Дене шыныктыру | Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту тәсілдері мен әдістері

 Дене шыныктыру  | Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту тәсілдері мен әдістері

Мазмұны

Кіріспе ..........

І-тарау Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту әдістемесінің негіздері..........................................................................................
1.1.Төменгі мектеп жасындағы оқушылардағы төзімділікті анықтайтын
факторлар........................................................................................................
1.2. Өсіп келе жатқан организмнің функционалдық жүйелерін
төзімділікті дамыту тәсілдерімен қалыптастыру....................................
1.3. Спорт секцияларындағы сабақтарда және спортпен шұғылданбайтын балаларда төзімділікті дамыту тәсілдерін мақсатты бағыттай отырып қолданған кездегі төзімділік дамуының әдістемелік негіздері ...............
1.4. Дене шынықтыру сабақтарында төменгі мектеп жасындағы
балаларда төзімділікті арттырудың әдістемесі..........................................

II- тарау Зерттеуді ұйымдастырудың міндеттері мен әдістері.....................
2.1. Зерттеудің мақсаты және міндеттері .............................................................
2.2. II-IV сынып оқушыларында дене шынықтыру сабақтарында
төзімділікті дамытуға арналған тәсілдерді пайдалану әдістемесін
негіздеу..............................................................................................................
2.3. Жаттықтыру жүктемелерін жас ерекшелігіне қарай кезеңге бөлу..............

Қорытынды. ........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі .............

Зерттеудің өзектілігі. Адамның негізгі қозғаушы қасиеттерінің бірі ретіндегі төзімділіктің қандай да бір қызметті, әрекетті оның нәтижелілігін төмендетпей, ұзақ уақыт бойы орындауға қабілеттіліктен көрініс табатындығы белгілі. Төзімділік организмнің бұлшық етінің жұмысқа қабілеттілігінің критерийі болып табылады – төзімділік неғұрлым жоғары болған сайын, жұмыс соғұрлым ұзағырақ орындалады және қажып, болдыру соғұрлым табыстырақ жеңіп шығарылады.
Қимыл-қозғалыс қасиеттерін дамытудың ең тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіру мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы міндетті шешу - қимыл-қозғалыс қабілеттерінің жан-жақты және үйлесімді дамуына қол жеткізуіміз деген сөз. Сондықтан да оқушылардың жан-жақты қимыл-қозғалыс қабілеттерін қамтамасыз ету бұдан әрі қоғамдық пайдалы еңбекке және қорғаныс қызметіне даярлау үшін қолайлы жағдайлар тудыра алатын қажетті алғышарт, функционалдық база болып табылады. Төзімділіктің құрамдас бөлігі болып жалпы аэробтық төзімділік табылады, ол бұлшық ет жүйесінің глобальды қызмет етуі кезінде қарқындылығы орташа жұмысты ұзақ уақыт бойы орындауға деген қабілеттілікті анықтайды. Сондықтан да жалпы аэробтық төзімділік бастауыш сынып оқушыларының дене қасиеттерін жан-жақты даярлаудың бір бөлігі болып табылады.
Төзімділікті дамытудың мектеп оқушыларының өзге де қимыл-қозғалыс қасиеттерімен, дене қасиеттерінің дамуымен және функциялық мүмкіндіктерімен өзара байланысын зерттеудің маңызды мәні бар. Жалпы төзімділікті дамытудың ең тиімді жолдарын анықтау аталған процеске әсерін тигізетін факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан да біздің осы зерттеуімізде төзімділікті дамытуға ықпал ететін бірқатар факторлардың жас топтарында өзгеруін зерттеу ұсынылып отыр.
Қазіргі уақытта, оның ішінде дене шынықтыру сабақтарында, мектеп оқушыларында төзімділікті дамытудың көптеген аспекттерінің бетін ашатын әдістемелік әдебиеттер санының жеткілікті болғанына қарамастан, қарастырылып отырған проблема әлі де болса өзінің шешімін таба қойған жоқ.
Дене қасиеттерін тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесінде төзімділікті дамытуға арналған күш түсірудің тәсілдері, әдістері және сипаты туралы пікір айтуда пікірлердің бірлігі болмай отыр.
Мамандар төзімділікті әртүрлі тәсілдермен дамытуды ұсынады: максималды пәрменділіктегі жаттығуларды көп мәрте орындау - Шпаков П.Ф. төзімділікті арттыруға бағытталған субмаксималды пәрменділіктегі жаттығуларды орындау - Мамардашвили Ш.А., Полунин Л.И.; 8 - 20 мин бойы үздіксіз жүгіру - Матвеев А.П.
Осылайша 2-4 сынып оқушыларында төзімділікті дамытуға арналған қандай тәсілді қолданған мақсатқа лайықтырақ келеді деген сұрақ ашық түрінде қалуда.
Мектеп оқушыларында төзімділікті қалыптастыруға деген осындай қарама-қайшылықты көзқарас зерттеудің мақсатын анықтау және педагогикалық экспериментті құру үшін негіз болып қызмет етті.
Жұмыстың мақсаты. Дене шынықтыру сабақтарында 2-4 сынып оқушыларында төзімділікті дамытудың тиімді әдістемесін жасап шығару.
Зерттеу нысаны. Бастауыш мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеу процесі.
Зерттеу тақырыбы. Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту тәсілдері мен әдістері.
Зерттеу гипотезасы. Жүгіру жаттығуларын 8 - 20 мин бойы үздіксіз орындауды қолдану 8-10 жастағы оқушыларда қимыл-қозғалыс және функционалдық даярлығының тиімділігін арттырады деп болжанады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы:
2-4 сыныптарда оқитын балалардың дене қасиеттерін тәрбиелеудегі төзімділікті дамытудың тәсілдерін мөлшерлеу анықталған (еркін қарқынмен жүру, қозғалыс бағытын өзгерте отырып жүру, қиындатылған жағдайларда жүру, жүрумен үйлестіре отырып, баяу жүгіру, қозғалыс бағытын өзгерте отырып жүгіру, қойылған заттардың арасынан «жыландай ирелеңдеп» жүгіру, 8-20 мин бойы үздіксіз жүгіру, әр түрлі қарқындылықпен шаңғымен қозғалу, төзімділікті дамытуға арналған эстафеталар, спорт залында - 90 с бойы үздіксіз жүгіру, қозғалмалы ойындар мен эстафеталар);
- төменгі сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарында төзімділікті дамыту амалдарының, тәсілдерінің орны анықталды;
- төзімділікті дамыту тәсілдерін басымырақ пайдаланудың негізінде II-IV сынып оқушылары үшін дене шынықтыру бойынша авторлық бағдарлама жасап шығарылды;
- төзімділікті дамыту тәсілдерін басымырақ пайдалана отырып, 2-4 сынып оқушыларының физикалық және функционалдық күйінің құрылымы анықталды;
- осындай құрылымның негізгі құрамдас бөліктері болып:
фактор I – аэробтық қасиеттер;
фактор II —функционалдық қасиеттер;
фактор III — буындардың қозғалғыштығы;
фактор IV — шапшаңдық және қуаттылық қабілеттері табылатындығы анықталды.
- оқушылардың дене қасиеттерінің даярлық деңгейін және функционалдық күйі мен денсаулығын арттыру үшін бастауыш мектептегі дене шынықтыру сабақтарында төзімділікті дамыту тәсілдерін қолданудың тиімділігі дәлелденген.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы бастауыш мектепте дене шынықтыру сабақтарын төзімділікті дамыту тәсілдерін басымырақ қолдана отырып өткізудің мазмұны мен әдістемесін жасап шығарудан және енгізуден тұрады. Зерттеу нәтижелері Алматы қаласының № 131 орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларын оқыту, үйрету практикасына енгізілген. Жасап шығарылған әдістеменің әсер етуімен төзімділікке арналған тесттерді орындаған кездегі нәтижелердің өсуі, сонымен қатар функционалдық қабілеттерінің артуы байқалады. Қорғауға шығарылып отырған негізгі ережелер:
1. Төзімділікті дамытудың тәсілдері мен әдістерін 2-4 сынып оқушыларында басымырақ пайдалана отырып жасалған бағдарламадағы жаттығулардың «Дене шынықтыру» сабағының базалық және вариативті бөліктеріндегі орны мен ара қатынасы анықталған.
2. Эксперименттің соңында өзіне дене қасиеттерін дамытудың келесідей жетекші факторларын:
I – аэробтық қасиеттерді;
II - функционалдық қасиеттерді;
III – буындардың қозғалғыштығын;
IV – шапшаңдық пен қуаттылық қабілеттерін қосатын, бастауыш мектеп оқушыларының қозғалу даярлығының құрылымы анықталған.
Жүргізілген факторлық талдау төзімділікті дамыту тәсілдерін қолданудың дене қасиеттері даярлығының құрамдас бөліктерінің (жалпы төзімділіктің, шапшаңдық пен қуаттылық қабілеттерінің) және функционалдық көрсеткіштердің (ӨӨС; ОМТ; ОМТ/кг) дамуына әсер еткендігін растап берді.
3. Жасап шығарылған әдістемені қолдану төзімділіктің өсуіне, төменгі мектеп жасындағы оқушылардың денсаулық жағдайы мен функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға айтарлықтай ықпалын тигізеді. 8-20 мин бойы үздіксіз жүгіру қолданылған эксперименттік топтағы төзімділік көрсеткіштері орташа алғанда 12,4%-ға артты. Функциялық көрсеткіштер (ӨӨС, ОМТ, ОМТ/кг) орташа алғанда 12,5%-ға артты. Ауруға шалдығу деңгейі 2,7%-ға төмендеді.

I-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті
дамыту әдістемесінің негіздері

Зерттеудің төменгі мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамыту жөніндегі әдістемелік тәсілдерге қатысты нәтижелерін зерттеген кезде оны дамыту әдістемесі жөніндегі көзқарастардың қарама-қайшылықты екендігіне назар аудару керек, осы жәйт біздің зерттеуіміздің негізі болып қызмет етті.
Төзімділік терминімен оның нәтижелілігін төмендетпей, қандай да бір іс-қимыл, әрекетті ұзақ уақыт бойы орындауға қабілеттілік түсініледі. Төзімділік — бұл белгіленген бұлшық ет қызметі барысында физикалық қажып, болдыруға қарсы тұру қабілеті.
Ю.Г. Травиннің пікірінше, төзімділікті өлшеу шамасы болып осы уақыт бойы белгілі бір сипаттағы және қарқындылықтағы бұлшық ет қызметі орындалатын уақыт табылады. Осылайша, төзімділік бұлшық ет белсенділігінің белгілі бір деңгейін ұстап тұру уақыты бойынша бағаланады.
Кейбір авторлар жаттығуды орындау қарқындылығы бойынша күш салулардың келесідей бөлінуін анықтауда:
1) шағын – жүрек қысқаруларының жиілігі (ЖҚЖ) 140 cоққы/мин дейін;
2) орташа - ЖҚЖ 170 cоққы/мин дейін;
3) күшті - ЖҚЖ 190 cоққы/мин дейін;
4) шекті - 190 cоққы/мин жоғары.
Төзімділік проблемасымен көптеген отандық және шетелдік зерттеушілер айналысқан болатын. Біздің елдегі де, шетелдегі де көптеген зерттеулер балалар мен жасөспірімдердің қандай да болсын дене қасиеттерін дамыту әдістемесінің қозғалу функцияларының жас заңдылықтарын ескере отырып құрылуға тиісті екендігін дәлелді түрде көрсетіп берді.
Мектептің оқу-педагогикалық процесіндегі төзімділікті дамытудың қандай орын алып отырғандығы жөніндегі мәселе әлі күнге дейін шүбәсіз қызығушылық тудырып келеді. Істің мәнісі, бастауыш сыныптарға (1-4 сыныптар) арналған мектеп бағдарламасында төзімділікті дамытудың арнайы міндеті қойылмайтындығында болып отыр. Оқытудың осы кезеңінде шапшаңдық пен ептілікті дамыту барысында төзімділікке де әсер ету жүріп отырады. Бұл үшін алуан түрлі ойындар (ережелері қарапайым етілген қозғалмалы және спорттық ойындар), ұзаққа созылмайтын жүгіру және шаңғымен қозғалу пайдаланылады. Төзімділікке күш түсіруді мөлшерлеудің күрделілігіне орай, мектептерде дене қасиеттерінің даярлығының осы бір құрамдас бөлігінің көрініс табуын көбіне көп шектеп отырады.
Ғалымдарда төзімділікті мектеп оқушыларының денсаулығы үшін зиянсыз қанша жастан бастап дамыту керектігі жөнінде бірыңғай пікір болмай отыр. Бір авторлар төзімділікті ертерек дасмыта бастау керектігі туралы пікір айтуда және бала организміне ұзақ уақыт жүгіру, суда жүзу, конькимен сырғанау және т.б. зиянсыз деп есептейді.
Өзге ғалымдар жалпы төзімділікті жасөспірім жаста дамыта бастау мүмкін болады деп есептейді.
А.П. Макаров жас жүгірушіні даярлаудың бастапқы кезеңінде жалпы төзімділікке маңызды мән беруде. Аралас орын ауыстырудың және бірқалыпты ырғақпен ұзақ уақыт жүгірудің көмегімен төзімділікті жетілдіру төзімділікке арнайы жұмыс істеуге көшу үшін даярлаудың маңызды тәсілі болып қызмет етеді. 2-4 сыныптарда сабақтардың негізгі мақсаты мектеп бағдарламаларының негізінде дене қасиеттерін жан-жақты даярлау болып табылады. Мектеп оқушыларында төзімділікті дамытудың шұғылданушылардың ересек топтарын жаттықтырудың әдістемесінен ерекшеленіп отыруы өте маңызды.
Балалардың организміне циклдік жаттығуларды (жүгіру, шаңғы тебу және т.с.) орындау кезіндегі ұзаққа созылатын күш салулар зиянын келтіре алмайды деп есептегендіктен, кейбір авторлар сонымен қатар спортпен (жалпы алғанда) шұғылдануды ерте бастау қажеттігі туралы пікірлер айтуда.
Алешина M.X. төзімділікті жасөспірім жаста дамыта бастауды мүмкін болады деп есептейді.
Кейбір ғалымдар төзімділікті, күш пен шапшаңдықты кешенді дамытудың, бірақ жалпы төзімділікті аздап күш салумен ұзақ уақыт жұмыс істеу арқылы алдын ала тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсетеді. Осындай тәсілдер ретінде спорттың алуан түрлерін (шаңғы, коньки, волейбол, футбол, ұзақ уақыт қозғалумен байланысты келетін қозғалмалы ойындар және т.б.) пайдалану ұсынылады.
Алдыңғы қатарлы педагогтардың тәжірибесі мен зерттеу нәтижелері төменгі мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамыту – олардың жан-жақты физикалық даярлығының маңызды құрамдас бөлігі екендігін көрсетіп отыр. Жалпы дене қасиеттерін даярлаудың басқа да тәсілдерімен ұтымды үйлесімін таба отырып, төзімділікті дамытуға бағытталған жаттығуларға айтарлықтай көп орын бөлінетін сабақтар тек қана төзімділіктің емес, шапшаңдықтың, күштің, қуат қасиеттерінің даму деңгейінің артуына ықпалын тигізеді. Бұл негізгі дене қасиеттерінің арасында тығыз функционалдық байланыс пен өзара себепшілік бар екендігімен түсіндіріледі.
Қазіргі таңда жан-жақты физикалық даярлық қажет екендігі туралы ереже жалпыға бірдей танымға ие бола бастады. Физиологиялық зерттеулер мен дәрігерлік бақылаулардың мәліметтеріне арқа сүйей отырып, кейбір авторлар мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеудің жалпы жүйесінде төзімділікке бағытталған дене жаттығуларын пайдалануға жол беруге болады, бірақ тәсілдерді дұрыс таңдау және күш түсулерді мұқият мөлшерлеу шарты орындалуға тиіс деп санайды. Жекелеген отандық және шетелдік мамандардың айтқан пікірінше, балалық шақтың өзінде-ақ төзімділікті дамытуға үшін қолайлы алғышарттар бар.
Қолданылатын педагогикалық әдістердің (жол берілетін күш салулар, жаттығу жұмыстарының, арнайы және жалпы дене қасиеттері даярлығының амалдарының қарқындылығы мен көлемдерінің ұтымды өзара байланыстары және т.б.) тиімділігін анықтау оқушылардың морфо-функционалдық дамуын бақылаудың негізінде жүргізілуге тиіс. Әсіресе төзімділікке бағытталған жаттығулардың негізгі «ауырлығы» осыларға түсетін жүйке, жүйке-тамыр және тыныс алу жүйелерінің күйін мұқият зерттеу маңызды болып келеді. Осы міндетпен байланысты мәселелер шеңберіне өзіне, жекелей алатын болсақ, жүректі ерте жастан бастап шектінің маңындағы қуаттылықпен ұзақ уақыт жұмыс істеуге бейімдеудің мүмкін болатын зардаптарын зерттеуді қосады. Жүйке жүйесінің, зат алмасудың және реттеудің бүкіл жүйесінің бала жастан басталған, ұзақ уақытқа созылған денеге күш салулармен жүргізілетін жүйелі түрде шұғылданудың нәтижесіндегі күйін зерттеу де қызығушылық тудырады.
Төменгі мектеп жасындағы балалардың аэробтық жұмысқа қабілетін зерттеулер келесіні растап отыр: төзімділікті анықтайтын күш салулар кезіндегі жалпы жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері организмнің аэробтық өнімділігімен тығыз байланысты және жас өсе келе заңды түрде арта түседі. Зерттеулер төзімділікті дамытатын күш салулардың әсерімен шұғылданушыларда тыныш жағдайда жүрек қысқару жиілігінің төмендеуі байқалатындығын көрсетіп отыр. Осылайша, бұл жағдай қан айналымының тиімділігін азайтпай, керісінше, функционалдық мүмкіндіктер диапазонын кеңейте түседі. Жүрек қысқаруларының жиілігі күш салуларға бейімделу барысында жүрекке күш түсу көрсеткіші болып қызмет атқарады.
Тамыр соғуының қалпына келу жылдамдығы күш түсу қарқындылығымен тығыз байланысты. Циркуляциялаушы қандағы анаэробтық метаболиттердің концентрациясы төмен болып қалып отыратын салыстырмалы түрдегі шағын жұмыс қуаты кезінде тамыр соғуының қалпына келу жылдамдығы жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердің қанмен жабдықталуына байланысты болып келеді. Қарқындырақ жұмыс істеген кезде және анаробты метаболиттердің, оның ішінде сүт қышқылының жоғары концентрациясы кезінде күш түскеннен кейін тамыр соғуы жұмысының қалпына келуі қанның минуттық көлемінің адекватты арту дәрежесіне байланысты болады.

1.1.Төменгі мектеп жасындағы оқушылардағы төзімділікті
анықтайтын факторлар

Мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамыту олардың жан-жақты дене қасиеттерінің даярлануының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Төзімділік қимыл-қозғалыс әрекетінің айтарлықтай көлемін орындауға; орындалып отырған жұмыстың жоғарғы деңгейін ұзақ уақыт ұстап тұруға; айтарлықтай күш түскеннен кейін күштерін жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Субмаксималды қарқындылықта жұмыс істеген кездегі төзімділікті және жетілген организмнің қажып, болдыруын зерттеуге арналған жұмыстар көлемінің көп болғанына қарамастан, бұл мәселелер мектеп жасындағы балаларда жеткіліксіз түрде шешілген болып табылады. Төзімділікке әсер ететін факторларды анықтау оны дамытудың ең тиімді жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің зерттеуімізде дене қасиеттерінің дайындалғандығының осы бір маңызды құрамдас бөлігінің дамуына ықпал ететін факторлардың үлкен шеңберінің жас өсе өзгеруін зерттеуге ұмтылыс жасалды. Әсіресе мұны дене шынықтыру сабақтарының негізгі міндеттеріне кереғар келмеуге тиіс болатын, мектеп жағдайларында төзімділікті дамытуға бағытталған педагогикалық процесті құрған кезде ескерген маңызды.
Жоғарыда айтылып кеткеніндей, төзімділіктің көрініс табуына факторлардың кешені себепші болады. Жалпы қабылданған түсініктерге сәйкес, қарқынды бұлшық ет жұмысын орындаған кезде төзімділік осыларға байланысты болып келетін негізгі факторлар болып өзіне энергиямен жабдықтаудың үш негізгі түрін: аэробты, анаэробты-гликолиздік және анаэробтық лактатты түрлерін қосатын, организмнің аэробтық және анаэробтық мүмкіндіктері табылады. Өз кезегінде энергиямен жабдықтау көздері қуатпен – энергияның босану жылдамдығымен, сыйымдылықпен – пайдалану үшін жол берілетін субмаксималды қорлардың (майлар, көміртектер, гликоген, аденозин үшфосфорлы қышқыл, креатипфосфат) мөлшерімен және организмдегі метаболалық өзгерістердің жол берілетін мөлшерімен сипатталады.
Б.Ф. Прокудин мен В.Г. Никитушкин келесідей факторларды ажыратуды ұсынады:
- Белгіленген қарқындылықтағы қызметті, іс-әрекетті энергиямен қамтамасыз етудің (аэробтық энергоөнімділіктің, яғни жұмыс істеп тұрған бұлшық ет бірліктеріне оттегін жеткізу (негізінен алғанда орта және ұзын қашықтықтарға жүгіруде және спорттық жүрісте) тиімділігі;
- анаэробтық лактатты энергоөнімділік (көбіне көп орта қашықтықтарға жүгіруде);
- анаэробтық алактатты (фосфатты) энергоөнімділік (көбіне көп қысқа қашықтықтарға жүгіруде, секірулерде және лақтыруларда);
- шұғылданушының координациялық қабілеттері;
- төзімділіктің көрініс табуы үшін жасалатын қимылдардың үйлесімділігі, энергетикалық мүмкіндіктерді шығындаудың үнемділігін анықтайтын іс-әрекеттер кешенін меңгеру маңызды мәнге ие болып келеді. Бұл ретте кемеліне жеткізілген техника энергияны үнемдеуге, күшті сақтап қалуға, келіп жететін шаршап, қажудың дәрежесін төмендетуге, яғни төзімділіктің жоғарырақ деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- шұғылданушының ерік-жігер қабілеттері, яғни іс-әрекетті, қызметті орындаудың ішкі де, сыртқы да өзгеріп отыратын орта жағдайларындағы тиімділігін қамтамасыз ететін жеке бас қасиеттері (жолдан тайдыратын факторларға қарамастан, мақсатқа жетуге ұмтылу, шамадан тыс күш түскенде ауыруды жеңіп шығу, қолайсыз жағдайларда жұмыс істеу және т.с.). Сүт қышқылының шамадан тыс жиналуына тұрақтылық (әдетте, орта және алыс қашықтықтарға жүгіргенде).
Б.Ф. Прокудиннің пікіріне сәйкес жалпы төзімділіктің негізгі құрамдас бөліктері болып жұмысты энергетикалық қамтамасыз ету факторлары, функциялық және биохимиялық экономикаландыру, жеке бас-психика факторлары табылады.
- Жұмысты энергетикалық қамтамасыз ету факторлары және энергия алмасу мен түрлендіруді қамтамасыз ететін жүйелердің функционалдық қуаты (ішкі ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?