Бағдарламалау | KZ доменіндегі қазақ кітап сайттары

 Бағдарламалау | KZ доменіндегі қазақ кітап сайттары

Мазмұны

Ι ТАРАУ. Интернет және қоғам
1.1 Интернеттің қоғам өміріндегі маңызы
1.2 Ғаламтордың өзіндік ерекшеліктері
ΙΙ ТАРАУ. Қазақ кітап сайттары және идеология
2.1 Қазақ сайттарының идеологиялық маңызы
2.2 Қазақ кітап сайттарының дамуы және ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................
СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ.........................................................................
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипатттамасы. Бүгінде әлемдік желіні қолданбайтын ел кемде - кем. Әр адамның күнделікті қажеттілігіне айналған интернет саласы біздің елде де кеңінен қанат жайып үлгерді. Дегенмен, бұл жаңа саланың кей жүйелерінде әлі де кемшін тұстар бар. Ол, әсіресе, кітапқа арналған қазақша сайттардың интернет кеңістігінде тым аздығымен айқын байқалады. Алайда, уақыт өткен сайын еліміздегі интернет жүйесіндегі бағдарламаларды дамыту мақсатымен өз ұсыныстарын жасап, ойларын ортаға салып, белсене араласып жүрген жастардың қатары күн санап өсуде. Бірақ, үлкен қолдау мен назарды талап ететін сала әлі де дұрыс қолға алынбай жүргені рас. Біз бүгін бітіру жұмысымызда осы мәселенің қаншалықты дұрыс жолға қойылып, дамып келе жатқанын қарастырмақпыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде кенже дамып келе жатқан салалардың бірі интернет жүйесіндегі қазақ сайттары екені бесенеден белгілі. Кітап туралы ақпарат тарататын сайттардың республикамызда өте аз екені анық. Осыны негізге ала отырып зерттеу жұмысын жазу арқылы, осы аталмыш саланың өзіндік артықшылықтары мен ерекшеліктерін көрсетуге тырыстық. Бүгінде үлкен идеологияның бір құралына айналып отырған интернет кеңістігіндегі бұл сала талқылау мен сараптауды, сонымен қатар тыңғылықты жүйені қажетсініп отырған тақырып. Сондықтан да, бұл мәселеге қатысты қандай да болмасын айтылған ой-пікірдің маңызы зор және қымбат деген ойдамыз. Сондай-ақ, зерттеу жұмыста кітап сайттарына қатысты электронды басылымдар жайлы да сөз етпекпіз. Себебі, қазіргі күнде бар құжаттамадан басқа дәстүрлі кітаптар да электронды кейіпке енуде. Дегенмен, осыны насихаттайтын, жалпы кітап жайлы мол ақпарат пен материал қоймасына сай боларлықтай елімізде бірде бір дұрыс кітап сайты жоқ. Сол себептен де, бұл тақырыпты кешеңді түрде сөз ету бүгінгі таңда өзекті және маңызды деп білеміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Интернет саласы өткен ғасырдың аяғында ғана пайда болып аз уақыттың ішінде өз қанатын кеңге жайып үлгерді. Ал, біздің елде бұл сала тек жаңа дәуірдің басында ғана қарқынды дами бастады. Оның ішінде кітап сайтына қатысты ана тіліміздегі өнімдерді шығару тіпті бертін ғана қолға алына басталған дүние. Сондықтан да, болашақта осы тақырыпқа байланысты том – том еңбектер жазылып, айтылатын пікірлер әлі де көп болатыны сөзсіз. Дегенмен, дәл бүгінгі күнде бастамасын жаңа алып, енді - енді дами бастаған сала әлі көпшіліктің тарапынан үлкен назарға ие емес десек шындықтың шегінен шарықтамағанымыз. Осыны негізге ала отырып, біз зерттеу обьектісі ретінде қазақ кітап сайттарына тоқталуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысымның мақсаты – бүгінгі таңда қазақ кітап сайттарының қандай деңгейде дамып келе жатқаның анықтау арқылы сараптама жасау. Сонымен қатар, қазақ кітап сайтарындағы қордаланбай келе жатқан мәселелерді анықтау. Дүниежүзілік ғаламтор әлеміндегі нақ Қазақстан елінде кітап ісіне арналған сайттарды қарастыру арқылы оның бүгінгі таңдағы шын келбетін көрсету. Сонымен бірге, тың бастаманың бүгінде шешілмей келе жатқан мәселелерін айтып қана қоймай оның шешілу жолдарын да қарастырып іздеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Әр зертеу жұмысынан өзгеше жаңалық пен ақпарат күтілетіні рас. Дегенмен, менің бұл қорытынды жұмысымда мұндай таңғаларлықтай, адам естіп білмеген хабар болады деп айта алмаймын. Өйткені, бұл оңайшылықпен келе қоятын шаруа емес. Дегенмен, зерттеу жұмысын жазуға отырғанды аталмыш ісім неңдей жаңалық және қосатын үлесі қандай болмақ деген ой келді. Ойлап қарасақ, бүгінде көп зерттелмей келе жатқан тақырыпқа қоғам назарын кішкене болсын аударта алсақ, осы да зерттеу жұмысымыздың өзіндік бір қосқан үлесі және ғылыми жаңалығы болады деп санаймыз.
Зерттеу тәсілдері. Шетел мен бүкіл әлемдік желідегі кітап сайттарымен салыстыра отырып біздің өнімдерге оқырман ретінде баға беру. Сонымен қатар, отандық кітап сайттарының өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктеріне тоқталу. Осы арқылы, бүгінгі қазақ кітап сайттарының қандай деңгейде дамып келе жатқанына сырт көзбен баға беріп саралау. Зерттеу жұмысының нысаны. Kz доменіндегі басылым мен кітапқа қатысты барлық қазақ сайттарының бағыт бағдарын саралау. Сонымен қатар, қазақ контетінде жаңа пайда бола бастаған ана тіліндегі басқа да кітап сайттарның бүгінгі хал ахуалын қарастыру. Басылымдарды насихаттаумен, таратумен, жалпы осы тұрғыда, сонымен қатар кітап атаулыға байланысы бар сайттар жүйесі біздің дипломдық жұмысымыздың басты обьектілеріне айналмақ. Себебі, бүгінде кітап атаулыға қатысы бар деген сайттар қатарына дүкен, баспа, кітапханалардың да сайттарын жатқызып отырмыз. Сондықтан да, осы сайттарды да зерттеу нысаны ретінде алып отырмыз.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Шетелдік және отандық зерттеушілердің ғылыми еңбектері және интернет пен ондағы сайтқа қатысты мәселелерді көтеретін материалдар және басқа да ақпараттар, мәліметтер қолданылды. Сонымен қатар, тақырыбымыз жалпы ғаламтордағы сайттарға тікелей қатысты болғандықтан интернет кеңістігінен де ақпараттар алғанымызды жасырмаймыз. Әдіснамалық тұрғысынан осы тақырыпқа қызығушылық танытқан адамдар үшін пайдаға асады деген үміттеміз.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Диплом жұмысындағы теориялық тұжырым мен қорытындылар елімізде кенже дамып келе жатқан қазақ кітап сайттары жайында жазылмай, көтерілмей келе жатқан мәселелерді қолға алуға өз үлесін тигізеді деген ойдамыз. Сонымен қатар, басқа саладағы адамдардың осы тақарыпқа мойын бұрып қарауларына өз септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Жұмыстың құрлымы мен көлемі. Жұмыстың жалпы көлемі кіріспеден, екі тараудан, төрт тақырыпшадан және қорытындыдан тұрады. Сонымен қатар, соңғысында пайданылған әдебиеттер тізімі мен сілтемелер көрсеткішісі берілген.

Ι ТАРАУ. Интернет және қоғам
1.1 Интернеттің қоғам өміріндегі маңызы
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Ғаламдық желі бүгінде қоғамның өмірінде маңызды рөл атқарып отыр. Күнделікті тіршілікте қолданылатын қажетті құрал ретінде қалыптасып қалған интернет жүйесі адамзат тарихында ойлап табылған ең үлкен жаңалықтардың бірі ретінде саналады. Осы сала арқасында барша әлемге танылып, ең бай адамдардың қатарына еніп отырғандардың саны қанша бұл күнде. Сонымен қатар, интернет тек жер шарындағы құрлықтар мен елдерді, сан алуан адамдарды ғана байланыстырып қоймай, тіпті ғарыш кеңістігіне дейін де шарықтатып отыр ғаламзатты. Бұл, әрине, адамзат қиял ұшқырлығының қаншалықты биік, шексіз екендігін көрсетсе керек.
Бүгінде Ғаламтор арқылы «айшылық алыс жерлерден жылдам» әрі тез ақпарат, материал алу өте ыңғайлы болып отырғаныдығы белгілі. Сонымен қатар, шетелде жүріп – ақ еліңізде, жер шарының басқа да аймақтарында неңдей өзгеріс, уақиға болып жатқаның кез келген уақытта білуіңізге әлемдік желі толық мүмкіндік тудырып отыр. Интернеттен бұрын пайда болып, көпшілікті өзіне магниттей тартқан теледидардың орнын бүгінде ғаламтор басып отырғаны баршаға айқын. Сондықтан да, әлемді өзіне қаратып отырған интернет қоғамның, оның ішінде, әсіресе, жастардың тәрбиеші құралына айналып отырғандығы анық.
Интернетте ақпарат ағымы шетсіз шексіз болғандықтан ондағы маңызды әрі пайдалы ақпараттарды айыра білу өте мөте маңызды болып саналады. Сондықтан да, он солын әлі дұрыс айырып, танып үлгермеген жасөспірімдер мен жастарға ғаламтор аса қауіпті құрал болып отырғандығы рас. Қызылды – жасылды дүниеге толы, экстримистік бағытты ұстанушы сайттар тобы мен басқа да пайдасынан гөрі зияны мол интернеттегі көптеген ресурстар бүгінде үлкен үрей тудыратыны жасырын емес. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, бүгінде дүние жүзі бойынша экстримистік жолды ұстанушы сайттардың саны 12 000-дай, оның ішіндегі 350-і орыс тіліндегі өнімдер болып отырған көрінеді. Ал, отандастармыздың тең жартысынан астамы көрші Ресей елінің өнімдерін қолданатындарын ескерсек, бұл тұрғыда бізге төніп тұрған қауіптің қаншалықты зор екенін айтпасақ та анық.
Бүгінгі адамзаттың он қолына айналып отырған интернеттің таралу аймағы да орасан зор болып отыр. Жердің кез келген нүктесінде тұрып – ақ ғаламдық желінің кез келген қызметтерімен қолдануыңызға үлкен мүмкіндік бар. Адамзаттың құрамдас бөлігіне айналып бара жатқан интернетті пайдаланушылардың да саны күн сайын өсіп бара жатқаны белгілі. Бұл, әрине, біз өмір сүріп отырған қоғамның уақыт өткен сайын алға жылжып, өсіп өркендеуінің белгісі, ал, екіншіден, адамзаттың мониторға телміріп, интернетке күннен күнге тәуелді болып келе жатқанның бір айғағы. Мөлдір экранға телмірумен күнінің тең жартысын өткізетін жастар мен тіпті үлкен адамдардың саны бүгінде орасан зор екені анық. Әрине, осынша көп уақытты интернет алдында өткізу зиян болмаса пайдалы емес екендігі бесенеден белгілі жайт. Денсаулықтың нашарлауына алып келмегенді айтпағанда, осының салдарынан адамдардың да шығыны болып жатады. Мысалы, шетелде жаңа отау құрған жастардың Ғаламтордың қызығының буына масайрағандары сонша, тіпті бесікте жатқан баланы уақытылы тамақтандыруды ұмытып, аштан қатырған.
Сонымен қатар, бүгінде көптеген қылмыстар мен тәртіпсіздіктер интернет пен компьютердегі түрлі атыс шабысқа толы ойындардың әсерінен де болып жатады көбіне. Түндер мен күндерін компьютер клубта өткізетін жасөспірімдер шын өмірге бейімделуден қалып, монитордың арғы жағындағы қырғын – төбелес, ұрыс, атыс, бір - бірлерін еш аяусыздықпен өлтіруге толы қанды шайқас әлеміне саяхат шеккенді жөн көреді. Мөлдір монитрдың арғы жағында көрген «өнерлерін» кәдімгі өмірде пайдалануға әрекет те жасап жататындар кездеседі. Осының салдарынан адам шошынарлықтай небір қылмыстық топтар пайда болып, түрлі жан түршігерліктей оқыс оқиғалар болып жатады. Компьютердің ар бетіндегі қырғын әлемге берілгендері сонша, кейбір жастар клубтан шығысымен көрген, ойнаған ойындарын шын өмірде қайталауға тырысады. Ал, компьютер ойындарында қорлау, өлтіру, бір - бірлеріне зорлық зомбалық жасау секілді қоқан лоқыға толы әс – әрекетттердің көп болатыны белгілі. Міне, осының бәрі виртуалды әлемде ғана емес біздің нақ шын өмірмізде қайталанып жатады. Сөзіміз дәйекті болу үшін, компьютер ойындарына қатысты қайталанған бір қылмысты айтып өтсек. Ресей мемлекетіндегі түнгі компьютер клубтарының бірінен кешқұрым шыққан балалар ескі, ешкім тұрмайтын иесіз үйде өздерінің компьютер ойынында ойнаған оқиғаларын шын өмірде жалғастырып көрмек болады. Бір топ мектеп оқушылары бір - бірлеріне аяусыз қару жұмсап, кәдімгідей қанды қырғын шайқас ұйымдастырған. Осының салдарынан бірнеше балалар көз жұмды деп хабарланған болатын. Әрине, осындай жайттарды естігенде интернет пен компьютерге қатысты бар дүниені жек көріп, жер бетінен жоғалып кеткенін де қалайсын кейде. Дегенмен, біріншіден бұл мүмкін емес. Ал, екіншіден интернеттің адамзат санасымен байланысы соншалық оны бөліп ажыратып тастауға қадам жасау адам құрылыс жүйесіндегі бір бөлшекті алып тастаумен тең көрінетіндей. Болашақ түгілі біздің өзіміз келер ертеңгі күнді ғаламторсыз көз алдымызға елестете алмайтын күйге жеттік.
Қазіргі күнде техника мен ақпарат ғасырының барша ұрпағы өзінің досы мен серіктесі ретінде компьютер мен ғаламторды таңдап отырғандай әсер аласыз. Шынтуайтында да, осы жақын арада құрбыммен сыр ақтарасып кездескен түрім бар еді. Сол кезде оған қонақ келгенде менің ішім пыспасын деп өз нотбугын беріп, интернетін қосып берген болатын. Бірақ, қолыма берер дүниесін табыстамас бұрын ақырын нотбугының ұшын алақанымен аймалап өтіп «құрбым да осы, сырласым да осы» дегені бар. Бұл, әрине, менің құрбымның жалғыздығын емес, керсінше интернет пен бір уыс теникаға өзіндік бағасы мен қарым қатынасының көрсеткішісін көрсетсе керек.
Бүгінде, жастайынан ғаламторға тәуелді болып өсіп келе жатқан жас ұрпақтың саны бар дөңгелек жер шарында миллиондап саналатыны айдан анық. Тіпті, бүгінде ата – аналардың көбісі баласының компьютердің алдына желімдей жабысып отыруына өздері де себеп болып жатады. Оған, біріншіден, әлі алды артын танып үлгермей жатқан сәби балдырғандарын өздерінің басшылығымен әлемдік желідегі түрлі жүйелерге тіркеп жататындығы. Өзім талай рет куә болдым осындай жайттарға. Беске толып үлгермей жатқан балаларына мой мирдан пошта ашып беріп жатқан жандарды талай көріп жүрміз бұл күнде. Екіншіден, қалалық жерде тұратын ата – аналардың балаларына компьютер клубта уақыттарының көбісін өткізуге қатал, қатаң бақылау жүргізіп, тиым салмайтындықтары. Жоқ, бәрі демейміз. Өйткені, көптегн жасөспірімдер ата- аналарынан жасырын түрде қашып түнгі компьютер клубтарында тайрандап жүретіні анық. Оған қанша тиым салса да құлақ аспайтын балалар да бар екені рас. Өйткені, олардың санасын компьютер мен интернеттің жаулап алғаны соншалық ата – аналарын алдау үшін кез келген айла амалдарды да қолданып жатады. Ал, компьютер клубтың илелеріне келіп кететін ештеме жоқ. Оларға тек кассаға ақша шытырлап түсіп тұрса болғаны. Атыс пен шабысқа, қанды шайқасқа толы ойындар мен интернеттегі түрлі теріс бағыттағы ресурстар жастар мен жасөспірімдердің санасы мен тәрбиесіне қалай немесе қаншалықты зияның тигізетінің ойлап жатпайтындары да айқын.
Сонымен қатар, бүгінде көптеген жастар шын өмірде қарым қатынас жүргізіп, араласып сөйлесудің орнына желі жүйелерінде бір біріне хат жазысып сөйлескенді көбісі онтайлы санайды. Тіпті, бүгінде осы агент сияқты құрлығылар арқылы отау құрып, балалы шағалы болып, шаңырақ көтеріп отырған жастардың саны қаншама. Әрине, ол әркімнің жеке бас шаруасы. Дегенмен, кейде жас жұптар қалай танысқандарын баяндап жатқанда, көбісінң аузынан агент арқылы немесе мой мир арқасында бір бірімізді таптық деп айтып жатқандарын естиміз. Бізге дейін жиырмасыншы ғасырдың, яғни, ата – аналарымыз бір бірімен қалай танысып, қосылғандарын қызғылықты етіп роман айтқандай бір сағат бойы ауыз суын құртып баяндап жатады. Ал, қазіргі жастарға бұл тұста ұзақ сонар етіп баяндап жатудың өзі артық кейде. Жауап бір – ақ ауыз сөз: «Біздерді табыстырған мой мир». Бұл жиырма бірінші ғасыр ұрпағының ертең балалары мен немерелеріне айтатын өсиеті осылай. Болашақ демекші, мүмкін келер ұрпақ тіпті бізден асып түсіп, мой мир мен агенттің ішінде - ақ өмір сүретін шығар кім білсін. Тойлары да, некеге тіркелулері де мир мен интернеттің ішінде жүзеге асып жататындай халге жетіп жатпасақ болғаны.
Интернетті қолданатындардың қатарында жастар мен орта жастағы адамдар ғана емес. Сонымен қатар, жас жағынан дүние жүзіндегі ең қарт адамдар да интернетті жандарына серік етіп, алданыштарын айналдырып отыр. Әрине, үлкен жасқа келіп отырған қариялар мен әжелеріміздің барлығы дерлік заманауи құрылғыларды жақсы игеріп отыр деп айта алмаймыз. Дегенмен, әсіресе, еуропада қанша жасқа келіп отырса да ғаламтордың қызметін қолданып, өздерінің блогтарын жүргізіп отырғандар да кездеседі. Блог демекші, бүгінде интернеттегі осы ресурсты қолданушылардың саны күннен күнге артып келе жатыр. Жалпы блог дегеніміз не? Оған біртұас анықтама болмағанымен, олардың барлығына ортақ үш түрлі қасиет бар. Олар әдетте жазбалар ретінде қысқа мақалалардан тұрады. Кері хронологиялық ретпен жарияланады, яғни соңғы жарияланғандары жоғары жағында тұрады. Әрі мәтіннің ішінде интернеттің өзге беттеріне сілтеме жасайтын гиперсілтемелер болады. Сонымен қатар, блогтар дегеніміз – әңгімелер. Бүгінде көптеген үздік блогтар оқырмандардың пікірталас алаңына айналу үстінде. Қарапайым ауызекі тілмен жазылғандықтан блогты пайдаланушы мен оны оқитын адамдардың саны күн сайын көбейіп келеді. Блогты, сонымен қатар, интернет қолжданушылар онлайн режимде өздерінің жұмыстарын (аудио, видео және тағы басқа түрдегі) жариялау үшін пайдаланатын құрал деп те қарастырады. Электронды үлгіде мазмұнды деректер дайындау үшін құралдар күннен күнге қуаты артып, бағасы да арзандап келе жатыр. Әр адам өзінің жұмысын, еңбегін, шығармашылық жетістігі мен өзіндік ой пікірін күллі ғаламға танытатындай әлеуетке ие болып отыр. Адамзат тарихында осы жаңа құбылысқа балама болған емес. Интернет кеңістігінде аталмыш блог ресурсы жоғарыда айтып кеткеніміздей тек жастар арасында ғана емес, қарт адамдардың арасында да қолданысқа ие болып отыр бұл күнде. Бүгінде жалпы интернетке кіріп көңілдеріне медеу жәрдем табатын қария жандардың саны күн санап артып келе жатыр. Жалғыз болу, жалпы жалғыздық кімге болмасын ауыр екені ақиқат. Ал, үлкен адамдарға қартайған шағында жалғыздықты амалсыздан серік ету тіптен қиын екені анық. Сондықтан болар, бүгінде әлем бойынша интернетті қолданушылардың қатарында егде жастағылардың да саны жетіп артылады.
Испанияның ең қарт тұрғыны Мария Амелия Лопез Солино интернет туралы: «Мен интернетпен жұмыс істегенде ауруларым туралы ұмытып кетемін. Адамдармен үнемі байланыста болып, көңілімді жақсы нәрсеге аударғаным жақсы. Миым тынығып, бойымда бір күш пайда болады. Себебі, сол кезде мен өзімнің жалғыз емес екенімді, достарыммен сойлесіп отырғанымды білемін » [1] дейді. Міне, осындай күйдегі кейбір қарт адамдардың жанын бүгінде интернет толтыруда. Ғаламторды жалғыз басты егде жастағы адамдардың көңілін аулау құралы ретінде таптырмас дүние болып отырғанына келіспеуге болмас шынымен де. Әлемдегі ең қарт блогшы атанған Мария Лопез тіпті «қарттарды жалғыз қалтырғанша интернет үйретіндер» деген өсиетін де қалдырған екен. Ал, интернетті пайдасы мол деп санаған Испанияның ең қарт адамы өзінің блогын 95 – жасынан бастап жүргізе бастаған. Ұлының анасының туған күніне сыйлық ретінде ашып берген әлеуметтік желі Мария Лопездің өмірінің соңына дейін күнделікті серігіне айналып өтіпті. 2006 жылдың 26 – желтоқсанында ашылған amis95.blogspot.com атты блогы бір айдың ішінде мыңнан аса оқырманның жүрегін жаулап алды. Себебі, Лопез блогында өзінің өткен өмірімен бөлісетін (Испаниядағы ұлт азаттық көтріліс), жеке көзқарастары (саясат, Иранға қатысты, испан жасөспірімдерінің ішімдікке әуесі туралы) және өзінің күнделікті күйбең тіршілігі мен қарттығын, ауырып жүргенін де сөз ететін. 2007 жылы оның сайты Deutsche Welle неміс телеарнасы жүргізген байқауда «Испанияның ең үздік блогы» атанды.
«Мен қарапайым тұрғындардың бірімін. Ешқандай ерекшелігім жоқ» деді Лопез 2007 жылы телеарнаға берген сұхбатында. «Бар болғаны өзімнің ойларымен бөлісімен» [2]. Жасөспірімдер оған хат жазып, қай университетке, қандай мамандыққа тапсырған жақсы екенін сұрайды. Онымен сондай – ақ Испанияның үкімет басшысы Жозе Луис Запатеро да арнайы кездескен. Лопез оған он алты жасынан бері социалист екенін айтқан. Өз кезегінде премьер – министр оны Монколоға, Президент сарайына қонаққа шақырды. Ол өзін әлемдегі ең қарт блогшы ретінде таныстыратын. Себебі, әлемдегі ең қарт блогшы 2008 жылы Австралияда 108 жасында қайтыс болған еді. Лопездің көзінің жанары суалғандықтан өзінің жазбаларын немересі Даниелге жаздыратын. Бір айдың ішінде ғана оның блогын елу бір мың адам оқитын. Лопез әжейіміздің өз сөзі бойынша интернет оның өмірін жиырма жылға жасартып, халықаралық қауымдастықпен жақындастыра түсіпті. Әрі әлемнің әрбір түкпірінен достар тауып үлгерген. 2009 жылдың ақпанында ол Facebook – тен қарт адамдардың құқығын қорғайтын арнайы қауымдастық ашқан. «Қарттарға зейнетақы беріп, балалары оларға арнайы күтуші жалдағаннан гөрі интернетті қалай қолдану керектігін үйретсе әлдеқайда жақсы болады» дейді Лопез. Егде жастағыладың виртуалды қажеттілігін алғашқы болып айтқан Мария еді. Қайтыс болғанда блогқа алты жүзден астам көңіл білдірген. Лопездің жақындары соңғы жазбада «Блог Лопезге 880 бақытты күн сыйлады» деп жазды. Кісінің рухы дүниедегі адамдармен қарым қатынасқа түседі деп сенетін Лопездің туысқандары «Анашым, қай жерде жүрсең де сен блогыңа қалдырылған пікірлердің бірін қалдырмай оқып шығатыныңа күмәнсіз сенеміз» [3] депті. Міне, өмірінің соңына дейін интернетті жанына серік етіп өткен Мария Лопез 2009 жылдың 20 маусымында қайтыс болады.
Интернетті қолданушылардың қатарында жастар ғана емес, сонымен қатар үлкен жастағы адамадар да жетіп артылатынын көріп отырмыз. Демек, бұдан ғаламтордың қоғам өмірінде қандай маңызға ие болып отырғандығын бағамдай берсеңіз болады.

1.3 Ғаламтордың өзіндік ерекшеліктері

Кәріге де, жасқа да ортақ құралға айналып отырған интернет жүйесі бүгінгі ғаламзаттың ғаламат жетістіктерінің бірі болып отырғаны сөзсіз. Қазіргі уақытта қолданушыларының саны миллионнан асып отырған әлемдік желінің шығу тарихын біреулері білсе, кейбіреулері бұдан тіпті бейхабар екені жасырын емес. Әрине, көптеген жаңалықтардың шығу тарихы мен дамуы араға көп уақыт салып жетіп жататындықтан бұрмаланып жеткізіліп таратылып жатады кейде. Ал, адамзаттың құнды дүниесі интернеттің ойлап табылғанына ғасыр да толмады. Сондықтан да, ғаламдық желіге қатысты дерек пен дәйек баршаға қол жетімді бүгінде. Тек біліп тануға тілек пен талап болса болғаны. Дегенмен, ғаламторды пайданушылардың саны сан мыңға, тіпті миллионнан асып артылып жатқандығына қарамастан, оның шығу тарихы мен даму жолына қызығушылық танытып жататындардың қатары аса көп емес десек те болады. Себебі, кез - келген адам пайдасына асырып жүрген дүниесінің қайдан қалай шыққанына аса мән бере бермейтіні сөзсіз. Қолданушыға оның шығу тарихынан гөрі қалай қызмет атқарып, қаншалықты өзінің пайдасына жарай алатынына көп мән беріп жататыны бесенеден белгілі жайт. Бұл, әрине, адамзаттың қаталдығы деп айтуға келмес, қалыптасқан жағдай солай. Алайда, айтпағымыз бұл емес. Біздің дипломдық жұмысымыз осы тақырыпқа өте мөте жақын болып келгендіктен біздерге интернеттің шығу тарихы мен оның даму жолы аса маңызды болып отыр.
Жалпы, Интернет сөзі ағылшынша Interconnected Networks (байланысқан желілер) екі сөздің туындысы. Интернет ұғымы ақпараттық және есептеу техникалары ресурстарының әлемдік телекоммуникациялық желісі дегенді білдіреді. Интернет сөзімен бірге Әлемдік желі, Ғаламдық желі, Ғаламтор деген сөздер де қолданылады. Барлығының мағынасы бір. XX ғасырдың 50 жылдарының соңына қарай АҚШ-тың алдыңғы қатарлы әскери зерттеулер агенттігі соғыс бол қалған жағдайда жылдам ақпарат алмасатын желінің қажет екендігін айтып, компьютерлер желісін құру жайлы ұсыныс жасайды. Мұндай желіні жасау Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеулер орталығына, Юта шатының университетіне және Санта-Барбарадағы Калифорния штатының университетіне тапсырылды. Бұл жоба АҚШ-тың Қорғаныс Министрлігі тарапынан қаржыландырылды. Алғаш жасалған желі arpanet деп аталды. 1969 жылы желіні жасауға қатысқан төрт мекеменің арасында өзара байланыс орнатылды. Уақыт өткен сайын танымалдылығы артқан желіні кейіннен басқа саладағы ғылыми қызметкерлер де пайдалана бастады. Бұл желідегі алғашқы сервер 1969 жылы 1-қыркүйекте Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Осы жылы 29-қазанда алғаш рет ұзақ қашықтықта (640 км) орналасқан екі arpanet желілері арасында байланыс орнатылды. Байланыс Лос-Анджелестегі Калифорния университеті мен Стэнфорд зерттеулер орталығының арасында орнатылды. Чарли Клайн ұзақ қашықтықтағы Стэнфорд зерттеулер институтының компьютерін басқаруға тырысты. Оның Лос-Анджелестегі компьютерде отырып жасаған әрекеттерінің нәтижесін Стэнфорд зерттеулер орталығының қызметкері Билл Дювалль телефон арқылы хабарлап отырды. Чарли Клайн ұзақтағы компьтерге символдарды енгізді. Алғашқыда небары LOG деген үш символды енгізе алды. Себебі желі қызмет етуін тоқтатты. Негізі, ол LOGON деген символдарды енгізбек болған еді. LOGON деген Стэнфордтық компьютердің жүйесіне кіретін команда болатын. Желі істен шыққаннан соң бір жарым сағаттан соң қайта қосылды. Бұл жолы басқару сәтті өтеді. Осыдан бастап Интернет өмірге келді.
1971 жылы алғаш рет желі арқылы электронды хабарлама жөнелту программасы жасалады. Программа бірден танымал болады. 1973 желіге Атлант мұхиты арқылы өтетін телефон желісі қосылады. Телефон желісі арқылы Ұлыбританиямен, және Норвегиямен байланыс орнатылады. Осылайша Интернет желісі халықаралық деңгейге жетеді......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 541



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?