабілетімен дамуының маңызды екенін жайлы атаған. Спорт күресінде, соның ішінде дзюдо да спортсмендердің қимыл-қозғалыс аппаратына жоғары талап қойылды. Бұл жоғары разрядтағыспортсмендердің физиологиялық даму санасын және тез арада бұлшық еттерінің күшеюіне қажеттілігін анықтайды. Күрескерлердің физиологиялық дайындық жүйесін зерттей отырып, 4 факторды бөлді, соның ішінде арнайы дайындықжылдамдық күш жетілдіру сапасыныңжоғары деңгейде даму базасындағысы алдыңғы қатарда тұр[17,18].
Осының бәрі жылдамдық күш жетілдіру сапасының дамуы әртүрлі техникалық қимылдарда маңызды екенін анықтайды арнайы зерттеулер күрескерлердің арнайы жылдамдық-күш жетілдіру және техникалық дайындықтарының өзара байланысын құптайды. Ғалымдардың айтулары бойынша атақты күрескерлер тек қана жоғары деңгейдегі физиологиялы дайындығы және виртуозды техника қолдану ғана емес, сонымен бірге шапшаңдық қимылдыуақытнда қолдану қабілетімен де өзгешеленгені. Алғашқы болып, жылдамдық күш сапасының тұрақты массада шапшаңдықты көбейту арқылы көрсетуге болады деп мінездеме берген. Артынан осы жағдай нақтыланған: айрықша қимыл-қозғалыс жүйесіндежылдамдық-күш сапасы максималды қимыл-қозғалыс күшінің тездетіп даму қабілеті ретінде қаралған.
Біз көргендейбұл жерде жылдамдық күш жетілдіру дайындғының маңызы анық көрсетілген-жекеше немесе жылдамдықжәне қимыл-қозғалыс күшінің колплексті түрде дамуы, өз-өзіменжарысу жаттығуларының ұқсас жүйесі айқын көрсетілген....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?