Дене шынықтыру | ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ПАРТЕРДАҒЫ ТЕХНИКАСЫ

  Дене шынықтыру | ЕРКІН КҮРЕСТІҢ  ПАРТЕРДАҒЫ  ТЕХНИКАСЫ

Мазмұны

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………......

1.ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ПАРТЕРДАҒЫ ТЕХНИКАСЫ ..................................
1.1. Еркін күрестің мазмұнын сипаттау ............................................................
1.2. Еркін күрес, күрес-спорт түрі ....................................................................

2. ЕРКІН КҮРЕСТЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР ...................................
2.1. Күреспен шұғылдану арқылы дайындыққа жаңа келген балалардың ерік – жігер қасиетін шыңдау ......................................................................................
2.2. Жаттығулар ..................................................................................................
2.3. Еркін күрес техникасы .................................................................................

3. ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР.................................................................
3.1. Еркін күрес тарихы...................................................................................
3.2. Жаттықтырушыларға арналған оқу әдістемелік құралдар...................
3.3. Қызықты мәліметтер ...................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................
ҚОСЫМША

Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында Англияда пайда болған.
1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы кене замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың кұрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап етіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі.
Қазақстандағы еркін күрес, республикалық чемпионаты 1951 ж. бастап өткізіліп келеді. Бұдан ең алғаш шыққан СШ-лері Ж.Сқақов, Қ.Байдосов, Қ.Қожанов және т.б. Алғашқы жылдары оның секцияларына барушылар аз болғандықтан грек-рим күресіне қатысушылар да еркін күрестен бақтарын сынап көрді. Кейін Ә.Айханов, А.Гапсатаров, А.Бұғыбаев, М.Қапанов, Ю.Курапаткин, И.Байрамуков сияқты балуандар халықаралық жарыстарда көзге түсті. Республиканың құрама командасы 2003 ж. Алматыда өткен Азия кубогы үшін жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынды жеңіп алды.
Еркін күрес ережесі
Көрермендердің күрес түрлерінедеген ықыластарының төмендеуі салдарынан, күрестің басқа түрлері сияқты, еркін күрес те Олимпиадалық бағдарламадан шығып қала жаздады. Әйтеуір, әупіріммен, аман қалды. Бірақ, енді «еріктілер» жаңа ереже бойынша күш сынасатын болады.
Жекпе-жексол баяғы 12 х 12 мерлік бозкілемніңүстінде өтеді. Ереже бойынша, кілемніңқалыңдығы 4 см жұқа болмауы керек. Квадраттың ішіне диаметрі 9 метрлік шеңбердің суреті салынған және оның ішкі жағындаені 1 метрлік «пассивтілік аумағы» болады. Жекпе-жек осы үлкен шеңбердің ішінде өтеді. Балуандар ең алдымен бір-бірімен кілемнің ортасындағы бір метрлік кішкентай шеңберде білектерін ұстасады.Сонымен жекпе-жек басталады.
Спортшылар салмақ санаты бойынша ғана емес, жас санаттарынада бөлінеді. Оқушылар - 14-15 жас аралығындағылар, кадеттер- 16-17жас аралығындағылар, жасөспірімдер -18-20 жастағылар, юньорлар- 20 және одан жоғары жастағылар. Және 35 жастан жоғарыдағыларды қамтитын жеке ардагерлер санаты тағы бар.
Балуандардың киімдері қызыл немесе көк түсті арнайы трикодан және арнайы кеды аяқ киімінен тұрады. Аяқкиімге қойылатын талаптарға келетін болсақ, онда ешқандай айылбас болмауы, табаны шегеленбеуі, өкшесі болмауы керек. Және спортшылардың денесінде сақина, білезік, сырға сияқты ешқандай аксессуар болмауы керек, олар спортшыларды жарақаттауы мүмкін. Жекпе-жек алдында төреші балуандардың тырнақтарында тексереді: олардың тырнақтары қысқа етіп алынуы тиіс.
Оған қоса, спортшылар денелерін майлы заттармен майламаулары, кілем үстіне шылқып терлеп шықпаулары, білектерін, тобықтары мен буындарын таңып байламаулары керек. Себебі, бұлайлалардың барлығы балуандардың ұстасуларын қиындатады. Сонымен бірге, балуандар кілем үстіне тықыр қырынып немесе өсірілгеніне біраз болған сақалмен шығулары керек. Ал бір-екі күндік қылшықпен шығуға болмайды, себебі қылшықтар белдесу кезінде қарсыласты тырнауы мүмкін. Және жарыс басталардың алдында спортшы төрешіге таза бет орамалын көрсетуі керек.
Ал жекпе-жек кезінде балуандар түрлі техникалық амал-тәсілдер қолдана алады. Грек-рим күресінен айырмашылық сол, еркін күресте балуандарғааяқтан шалуға рұқсат етіледі. Балуандардың басты мақсаты қарсыласының жауырынын жер иіскету, сонда ғана ол таза жеңіске жете алады. Жеңіс сондай-ақ, спортшының белдесу кезінде жинаған ұпай саны бойынша да анықталады. Ең бастысы, еркін күресте аяқпен жасалатын тәсілдер бар, грек-рим күресінен оның айырмашылығы да осыда.
Жаңа ереже қабылданғанға дейін, балуандардың белдесуі екі минутқа созылатын үш кезеңнен тұратын. Қазір жекпе-жектер үш минуттық екі кезеңнен тұрады, арасында жарты минуттық үзіліс жасалады. Ұпай сандары екі кезеңнің қорытындысы бойыша жинақталып, сол бойынша жеңімпаз анықталады. Овертаймдар мен клинчтер алып тасталған. Егер белдесу басталғаннан кейінгі екі минуттың ішінде ешкім ұпай жинамаса, төреші спортшының қайсысы белсенділік танытпай отырғанын анықтайды. Нәтижесінде, «жалқау» балуан келесі 30 минуттың ішінде ұпай жинауы керек, әтпесе, ол ұпай оның қарсыласына беріледі.










1. ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ПАРТЕРДАҒЫ ТЕХНИКАСЫ

Еркін күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әр түрлі әрекеттер қарастырылып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттыруға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Күрес техникасына нашар палуандар әдетте, өзіне қолайсыз әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады, Сөйтіп, көбінесе қарсыластарының бетін қайтаруға ғана күш салады. Ал мұндай амалдар шабуылдаушы жақтың күші басым болса ғана нәтиже береді. Техникасы жақсы палуандар көбінесе күші басым қарсыласын да жеңіп кетеді. Бұл үшін олар түрліше қимылдар жасап, қорғанып, қарсы шабуылға шығып, не күш жағынан, не уакыт жағынан ұтады.
Күрес техникасын анықтау үшін күресушілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек.
Ең карапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бірқатар органдары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес техникасын талдап анықтағанда жеке бұлшық ет қызметі қарастырылмайды. Өйткені күресте оның қысу немесе тарту күші, тарту узақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады. Сонымен, палуандар қозғалысында әсер етуші күш ретінде мыналар ескеріледі:
салмақ күші;
бұлшық еттің тарту күші;
дененің инертті (қимылсыз тұрған кездегі) қарсылығы.
Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әр түрлі жағдайға түсуді, оның жеке бөліктерін рычаг ретінде қарастыру ыңғайлы.
Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанныц жағдайына қарай оның аяқтарын тірейтін алаңы да өзгеріп отырады. Әрине тіреу алаңы неғұрлым үлкен болса, палуанның берік тұратындығы да табиғи нәрсе. Жалпы ауырлы центріне түсетін түзу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық центрінің түзу сызығы тіреу алаңының ортасына жақын болуының маңызы зор.
Палуан денесінің белгілі бір бағыттағы орнықтылығы орнықтылық бұрышы бойынша сипатталады. Орнықтылық бұрышы дегеніміз ауырлық сызығы және дененің ауырлық центрін тіреу алаңының шетімен (дененің орнықтылық дәрежесі анықталатын жақтағы) қосатын сызық арасындағы бұрыш. Орнықтылық бұрышы (X) дененің ауырлық центрі төмендеп, тіреу алаңы үлкейген сайын жане ауырлық сызығы тіреу алаңының шетінен қашықтауына қарай үлкейе береді. Айқас кезінде аяқтарын алшағырақ қойып, аздап бүксе, палуан денесі орнықтырақ болады. Алайда аяқтарын тым алшақ қойып немеса көбірек бүгіп жіберсе, спортшы денесін шапшаң игере алмай қалады.
Осындай қимылдар жасау үшін ең қолайлы жағдайды күресте палуанның тұрысы деп атайды. Бұл мынадай жағдай аяқтары иығынан сәл алшақтау, бір аяғы (сол немесе оң) бір табан алға қойылған; тізелері аздап бүгілген, бұлшық еттері бос, кез келген бағытта тез қимылдауға дайын, денесі сәл ғана еңкейген, ал алға қойған аяғы жағындағы иығы да солай қарай бұрылған. Әсіресе, жалпы ауырлық центріне ерекше көңіл аудару қажет. Ол шабуылдау кезінен басқа уақытта тіреу алаңының ортасында (аяқтарының арасында) болуы тиіс.
Орнықтылық бұрышын «қауіпті бағытта» арттағы аяқты палуан өзінің тұрған күйін сақтайтындай етіп, ал қауіпті бағыт қарсы жақта қалатындай етіп тағы да кейін қоға арқылы арттыруға болады.
Тұрған күйінде қозғалтудың алғашкы сәті әдетте ауырлық центрі вертикалын тік сызығын тіреу алаңының алғы шетінен асырып, тепе-тендіктен шығумен байланысты. Алайда тепе-теңдіктен сәл айырылудың кезін қарсыласы шабуылдау үшін пайдаланып кетуге әзір тұрған жағдайда (яғни айқасу кезеңінде) ауырлық центрін тіреу алаңынан шығарғанда аса сақ болған дұрыс. Аяқты аттағанда (егер бұл шабуылдауға байланысты болмаса) мына ережені сақтау керек, әр уақытта әуелі қозғалу бағытына жақын тұрған аяқты аттау керек және оған салмағын бірден түсірмеуі қажет. Салмағы әуелі орнындағы аяғына түсуі, содан кейін барып аттаған аяғына түсуі тиіс. Бұдан соң арттағы аяғын ыңғайлы тұру қалпына келетіндей қашықтыкқа қоюы керек. Аяқтарын осылай қозғағанда қозғалатын бағытта орнықтылық бұрышын арттыру мүмкіндігі туады. Демек спортшының тепе-теңдігін тез қалпына келтіруіне болады

1.1 Еркін күрестің мазмұнын сипаттау

Кеңес дәуірінде еркін күрестен арнайы жарыстар өткізіліп жүрді. 1950 жылдарға дейін үш түрлі: 66 кг-ға дейін - жеңіл, 82 кг-ға дейін - орта және 82 кг-нан жоғары қарай ауыр салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өткізіліп тұрды. Жарыстың өту ұзақтығы белсенді. Әр белдесуге 10 минуттан уақыт беріледі. Және бір күнде төрттен артық белдесу күрес өткізуге рұқсат етілмейтін болды. Әр белдесуден кейін демалуға ең аз дегенде 30 минут уақыт берілді. Жарыс арнайы әзірленген күрес кілемнің үстінде болатын болды.
Кілем үстіндегі төреші палуандарды "қоян-қолтық ұстастырғаннан" кейін күресті бастауға ысқырық арқылы рұқсат беріледі. Белдесу барысында ұпай саны емес, таза жеңіс қана есепке алынды. Демек, қарсыластардың біреуінің жауырыны жерге тигенде ғана белдесу тоқтатылады. Белдесу тең ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?