Есеп және аудит | Заңды тұлғалардың табысы мен шығындарының салықтық есебі

  Есеп және аудит  | Заңды тұлғалардың табысы мен шығындарының салықтық есебі

Мазмұны


1 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Табыстар мен шығындардың салықтық есебінің экономикалық маңызы мен қажеттілігі 5
1.2 Табыстар мен шығындарының салықтық есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі 11

2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ 15
2.1 Жылдық жиынтық табыстың түсінігі.Табыс түрлері 15
2.2 Жылдық жиынтық табыстың салық есебі 18
2.3 Жылдық жиынтық табысты түзету 27

3 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 31
3.1Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерімдердің салық есебі 31
3.2Жамбыл облысы бойынша Салықтық департаментін қаржыландыру жоспарының орындалуы 36
3.3 Заңды тұлғаның табысы мен шығындарының салықтық есебін жетілдіру жолдары 42

ҚОРЫТЫНДЫ 49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51

ҚОСЫМШАЛАР

Бітіру жұмысының өзектілігі. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық құрылысы мен салалы іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді. Кез келген мемлекетте бюджетте қарастырылған шараларды үздіксіз қаржының жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейде қаржылық ресурстардың жүйелі толуын талап етеді.
Бұған негізінен жеке және заңды тұлғаның салық және бюджетке төлеуі есебінен қол жеткізеді.
Қазіргі салықтық заңнама және өзге нормативті актілерге сай төлеумен орнатылған мөлшерде және белгілі бір мерзімде аталған төлемді төлеуге міндетті.
Қазақстанда бюджеттің кіріс бөлігі құрылымындағы салықтық түсімдерге әдетте 90 % дан артық келеді.
Бірақ өкінішке орай тәжірибеде жеке және заңды тұлғаның объективті және субъективті себептерге байланысты салықтық және өзге міндетті төлемдерді мерзімінде төлеуге жол береді.
Нарықтық қатынастарға өту мен байланысты экономикалық түрлі саласында өзінің қаржылық қызметін жүргізілетін жаңа кәсіпорындар құрыла бастады. Олардың көбі бухгалтерлік есеп саласында жеткілікті квалификациялы мамандары жоқ. Осында кәсіпорындарда әдетте есепте қателер болады.Сонымен қатар есепткік мәліметтерді әдейі бұрмалау жағдайлары да бар.
Бүгінгі күнде салықтық міндеттілігімен істегі заңнаманы бұзбай, салық салудан түгелдей немесе бөлшектей құтыла алатын ресми әдістермен де, заңмен тиым салынған, жасырын жолмен де жалтаруға орынды болды.
Салық және алым туралы заңнаманы әдейі және қасақана бұзу кейде, мемлекеттік бюджетке салықты төлемдердің елеулі түспей қалуына әкеледі. Осымен байланысты мемлекет алдында салық заңнаманы барлық салық төлеушінің орындалуын және ақыр аяғында салықпен алымның бюджетке толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету міндеті тұр.Бұл міндет ең алдымен салықтық бақылау органдары жүйенің жұмыс істеуі арқалы шешіледі.
Қазіргі жағдайда мемлекеттің және жалпы қоғамның өмір сүруіне мықты қаржылық негіз құру,салық салу аясында реформаларды сәтті іске асыру мезеттің барлық деңгейін уақытылы және толық қалыптастыру,шаруашылық субъектілері мен жеке тұлға құқықтарын мүлтіксіз орындағандары мемлекеттердің қаржылық мүддесін қамтамасыз етуге арналған тиімді салықтық бақылау жүйесінсіз мүмкін емес. Сондықтан біздің республикада және шетелде салықтық бақылауды ұйымдастыруды зерттеумен бақылаушы салық органдары жұмысын тиімділігін талдау, сонымен қатар салық бақылауды жетілдіру жолдарын анықтауға байланысты сұрақтар өте өзекті болып отыр.
Экономика дамуының түрлі сатыларында салық бақылау мәселелері, оның нысандарымен әдістерін жетілдіру шетел және отандық экономистердің зерделеу пәні болды.Дегенмен қазіргі қаржылық ғылымда салықтық бақылауды ұйымдастыру және салық салу жүйесінің кейбір теориялық және практикалық аспектілері жеткіліксіз қарастырылған. Қазақстанда фундаменталды және қолданбалы сипаттағы шешілмеген міндеттер қатарының болуы. Қазақстан Республикасында салықтық бақылау мәселелерін жан − жақты ғылыми − практикалық зерделеу жүргізу қажеттілігі туралы айтады.
Бітіру жұмысының объектісі – «Жамбыл облысы бойынша Салықтық департаменті».
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті. «Заңды тұлғалардың табысы мен шығындарының салықтық есебі» тақырыбындағы жұмыстың мақсаты – салықтан жалтару проблемаларын ашу және оны болдырмаудың жолдарын қарастыру болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндетті сұрақтардың шешімін табу керек:
- ссалықтан жалтарудың мәселесі және оның пайда болу себептері
(А ҚОСЫМШАСЫ);
- салықтан жалтару бойынша қолданылатын жауапкершілік;
- Қазақстан Республикасы салықтық түсімдерін қарастыра отырып, салықтан жалтару себептеріне экономикалық талдау;
- салық салуды жетілдіру барысында одан жалтаруды болдырмаудың жолдарын іздестіру;
- жоғарыда аталған мәселелер бойынша өзіндік ұсыныстар мен тұжырымдар келтіру.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары пайдалынады.
Бітіру жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған 15 әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұратын компьютерде терілген 53 бетте баяндалған. Жұмыста 7–кесте, 2-сурет келтірілген.

1 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Табыстар мен шығындардың салықтық есебінің экономикалық маңызы мен қажеттілігі

Бюджет жүйесін реформалау қажеттілігі Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалық жаңа деңгейге жетуінің көрінісі. Республиканың халықаралық аренаға шығуы үшін қазіргі кезде, ең алдымен заңдылық базасын тиісті әлемдік үлгілерге келтіруді талап етеді.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражатының қорын жасау және пайдаланумен байланысты бюджеттің қызметі айрықша экономикалық реформалар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы атқарылады. Осы екі категорияда обьективті және бюджет секілді өздерінің арнайы қоғамдық міндеттері бар: кірістер мемлекетті қажетті қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиісінше жалпы мемлекеттік қажеттерге бөледі.
Бүгінгі таңда бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттерден тұрады. Осы жұмыста қарастырылатыны бұл республикалық бюджет.
Республикалық бюджет негізінен жалпы мемлекеттік салықтар есебінен қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Конституциямен, заңдармен Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгілейтін жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады.
Салықтардың ең негізгі қызметі – фискалық немесе бюджеттік қызмет. Бұл қызмет арқылы республикалық бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық мінлеті артады. Себебі, салықтар республикалық бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді [2].
Республикалық бюджеттің кіріс көзін құрайтын негізгі қаржылық көздер – салық .
Қазақстан Республикасының заңды тұлға резидентінің жылдық жиынтық табысының түсінігіне (ЖЖТ) оның Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңымен рұқсат етілген, күнтізбелік жыл ішінде алынған табыс көздері алынады.
Корпоративтік табыс салығын төлеушілерге ҚР-да қызметті жүзеге асыратын ҚР-нан табыс алатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары- резиденттері, сондай ақ заңды тұлғалар - бейрезиденттер жатады.
Соңғы он жыл ішіндегі Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттегі салықтық төлемдердің үлесін мына кестедегі мәліметтерден көруге болады (1 Кесте).

1 Кесте
Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің жалпы кірісіндегі салықтық түсімдердің үлес салмағы
(мың теңге)
Жылдар Салық мөлшері Нақты өсім Өсу қарқыны, % Өсім қарқыны, % Бір пайыз өсімнің нақты мәні
1998 жылмен салыстырғанда Алдыңғы жылмен салыстырғанда 1998 жылмен салыстырғанда Алдыңғы жылмен салыстырғанда 1998 жылмен салыстырғанда Алдыңғы жылмен салыстырғанда
1998 173434 - - - - - - -
1999 193255 19821 19821 111 111 11 11 1734,34
2000 225635 52201 32380 130 117 30 17 1932,55
2001 184669 11235 -40966 106,5 82 65 -18 2256,35
2002 156567 -16867 -28102 190 85 -10 -15 1846,69
2003 265746 92312 109179 153 170 53 70 1565,67
2004 313432 139998 47686 181 118 81 18 2657,46
2005 458227 284793 144795 264 146 164 46 3134,32
2006 603396 429962 145169 384 132 284 32 4582,27
2007 816458 543024 213062 471 135 371 35 6033,96
2008 1561912 1388478 745454 901 191 800 91 8164,58

Кестеде көрсетілген мәліметтерді қарастыра келе қазіргі кезде еліміздің бюджетінің кіріс көзінің 90% салықтардан тұратынын көруге болады. Ел экономикасы дамып, республикалық бюджеттің кіріс көзі ұлғайған сайын салықтық түсімдердің де өсіп отырғаны байқалады. Себебі салықтың экономикалық табиғаты өндіріске байланысты. Өндіріс бар жерде табыс та бар, одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндірістің дамуына барынша өз ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын арттыруға жағдай жасауы қажет.
Кестенің көрсеткіштеріне талдау жасай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: уақыт өткен сайын республикалық бюджеттегі салық үлесінің көрсеткіш дәрежесі ғана өзгеріп қоймай, сонымен бірге өсіңкілік қатардың көрсеткіштері де өзгеріп отырады және оған түрлі себептер әсерін тигізеді. Соның салдарынан өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерінің даму дәрежесі әр жылдары әр түрлі болды.
Есептеулер жүргізу барысында келесі мәліметтер анықталды: Республикада 1998-2008 жылдар аралығында бюджеттегі салық үлесі жылына 138847,8 млн тенгеге, ал мөлшері жылына орташа есеппен 0,24 немесе 24% өсіп отырған, 1998-2008 жылдар аралығында салық үлесінің орташа жылдық өсу қарқыны 1,24 немесе 124% тең болған.
Қазақстан Республикасының бюджетінің жалпы кірісндегі салықтық түсімдердің үлес салмағы келесідегі 1 суретте бейнеленеді.


Енді осы кестені график түрінде бейнелейтін болсақ ол төмендегідей түрде беріледі.

1 сурет. ҚР республикалық бюджетінің жалпы кірісіндегі салықтық түсімдердің үлес салмағы

Графикте көріп отырғанымыздай жалпы 11 жыл ішінде республикалық бюджеттегі салық үлесінің ең төменгі көрсеткіші 2002 жылы байқалған, ол 156567 млн теңгені құрайды. Ал ең жоғары көрсеткіш 2008 жылы байқалған. Жалпы салық үлесінің өсу динамикасына көңіл аударатын болсақ, оның 1998 жылмен салыстырғанда елеулі түрде өскенін көреміз. Күрт өсу 2007 пен 2008 жылдар аралығында болған, ол 745454 млн теңгені құрады.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасаудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Осыған орай жоғарыда берілген көрсеткіштер мен елдің салық жүйесін жетілдіруге байланысты екенін көре аламыз. Яғни Үкімет мемлекетіміздің салық жүйесіне енгізген өзгертулері бюджетке оң әсер еткенін байқауға болады.
Жалпы қорытындылай келе, 1991 жылғы Қазақстан Республикасының Салық жүйесі туралы Заң еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі жұмыстардың бірі болып саналады. Осы кезеңдерде елімізді бәсекелес елдер қатарына қосатын көптеген өзгерістер болды және экономиканың дамуына көптеген құбылыстар, атап айтқанда, меншіктің көптеген түрлерінің дамуы, шаруашылық жүргізуші субьектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі және тағы да басқа құбылыстар іске аса бастады. Яғни салық жүйесіндегі өзгерістер бюджетке әсер етсе, бюджет өз кезегінде Қазақстанның басқа мемлекеттермен бәсекелестік мүмкіндігіне әсерін тигізеді.

Жамбыл облысы бойынша Салықтық департаменті (әрі қарай-Департамент) мұнайөнімдерінің және акциздік тауарлардың жеке түрлерінің айналымы және өндіріс аясында өзінінің біліктілігі шегінде салықтық міндеттемелерін орындаған салық төлеушілер үшін салықтық бақылауды жүзеге асыру бойынша әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорындағы әлеуметтік есептеулер мен міндетті зейнетақы қорларын өз уақытында және толық қайта есептеу, бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету аясында бақылау және мемлекеттік басқару қызметін орындауда өкілетті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салықтық комитетінің аймақтық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметінде Қазақстан республикасының Конституциясын, Қазақстан республикасының заңдары мен заңнамалық актілерін, Қазақстан республикасының Президентінің және Өкіметтің актілерін және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар басты Жағдайын жетекшілікке алады.
Департамент - мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданған өзінің атауымен штамп пен мөрі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің қазыналық органындағы заңнамалық шотымен сәйкес қабылданған үлгідегі бланкілері бар.
Департаменттің Жамбыл, Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Байзақ, Талас, Шу аудандары бойынша салықтық басқаруға қатысты Қазақстан Республикасының Өкіметінің құрылатын және таратылатын мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылатын аймақтық бөлімшелері бар. Департамент қажетті жағдайда қабылданған тәртіпте өкілетін құруға құқылы.
Департамент тиімді ұйымдастыру жұмысын толықтай мұнайөнімдерінің және акциздік тауарлардың жеке түрлерінің айналымы және өндіріс аясында өзінінің біліктілігі шегінде салықтық міндеттемелерін орындаған салық төлеушілер үшін салықтық бақылауды жүзеге асыру бойынша әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорындағы әлеуметтік есептеулер мен міндетті зейнетақы қорларын өз уақытында және толық қайта есептеу, бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету аясында қызметтерді жүзеге асыру сұрақтары бойынша Жамбыл, Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Байзақ, Талас, Шу аудандары бойынша салықтық басқару қызметін бақылайды және үйлестіреді.
Департамент азаматтық-құқықтық қатынасқа жеке атынан түседі.
Департамент белгіленген заңнамалық тәртіптегі өз қызметінің сұрақтары бойынша Департаменттің бастығы немесе орнын ауыстырушы тұлғаның бұйрығымен хатталған жеке қабылдау құқықтық актілерін басып шығарады.
Департамент құрылымы Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің Жауапты хатшысымен бекітілген штаттық сан лимитінің шегінде Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
Департаменттің заңды адресі: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 36 үй.
Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің Салықтық комитетінің Жамбыл облысы бойынша Салықтық департаменті» мемлекеттік мекеме.
Басты жағдай Департаменттің мекемелік құжаты болып табылады. Департамент мекемесі Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің Салықтық комитеті болып табылады.
Департаментті қаржыландыру республикалық бюджет шотының қаржаты үшін жүзеге асырылады.
Департаментке Департаменттің қызметі болып табылатын міндетін орындайтын кәсіпкерлік субъектілермен келісімді қатынастарға түсуге шектеу қойылады.
Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің Салықтық комитетінің қызметі аясындағы Департамент белгіленген заңнамалық тәртіпте келесі міндеттерді жүзеге асырады:
өз қызметі аясында бюджетке толық салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсуін, толық және өзуақытында жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын қайта есептеуді қамтамасыз ету;
салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындау үшін салықтық бақылауды жүзеге асыру;
өз қызметі аясында Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
алкогольді өнімдерді өндіру мен айналымы аясында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.
Жамбыл облысы бойынша Салықтық департаментінің шығындары бойынша жоспарының орындалуы төмендегі 2-кестеде қарастырылады. Ал, басқа да жоспарларының орындалуы бітіру жұмысының 3.3 пунктінде қарастырылды.

2 кесте
Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есебі
2008 жыл

(мың теңге)
Специфика шығындарының атауы 1жылға қаржыландырудың
анықталған жоспары Есепті кезеңге қаржыландырудың
анықталған жоспары Жыл басынан жіберілгені Бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелер Нақты шығындар
міндеттеме төлем
1 3 4 5 6 7 8
Негізгі еңбекақы төлемі 261552,6 261552,6 261552,6 261552,6 261552,6 261249,6
2- кестенің жалғасы
Қосымша ақшалай төлем 24811,6 24811,6 24811,6 24811,6 24811,6 24811,6
Компенсациондық төлем 74667,1 74667,1 74667,1 74667,1 74667,1 74667,1
Әлеуметтік салық 22365,0 22365,0 22365,0 22365,0 22365,0 22732,2
Әлеуметтік аударымдар 8107,0 8107,0 8107,0 8107,0 8107,0 8107,0
Автотранспорттық құралдардың иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға жарналар 168,4 168,4 168,4 168,4 168,4 168,4
Басқа да тауарларды алу 28251,4 28251,4 28251,4 28251,4 28250,3 26972,5
Коммунальдық қызметке төлеу 310,0 310,0 310,0 310,0 310,0 310,0
Байланыс қызметіне төлеу 18208,0 18208,0 18208,0 18208,0 18208,0 16926,0
Транспорттық қызметке төлеу 733,8 733,8 733,8 733,8 733,8 733,8
Электр энергиясына төлеу 7188,6 7188,6 7188,6 7188,6 7188,6 7188,6
Жылуға төлеу 8033,7 8033,7 8033,7 8033,7 8033,7 7452,7
Ғимарат, құралдар және басқа да негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу қызметі, мазмұны 38313,0 38313,0 38313,0 38313,0 38313,0 38026,4
Жалдау төлемі 37,5 37,5 37,5 37,5 37,5 37,5
Басқа да жұмыстар мен қызметтер 18527,5 18527,5 18527,5 18527,5 18527,5 18179,8
Ішкі ел арасында қызметтік іс-сапарлар 19959,9 19959,9 19959,9 19959,9 19959,9 21970,4
2-кестенің жалғасы
Орындаушы құжаттарды орындау 506,5 506,5 506,5 506,5 506,5 506,5
Басқа да ағымдағы шығындар 1506,0 1506,0 1506,0 1506,0 1506,0 1506,0
Жеке тұлғаларға
трансферттер 243,3 243,3 243,3 243,3 243,3 243,3
Активтерді алу 12882,2 12882,2 12882,2 12882,2 12881,6 12881,6
Ғимараттар мен үйлер құрылысы 85500 85500 85500 85500 27297 2525,9
Ғимараттар мен үйлерге күрделі жөндеу 876,9 876,9 876,9 876,9 876,8 876,8
Барлығы: 632750,0 632750,0 632750,0 632750,0 574545,2 548073,7

Кестеден көріп отырғанымыздай, жоспар бойынша 2008 жылы барлық жұмсалуы тиіс шығындар 632750,0 құраса, ал нақты жұмсалған шығындар 548073,7 құраған. Яғни, жоспарды орындау барысында 84676,3 мың теңге үнемделген.

1.2 Табыстар мен шығындарының салықтық есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі

Кәсіпорындағы жиынтық табыс есебі ХҚЕС 18 сәйкес «Табыстар» – бұл компанияның әдеттегі қызметі барысында, осындай ағын акционерлердің жарналары есебінен болатыннан өзге капиталдың ұлғаюына әкеліп соқтырғанда туындайтын кезең ішіндегі экономикалық пайданың жалпы ағыны.
Табысқа тек компаниямен алынған және оның өз жеке шотына түсуі міндетті экономикалық түсімдердің жалпы түсімі. Үшінші тараптың пайдасына түскен сатылым салығы, тауарлар және қызметтерден алынатын салық және қосымша құн салығы сияқты сомалар компанияға түсетін экономикалық пайда болып табылмайды, және жеке капиталдың өсуіне әкелмейді. Сондықтан олар табыстан алынып тасталды. Агенттік қарым-қатынас кезінде тап осылай экономикалық пайданың жалпы ағыны компанияның өз капиталының ұлғаюына әкеліп соқтырмайтын принципал пайдасына жиналатын сомадан тұрады. Принципал пайдасына алынған сомалар табыс болып табылмайды. Табыс делдалдық сыйақы сомасы болып табылады.
Бухгалтерлік есептің 3 «Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы қорытынды есеп» стандартының талабына сәйкес күшіне енген, бұл қорытынды есепте табыс бойынша мынандай ақпараттар ашылуға міндетті деп көрсетілген:

- өнімді стаудан түскен табыс;
- жалпы табыс;
- негізгі қызметтен табыс;
- негізгі емес қызметтен табыс;
- салық алынғанға дейінгі әдеттегі қызметтен табыс;...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?