Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары

 Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары

Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістінгіне интеграциялау мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерінде төмендегі мәселелер баса айтылады:
«Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәскеге қабілеттілігін арттыру;
Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
Педагог мамандығының беделін көтеру;
Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру;
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету» [1].
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты - ел экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Орындалуға тиісті бағдарламалық мақсаттардың ішіндегі техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін жаңғыртуға қол жеткізу, педагог мамандығының беделін көтеру, «E-learning» электрондық және ақпараттық оқытуды (сандық білім беру ресурстары) енгізу мәселелері де шешімін табуда.
Жұмыстың мақсаты:
Кәсіби мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барысында сабақтарды, соның ішіндегі Электротехника пәнінің "Сақтандырғыштар, реле" сандық білім беру ресурсын жасау. Оқушыларға жаңа технологияны пайдаланып сонымен қатар сандық білім беру ресурсын сабақта қолдану арқылы сабақтың жоғары нәтижесіне жету.
Жұмыстың міндеттері:
1. Тақырып бойынша теориялық білімдердің оқу құжаттарын жасау
2. Тақырып бойынша сабақ жоспарының күнтізбелік тақырыптық жоспарын
3. «Сақтандырғыштар, реле» тақырыбы бойынша сабақ жоспары
5. Сабақты өткізу әдістемесін жасау
6.Пәнаралық байланыс картасын жасау
Дипломдық жұмыстың нысаны:
Жоғарыда атап өткен келтірілген мәліметтерге сай болашақ электр мамандарын даярлайтын кәсіптік оқыту педагогы ретінде Қазақстанда білім беруді реформалау жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын, экономика мен әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның тұрақты экономикалық өрлеуі маңызды өзгерістерді, сондай-ақ техникалық және қызмет көрсету салалары мамандарына сұраныстың табиғи өсуін туғызды.
Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың көбеюіне аса көңіл аударып отыр.
Сондықтан да, бүгінгі күнде жоғары білімді кәсіптік білім беру маманы ретінде менің алдымда біліктілігі жоғары, әлеммен бірге адымдай алатын және де, қоғам сұраныстарын қамтамасыз ете алатын электр маманын даярлау. Бұл мақсатты сандық білім беру ресурстарын қолдану арқылы жоғары нәтижеге жетуге болады деген үміттемін.

































1 Кәсіби білім беру жүйесіндегі «Түлкібас агробизнес және туризм» колледжінің оқу өндірістік қызметінің қысқаша сипаттамасы және дипломдық жұмыс тақырыбын негіздеу
1.1Кәсіби білім беру жүйесіндегі «Түлкібас агробизнес және саяхат» колледжінің оқу-өндірістік қызметінің қысқаша сипаттамасы

1963 жылы Қазақстан Коммунистік паритясы Орталық коммитетінің және Министр кеңесінің 19-шы шілдедегі № 571 қаулысына сәйкес Қаз ССР ауыл шаруашылық Министрлігінің № 164 бұйрығы бойынша, ауыл шаруашылығы училищесінің негізінде «Ванновка ауыл шаруашылығын механикаландыру» техникумы құрылды.
Техникум құрамында үш бөлім ашылды: «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Гидромелиориация», «Гидромелиоративтік жұмыстарын механикаландыру».
1966 жылы техникум ауыл шаруашылығы Министрлігінің ҚазКСР мелиориация және су шаруашылығы Министрлігіне берілуіне байланысты «Ванновка гидромелиоративтік техникумы» болып қайта құрылды.
Ал 1989 жылы 10 сәуіріндегі ҚазКСР Министрлер Кеңесінің № 123 қаулысына байланысты техникум мемлекеттік агроөнеркәсіп қарамағына берілді де, ҚазКСР мемлекеттік агроөнеркәсібінің 1990 жылы 3 шілдеде № 234 бұйрығы бойынша «Ванновка агроөнеркәсіп техникумы» деп аталды.
47 жылдық тарихы бар Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі ҚР білім стандарттары талаптарына сай жаңа үлгідегі орта кәсіптік білім беретін оқу орны. Мемлекеттік АА сериялы № 0000291 лицензиясы шектеусіз қызмет ету мерзіміне берілген. 2005 жылдың 26 қазанында ҚР Мемлекеттік аттестациялау комиссиясымен аттестациядан өтті. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?