Дене шынықтыру | Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс мектептен тыс бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлау

 Дене шынықтыру  | Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс мектептен тыс бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлау

Мазмұны


КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1. Жалпы орта МЕКТЕПТЕРДЕ САБАҚТАН ТЫС БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..................................................................................................................7
1.1 Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс уақытта бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлаудың өміршеңдігі.................................................................7
1.2 Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс уақытта бұқаралық спорт жұмыстарының маңыздылығы................................................................................14
1.3 Оқушылардың бұқаралық спорт арқылы дене қасиеттерін дамытудың физиологиялық ерекшеліктері.................................................................................22

2. Жалпы орта МЕКТЕПТЕРДЕ САБАҚТАН ТЫС БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ..................................................35
2.1 Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиесі мен спорттық машықтану үрдісін қалыптастыру жүйесі...............................................................35
2.2 Бұқаралық спорт жұмыстарын Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс уақытта ұйымдастыру ..............................................................................................50

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................61

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жағы балалардың қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі- тұтас педагогика процесінің бір бөлігі. Оқыту нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек.
Білім – адамзаттың жинақтаған тәрбиесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау, талдау синтездеу, салыстыру, жіктеу жинақтау арқылы терең ұғыну қажет.
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында алдымен оның біліктілігі деңгейіне байланысты екендігі, сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, сөйтіп халықаралық деңгейге жету мақсаты қойылып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша халықаралық тәжірибедегідей, орта білім берудің нәтижеге бағытталған моделіне көшу көзделуде. Ол 2008-2009 оқу жылынан бастап жүзеге асса, ал оған дайындық балабақшадан бастап жүруге тиіс екендігі сөзсіз[1].
Қазақстан Республикасы білім беру туралы заңына сәйкес жалпы білім беретін мекемелерде білім мен тәрбие беретін бастауыш мектептің құрылымы мен мазмұнын тұжырымдамасында атап көрсетілген. Осы орайда осыдан 2-3 жыл бұрын айтыс туғызып әртүрлі пікір таластар талқыға түсіп жүрген 12 жылдық оқу үлкен мағынаға ие болып отыр. Қазіргі кезде бұл мәселенің күн тәртібіне қойылуында Республика жалпы білім беретін мекемелерде жүргізілетін эксперименттік жұмыстарының нәтижесі жағымды болатындығын көрсетеді. 12 жылдық білім беруге көшудің көздейтін мақсаты-біздің еліміздегі білім беруді халықаралық білім беру кеңістігіне енгізу, яғни халықаралық білім беру талабына сәйкестікте болу. Соның нәтижесінде европалық мемлекеттер қабылдаған орта білім берудің халықаралық стандартына сәйкестендіру, білім сапасын көтеру. Бұл айтылып отырған мәселе, әрине аз уақытта орындала қоймайды. Оның орындалуына көп уақыт керек болады.
Бұрынғы уақытта барлық оқулықтар Кеңестік дәуірде құрылған болатын, ендігі жерде өз алдымызға егеменді мемлекет болуымыз біздің оқулығымыздың құруды талап етеді. Оның бергі жағында үкімет тарапынан қолдау тауып отырған 12 жылдық білім беру жүйесінің өмірге енгізілуі оқулықтың жасалуы мен құрылуында ерекше талаптың орындалуын қажет етеді [2].
Қандай болмасын оқушыға берілетін тәрбие мен білімде басты мақсат-оны өз елінің азаматы, еліне пайда келтіретін дұрыс тұлға етіп қалыптастыру. Бүгінгі таңда қазақ елі, қазақ жеріндегі жалпы білім беретін мекемелерде жүргізілетін балалар өмір сүретін нақты ортасын жеке тануға жол ашып мүмкіндік туғызып отыр. Бұл айтып отырғанымыз 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің бағдарламалары мен жаңа құрылған оқулықтарда орын алып отыр. Оқушының шығармашылық қабілетінің жетілуіне керекті жеңіл мазмұнды ең қарапайымды тақырыптар мен тапсырмалар беріліп отырады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, жалпы еліміздегі білім беру жүйесіне көшу, жалпы еліміздегі білім беру жүйесінде бар түрлі оқулықтар мен кемшіліктерді арылуға жол ашты.
Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесін, заманауи технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен байланыстыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі.
Дене мәдениетінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.
Ғылым, техника, мәдениет, спорт және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміздің қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру үдерісінде оқушыларды салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жетілдіруді жүзеге асыру үрдісі, сондай-ақ дене мәдениетін қалыптастыру мәселесін теориялық сараптау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене мәдениетінің әлеуметтік және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес жалпы орта мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіру үшін қажет. Дене мәдениеті тек мектептегі дене тәрбиесі сабағында ғана емес, ол сабақтан тыс уақытта денсаулыққа байланысты қажетті шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі жалпы орта мектептерде дене тәрбиесінің жүйесі мектеп оқушыларының денсаулықтарын нығайтумен қоса, олардың бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі пәнін оқыту үрдісінде мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыру үдерісіне тікелей байланысты.
Дене мәдениетін қалыптастыру мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуде, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық үдерістер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асырудың маңыздылығы артуда.
Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысы– бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің қалыптасуын зерттеуде П.Ф.Лесгафт, Б.А.Ашмарин, Ш.Ахметова, К.Б.Бозжанова, О.С.Богданов, А.Д. Вишневский, Р.М.Қоянбаев, М.Т.Тәнекеев, Б.Т.Төтенаев, Б.А.Тойлыбаев, Ш.Б. Оразовтар айтарлықтай үлес қосы.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда дене мәдениетінің алатын орнын және оның қолдану жолдарын, ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын мектепте қолдану жолдарын зерттеген ғалымдар: Т.Ж.Бекбатчаев, Ә.Бүркітбаев, Б.Д.Мотукеев, А.Х.Мұханбаева, Ж.М.Төлегенов, М.Б.Сапарбаев, Ж.К.Оңалбек, Е.Сағындықов болды .
Денсаулықты сақтау және нығайту көптеген зерттеулерде дене тәрбиесі пәні сабақтары және спорттық оқу-жаттығу сабақтарымен байланыстырады.
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың белсенді түрінде мектеп оқушыларының дене тәрбиесі сабағында жетілдіру мәселесіне А.К.Атаев, Қ.И.Адамбеков, Ю.С.Жилко, Д.В. Биданов, Ж.Егізбаев, С.Тайжанов және т.б. еңбектерін арнаған.
Дене мәдениеті құралдарымен жеке тұлғаны дамытудағы әртүрлі құбылыстар мен жайттарды (аспектілерді) М.А.Арвисто, К.Ш.Ахияров, М.В.Андропов, А.П.Матвеев, Б.А.Ашмарин, С.И.Касымбекова, В.А.Авраменко, Н.И.Пономарев, В.А.Черкасов, Ж.Қ. Оңалбек, Б.Қ. Мухамеджанов, Е.Д.Оразбаев, Ә.К. Әбділлаев және т.б. ғалымдар зерттеген.
Сонымен бірге, оқушылардың спорттық қызметтегі туындаған мәселелері ғылыми-педагогикалық зерттеулерде кешенді, құндылық тәсілдері тұрғысынан өзінің көрнекті орнын тауып келеді. Оқушылардың спорттық іс-әрекетке деген қатынасы аз зерттелген өзекті мәселе ретінде қалып отыр. Бұл мәселе М.Я.Виленский, Г.С. Туманян, Е.Қ. Уанбаевтардың ғылыми зерттеулерінде аратұра қозғалады. Дене мәдениеті құндылықтарынан студенттердің бағдар алуы жайлы мәселені Р.Ф.Кабиров, Л.Х.Магомадова, еңбектерінде зерттеді. Жас жеткіншектердің дене мәдениеті құндылықтарынан бағдар алу мәселелерін К.А.Матвийчук, С.Тайжанов, А.Қарақовтар тиянақты зерттеген.
Дене тәрбиесі мен спорттың жекелеген әлеуметтік мәселелерге зерттеулерін арнаған ғалымдар: М.Т.Таникеев, В.И.Столяров, А.О.Мильштейн, А.В.Мартыненко, М.Н.Кошаев, Б.Қ.Мухамеджанов және т.б. болды .
Зерттеудің мақсаты. Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлауды теориялық тұрғыдан негіздеу және әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу пәні. Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс бұқаралық спорт жұмыстары.
Зерттеу нысаны. Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлау.
Зерттеу міндеттері.
1. Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлаудың педагогикалық жүйесін және әлеуметтік даму негіздерін ашып көрсету.
2. Мектеп оқушыларына сабақтан тыс уақытта бұқаралық спорт жұмыстарымен айналысудың маңыздылығын көрсету.

1. ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ САБАҚТАН ТЫС БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлаудың өміршеңдігі

Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.
Еліміздің Президентi Н.Ә.Назарбаев: «Спорт - игiлiктi iс. Спортта мiнез – құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар- ұятқа тиетiн iс жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкiл ғұмыр бойы табыска жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжiрибемнен бiлемiн», - деуi тарих сахнасының төрiнен спорт қозғалысының өзiндiк орны бар екендiгiн делелдейдi.
Ғалымдардың зерттеулерiне сүйенсек, елiмiзде соңғы жылдары халықтың табиғи өсу деңгейi және туу көрсеткiштерi төмендеп, ауру өсіп, өлiм-жiтiм деңгейi артқан. Әсiресе, балалар денсаулығы өте алаңдатарлық жағдайда, елімізде екi миллионнан астам балалар мен жасөспiрiмдер асқынған ауру түрлерi бойынша диспансерлiк есепке тiркелген.
Мемлекет үшiн адамның денесінің сау болуы нақты материалдық мәнi бар кұбылыс. Қазiргi нарық заманында- денi сау адам үлкен маңыздылыққа ие. Елiмiздiң өндірістiк потенциалы мен қорғаныс кызметiне тiкелей керi есер етіп отырған жағдай, елдiң ертеңгi болашағы, жалпы орта мектептеріндегі оқушылардың денсаулықтарының өте төменгi деңгейде болуы. Әскер қатарына қызмет етуге шақырылған жастардың денсаулық жағдайларына байланысты көпшiлiгi керi қайтарылуда. Мектеп табалдырығын аттаған бiрiншi сынып оқушылары мен қолына аттестат алғалы тұрған түлектердiң денсаулығын салыстырған зерттеушiлер, мектеп түлектерiнiң денсаулығының 4-5 есе төмен екенiн байқаған.
Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырыған ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.
Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелермен сабақтастығы мәселесі Орта Азия және Ұлы дала ғұламалары еңбектерінде де ерекше аталған. Солардың ішінде ерекше тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-бағдар бере отырып, «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» атты еңбегінде бала денесін жетілдіруді оның бойындағы абзал қасиетті тани біліп, мінез-құлқының жақсы сипаттарын тәрбиелеп, өзін-өзі үнемі дамыту қажеттігіне тоқталады. Ол «дененің саламаттылығы» ұғымын енгізе отырып, әр адамның тәрбиесінде мынадай үш қасиет болу қажет деп есептейді: дене күші, рухани және ақыл-ой, олар өзара үйлесімді дамыған жағдайда ғана жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға болатынын дәріптейді.
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында ұлттық психологиямыз бен ұлыстық ерекшеліктерімізге тоқтала келе, «кемел адам» ұғымын енгізе отырып, кемел адамның бойында мынадай қасиеттер: жомарттық, саламаттылық, білімділік, ақылдылық, бір сөзде тұру, ширақтық болу қажет дейді.
Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесі үйлескенде ғана әр адам сымбатты болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ деген пікірді қуаттайды. Мысалы, «Сегіз аяқ» өлеңінде бойдағы, денедегі күш-қуатты ойсыз, ақылсыз іс-әрекетке жібермей, белсенді өмір сүре отырып, өзіңді дамытатын, жетілдіретін іспен ұштастыра білу қажеттігін ескертеді. Әсіресе, «Қара сөздер» адам тәлім-тәрбиесіне бағыт-бағдар беретін, жай ғана бағыт қана емес, ғылыми негізге сүйенген, өмірлік жағдайлардан алынған философиялық тұжырымдар мен түйіндерден тұратын құнды дүние.
Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақыл-ой тәрбиесіне тікелей байланысын көрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты істермен, жолдармен насихаттау, тәрбиенің өзегін философиялық, психологиялық арнадан іздеу қажеттілігіне тоқталады. Бұл мәселеде Абай оны халықтың рухани мұрасы, асыл қоймасы халықтық тәлім-тәрбие бесігі – ауыз әдебиетінен, мақал-мәтелдері мен даналықтарынан іздеуді меңзейді. Халқымыз: «Азған денеге ауру үйір», «Қайраты мен ақылы сай жігіттің жолы болар», «Ақылсыз жігіт күшіне сенер», «Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің, қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің», «Қайратың барда мал тап», «Денсаулығын ойлаған, жан сарайын таза ұстар», «Әлін білмеген әлек», т.б. деп дене тәрбиесін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мақал-мәтелдер арқылы береді.
Еліміздің белгілі қайраткерлері Ш.Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тлеуқабылұлы т.б. дене мәдениеті мәселелерін халықтың дәстүрлері, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған.
Біз ғылыми зерттеу жұмысымыздың негізгі өзегі мәдениет болғандықтан, “мәдениет” терминіне, түсінігіне тоқталып, саралап өткенді жөн санадық.
Мәдениет ұғымына ғылыми тұрғыда нақты түсінікті Ю.Л.Ожегов берген. Ол «мәдениет – әлеуметтік құндылықтарды игеру мен дамытудағы адамдардың шығармашылық қызметінің тәсілі мен нәтижесі, ол арқылы қоғам мен жеке адамның біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі» дейді. Бұл жағдайда мәдениет өндірістік, саяси және т.б. қызметтің ерекше түрі ретінде қарастырылмайды, олардың кез-келгенінің сапалық көрінісі ретінде қарастырылады. А.К.Уледов өзінің ғылыми еңбектерінде – «Мәдениет қоғамдық өмірдің, адамдардың өмірінің жеке шеңберінің бөлігі ретінде болмайды. Ол қоғамдық өмірдің барлық сферасына оның сапалық сипатына тән» деп жазады.
Біздің көзқарасымыз бойынша бүгінгі заман дамуының түрлі мазмұнына сай келетін мәдениет ұғымына теориялық-әдіснамалық тұрғыда жан-жақты түсінік «Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық анықтамалығында берілген.
«Мәдениет (араб тілінде «маданият» - қала деген мағынаны білдіреді) – адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері мен нәтижелері. Әлеуметтік болмыс адамсыз тірлік етпейді, оның табиғаттан айырмашылығы да осында. Ежелгі гректер күтімді, қолмен өңделген мәдениет әлемін күтімсіз, өңдеусіз, жабайы әлемнен айырғанда осы туралы ойлаған еді. Осы айырмашылық жасанды, өнерлі мен табиғи, өнерсіз нәрселердің қарама-қайшылығынан да байқалады. Философия тұрғысынан мәселе мәдениеттің анықтамасында емес, адамзаттың әлеуметтік болмысын сақтау ісіндегі жетілу нұсқаларын анықтауда. Мұндағы ең басты нәрсе сақтау мен жаңарудың нақты кескіндерін суреттеуде, олардың өзара байланысын табуда. Мәдениеттану жағынан келсек, әрбір нақты мәдениет әлеуметтік болмыстың жандануы мен жаңаруының белгілі баспалдақтары ретінде көрінеді. Бұл тұрғыда мәдениеттің ең басты мәселесі адамзат болмысының жандану мен өзгеріске түсуінің, немесе жаңару нұсқаларының арақатынасы. Бұл мәселенің жалпыға бірдей әмбебап шешімі жоқ».
Демек, мәдениет теориясы мен практикасының зерттеу нәтижесіне сүйенсек «мәдениет» жаңа жоғарғы жетістіктерден құралатын және адамның үнемі даму үдерісі болатын, әр-түрлі қоғамдық-тарихи тәжірибе аймағындағы адамдар қызметінің жоғары жетістіктерінің (эталон, құндылық) сәйкестігі деп түсінік беретін зерттеушілердің көзқарастары деп есептеу дұрыс болады.
Мәдениет туралы осындай көзқарастағы түсінікті алғашқы болып қалаған ағылшын этнографы Э.Тэйлордың ұғымын осы заманғы белгілі оқымыстылар – мәдениеттанушылар мәдениет танымдық ойды ғылыми тұрғыда қарастыра отырып Э.С. Маркарен, Э.В. Соколов, А.И. Арнольдев, Н. Сәрсебаев, Ө. Жәнібеков, Х. Арғынбаев т.б. өз еңбектерінде одан әрі дамытты. Оқымыстыларға ортақ оймен айтып отырған ұғымды зерделесек «мәдениет» дегеніміз өзінен-өзі пайда болмайтын, тек қана саналы-мақсатты қызметі нәтижесінде ғана пайда болатын еңбек жемісі. Яғни, мәдениетке адам баласының қолымен жасалған дүниелер ғана жатады. Адамдар осы өзі жасаған дүниелердің көмегімен әлемдегі қоршаған ортаға әлемге өзгеріс жасайды, оларды зерттейді, құпия сырлар ашады, осы жолды жүзеге асыруда адамдармен жан-жақты қарым-қатынас орнатады.
Мәдениет субъектісі ретінде қоғам, әлеуметтік топтар ғана емес, сонымен қатар жеке адамдар да қатысатындықтан «тұлға мәдениеті» түсінігін қалыптастыру қажеттілігі туады. Ал, мәдениеттілік – адамның тұлғалық қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамыту – мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениеттілік адамның тарихи даму барысында сұрыпталып алынған, мәдени-рухани әлемге лайықты қасиеттерден құралады. Көпшілік ортада әдеп сақтау, әдеппен сөйлеу, көрегенділік таныту, жан мен тән тазалығы, иманды болу және мұның бәрі мәдениеттілікке жатады. Мәдениеттілік адамдардың ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?