Әлеуметтану | Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................……..........
І-тарау. Сайлау технологияларын әлеуметтік талдаудың методологиялық негіздері.............................................................................................….....................
1.1. Сайлау институты мен сайлау жүйесін әлеуметтік талдаудың методологиялық негіздері және сайлау технологиясы ұғымының мәні мен мазмұны.................................................................................................…….............
1.2. Сайлау институты мен сайлау технологияларының қалыптасуы мен дамуына саяси әлеуметтік жүйенің әсері....................................………………..........
ІІ-тарау. Постсоциалистік кеңістіктегі сайлау технологияларының трансформациясы....................................................................…............................
2.1. ТМД елдеріндегі сайлау технологияларының дамуына қоршаған ортаның әсері...............................................................................................……...................
2.2. Ресейдегі сайлау технологияларының дамуы..............….........................
ІІІ-тарау. Қазақстандағы саяси әлеуметтік жүйенің сайлау технологияларының дамуына әсері және сайлау технологияларының қолданылуы.......................................................................................................…..
3.1. Саяси әлеуметтік жүйенің мақсатын тұжырымдаудың алғашқы кезеңіндегі нормативті сайлау технологиялары......................................................…............
3.2. Қазақстанның сайлау жүйесін реформалау барысындағы нормативті сайлау технологияларының қолдану ерекшеліктері.....................................………......
3.3. Қазақстандағы сайлау кезіндегі коммуникациялық сайлау технологияларының қолданылуы.........................................................…...............
3.4. Қазақстандағы саяси әлеуметтік қызмет нарығының қалыптасуы мен дамуы......................................................................................................….......…......
Қорытынды......................................................................................……..............
Қосымша әлеуметтік зерттеулер..............................................……................... Сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімі..
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысында Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау барысы, яғни сайлау технологияларының Қазақстандағы қалыптасуы мен даму ерекшеліктері зерттеледі. Сонымен қатар, саяси-әлеуметтік жүйенің сайлау институтына және сайлау технологияларына әсері қарастырылады. Сайлау институты, сайлау технологиялары, электоралдық формула, сайлау инженерингі сияқты ұғымдардың анықтамаларына әлеуметтік тұрғыдан талдау жасалынып, бірқатарына өзіндік көзқарасымызды білдіреміз.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік туып отыр. Оған дәлел, бізде еркін және ашық демократиялық қоғам орнап жатыр. Барлығымызға белгілі, былтырғы жылы (2007 ж.) елімізде Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы кеңінен талқыланды. Демократиялық және өркендеген мемлекеттер орнатудың ортақ заңдылықтарын, сондай-ақ біздің қоғамның маңызды мәдени-тарихи белгілері мен дәстүрлерін үйлесімді ескеруіміз керек.
2005 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысын сайлау кезінде қазақстандықтар көрсеткен ауызбірлік біздің қоғамның топтасқандығына күмән туғызбаса керек. Біздер, яғни, болашақ әлеуметтанушы мамандар мұның өзі еліміздің тұрақты дамуының қажетті шарты болып табылатынын айқын түсінеміз. Біз сайлауалды науқанның барысында тұңғыш рет қазақстандықтардың елдің тұрақсыздануы мүмкін деген алаңдаушылығы, ал кейбір тұстарда, тіпті үрейге бой алдыруы сияқты ерекше құбылыспен де ұшырастық.
Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екендігін мойындауымыз керек. Бұл біздің өткен президенттік және парламент депутаттарын сайлау додасынан алған сабағымыз және Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау барысындағы көрсеткіштеріміз.
Өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары алып саяси жүйенің ыдырауымен адамзат тарихындағы орасан оқиғалар тізбегі басталды.
Постсоциалистік кеңістіктегі саяси жүйелердің трансформациясы мен тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы көптеген күрделі мәселелерді қоса тудырды. Жаңа саяси жүйелердің қалыптасуы халықаралық жағдайдың қолайлы кезеңінде жүзеге асқанымен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуіне байланысты тоталитарлық жүйеден шыққан елдерде өздері жариялаған нысандарына оңайшылықпен қол жетпейтіндігі аңғарылды. Себебі демократияның үшінші толқыны деп аталатын процесс барысында авторитарлық-бюрократиялық жүйенің ыдырауының нәтижесінде пайда болған елдерде демократия нысандары қоғам дамуының негізгі мақсаттары ретінде қабылданғаны мәлім. Алайда қағаз жүзінде жарияланған демократияның негізгі қағидалары іс жүзінде жүзеге аспай, демократиялық институттардың іс-әрекетіне жағдай жасалмай отыр. Әсіресе сайлау институтының қоғамдағы рөліне тиісті дәрежеде назар аударылмай келеді. Міне осы жағдайлардың барлығы саяси жүйенің институтына, сайлау технологияларына әсері тәрізді мәселелердің терең зерттелуін, оларды дамыған елдердегі жағдайлармен салыстыруды және әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты жүзеге асуындағы ерекшеліктерін айқындап саралауды қажет етеді.
Сайлау институты қоғамның демократиялануының нақты көрсеткіштерінің бірі. Сайлау институның тиімді жұмыс істеуі саяси жүйені жетілдірудің кепілі екендігі сөзсіз. Өз кезегінде сайлау институты мен технологияларының қалыптасуы мен дамуы да саяси-әлеуметтік жүйе мен саяси-әлеуметтік режимге тәуелді болып келеді.
Сайлау институтына тән функциялардың барлығы белгілі бір технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге керісінше сайлау технологиялары сайлау интитутының функцияларын тежеуге де қызмет етеді.
Сайлау технологияларының дамуын анықтаудың ерекше мәні бар. Өйткені сайлау технологиялары қоғамдағы саяси рыноктың және әлеуметтік топтардың мақсат мүдделері жағдайының көрсеткіші болып табылады. Сайлау технологиялары сапалы элитаны қалыптастыруға әсер ететін факторлардың бірі. Себебі сайлау қарсаңында әшкерелеуші технологиялардың қолданылуы, таза емес адамдардың билікке ұмтылуына тосқауыл қояды және қоғамдық бақылаудың мұндай түрі өкілдік органдарда тұрақты, сапалы кадрлардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Саулау технологиялары қоғамның саяси-әлеуметтік мәдениетінің де көрсеткіші. Өтпелі қоғамдардағы сайлау институтының және сайлау технологияларының даму деңгейі элитаның саяси-әлеуметтік мәдениетінің деңгейіне тәуелді.
Диплом тақырыптың зерттелу деңгейі. Тәуелсіз Қазақстандағы саяси әлеуметтану ғылымының қалыптасып келе жатқан жас ғылым екендігін ескерсек, онда сайлау институты, сайлау жүйесі, сайлау технологиялары мәселесі де зерттеу нысанасына кейінгі кездері айналып отыр. Күні кешеге дейін тек кеңестік сайлау институты мен сайлау жүйесі ең әділ, халықтың негізгі мүддесіне сай деген сарындағы көзқарастан арылып, тәуелсіз алғалы бері саяси-әлеуметтік жүйені, демократиялық процестерді, партиялардың қалыптасу мәселесін және де басқа мәселелерді зерттеп жүрген Қазақстанның белгілі ғалымдары Ә.Н.Нысанбаев, К.Н.Бурхановтың, Д.К.Кішібековтың, И.Н.Тасмағанбетовтың, Л.А.Байдельдиновтың, Б.Г.Аяғанның, Л.С.Ахметованың, М.Ж.Абдировтың, Н.Ж.Байтенованың, А.С. Балғымбаевтың, К.У.Биекеновтің, А.Х.Бижановтың, Ж.Х.Жүнісованың, Р.К.Қадыржановтың, Л.М.Иватованың, С.З.Нарматовтың, К.Л.Сыроежкиннің, А.В.Соловьевтің, М.Б.Мухамедовтың зерттеулерінде де бұл мәселелерге көңіл бөлінген болатын [1].
Сонымен бірге Қазақстандағы сайлау институтының және сайлау жүйесінің қалыптасуы, сайлаушылардың мінез-құлқы, сайлау кезіндегі баспасөз мәселелері, партиялардың сайлауға қатысу мәселелері Е.Ертісбаевтың, Ғ.Ж.Ибраеваның, М.Машанның, С.Т.Сейдумановтың, Л.Адилованың, Г.Ө.Насимованың, А.Сапиеваның, Т.Исмағанбетовтың, Е.Ж.Бабакумаровтың, С.Байбековтың, А.Болатбаеваның, С.Ю.Петренконың, С.Платоновтың А.И.Лаврентьевтің еңбектерінде зерттелді [2].
Сайлау Технологиялары туралы мәселені ту еткен Е.Ертісбаевтың «Генезис выборной демократии в современном Казахстане: проблемы и перспективы 1990-2007» (А.,2007) деп аталатын еңбегінде көтерілген болатын. Бірақ жоғарыда аталған зерттеулерде сайлау технологиялары мәселелері арнайы зерттеу болмағандықтан және сайлау технологиялары ұғымын тереңдету мақсатында осы диплом жұмысында салыстырмалы социологиялық әдісті пайдалана отырып, сайлау технологияларының саяси жүйедегі рөлін жан-жақты қарастыруға тырыстық.
Сонымен қатар, кешегі кеңестік жүйедегі бірге шыққан елдердегі ғалымдардың еңбектері де жалпы өтпелі кезеңдегі сайлау институты мен сайлау технологияларына байланысты күрделі мәселелерді танып-білуге көмектеседі. Сайлау институты мен сайлау технологиялары мәселелері ресейлік ғалымдар А.И.Ковлердің, Т.Васильеваның, Г.Голосовтың, А.Салминнің, В.Я.Гельманның, А.А.Джабасовтың, Г.Г.Дилигинскийдің, М.Кошелюктың, А.А.Вешняковтың, С.В.Устименконың, В.Н.Амелиннің, М.Афанасьевтің, В.Васильев пен А.Постниковтың, С.Ф.Лисовскийдің және сайлау технологтары А.А.Максимовтың, А.Цуладзенің, украин зерттеушісі Г.ГПочепцовтың, Өзбек ғалымы А.Б.Сабировтың, молдаван зерттеушісі В.Г.Мошняганың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған [3].
Шет елдік сайлау жүйесі мен сайлау технологияларын зерттеп жүрген Ресей ғалымдары А.И.Ковлер, В.Н.Даниленко кеңестік кезеңнің өзіне бұл мәселеге үлкен көңіл бөлген болатын. Қазіргі кезде бұл мәселелер Р.Агеевтің, В.И.Левиннің, С.П.Перегудовтың, А.Н.Балашованың әр тұстағы еңбектерінде айтылып жүр [4].
Жалпы сайлау институты мен сайлау технологиялары демократиялық дамыған елдерде жан-жақты жүйеленген Алексис де Токвилдің, М.Дюверженің, Р.Даль, Дж.Сарторидің, Лейпхардт, Дж.Наполитанның, Р.Дарендорфтың, Д.Нолен, М.Макфолдың, К.Шмитттердің, О.Донеллдің, А.Кинг. А.Надаистің, Р.Нойштадт, П.Радунскидің, Ф.Гоулд, Р.Мерфи, Ж.Сегалдың тұжырымды пікірлерінің методологиялық маңызы бар [5].
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі кездегі сайлау технологиялары, сайлау жүйесі, сайлау институтына байланысты әдебиеттерге және дамыған демократиялық елдердегі тәжірбиеге, сондай-ақ, Қазақстан мен ТМД елдерінде жүргізілген саяси реформаларға әлеуметтік талдау жасай келе, сайлау технологиялары туралы тұтас бір тұжырымдама жасау мақсаты қойылды. Қазақстандағы сайлау технологияларын зерттеу мәселесінің қаз тұрып келе жатқандығын ескере отырып, тақырыпты жан-жақты қарастыру үшін дамыған елдердегі сайлау технологияларының қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік талдау жасап, салыстыру қажеттігі туындады. Ол үшін мынадай міндеттер жүзеге асырылды:
- сайлау институтының пайда болу себептерін анықтау;
- сайлау институтының негізгі функцияларын және оларды жүзеге асыру технологияларының қалыптасуын ықпалдастыратын факторларды белгілеу;
- сайлау технологиялары ұғымының мәні мен мазмұнына арналған анықтамаларға талдау жасау және жаңадан жүйелеу;
- саяси жүйелердің, саяси режимдердің сайлау технологияларына әсер ету заңдылықтарын ашу;
- дамыған демократиялық елдердегі сайлау технологияларының қалыптасуына, эволюциясына және қазіргі жай күйіне талдау жасау;
- постсоциалистік кеңістіктегі сайлау технологияларының өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына саяси мәдениттің, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ықпал ету деңгейін айқындау;
- Қазақстандағы сайлау технологияларының трансформациясына әлеуметтік талдау жасау және оның ерекшеліктеріне әсер еткен жағдайларды ашып көрсету;
Диплом жұмысының жаңалығы. Бұл диплом жұмысындағы әлеуметтік зерттеу Қазақстандағы сайлау технологияларын әлемдік тәжірибемен алғаш рет салыстыра зерттеген жұмыстардың бірі. Диплом жұмысындағы кейбір теориялық және тәжірбиелік материалдар ғылыми айналымға тұңғыш рет енгізіліп отыр. Осыған орай диплом жұмысының ғылыми жаңалығына төмендегілерді жатқызуға болады :
- сайлау институтының қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторлар социологиялық зерттеулер тұрысынан талданып, заңдылықтары айқындалды;
- саяси жүйенің сипатына қарай, сайлау институты функцияларын жүзеге асыру мүмкінділіктері қаралды;
- социологиялық салыстырмалы әдісті пайдалана отырып, ежелгі дүниедегі орта ғасырлардағы, жаңа дәуірдегі және қазіргі кезеңдегі сайлау институтының функцияларын жүзеге асыру және шектеу технологияларына талдау жасалынады;
- сайлау технологияларының мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен мәні және түрлері анықталады;
- саяси әлеуметтану ғылымында қолданылып жүрген электоралдық формула, сайлау инженерингі, саяси технологиялар ұғымдарын талдай отырып, сайлау технологияларымен сайлау жүйесі ұғымының мазмұны кеңейтілді;
- ТМД елдеріндегі саяси-әлеуметтік жүйенің трансформациясы барысында қалыптасқан сайлау жүйелеріне және сайлау технологияларына талдау жасалып, олардың өзіндік ерекшеліктері белгіленді;
- сайлау технологияларының екі түрінің – нормативті және коммуникациялық –қандай саяси-әлеуметтік ортада басым болатындығы анықталды;
- ТМД елдеріне ықпал етіп отырған Ресейдегі сайлау технологияларына талдау жасалып, олардың негізгі түрлері нақтыланды;
- қазіргі Қазақстандағы сайлау технологиялары әлемдік тәжірибе тұрғысынан салыстыра зерттелді;
- Қазақстандағы саяси жүйенің сипатын анықтаудың нәтижесінде сайлау технологияларының қолданылу аясы анықталып, олардың түрлеріне талдау жасалды;
- Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың себептері анықталды;
- Қазақстандағы саяси-әлеуметтік рыноктың жағдайы және саяси-әлеуметтік қызмет орталықтарына сипаттама беріліп, олардың мүмкіндіктері қарастырылды;
- Қазақстан жағдайына сайлау науқанын ұйымдастырушыларға сайлау технологияларын пайдалануға байланысты ұсыныстар енгізілді.
Диплом жұмысын қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:
- сайлау институты қоғамдағы әлеуметтік жанжалдардың негізінде пайда болды және оның қоғамды топтастырушы рөліне орай саяси-әлеуметтік институт ретінде қалыптасты;
- сайлаудың жиі және заңды өткізілуі қоғамдағы жинақталған әлеуметтік, саяси жанжалдарды бәсеңдетеді;
- сайлау институтының негізгі функцияларын жүзеге асыру саяси-әлеуметтік жүйеде тұжырымдалған мақсаттарға байланысты. Мақсаттарды жүзеге асыру барысында қабылданатын сайлау институтының міндеттерін анықтау, сайлауды Ұйымдастыру туралы ережелер мен сайлау алдындағы қолданылатын амал-айлалар мен іс-әрекеттердің жиынтығын сайлау технологиялары деп атайды;
- билік жүргізуші элита сайлау институтының функцияларын шектеу арқылы өз қарсыластарын жеңуге немесе тежеуге жағдай жасайтын нормаларды қабылдау арқылы сайлау процесіне әсер етуін нормативті сайлау технологиясы дейміз;
- сайлау технологияларының нормативтік түрі жалпыға ортақ сайлау құқығы күшіне енгізілгенге дейін негізгі сайлау технологиясы болды;
- қазіргі кезеңдегі қоғаммен байланыс тәсілдеріне сүйенген, ғылыми негізделген сайлау науқаны кезінде сайлаушыларға тікелей әсер ету арқылы жеңіске жету үшін қолданылатын амал-айлалар мен іс-әрекеттер жиынтығын коммуникациялық сайлау технологиялары дейміз;
- сайлау жүйесі дегеніміз әр түрлі елдерде қабылданған сайлау туралы тұжырымдаманы белгілі бір нормалар мен тәжірибе арқылы жүзеге асырылуын қамтитын іс-әрекеттер жүйесі немесе нормативті және коммуникациялық технологиялардың жиынтығы деп есептелінді;
- қазіргі дамыған кездегі дамыған елдер мен дамушы елдердің нормативті сайлау технологиялары ұқсас. Билеуші топ бар жерде өзіне тиімді нормаларды заңдастыруға ұмтылады. Негізгі айырмашылық саяси-әлеуметтік жүйе мен мәдениет деңгейінде;
- дамыған елдер мен дамушы елдердің коммуникативті сайлау технологияларындағы ерекшеліктер саяси-әлеуметтік режимге, саяси-әлеуметтік мәдениетке және қоғамның экономикалық даму дәрежесіне байланысты қалыптасқан;
- коммуникативті сайлау технологияларын пайдалану барысындағы зерттеу жұмыстары сайлау маркетингі деп аталады;
- Қазақстандағы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың, этносаралық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты саяси-әлеуметтік жүйенің сайлау институтының басты функцияларын жүзеге асыруға ынталы еместігі ашып көрсетілді;
- Қазақстанның тоталитарлық жүйеден шығуына байланысты саяси партиялардың әлсіздігінен сайлау жүйесін таңдау тиісті деңгейде институционалданбаған ортада жүргізілді;
- Қазақстанда саяси партиялардың парламенттік сайлауға кеш араласуынан сайлау жүйесі тек атқарушы орган тарапынан таңдалынды;
- Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жүйенің сипаты (делегацияланған демократия) (О.Доннел) немесе гибридтік (К.Шмиттер) түріне жақын болғандықтан сайлау институна, сайлау технологияларына атқарушы биліктің ықпалы басым;
- Қазақстандағы саяси-әлеуметтік рыноктың баяу қалыптасуы, сайлау институты функцияларының шектеулі және жоғарғы дәрежелі сайлау технологтарына зәрулік коммуникативті сайлау технологияларының дамуына кері әсер етіп отыр.
Социологиялық зерттеу обьектісіне дамыған елдердегі, ТМД және Қазақстан Республикасында қолданылатын сайлау технологиялары жатады.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізіне саяси-әлеуметтік процестерді және саяси-әлеуметтік институттарды ретроспективті және салыстырмалы тұрғыдан талдайтын әр түрлі тұжырымдамалар және жүйелі, тарихи, социологиялық, институционалды талдау әдістері арқау болды. Сонымен бірге Батыс Еуропа, АҚШ, Ресей ғылымдарының сайлау мәселесіне және сайлау технологияларына байланысты социологиялық зерттеулеріндегі тұжырымдар негізге алынды.
Әлеуметтік зерттеудің деректемелік көзін дамыған елдердің, постсоциалистік елдердегі және Қазақстандағы конституциялар, сайлау туралы заңдар, ҚР Президентінің жарлықтары, мемлекет басшыларының еңбектері, орталық сайлау комиссияларының мәліметтері, бақылаушы топтар мен ұйымдардың талдау материалдары құрайды.
Диплом жұмысының әлеуметтік тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысында баяндалған теориялық мәселелер ғылыми ізденістерді одан әрі жетілдіруге, саяси-әлеуметтік процестерде қолдануға және жоғарғы оқу орындарында саяси әлеуметтану пәнін оқытуда пайдалануға болады. Диплом жұмысының материалдарын жоғарғы оқу орындарындағы саясатттану, әлеуметтану бөлімдерінде арнайы курс ретінде немесе жалпы курстар шеңберінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысының алдына қойған мақсат-міндеттері және әлеуметтік (социологиялық) зерттеу логикасы диплом жұмысының құрылымын анықтайды. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады. Диплом жұмысының жалпы көлемі бет.
І тарау. САЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛДАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Сайлау институты мен сайлау жүйесін әлеуметтік талдаудың методологиялық негіздері және сайлау технологиясы ұғымының мәні мен мазмұны
Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі, зерттеудің мақсаты, міндеттері, жаңалығы мен маңыздылығы көрсетілген болатын.
Диплом жұмысының «Сайлау технологияларын зерттеудің методологиялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауында «сайлау технологиясы» ұғымының мәні мен мазмұны және осы ұғымның сайлау институты мен сайлау жүйесімен арақатынасына және саяси әлеуметтану ғылымындағы қолданылуына тоқталамыз.
«Сайлау институты мен сайлау жүйесін зерттеудің методологиялық негіздері және сайлау технологиясы ұғымының мәні мен мазмұны» деп аталатын бірінші тармағында «сайлау технологиялары» ұғымының мазмұнын ашу үшін жалпы сайлау институтының табиғатын түсінудің әдістері мен методологиясын пайымдаймыз. Себебі, технология сөзі сайлау институтының қызметіне байланысты қолданылып отыр. Сондықтан сайлау институтының пайда болу себептерін, саяси жүйедегі орнын анықтау қажет.
Сайлау жүйесін таңдау барысындағы әрбір билікке үміткер топтың және биліктегілердің арасындағы амал-айлалардың мазмұны ашылып, сайлау технологиясы ұғымына шоғырландырылады. Барлық зерттеушілер социологиялық әдістерді пайдалана отырып, сайлау институтының қалыптасуына саяси-әлеуметтік жүйе ауқымындағы әлеуметтік жан-жалдар әсер етті деп тұжырым жасайды. Мысалы, Зиммель және Л.Козердің жанжал мәселесіндегі, әлеуметтік жан-жал белгілі бір арналар арқылы жинақталған кері энергияны шығаруды қажет етеді деген тұжырымына сүйенген автор сондай арналардың бірі – сайлау институты деп есептейді [6]. Өйткені қоғамдағы жинақталған әр түрлі эмоциялар мен жанжалдық жағдайларды «бу шығару» арқылы бәсеңдетіп, саяси-әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. «Билік потенциалы да жан-жал кеңістігінде өмір сүреді және бір жақты қатынастарда көрінеді. Себебі билік іс -әрекетке (әлсіз жақтың мінез-құлқының мәжбүрлі түрде өзгеруі) ұласады» [7].
К.Фридрих, Р.Дарендорф, Б.Крик өздерінің социологиялық зерттеулерінде жан-жал және оның шешілуі демократияның алғышарттарының бірі болып табылады деген тұжырым жасаған [8].
Саяси-әлеуметтік жүйені қоғамды басқару институттарының жиынтығы ретінде қарастырсақ, саяси-әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері өзара байланыста және бір біріне әсер етіп отыратындығын көреміз. Сондықтан да саяси-әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері өзара байланыста және бір біріне әсер етіп отырады деп айтуға болады. Саяси-әлеуметтік жүйенің негізгі институтары мемлекет пен азаматтық қоғамның арасын септестіретін, қоғамның әр түрлі бөліктерінің көңіл күйін айқындайтын институтының бірі сайлау ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?